Читайте также: |
|
Тақырыбы: Жалғастырғыштар. Атқаратын қызметі және құрылымы мен түрлері. Тұрақты және теңелту жалғастырғыштардың құрылымы, атқаратын қызметі және есептеу жолдары.
Бәрімізге белгілі машиналар жеке-жеке тораптардан құрастырылады, ал тораптар боласа, бірімен-бірі жалғастырғыштар арқылы қосылады және олар тораптар арасында күш байланысын қамтамасыз етеді.
Техникада жалғастырғыш (муфта) деп біліктерді жалғастыратын тетіктерді айтамыз. Жалғастырғыштар машиналарда көбінесе двигатель мен редукторды және редуктор мен атқарушы механизмді жалғастыру үшін қолданылады.
Машина жасау өндірісінде жалғастырғыштар көбінесе мынадай жағдайларды қолданылады:
а/ біліктерді өзара жалғастыру үшін;
б/ двигательдермен жұмыс істейтін механизмдерді қосу және ажырату үшін;
в/ жұмыс істеп тұрғанда машина бөлшектерінің шамадан тыс түсетін күштен сақтау үшін;
г/ динамикалық күштерді азайту үшін;
д/ машина тораптарында құрастырылғанда пайда болатын қателіктерді жою үшін.
Жалғастырғыштар өздерінің ішкі құрылысына және атқаратын қызметіне қарай бөлінеді:
а/ механикалық жалғастырғыштар;
б/ электрлік жалғастырғыштар;
в/ гидравликалық жалғастырғыштар.
Машина бөлшектері курсында тек механикалық жалғастырғыштар қарастырылады.
Механикалық жалғастырғыштар. Механикалық жалғастырғыштар өзі атқаратын қызметіне қарай үш түрге бөлінеді:
а/ басқарылатын; б/ басқарылмайтын
в/ автоматтандырылған (өзін-өзі басқаратын).
Басқарылмайтын жалғастырғыштарға төмендегілер жатады:
1/ тұйық жалғастырғыштар; 2/ теңелту жалғастырғыштары; 3/ серпімді жалғастырғыштар;
Басқарылатын жалғастырғыштарға: 1/ фрикциялық жалғастырғыштар; 2/ жұдырықшалы жалғастырғыштар жатады.
Автоматтандырылған жалғастырғыштарға: 1/ центрден тепкіш жалғастырғыштар; 2/ қорғаушы (сақтандырушы) жалғастырғыштар; 3/ еркін қозғалыс жалғастырғыштары жатады.
Жалғастырғыштар арқылы берілетін айналыс моментінің мөлшері олардың негізгі сипаттамасы болып табылады.
Машина бөлшектерін дәл жасамағандықтан және оларды құрастырған кезде жіберілетін қателіктерге байланысты көбінесе біліктердің осьтері біріне -бірі сәйкес орналаспайды. Сондықтан оларды өзара теңестіру үшін теңелту жалғастырғышы қолданылады. Іс жүзінде біліктерде үш түрлі ауытқу кездеседі (12.1- сурет):
1) бойлық ығысу Δ l;2) көлденең ығысу Δ r және 3) бұрыштық ауытқу Δ α.
12.1-сурет. Білік осьтерінің орналасуында болатын қателіктер.
Теңелту жалғастырғыштарының негізгі түрлері мыналар:
1. тісті жалғастырғыштар
2. жылжымалы жалғастырғыштар
3.айқас жалғастырғыштар
Тісті жалғастырғыштар. Тісті жалғастырғыштар екі ішкі тісті құрсаудан және сыртқы тісті екі жарты жалғастырғышдан тұрады. Ішкі тісті құрсау сыртқы жарты жалғастырғышға кигізіледі (12.2-сурет).
12.2-сурет. Тісті жалғастырғыш: а-констркциясы; б-тістердің ілінсу схемасы; в – теңелтетін қателіктер.
Ал жарты жалғастырғыштар жалғастырылатын біліктердің ұшына отырғызылады. Құрсаулар бірімен-бірі болаттар арқылы бекітіледі. Олардың тістерінің профилі көбінесе эвольвентті болып келеді.
Тістер саны жалғастырғышның көлеміне байланысты z=30-80 алынады.
Бұл жалғастырғыштардың басқа жалғастырғыштарға қарағанда төмендегідей артықшылықтары бар:
а/ тісті жалғастырғыштардың беріктігіне байланысты, олар үлкен күшті, қуатты бере алады
б/ тістердің айналу жылдамдығы -қа жетеді
в/ біліктердің диаметрі d = 40÷500 мм және беретін айналыс моменті Mайн=700÷10000 Н·м-ге дейін жетеді.
Жарты жалғастырғыштар және құрсаулар 40, 45Л болатынан жасалады. Тісті жалғастырғыштар стандартталған, олардың көлемі МЕСТ5006-55 бойынша есептеу моменті арқылы алынады.
(12.1)
мұнда К1 – қауіпсіздік коэффициенті.
Жалғастырғыш сынған кезде машина тораптары апатқа ұшырамайтын болса, K1 =1 алынады
K1=1,2 жалғастырғышның мынуы машина апатқа ұшырататын жағдайда:
K1=1,5 жалғастырғышның сынуы бірнеше машинаны апатқа ұшырытатын жағдайда
K1=1,8 жалғастырғышның сынуы адам өміріне қауіп төндіретін жағдайда
К2 – жалғастырғышның жұмыс істеу жағдайының коэффициенті
K2 =1 – бір қалыпты жұмыс істейтін болса,
K2=1,5 – үлкен динамикалық күштер түсетін болса.
Осыдан кейін әсер ететін ең үлкен айналыс моменті арқылы жалғастырғышның беріктігі тексеріледі.
Мұндағы MEСТ бойынша анықталатын момент.
Біліктердің ауытқу шегі жалғастырғыштардың көлеміне байланысты болады.
Қисаю бұрышы
Радиус бойымен ауытқуы
Бұл жалғастырғыштар техникада аз қолданылады. Әсер етуші күштер тістерге бір қалыпты түседі, сонда жалғастырғыштар мына формуламен есептеледі:
(12.2)
Мұндағы z – жарты жалғастырғыш тістерінің саны
D0=mz - бөлгіш шеңберінің диаметрі;
A=bh – тістің жұмысшы бетінің орташа диаметралды жазықтықтағы проекциясы;
b – тістің ұзындығы;
h – тістің жұмысшы биіктігі
h
Жаншылу кернеуінің шамасы:
Жаңа жалғастырғышның жобасын жасауда формуланы арқылы түрлендіріп бөлгіш шеңберінің диаметрін анықтаймыз.
(12.3)
ауыр жалғастырғыштар үшін; жеңіл жалғастырғыштар үшін.
Пайдалы әсер коэффициенті:
Білікке әсер ететін күш
Мұндағы – бастапқы шеңбер бойынша әсер ететін шеңберлік күш.
Айқас жалғастырғыштар. Айқас жалғастырғыштар айқас дискіден 3 және екі жарты жалғастырғышдан 1 және 2 тұрады.
12.2-сурет. Айқас жалғастырғыш: 1- және2 –æарты жалғастырғыштар; 3- айқас диск.
Олар біліктердің орналасу қаткліктерін және дейін теңелте алады.[18]
Жарты жалғастырғыштардың қарама-қарсы беттерінде ойық жасалады, ал аралық дискінің екі жағы да бедерлі болып келеді. Дискінің бедерлі жарты жалғастырғыштардың ойығына еніп ілініседі. Біліктерге айналыс моменті осы ілініс арқылы беріледі.
Жарты жалғастырғыштар теңестірілуі төмендегідей формуламен өрнектеледі:
(12.4)
деп алып, 12.4 формуланы былай жазамыз:
(12.5)
Мұндағы K – күштердің динамикалық коэффициенті; h - бедерлердің жұмыс биіктігі.
Іс жүзіндеке -ке дейін алынады.
Айқас жалғастырғыштар Ст.5, 25 Л болаттан жасалады. Ауыр күш түсетін жалғастырғыштардың жұмыс беттерін цементтелген 15Х, 20Х маркалы болаттан жасайды.
Осыған орай шамаларында алынады.
Жалғастырғыштардың істеген жұмысының бір бөлігі үйкеліске және біліктерге қосымша (FМ) күш түсіруге кетеді.
Біліктерге түсетін қосымша күш ойықтарда пайда болатын үйкеліс күшіне тең. немесе (12.4) және (12.5) формулаларын ескеріп
(12.6)
мұнда алынып,
Іс жүзінде мөлшері алынады.
Жаншылу кернеуі:
(12.7)
және жалғастырғыш конструкциясына сәйкес
алуға болады.
Негізгі әдебиеттер: 2[234-247]
Қосымша әдебиеттер: 20[178-213]
Бақылау сұрақтар:
1. Жалғастырғыштарды не үшін қолданады?
2. Қандай топтарға және қандай ерекшеліктеріне байланысты жалғастырғыштарды классификациялайды?
3. Біліктердің осьтік сәйкесіздігінің түрлері. Жалғастырғыштардың қандай түрлері сәйкесіздікті жоя алады?
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 537 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Келтірілген күшті анықтау. | | | Дәріс |