Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Домалау мойынтіректерінің даму тарихынан қысқаша мәліметтер және жалпы түсінік

Жалпы түсінік, олардың сипаттамалары, пайдалану орны және жұмыс істеу ерекшеліктері | Конусты дөңгелектің геометриялық өлшемдері. | Конустық тісті берілістер беріктікке есептеу | Жалпы түсінік | Бұрамдықты жұптың кинематикасы мен геометриясы | Іліністегі сырғанау және бұрамдықты берілістердің ПӘК-і. | Бүрамдық берілістерді түзету | Бұрамдықты берілістерді беріктікке есептеу | Жалпы түсінік | Біліктерді беріктікке есептеу |


Читайте также:
  1. C. Белгілі бір аты бар бағдарлама немесе дискідегі мәліметтер жиыны
  2. D. Бірөлшемді және көпөлшемді
  3. III. ЖАЛПЫ ГЕНЕТИКА НЕГІЗДЕРІ
  4. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  5. Lt;variant> ол басқа дәлелдермен бірге тексерілуі және бағалануы керек
  6. Lt;variant> сот және іске қатысушы тұлғалар
  7. Lt;variant>өтінішті қайтарады және талапкерге оның қай сотқа жүгіну керектігін түсіндіреді

 

Барлық айналу бөлшектерінің тірексіз жұмыс істеуі мүмкін емес. Бұл тіректер машиналар мен механизмдердің қозғалмайтын бөлігінде орналасады. Айналу бөлшектерін ұстап тұру және олардың айналуын жеңілдету – айналу тіректерінің негізгі қызметі болып табылады. Көптеген жағдайда тіректер корпустан, мойынтіректерден, корпусқа бекіту, қорғау және майлау жабдықтарынан тұрады.

Біз қарастырғалы отырған домалау мойынтіректері осындай тіректер қатарына жатады.

Домалау мойынтіректері деп қызметі домалау үйкелісіне негізделген айналу және тербелу бөлшектерінің (біліктер мен осьтердің) тіректерін айтамыз.

Айналу бөлшектерін ұстап тұру, олардың айналуын және сырғанауын жеңілдету сияқты қасиеттер мойынтіректердің ерте кезден-ақ қолдануына мұмкіндік берді.

Көбінесе домалау мойынтіректері домалау жолдары (науашалары) бар сыртқы және ішкі шығыршықтан, осы шығыршық жолдарында домалайтын шариктерден немесе роликтерден (домалау бөлшектерінен) және сепаратордан тұрады. Сепаратор домалау бөлшектерін бір-бірінен бөліп бағыттап, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бірқатар жағдайларда домалау мойынтіректерінің өлшемдерін кішірейтіп, габаритін азайту үшін шығыршықтардың алынып тасталуы мүмкін. Мұндай мойынтіректерде домалау бөлшектері біліктегі немесе осьтегі домалау жолдарында (науашаларда) қозғалып тұрады.

Сырғанау мойынтіректерімен салыстырғанда домалау мойынтіректері аса көп күтімді қажет етпейді және жұмыс кезінде мұнда үйкеліс бөлшектерінің қызуы шамалы болады. Сонымен бірге бұл мойынтіректерде үйкеліс күшінің моменті мен жүргізу моменті аз және майлау материалы да көп жұмсалмайды. Міне. осы артықшылықтар домалау мойынтіректерінің өнеркәсіптің машина жасау және прибор жасау салаларында кеңінен қолданылуын қамтамасыз етеді. Домалау мойынтіректері кеңінен стандартталған және оларды өндіру ісі мамандандырылған заводтарда шоғырланған. Бұл заводтарда домалау мойынтіректерін жаппай өндіру олардың сапасының жоғары және бағасының төмен болуына мүмкіндік береді.

Домалау бөлшектерінің пiшiнiне қарай домалау мойынтіректері шарикті және роликті мойынтіректерге бөлінеді. Роликтердің формасына қарай мойынтіректерді ұзын және қысқа цилиндрлі роликті, бұрама роликті, конусты роликті, кеспек тәрізді роликті, ине тәрізді роликті немесе диаметрі кіші ұзын цилиндрлі роликті деп ажыратады.

Шарикті мойынтіректер роликті мойынтіректерге қарағанда жоғары бұрыштық жылдамдықтарда жақсы істейді, өздігінен орнығуға қабілетті және олардың бәрі де осьтік күштерді қабылдай алады. Ал роликті мойынтіректердің шарикті мойынтіректермен салыстырғанда жүк көтерімділігі артық келеді.

Домалау мойынтіректерін домалау бөлшектерінің қатар санына қарай бір қатарлы, екі қатарлы және көп қатарлы деп ажыратады.

Қабылдау күшінің бағытына қарай домалау мойынтіректерінің тек қана радиалды күштерді қабылдайтындарын -радиалды, ал тек қана осьтік күштерді қабылдайтындар -сүйеніш, радиалды және осьтік күштерді қабылдайтындаын - радиалды-сүйеніш домалау мойынтіректері деп бөледі.

Домалау мойынтіректері конструкциялық және пайдалану ерекшеліктеріне қарай өздігінен орнығатын және өздігінен орнықпайтын (барлық сфералық емес мойынтіректер) болып бөлінеді.

Габариттік өлшемі (диаметрі, ені және биіктігі) мемлекеттік стандарт бойынша бекітілген.

Домалау мойынтіректері радиалды габариттік өлшемдері бойынша өте жеңіл (екі сериялы), ерекше жеңіл (екі сериялы) жеңіл, орташа, ауыр (барлығы жеті серия) болып, ал көлденеңі бойынша – енсіз, әдеттегідей, кең және ерекше кең болып әр түрлі серияға бөлінеді.

Бұл мойынтіректердің сеператорлары көміртекті жұмсақ болаттан, қоладан, алюминийдің ерітпе қоспаларынан, пластмассалардан (текстолиттен және басқа да қабатты пластиктерден, сонымен бірге полиамидтерден) және басқа материалдардан жасалады.

Соңғы кезде жомалау мойынтіректерінің шариктері мен роликтерін пластмассалардан (көбінесе шынылы пластиктерден) жасай бастады, бұл жағдайда мойынтіректердің шусыз, бір қалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 460 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сырғану мойынтіректері| Келтірілген күшті анықтау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)