Читайте также:
|
|
Цилиндрлі, жұмыр немесе иінді тісті дөңгелектер мен шкивтер отырғызуға және пайдалы айналдырушы момент беруге арналған бөлшекті білік дейміз.
Машиналарда біліктердің атқаратын қызметі зор. Олардың түзу, иінді, иілгіш және эксцентрикті түрлері болады.
Ось деп, айналып тұратын бөлшектерді ұстап тұруға арналған және өзі арқылы пайдалы айналдырушы момент бермейтін жұмыр бөлшектерді айтамыз. Осьтер түзу етіп жасалады.
Көптеген жағдайда күштер біліктің ұзындығына біркелкі әсер етпейді. Осыған орай біліктердің бір қалыпты берік болуы үшін, олардың диаметрін өз ұзындығына байланысты әр түрлі етіп істейді және басқа бөлшектердің білікке қондыратын ішкі диаметрлері стандартталған, сондықтан біліктердің де диаметрлері соларға сәйкес болуы қажет. Біліктер мен осьтердің тірекке тірелетін бөлігін цапфа деп, ортадағы цапфаларды мойынша деп, ал тірелетін бөліктерін шип деп атайды.
Біліктердің әр түрлі диаметрлі бөліктері өзара 10.2 суретте көрсетілген әдістермен жалғасады.
1. Арнаулы ойықтар арқылы. Бұл ойықтар кескіш құралдың шығуына арналған. Диаметрі 10…50 мм біліктердің оймаларының ені 3мм, тереңдігі 0,25 мм болып, ал диаметрі 50…100 мм біліктердің оймаларының ені 5 мм, тереңдігі 0,5 мм етіп жасалады.
2. Радиусы тұрақты қисық сызық арқылы. Бұл радиус өлшемдері білікке қондырылған бөлшектердің фаскасының өлшемдерінен кіші болады және олар стандартталған.
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бұрамдықты берілістерді беріктікке есептеу | | | Біліктерді беріктікке есептеу |