Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы түсінік

Пәннің мақсаты, басқа салалармен байланыстылығы. | Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Құрылым құрудың біріңғай жүйесі - ҚҚБЖ. | Машина бөлшектерін беріктікке есептеу жолдары. Тұрақты күш түскенде беріктікке есептеу | Жалпы түсінік және айнымалы күштің түрлері | Машина бөлшектерін стандарттау | Белшектер беттерінің өңдеу тазалығы | Дәріс | Берілістердің негізгі көрсеткіштері | Фрикциялық берілістер және вариаторлар. Жалпы түсінік | Фрикциялык берілістердің түрлері |


Читайте также:
  1. III. ЖАЛПЫ ГЕНЕТИКА НЕГІЗДЕРІ
  2. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
  3. Домалау мойынтіректерінің даму тарихынан қысқаша мәліметтер және жалпы түсінік
  4. Егер жалпы қан мөлшері 5 л, ал гематокриті 40 % болса, плазманың көлемі неге тең болады?
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы және ерекше ережелер қарастырылған нормативтік актілер

 

Тісті берілістер деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады.

Тісті берілістер машиналарда өте көп кездеседі. Мысалы, жеңіл автомашиналарда тісті дөңгелектердің саны 30 35 болса, жону станоктарында 70 80 -ге дейін жетеді. Тек қана автотрактор шаруашылықтарында жылына 30млн. дөңгелек дайындау керек.

Барлық тісті берілістерді бірнеше түрге бөлуге болады (4.1 сурет).

 

 

а - цилиндрлі тісті беріліс; б-іштей ілінісетін тісті беріліс;в-рейкалы тісті беріліс.

4.1 -сурет. Тісті берілістердің негізгі түрлері:

 

Біріншіден, тісті дөңгелектер біліктерінің геометриялық осьтерінің орналасуына байланысты:

1. осьтері өзара параллель орналасқан берілістер, оған цилиндрлік тісті беріліс жатады.

2. осьтері өзара қилысқан берілістер, оған конусты тісті берілістер жатады.

3. осьтері өзара айқасқан берілістер, оған червякті тісті берілістер жатады.

4. осьтері бір түзудің бойында орналасқан берілістер оған планетарлық берілістер жатады.

Екіншіден, тісті берілістер ілінісулеріне қарай екіге бөлінеді:

1. сырттай ілінісетін тісті берілістер

2. іштей ілінісетін тісті берілістер

Үшіншіден, тістердің профильдері бойынша:

1. эвольвент профильді тісті берілістер

2. циклоид профиль тісті берілістер

3. профилі шеңбер доғасымен шектелген тісті берілістер, Новиков ілінісі

4. толқынды ілініс.

Тістердің орналасуына байланысты:

1. тік тістілер

2.қиғаш тістілер

3. шеврон тістілер

4. дөңгелек тістілер

 

5.2Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары

1. Тісті берілістер көмегімен өте үлкен қуат беруге болады. (100000 аттық күш) және олар басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шамалы келеді.

2. Басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі.

3. Тісті берілістер өте шыдамды келеді. Жақсы күтсе олар ондаған жылдар бойы жұмыс істейді

4. Пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін =0,97 0,98).

Кемшіліктері

1. Дайындауы күрделі

2.Жұмыс кезінде шу көп болады.

3.Қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттігі нашар.

Салыстырмалы қасиеттері

1. Қиғаш тістілер бір қалыпты, шусыз жұмыс істейді, бірақ ось күштері пайда болады.

2.Шеврон тістілердің ось күштері бірімен-бірі теңеседі және жұмыс кезінде шу болмайды, иілуге шыдамдылығы 25÷30 процентке дейін өседі, бірақ дайындауы қиын.

3. Конусты тісті берілістер қымбат. Конструкциясы мейлінше дәлдікті талап етеді. Тістің бойында кернеу шоғырлануы пайда болады.

 


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 202 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Вариаторлар| Эвольвента пішінді тісті берілістерден қысқаша мәлімет

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)