Читайте также:
|
|
Жетекші денедегі қозғалыс жетектегі денеге үйкеліс күші арқылы берілетін берілістерді фрикциялык берілістер дейміз. Қарапайым фрикциялық беріліс біріне-бірі кысылған екі дөңгелектен тұрады.
Фрикциялык берілістердің куаты, яғни бір біліктен екінші білікке берілетін моменттің шамасы екі дөңгелектің жанасу ауданында пайда болатын үйкеліс күшіне байланысты. (4.1-сурет)
Сондыктан айналмалы дөңгелектер бірімен-бірі белгілі күшпен қысылуы шарт, бұл көбінесе арнаулы серіппе аркылы жүзеге асырылады.
![]() |
Фрикциялық берелістердің жұмыс істеу шартына байланысты, үйксліс күші беріліс күшінен көп нсмесе үйкеліс күшінен пайда болған момент есептегі берілген күш моментінен көп болуы тиіс.
Fүйк > F (9.1)
Бәрімізге белгілі үйкеліс күші:
Fүйк = Fқf (9.2)
Fқ – жанасу ауданына түсетін қысу күші; f - үйкеліс коэффициенті.
Үйкеліс коэффициентінің шамасы аздығынан, қысу күшінің шамасы есептегі күштен бірнеше есе артық болады. Мысалы, қүрғақ бетті болаттар үшін үйкеліс коэффициенті f =0,l жағдайда қысу күші пайдалы күштен он есе артық.
Осыған байланысты фрикциялық берілістерде біліктер мен тіректердің өлшемдері үлкен болады, сондықтан олар арқылы берілетін ең үлкен куат шамасы 10-30 ат күшінен аспайды.
Фрикциялық берілістердің артықшылықтары:
а) құрылымы қарапайым, теңселу денесінен тіс жасаудың
қажеті жоқ;
б) қозғалыс бір қалыпты беріледі, сондықтан ол жоғары
жылдамдықпен айналатын механизмдерде және приборларда
қолданылады.
в) айналыс сандарын сатысыз реттеуге мүмкіндік береді;
г) олар конусты дискілі түрде жасалып, берілісті белгілі бұрышпен беруге мүмкіндік туғызады.
Фрикциялық берілістердің кемшіліктері:
а) фрикциялық берілістерде мойынтірек пен білікке күш көп түседі;
б) фрикциялық берілістердің пайдалы әсер коэффициен-
тінің шамасы аз (η=0,8-0,92). Фрикциялық берілістердің жұмыс істеуі кезінде сырғанау пайда болады. Сондықтан беріліс қатынасы тұрақсыз және фрикциялық дискілер бетінің тозуы бірқалыпты болмайды;
в) айналмалы денелердің қысылып тұруы қажет, сондықтан қосымша қысу жабдықтарын керек етеді.
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 1192 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Берілістердің негізгі көрсеткіштері | | | Фрикциялык берілістердің түрлері |