Читайте также: |
|
Тақырыбы: Механикалық жетектер мен берілістер
Берілістер туралы жалпы ұғымдар
Берілістер деп қуат пен қозғалысты белгілі бір қашықтыққа беру үшін қолданылатын жабдықтарды айтамыз. Олар көбінесе машиналардың двигателі мен жүмыс атқарушы тстіктерінің аралығында қолданылады. Берілістер төмендегі жағдайларда пайдалынады:
1. Машина двигательдерінің айналу жылдамдығы өте жоғары, ал іс жүзінде машина қызметі әр түрлі жылдамдықты козғалыспен байланысты.
2. Берілістер арқылы жылдамдық төмендейді, ал күш
моментінің шамасы жоғарылайды.
3. Берілістер айналмалы қозғалысты түзу сызықты
қозғалысқа айналдыру үшін және машинаның жұмыс істейтін
тетіктерінің жылдамдығын өзгерту үшін қажет.
Берілістер механикалық, электірлік, пневматикалық және гидравликалық болып бөлінеді.
Машина бөлшектері курсында тек қана айнымалы қозғалысты беретін механикалық берілістер қарастырылады және оларды бүдан былай жай берілістер деп атаймыз.
Біз қарастыратын берілістер жүмыс істеу негізіне байланысты, қозғалыс пен қуат айналмалы денелердің өзара тікелей жанасуы арқылы және оларды жалғастыратын үшінші иілгіш бөлшектің көмегімен берілетін болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа фрикциялық, тісті және червякті жатады. Осы аты аталған берілістерге тоқталудан бұрын олардың нсгізгі көрсеткіштерімен таныса кеткен жөн.
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 684 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Белшектер беттерінің өңдеу тазалығы | | | Берілістердің негізгі көрсеткіштері |