Читайте также:
|
|
Өзара айқасатын біліктер арасында (әсіресе перпендикулярмен айқасатын біліктер) қозғалысты беруге Бұрамдықты берілістер қолданылады (9.1 сурет. Бұрамдықты берілісінің қозғалысы бұрама жұптарының қозғалысына ұқсас. Бұрама қызметін бұрамдық атқарады да, бұрамдық дөңгелегі ұзын сомынды (гайканы) шеңбер бойымен игенде шыққан секторға ұқсайды. Сондықтан бұрамдықты берілісте тісті берілістің, сондай-àқ бұрама берілісінің қасиеттері бар. Доға формалы етіп жасалған бұрамдық дөңгелегінің тісі жанасу кернеуін азайтуға мүмкіндік береді.
9.1-сурет. Бұрамдықты берілістердің кинематикалық сұлбасы
Бүрамдық берілістің тісті берілістен артықшылықтары:
1) беріліс санының көптігі: и =8...80 (кейбір кинематикалык берілістерде и =500 дейін жетеді);
2) бір қалыпты және дыбыссыз жүмыс істеуі;
3) өздігінен тежеу қабілеттілігі;
4) көлемі мен салмағының аздығы.
Сонымен қатар кемшіліктері де бар:
1) сырғанау үйкелісінің шамасы үлкен болғандықтан;
а) пайдалы әсер коэффициенті төмен: и=0,7 -0,9
б) тез қызады, ПӘК-ің аздығынан қуаттың біршама бөлігі жылуға айналып кетеді;
в) антифрикционды қымбат материалдар қолдануға мәжбүр етеді, олар да үйкеліс күшін азайту үшін керек;
2) жасау технологиясы күрделі және қымбат, себебі арнаулы станоктар қажет етеді;
3) ПӘК-і өте аз болғандықган өте көп қуат беруге жарамайды (қуаты не бары 50 кВт-тан аспайды).
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 183 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Конустық тісті берілістер беріктікке есептеу | | | Бұрамдықты жұптың кинематикасы мен геометриясы |