Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есепке алынатын күш және жүк коэффициенті

Машина бөлшектерін стандарттау | Белшектер беттерінің өңдеу тазалығы | Дәріс | Берілістердің негізгі көрсеткіштері | Фрикциялық берілістер және вариаторлар. Жалпы түсінік | Фрикциялык берілістердің түрлері | Вариаторлар | Жалпы түсінік | Эвольвента пішінді тісті берілістерден қысқаша мәлімет | Tic профилін түзету |


Читайте также:
  1. D. Бірөлшемді және көпөлшемді
  2. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  3. Lt;variant> ол басқа дәлелдермен бірге тексерілуі және бағалануы керек
  4. Lt;variant> сот және іске қатысушы тұлғалар
  5. Lt;variant>өтінішті қайтарады және талапкерге оның қай сотқа жүгіну керектігін түсіндіреді
  6. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  7. Lt;variant>ие болмайды және жатпайды

Іліністегі есепке алынатын күш пайдалы күшпен бірге қосымша айнымалы күштен тұрады. Бұл айнымалы күштер біліктердің өзара қисық орналасуынан және әзірлеу кезіндегі қателіктерден пайда болады. Есептеулерде пайдалы күш тіс бойымен бір қалыпты таралған деп қараймыз.

Сонымен

F=F ном· K (6.1)

 

мұндағы K – жүк немесе күш коэффициенті.

K= Kβ ·Kv (6.2)

Kβ күш шоғырлану коэффициенті;

Kv күштің динамикалық коэффициенті.

Күш шоғырлану коэффициенті күштің тіс үзындыгы бойынша бір қалыпты түспеуін есепке алады. Сондай-ақ бұл коэффициент шамасы біліктер мен тіреулердің серпімділік деформациясы және әзірлеу, жинау кезіндегі қателіктерге тәуелді. Төмендегі суреттерде біліктер деформацияланған тісті дөңгелектердің өзара орналасуы көрсетілген (6.1-сурет).

6.1-сурет. Біліктің иілу деформациясына байланысты күштің тіс бойына біркелкі тарамауы.

 

Егер тістер өте қатты болса, олар тек үштарымен ғана ілініскен болар еді. Бірақ тістердің деформациясы олардың қайшыласуын азайтады. Көптеген жағдайларда тістер іліністе болады. Жоғарыда корсетілген жағдайларға қарағанда, жүктің шоғырлану коэффициент! былай болады:

q – орташа меншікті жүк; qтах – ең көп меншікті жүк.

Күш шоғырлану коэффициентін төмендегідей жолдармен азайтуға болады:

1) беріліс тетіктерінің әзірлеу дәлдігін жоғарылату керек;

2) білік пен тіректердің қатаңдығын жоғарылату керек;

3) дөңгелек пен тіректің өзара орналасуын тандап алу керек;

4) тісті "кеспек" тәрізді етіп жасау керек.

Күштің динамикалық коэффициенті. Тісті берілістегі қателіктер лездік беріліс санының түрақсыз болуына себепші болады. Сондықтан бұрыштық жылдамдықтар бір қалыпты болмайды, ω1 =const болған жағдайда,

ω2 ≠const,

Бұл жағдайда қосымша динамикалық момент пайда болады:

, (6.4)

I – айналған бөлшектердің инерциялық моменті.

Негізгі динамикалық күштер тістердің ілінісе бастаған немесе аяқталған кезінде пайда болады. Дөңгелектер біріне -бірі соғылыспай жұмыс істеуі үшін алдымен олардың жұмыс кезіндегі негізгі қадамы өзара тең болуы керек. Соғылыстың екі түрі кездеседі (10.9-сурет):

1. рtb2 > рtb1 шеттік соғылыс;

2. рtb2 < рtb1 орталық соғылыс;

рtb1 жетекші дөңгелектің негізгі қадамы;

рtb2 жетектегі дөңгелектің негізгі қадамы.


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тісті берілістің дәлдігі| Түзу тісті дөңгелектердің тістерін иілуге есептеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)