Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Tic профилін түзету

Машина бөлшектерін беріктікке есептеу жолдары. Тұрақты күш түскенде беріктікке есептеу | Жалпы түсінік және айнымалы күштің түрлері | Машина бөлшектерін стандарттау | Белшектер беттерінің өңдеу тазалығы | Дәріс | Берілістердің негізгі көрсеткіштері | Фрикциялық берілістер және вариаторлар. Жалпы түсінік | Фрикциялык берілістердің түрлері | Вариаторлар | Жалпы түсінік |


Читайте также:
  1. Бүрамдық берілістерді түзету

 

Тісті дөңгелектерді кесу кезінде кескіш құралды, оның орта сызығын шеңбердің алғашқы диаметрінен белгілі шамаға жылжытуды тic профилін түзету деп айтады (10.6-сурет).

Tic профилін түзету тісті ілінісулердің қасиеттерін жақсартады.

Егер кескіш рейканың орта сызығы шеңбердің алғашқы диаметрімен сәйкес келсе, түзету (коррекция) болмайды х=0.

Егер кескіш құрал дайындама центрінен сыртқа жылжыса, онда түзету коэффициенті оң таңбалы болады (х>0) және тістің формасы өзгереді. Tic әсіресе табан жағында жуандайды. Сонымен қатар тістің басы үшкірленеді.

Егер жылжу дайындама центріне қарай ығысса, тіс аяғының қалындығы жіңішкереді және жылжыту коэффициенті теріс таңбалы болады (х<0).

Іс жүзінде тіс пішіндерін жоғарғы және бұрыштық түзету арқылы жүзеге асырады.

 

 

10.6-сурет. Tic профилі түзету.

 

Жоғарғы түзету (коррекция). Егер кескіштің жалпы жылжу шамасы нольге тең болса, яғни шестерня үшін оң таңбалы, ал тісті дөңгелек үшін теріс таңбалы болса, онда жоғарғы түзету деп аталады.

xΣ=x1+x2=0.

Былайша айтқанда шестерня үшін x1 >0, ал дөңгелек үшін х2 <0, сонда |х1| =|х2|. Өлшемдері бір, таңбалары карама-қарсы жылжулар шестерня тісінін жуандығын және дөңгелектің ойпат жалпақтығын бірдей үлкейтеді, сондықтан:

Бұрыштық түзету (коррекция). Бұрыштық түзету кезінде кескіштің жалпы жылжыту шамасы нөльге тең болмайды.

xΣ >0

Тістердің адымы ойпаттың адымынан үлкен, сондықтан бөлгіш шеңберлері жанаспайды:

Ось аралық қашықтығы көбейеді.

Сол себептен ілінісу бұрышы үлкейеді. Бірақ оның кемшілігі – жабу коэффици­енті ε азаяды.

- орта аралық қашықтық, түзетілмеген іліністер үшін;

- түзетілген іліністер үшін;

ψ – қайта жылжу немесе тіс биіктігін төмендету коэф­фициенті номограмма бойынша анықталады.

 

Түзетілмеген дөңгелектер үшін

x = 0; Δу= 0

Тісті берілістерді түзету жанасу беріктігін 20 процентке, иілу беріктігін 100 процентке арттырады, тістің қиылып түсуін жояды және сонымен қатар стандартталған ось аралық қашықтыққа келтіруге мүмкіндік береді. Түзетілген дөңгелекті дайындау түзетілмеген дөңгелекті дайындаудан кымбат емес. Олардың геометриялық өлшемдер қатынасы 10.3-кестесінде берілген.

Бір немесе екі дөңгелек тістерінің саны аз болса, түзету өте пайдалы. Тістерінің саны көп дөңгелекті түзету онша пайдалы емес.

1. Егер z 1 30 болса, түзетілмеген берілістер;

2. z1<30 және z1 +z2 >60 -биіктік түзету x1=0,03 (30 —z1) және х2 =-x1;

3. z1 +z2 <60 болғанда -бұрыштық түзету

x1=0,03(30-z1) - және х2=0,03 (30-z2). хж = x12 ≤ 1,8-0,3(z1 +z2), егер 30<(z1+z2)<60 болғанда және (z1+z2)<30 болғанда xΣ≤0,9.

 

 


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 130 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Эвольвента пішінді тісті берілістерден қысқаша мәлімет| Тісті берілістің дәлдігі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)