Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы: Сынып жетекші жұмысы

Пән жөнінде мәліметтер | Кіріспе | Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер | Семинар тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың құқықтық тәрбиесі | Семинар тақырыбы: Өнер, дене шынықтыру амалдары арқылы кіші мектеп жасындағы оқушыларды сауықтандыру | Дебиеттер тізімі | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ | ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ | Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер | Дәріс тақырыбы: Оқушылардың тәрбиелік ұжымын ұйымдастыру әдістемесі. |


Читайте также:
  1. Бақылау жұмысы №2
  2. Бақылау жұмысы№1
  3. Дәріс
  4. Дәріс
  5. Дәріс
  6. Дәріс 1.
  7. Дәріс 10.
  1. Сынып жетекші, оның қызметі мен міндеттері.
  2. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлауы.
  3. Сынып жетекшінің оқушылармен атқаратын жұмыстарының түрлері.
  4. Сынып жетекші және педагогикалық ұжым.

1. Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі құрылымдық элементі – сынып. Мұнда танымдық іс-әрекеттер ұйымдастырылады, оқушылар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас қалыптасады.

Оқушылардың сыныптағы іс-әрекеттерін ұйымдастырушы, оларға тәрбиелік ықпал етуді үйлестіруші – сынып жетекшісі. Ол оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істейді. Сынып жетекшісі өзіне тапсырылған сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы мұғалім.

Қазіргі уақытта гимназия, лицей сияқты оқу мекемелерінің жаңа типі пайда болды. Жалпы орта білім беретін мектептердің қызметі де өзгерді. Соған сәйкес сынып жетекшісінің де институты өзгерді. Қазір сынып жетекшілерінің мынадай типтері бар:

- сынып жетекшісінің функциясын да атқаратын пән мұғалімі.

- тек қана тәрбие жұмыстарымен айналысатын сынып жетекшісі, оны сынып тәрбиешісі деп те атайды.

- кейбір оқу орындарында сынып тәрбиешісі қызметі енгізілген (сыныпқа жетекшіліктен босатылған қызметтің бір түрі), сондай-ақ сынып кураторы латыншадан аударғанда қандай да болсын бір жұмысқа бақылау жасауға міндеттелген қамқоршы адам) немесе тьютора (латыншадан аударғанда қорғаушы, қамқоршы, сүйеуші), мұнда оқушылар педагогтің ұйымдастырушылық қызметін өз мойындарына алады. Олар оқу жүктемесінің аз-ақ мөлшерін алуы мүмкін. Сынып жетекшісінің тәрбие беру міндеттері, оның жұмысының мазмұны мен түрлері біркелкі болуы мүмкін емес. Олар балалардың және олардың ата-аналарының сұраныстарына, қызығуына, қажеттіліктеріне, сынып, мектеп, әлеуметтік жағдайына және педагогтың жеке мүмкіншіліктеріне қарай анықталады.

Сынып жетекшісінің қызметі. Балалар ұжымының жетекшісі болып тағайындалған педагог тұтас сыныпқа, жеке оқушыға қатысты қызметін көрсетеді. Ол балалардың жас ерекшеліктерін, олардың арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасты еске ала отырып, жеке ерекшеліктеріне сәйкес әрбір оқушыны араластыра отырып, негізгі міндеттерді шешеді. Сынып жетекшілерінің қызметіндегі басты нәрсе – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, оның шығармашылық қабілетін іске асыру, баланың белсенді әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің мазмұны оқушылардың белгілі бір тобындағы педагогикалық үрдістің жетекшісі ретіндегі қызметімен анықталады. Р.Х. Шакуров жасаған басқару тұжырымдамасына сәйкес үш деңгейлі функция бөліп көрсетілген.

Бірінші деңгейге. Педагогикалық және әлеуметтік-гумманитарлық функциялары жатқызылады. Бұл функциялар оқушыларды әлеуметтік тұрғыда дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған. Балалардың өзекті тұлғалық мәселелерін шешу, оларды өз беттерінше өмір сүруге даярлау бағытында көмек көрсетуге бағдарланған. Олардың ішінде оқушыларды дамыту, балаларды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен әлеуметтік тұрғыда қорғау, қойылған тәрбиелік міндеттерді орындау үшін барлық педагогтердің күшін біріктіру деп аталатын сынып жетекшісінің іс-әрекетінің негізгі мазмұнын анықтайтын үш түрін бөліп көрсету қажет. Ал оның ішінде баланы әлеуметтік тұрғыда қорғау функциясы шешуші болып табылады.

Баланы әлеуметтік қорғау бойынша сынып жетекшісінің әрекеті тікелей орындаушы ғана емес, балаларға және олардың ата-аналарына әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет етуге көмектесетін үйлестіруші. Сынып жетекшісінің іс-әрекетіндегі әлеуметтік қорғауды кең және тар мағынада қарастырған орынды. Соңғысында бұл іс-әрекет ерекше қиын жағдайда қалған балаларды қорғауға бағытталады. Ондайларға басқаларға қарағанда шұғыл әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін көп балалы отбасынан шыққан балалар, босқын балалар, мүгедек балалар, жетім балалар және т.б. жатады. Ал кең мағынада әлеуметтік қорғаудың, әлеуметтік кеңістіктің обьектісі ретінде шығу тегіне, ата-аналарының және жағдайларының болу болмауына тәуелсіз барлық балалар алынады. Бірақ балалардың әр түрлі категорияларына саралау ұстанымы қолданылатыны даусыз.

Балаларды тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау мақсатына жету үшін сын жүйесі оқушылардың құрбылары мен дұрыс қарым-қатынас жасауына қатысты жеке мәселерді шешіп алуы тиіс (ұжымды құру, оның ұйымшылдығы, белсенділігі, өзін-өзі басқарудың дамуы). Бұл міндеттерді оның ұйымдастырушылық деп аталатын екінші деңгейлі әлеуметтік-психологиялық қызметі анықтайды.

Сынып жетекшісі қызметінің үшінші деңгейін – тәрбиелеу іс-әрекетін басқару субъектісінің өзіндік іс-әрекетінің логикасынан шығатын талаптар бейнелейді. Бұл диагностикалық мақсат қою, жоспарлау, бақылау және түзету қызметтері қойылатын басқару қызметі.

Диагностикалық қызметін атқаруда сынып жетекшісі оқушылардың тәрбиелілігінің бастапқы деңгейінен өзгеруін үнемі бақылайды. Ол баланың жеке тұлғасын және өзіндік қасиеттерін зерттеуге және талдауға, 3 нәтижелердің тиімсіздігінің себептерін іздестіруге және тұтас педагогикалық үрдісті сипаттауға бағытталады.

Мақсат қою қызметін оқушылармен тәрбиелеу іс-әрекетінің мақсатын бірігіп анықтау деп құрастыруға болады. Сынып жетекшісінгің бұл үрдіске қатысу деңгейі оқушыларды жас ерекшелігіне және сынып ұйымының қалыптасу деңгейіне тәуелді.

Мақсат қою логикасы сынып жетекшісінің іс-әрекетін жоспарлау барысында көрініс берді. Жоспардың міндеті педагогикалық іс-әрекетті реттеу, педагогикалық үрдісте нәтижелердің жоспарға сәйкестігі және жүйелілігі, асқарылуы және сабақтастығы сияқты талаптың орындалуынқамтамасыз ету. Жоспарлауда сынып жетекшісінің сынып ұжымымен тығыз байланыста болуы маңызды. Әрбір баланың бұл үрдіске қатысуы олардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Сынып жетекшісінің іс-әрекетіндегі бақылау және түзету қызметінің игі мақсаты – тәрбие жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Бақылау қызметі – бір жағынан оңды нәтижелерді айқындау, екінші жағынан кемшіліктердің себептерін айқындау. Бақылау нәтижелеріне жасаған талдау негізінде сынып бойынша оқушылардың нақты тобымен немесе жеке оқушымен түзету жұмысын бақылау емес, түзету мақсатындағы өзінөзі бақылау.

Түзету – бұл әрқашанда сынып жетекшісі мен сынып ұжымының, топтың немесе жеке оқушының біріккен іс-әрекеттері.

Қарастырылған қызметтердің деңгейлері сынып жетекшісінің іс-әрекетінің мазмұнын анықтайды. Сынып жетекші әкімшілік лауазым болғандықтан, оның құқықтары мен міндеттері бар.

Сынып жетекшінің құқықтары:

- балалардың психикалық және денелік денсаулығы туралы ақпарат алуға.

- әрбір оқушының үлгерімін қадағалауға

- сынып ұжымында тәрбие жұмысын ұйымдастыруға

- сол сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдердің іс-әрекетін үйлестіріп, бір арнаға бағыттап отыруға

- сынып ұжымымен келісілген киімдерді, ұсыныстарды мектеп әкімшілігімен қарастырылуына шығаруға.

- ата-аналарды мектепке шақыру, кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін комиссиямен, түрлі орталықтармен, ұйымдармен байланыс орнату

- мектептің педагогикалық ұжымынан көмек алуға.

Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті қажет етеді.

Сынып жетекшінің негізгі міндеттері:

1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімдігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға айналдыру.

3. Сыныптан пән мұғалімдері мен мектеп әкісмшілігінің және мектеп оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтасмасыз ету.

2. Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.

Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.

Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А.Сухомлинский де «тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші сауатсыз күтушіге, педагогика –балгерлікке айналар еді» - дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.

Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың іс-әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.

Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.

3. Сынып жетекшінің оқушылармен атқаратын жұмыстарының түрлері.

Оларды әр түрлі негіздемелер бойынша жіктеуге болады;

-іс-әрекет бойынша-оқу, еңбек, спорт, көркем т.б.

-педагогтың ықпал ету тәсілі бойынша-тікелей және жанама.

-өткізу мерзімі бойынша-қысқа (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), ұзақ мерзімді (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін), дәстүрлі(үнемі қайталанып отыратын);

-дайындау мерзімі бойынша –алдын- ала дайындықсыз оқушылармен өткізілетін жұмыс, даярлық жұмыстары, оқушылардың дайындығы ескерілетін жұмыс түрлері;

-ұйымдастыру субъектері бойынша –балаларды ұйымдастыруға, педагогтер ата-аналар және басқа ересек адамдар қатысады, балалр іс-әрекеті ынтымыақтастық негізінде ұйымдастырылады, бастама және оны жүзеге асыру балалар тарапынан болады;

-нәтиже бойынша-түрлері, нәтижелері ақппараттың алмасу, жалпы шешімді қабылдау, қоғамдық маңызды өнім болу мүмкін;

Қатысушылар саны бойынша – жеке (тәрбиеші-тәрбиеленуші), топтық(тәрбиеші балалар тобы), көпшілік(тәрбиеші-бірнеше топтар, сыныптар)

Жеке жұмыс. Түрі топтық және ұжымдық түрлерге әсере етеді және соңында олардың табыстылығын анықтайды. Бұған әңгімелесу, сырласу, ақыл-кеңес, пікір алмасу,тапсырманы бірігіп орындау нақты бір жұмыста жеке көмек крсету мәселесін шешімін бірігіп іздестіру жатады.

Жұмыстың топтық түріне іс-кеңестерін, шығармашылық топтарды, өзін-өзі басқару ұйымдарын, микро үйірмелерді жатқызуға болады. Бұл түрлерін сынып жетекшілері өздерінің қатардағы қатысушы немесе ұйымдастырушы екенін көрсетеді. Сынып жетекшісінің топтық жұмысқа ықпалы балалардың арасындағы өз ара ізгілікті қарым-қатынасты дамытуға бағытталды. Сынып жетешісінің оқушылармен жүргізілгент жұмысының ұжымдық түрлеріне әртүрлі байқаулар, спекткальдер, концерттер,үгіт бригадаларының жұмыстары,саяхаттар, турлар, селеттер, спорттық жарыстарды, т.б. жатқызуға болады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және басқа да жағдайларға байланысты сынып жетекшілері қатысушыларды алып жүуші, ұйымдастырушы, өзі жеке үлгі көрсететін қатардағы қатысушының білімді адамдардың тәжірибесін игеруде оқушыларға үлгі болатындай әрекеттермен ықпал ететін жаңа қатысушы, тиісті іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңес беруші, көмекші сияқты рөлді атқаруы мүмкін.

Жұмыс түрлерінің әр қилығы және оларды жиі жаңарты қажеттілігі сынып жетекшілерінің алдын-ала оларды таңдау мәселесін қояды. Педагогикалық әдебиеттерін сынып сағаттарын, байқауларды, мерекелерді, т.б. өткізудің әр түрлі сипаттамасын табуға болады. Олардың идеяларымен жеке элементтері бір-біріне ауыстырлуы мүмкін,бірақ әрбір нақты жағдайда белгілі бір жұмыс түрі қолдпнылады. Өйткені,әр бір баланың және әрбір балалар бірлестігінің өзндік орны бар. Соған сәйке жұмыс түрлерінің мазмұны мен құрлысы бойынша өзіндік ерекшеліектері бар. Оқушылармен бірге жұмыс түрлерін таңдағанда сынып жетекшілері төмендегі мәселелерге сүйенгені орынды;

-жұмыстың кезекті кезеңінде (жыл, тоқсан) анықталған тәрбие беру міндеттерін ескеру, өйткені жұмыстың әрбір түрі олардың шешуге мүмкіндік жасауы тиіс;

-міндеттер негізінде балалар міндетті түрде қарастырылады жұмыс мазмұны мен іс-әрекетін негізгі түрлері анықталады;

-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ұстанымдарын, балалардың мүмкіндіктерін, дайындықтарын, қызығуын және қажеттіліктерін, сыртқы жағдайды(мәдени орталықтар, өндіріс орындары), педагогтар мен ата-аналардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қойылған міндеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктерінің жиынтығын құру.

-ұжымдық мақсат қою негізінде ұжымдық іс-шаралар өткізу түрлерін іздестіруді ұйымдастыру, сонымен бірге, мысалы басқалардың тәжірибесіне сүйене отырып жарияланған материалдарды зерделеу, нақты мәселелерді анықтау және т.б. арқылы балалар тәжірибесін жаңа идеялармен түрлерімен байытудың тәсілдері ойластырылады;

-тәрбие жұмысының мазмұнымен түрлерінде қарама-қайшылықты болдырмау.

4. Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым.

Сынып жетекшісі өз қызметінде педагогикалық ұжым мүшелерімен және бірінші кезеңде сол сыныпқа бекітілген мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас орнатады. Пән мұғалімдермен қарым-қатынаста сынып жетекшісі ұйымдастырушы және оқушылармен ұжыммен педагогикалық жұмыс істеуші координатор рөлін атқарады. Ол мұғалімдерді балаларды оқытудың нәтижесімен таныстырылады. Бұның ішінде сынып ұжымы және сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдер, балаға және оның жанұясына педагогикалық көмек көрсету бағдарламаларын талдау да кіреді.Пән мұғалімдерінің балаларды оқыту іс-әрекетіне жағдай жасау және сабақтан тыс уақытта ұжымдық тәрбиені ұйымдастырады. Сынып жетекшісі оқушының даму диагностиксын ондағы қиындықтармен қабілеті жанұядағы өзгерістер туралы мұғалімге ақппарат береді.Оқушының және оның ата-анасының оқыту жүйесінде қиындықтар туып жатса, сынып жетекшісі мұғалімге бұл қиындықтардан шығу жолдарын түсіндіреді, олардың іс-әрекетін дұрыцстауда педагогикалық көмек береді және баланың психикалық даму ерекшеліктерімен таныстырылады.Мұндай балаларға арнайы педагогикалық көмек көрсетіледі;Сынып жетекшісі ата-аналармен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты бақылап отырады.Ол ата-аналарды тәрбиелеу ерекшеліктерімен таныстырылады, олардың пән илермен балаларының оқудағы үлгімдерімен, тәрбиесі жөнінде ақпарат беру үшін кездесу ұйымдастырады. Ата-аналадрың балараына үй жұмысын орындауда көмек көрсетуге бағыт береді.Сынып жетекшісі пән мұғалімдеріне сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға, жұмыстануға көңіл аударады. Ата-аналдың жиналысын өткізуге дайындық жүргізеді, онда балалардың оқуғдағы білімі мен қабілеті және тәртібі жөнінде қаралады.Өзара іс-әрекет формаларының бірі сынып жетекшісімен пән мұғалімдерінің бала тәрбиелеудегі іс-әрекеті және оны жүгізудің іс-тәсілдері педагогикалық консилиум болып табылады. Баланы жан-жақтан қарастырады.

Ол мұғалімдерге баланың даму диагностикасы, оның қиыншылықтары мен жетістіктері, оның қиыншылықтары мен жетістіктер, оның отбасында болып жатқан өзгерістер туралы жүйелі ақппарат беріп отырады. Қиыншылықтар туған жағдайда сынып жетекшісі осы қиыншылықтарды жою жолдарын талқылауға мұғалімдерді қатыстырып, дамуында кемшілігі бар балалардың психикалық ерекшеліктерімен, ондай баларға жасалатын педагогикалық ықпалдың арнайы тәсілдерімен алдын-ала таныстыра отырып, педагогтерге олардың іс-әрекеттерін түзетуге көмектеседі.

Мұғалімен ата-анасының қарым-қатынас арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

Сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен қандай да бір мәселені бірігіп ойластыруға және оны шешудің жолдарын іздестіруге қатысты әңгімелер өткізуі маңызды.

Ол мұғалімдердің көтерген бастамаларын, ұсыныстарын ықыласпен қабылдайды, олардың ескертулеріне қарай өз жұмыстарын ұйымдастырады. Мектеп тәжірибесінде сынып жетекшісінің жұмысын бағдарлауда үлгерім құжаттар кабинеттері рәсімдеу және т.с.с. сыртқы көрсеткіштерге үстемдік беру әлі де жалғасуда. Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің балалардың ата-аналардың және өзінің әріптестерінің арасындағы беделі бағаланбай келеді. Сынып жетекшісінің сыныпқа жетекшісі ету стилінен оның балаларға қарым-қатынас жасау стилінен оқушылардың мұғалімге деген және олардың өздерінің арасында қандай өзара қарым-қатынас орнатуынан байқауға болады. Қарым-қатынаста оқушы тең құқұқылы серіктес ретінде қарастырылатын демократиялық стиль, шешімқабылдауда оқушының пікірін ескеру олардың бір нәрсеге өзіндік пікірін айтуға сыныпты еркін жылы шырайлы шығармашылық ынтымақтастығы жоғары,өзара көмегін ортаға айналдырады.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 3102 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы: Тәрбие жұмысының түрлері| Дәріс тақырыбы: Класс жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлауы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)