Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ДӘрістер кешені

Пән жөнінде мәліметтер | Кіріспе | Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер | Семинар тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың құқықтық тәрбиесі | Семинар тақырыбы: Өнер, дене шынықтыру амалдары арқылы кіші мектеп жасындағы оқушыларды сауықтандыру | Дебиеттер тізімі | Дәріс тақырыбы: Сынып жетекші жұмысы | Дәріс тақырыбы: Класс жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлауы. | Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер | Дәріс тақырыбы: Оқушылардың тәрбиелік ұжымын ұйымдастыру әдістемесі. |


Читайте также:
  1. ДӘРІСТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  2. Кешенінің мазмұны
  3. Оқу-әдістемелік кешені

№1 дәріс тақырыбы: Бастауыш мектептегі тәрбие процесі – динамикалық жүйе ретінде

1. Тәрбие үрдісі ұғымы.

2. Тәрбие үрдісінің мәні.

3. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері.

1. Тәрбиенің мақсаты, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру. Тәрбие үрдісінде аға ұрпақтың тәжірибесі беріліп, тәрбиенушілердің сана-сезімі, тәртіп, дағдылары қалыптасып, өмірге еңбекке дайындалады. Тәрбие арқылы балалардың дене күштері, адамгершілігі, сапалық қасиеттері дамып, мәдени мұраларды игереді. Тәрбие үрдісі тәрбиеші мен тәрбиенушінің белгілі мақсатқа жетуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеті. Тәрбие қоғам талабына, қоғам заңдылықтарына қарай ұйымдастырылады. Тәрбиені тоқтатуға немесе жоюға болмайды. Ол қоғамның дамуының қажетті жағдайы. Тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның сыртқы әсерлерді іштей қайта қорыта білу маңызды орын алады. Адам қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасқа түсіп өзінің белсенділігін көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырады.

А.С. Макаренко “Бала айнала қоршаған ортамен шексіз қарым қатынасқа түседі, дамиды, баланың дене күші артып, адамгершілік қасиеті жақсарады. Жылдар өткен сайын баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы маңызды бола бастайды, қарым-қатынас даму мен тәрбиеге ықпал етеді”-деді

Жеке тұлғаның тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен байланысы - бұл тәрбие процесінің заңдылығының бірі. Оның мазмұны, формасымен әдістері тәрбиеленушінің жалпы даму деңгейіне байланысты. Ал даму - бұл тәрбие нәтижесі.

Тәрбие үрдісінде адамның сана-сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына, мақсатты әсер ету арқылы оның ителектуалдық деңгейі дамытылады. Бұл компоненттердің біреуі тыс қалса, тәрбие мақсатына жетуге болмайды.

3. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Мектепте іске асырылатын тәрбие үрдісі педагогтар мен оқушылардың оқу-тәрбие іс-әрекетіне енетін педагогикалық үрдістің негізгі бөлімі. Тәрбие процесінің негізгі ерекшеліктері қандай?

Біріншіден, тәрбие көп факторлы процесс, ол тек мектепте ғана емес жанұяда, мектептен тыс мекемелерде, қоғамдық орындарда іске асырылады. Оқушылардың санасының, тәртібінің қалыптасуына әдебиет, өнер, телехабарлар, компьютерлік технология, бейнефильмдер әсер етеді. Қазіргі кезде балаларға әсер етуші хабарлар өте көп, оның кейде жағымсыз әсерлері де болатындығын ескеруіміз керек.

Екіншіден, тәрбие процесі - ұзақ процесс. Ол бала өмірге келгеннен басталып, өмір бойы жүреді. Адам есейген шағында да тәрбиеленіп тіпті қайта тәрбиеленуі де мүмкін. Адам еңбек, моральдық тәжірибені, эстетикалық құндылықтарды меңгеріп білімін кеңейтеді. Әсіресе, баланың мектептегі шағында оның дамуы тез жүреді. Тәрбие ұзақ процесс болғандықтан оның нәтижесін бірден көруге болмайды. Мыс: оқушы қысқа уақыт ішінде тарихи оқиғаларды оқып алуы мүмкін, бірақ тез жақсы жолдас немесе ұжымшыл адам етіп тәрбиелеуге болмайды.

Үшіншіден, тәрбие процесі сатылы сипатта болды. Ол ерекше кезеңдерге бөлінеді.

Бірінші кезеңде бала жанұядағы, мектептегі алғашқы ережелерді меңгереді. Оларда қарапайым тәртіп дағдылары қалыптасады.

Екінші кезеңде оқушылардың тәртіп туралы алғашқы түсініктерінің негізінде, әртүрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдау, қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтау қалыптасады.

Үшінші кезеңде тұрақты мінез-құлық дағдыларына ие болады.

Төртіншіден, тәрбие процесінде бірнеше рет қайталауға орын беріледі. Мысалы адамның бір сапалық қасиеттерін қалыптастыруға қайта-қайта оралуға тура келеді. Бұл жай қайталау емес, жас ерекшелігіне қарай баланың білімін тәрбиесін, тереңдету.

Бастауыш класта қарапайым тәртіпке көңіл бөлінсе, орта буын кластарында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бірінші орын беріледі. Ал жоғары класта жоғары саналылық қалыптастырылады. Алайда сапалық қасиеттер бір уақытта дамытылады. Бірінші тоқсанда шыншылдыққа, екінші тоқсанда ұжымшылдыққа тәрбиелеймін деуге болмайды.

Бесіншіден, тәрбие процесі - екі жақты, белсенді процесс. Оны тек тәрбиеленушіге педагогикалық әрекетпен шектеуге болмайды.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі міндетті түрде қажет., баланың ішкі белсенділігін ояту керек. Тәрбие процесінде балалардың қажеттілігі мен қызығушылығын да ескереміз.

Алтыншыдан, тәрбие процесінде балалар ұжымын ұйымдастыру жұмыстары маңызды орын алады. Сондықтан А.С.Макаренко “тәрбие жұмысы - ұйымдастырушының жұмысы” – деді. Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, класс жетекшісі, мұғалімдер тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар. Тәрбие нәтижесі көбіне тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігіне, оқушылар ұжымымен дұрыс қарым-қатынас ортада білуіне байланысты.

Жетіншіден, тәрбие болашаққа бағытталған процесс. Тәрбие беру де тек бүгінгі күн міндеттерін ғана емес, алдағы мақсаттарды да ескеруіміз керек.

Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағ-даяттарға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте, отбасында әртүрлі іс-әрекетіне дағдыландыруға болады.

Тәрбие жұмысында әр баланың даму ерекшелігін, жеке ерекшелігін еске алған жөн. Тапсырма беру кезінде бала темпераментін ескеріледі, мысалы, сангвиник бала қиыншылыққа кездессе бастаған ісін аяғына дейін орындамайды, сондықтан үнемі бақылап, тапсырманы толық орындауға үйрету, жаттықтыру әдісі қолданылады. Бұл әдістер оларды орындағыштыққа, кішіпейілдікке, ұқыптылыққа үйретеді. Ұжымның ІІ –ІІІ даму сатысында қоғамдық пікір, тапсырма, пікірталас, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға беру, т.б. қолданылады. Балалардың арасында моральдық ұғымдар элементтерін жете білмегендіктен түрлі жағымсыз әрекеттер болады. Мұндай педагогикалық жағдаяттарда этикалық тақырыптарға әңгімелесу әдістері қолданылады. Тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, адамгершілік тәжірибесі байиды, дүние танымы көзқарасы қалыптасады. Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен өзара байланысты, тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін, дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 1704 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ| Дәріс тақырыбы: Тәрбие жұмысының түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)