Читайте также: |
|
1. Сыныптан тыс жұмыс – оқушылар тәрбиесінің маңызды факторы. Оқу ісі процесінде оқушының ақыл ойы дами бастайды – ойлаудың, ойлау операцияларының, танып-білу қызығушылығының, оқудың, оқу ісінің мотивтерінің дамуы – оқушы оқып, жазып, түсінгенін айтып және т.б. үйрене бастайды. Бірақ жақсылықты, ар-ұятсыздықты, шындықты айтуды, парызды өтеуді біліп-үйрену үшін тағы қосымша факторлар, жағдайлар қажет.
Бұлардың бәріне шын факторлар, өмірлік жағдайлардың, өмірдің өзі үйретеді. Мұндай жәйттермен сәби жие кездеседе және де дұрыс шешім табалмайды. Осындай өмірлік жағдайлар сыныптан тыс жұмыста болады.
Сонымен, сыныптан тыс жұмыс, сабақтан тысжұмыс, мектептен тысжұмыс, оқудан тыс жұмыс-осының бәрі тәрбиелеік жұмыс болып табылады. Бұл жұмысты пән мұғалімдерімен сынып жетекшілері өткізеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі мәні-оқушылардың әр-түрлі ілі мен іс-әрекеттерге қызығушылығын туғызу және тереңдету, оқушылардың таланттары мен қабілеттерін ашу, әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеу, бос уақыттың ісін ұйымдастыру, балалардың әлеуметтік ортаға үйренуі.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді – білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.
Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рол атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т.б. үйретеді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психикалық процестерін, оқушылардың жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұраққа қатысты қосымша қызықты мағлумат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оның қызығушылығын арттырады.
Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау қажет. Мысалы, мұғалім «қонаққа барған жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау» қажеттілігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік. Ол үшін оның мақсатына баланың «мінез-құлық ережесі» туралы білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының тәрбиелік қызметін атқарады.Сыныптан тыс жұмыс- оқушының өмірі мен іс-әрекетінің бос таңдау формасы (спорт, ән-күй, би, шығармашылық, танып-білу, ісі, диспуттер, КВН, карнавалдар, өзін-зі қамту). Мұнда сәби (ТКК) ойын-сауық, бос уақытты бірге өткізеді тынығып. Бұл іс-әрекет оқудан тыс уақытта өткізіледі. Оқытушы оқушымен осындай, формальдық емес жағдайда әңгімелеседі. Оқытушы осындайда сәбидің әр түрлі жәйттерде өзін көрсетуін біліп көреді.
2. Сыныптан тыс жұмысының принциптерін қарайық.
· Оқушы өзінің қызығушылығы мен қабілетін көрсету мақсатында сыныптан тыс істің бос таңдауы өз-еркімен таңдау болып табылады.
· Принциптер сабақтан тыс жұмыстың мәнін айқындайды.
1. Бұл жұмыс барысында, оқушылар өздерінің қабілеттерін танытады, коллективтегі өз орындарын таниды, даму жасындағы өз таңдауын жасайды өз қызығушылығын қанағаттандырады, өзін-өзі таниды. (мүмкіншілік, ерекшелік, қабілеттілік, артықшылық).
2. Жұмыс барысында салған танымдық мүмкіншіліктер қабілетті арттырады.
Ақыл-ойдың дамуы, адамдармен қарым-қатынасының дамуы (еңбекте, дүние тануда, артада).
Мұғалімнің өзінде сабақтан тыс жұмыс кезінде жеке адамға деген ынтасы артады.
Қазіргі заман мектептерінде практикада әртүрлі формадағы жұмыс түрлері жүргізіледі.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыс-тарындағы іс-әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.
3. Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский былай дейді: “Балалар әсемдік, ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруі міндетті”. Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланыстыатқарылады. Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық туады. Яғни, нысанаға әсер етуге сай және тәрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты (ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық, құқықтық) жіктеу ұсынылады. Ол мынадай болады:
1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқу-шыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазу-шылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулы-ларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационал жауынгер-лермен).
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдатыру: тақы-рыптық, шолулық, жедел хабар.
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға ар-налған байқауларды ұйымдастыру.
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журнал-дар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе оты-рып оқырмандар конференциясын өткізіп отыру.
11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.
12. Үйірме жұмыстарынң нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жа-рыстар өткізу.
13. “Атамекен” бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.
14. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мерекелерін атап өту.
15. Сынып жиналыстарын өткізу.
16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы таза-лықа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безен-діру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыс-тарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.
17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.
18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
19. Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жо-рықтарын ұйымдастыру.
20. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыста әр шәкірттің ерекшелігі мен бейімі, талабы еске алынады.
Олай болса сынып жетекшісі өзінің негізгі қызметін жүзеге асыруда оқушылармен сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының фор-масын таңдайды. Олар, ең алдымен оқушылардың әр түрлі әрекеттерін ұйымдастырумен байланысты болып келеді. Яғни, тәрбие жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруға болады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдық жағдайда болатын-дықтан оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені мең-герудегі әрекеттің маңызына ерекше мән берген жөн. Оның бірнеше түрі бар: танымдылық, көңіл көтерушілік, спорттық-сауықтыру, еңбек, шығар-машылық.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық әрекеті баланың таным-дық қызығушылығын, оқуға жағымды уәждемесін тудыру. Оқу дағдысын жетілдіруді көздейді. Ол оқу әрекетінің жалғасы ретінде тек басқадай фор-мада қолданылады. Мысалы, “Не? Қайда? Қашан?”- викторина ойыны не-месе мұражайға, көрмеге саяхат т.с.с.
Көңіл көтеру әрекеті. Ол балалардың құнды демалысын ұйымдас-тыру, жағымды эмоция тудыру, ұжымда жылы шырай, көңіл-күй, жолдас-тық-ынтымақтастық жағдай орнату, жүйке шиеленісін болдырмау үшін нәтижелі. Дегенмен де сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық және көңіл көтерушілік әрекеттері өзара жиі байланыста болады. Мысалы: әр түрлі байқаулар, конкурстар, викториналарды атауға болады.
Спорттық сауықтыру әрекеттері. Балалар үшін сабақтан тыс тәрбие жұмысының осындай әрекеті олардың толыққанды денсаулығы мен дене бітімінің үйлесімді дамуы үшін қажет. Спорттық сауықтыру әрекеті таби-ғатқа саяхат жасау, спорттық, жылжымалы ойындар, спартакиада, туризм, жорықтар арқылы жүзеге асады.
Еңбек әрекеті. Ол еңбектің әр түрінің мазмұны арқылы көрініс бере-ді: тұрмыстық, қол еңбегі, қоғамдық пайдалы, өзіне-өзі қызмет көрсету. Әрекеттің бұл түрі мұғалімдер үшін біршама қиындықтар туғызады. Дегенмен де оның күш-қайрат жұмсауы оқушылардың әр түрлі жүйелі ең-бек әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жұмысының нәтижесіне бағыт-талады. Нәтижесінде, балада еңбек ету қажеттілігін, өзін танып білуге де-ген құштарлығын қалыптастырады. Еңбек әрекеті көбінесе сыныпта кезекшілік ету, оның тазалығын сақтау, мектеп шеберханасында жұмыс істеу, сенбіліктерге қатысу, сыныптың болмаса мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу, сабақтар жүйесінде көрнекі құралдарын жасау, шефтік жұмыстарын атқару барысында атқарылады.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.Л. Сухомлинский былай дейді: «Балалар әсемдік, ойын, ертегі, музыка, сүрет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруі міндетті». Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты атқарылады. Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық туады. Яғни, нысанаға әсер етуге сай (жеке-дара, топтық, көпшілік формалары) және тәрбиенің бағытты мен міндеттеріне байланысты (ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық, құқықтық) жіктеу ұсынылады. Ол мынандай болады:
Тәрбие жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруға болады. Олар: танымдық, коңіл көтерушілік, спорттық-сауықтыру, еңбек, шығармашылық.
Шаралардың жүзеге асырылуы оқушылардың сабақ үлгерімін, дүниетанымын арттыруға үлкен себін тігізеді. Бұған қосымша, тәрбие жұмысының нәтижелі формасын таңдау, олардың бір-бірімен орынды кезектесіп келуі, жаңа дәстүрлі емес формаларды қолдану, бәрі де тәрбиедегі көзбояушылықты болдырмауға жағдай туғызады, оқушылардың оқудан тыс өмірін қызғылықты ұйымдастырып, сапасын көтеруге ықпал етеді.
Кеңінен таралған және дәстүрлі түрдегі сабақтың тыс жұмыстың негізгі мектепте сынып жетекшінің қызметі ерекше орын алады. Ол бірмезгілде сынып жетекші және пән мұғалімі. Басшылықтың бұл түрі, мұғалім сынып жетекшінің тағы бір қызметін атқарады.
Сынып жетекшісі: бұл кім өзі? Ол ұйымдастырушы тәрбие сағаттарын, оқытушылар ішінен басшы бала алады, өз мектебінде жұмыс жасаушы. Ол тәрбие жұмысын ұйымдастырады және оқушылар ұжымын құрушы, сол сыныпқа қатасты оқытушылардың жұмысын ұйымдастырып біріктіреді. Сынып үшін және олардың оқу-тәрбие үлгерімі үшін жауапты.
Жұмыс мазмұны және педагогикалық әдіс мұғалімнің іскерлі арқылы жүзеге алады.
· Администраторлық – ұйымдастырушылық (мектептегі сынып ұйымы, сынып документтері)
· әдістемелік (сыныпты және оқушыларды білу, сыныптың және әр оқушының дамуын, оқу-тәрбие жұмысына және оның қортындысына педагогикалық анализ жасау)
· дамытушы ортаның құрылуы.
· әрбір оқушының индивидуалдық даму жолы.
Қазіргі заман мектебінде сынып жетекшісі үшін қатты регламент жоқ. Ол өзінің позициясын таңдап, тәрбиенің мазмұнын және құрылынын жинақтайды оқушылармен қарым-қатынасты орнатады. Мұның бәрі мүмкін болмас еді, егер мұғалім өзінің мақсатын дұрыс ұстасама.
Көп функциясы сынып жетекшісі 80-90 жж.сынып жетекшісі және тәрбиеші атағын алды. Бұл сабтыс жұмыстың жаңа түрі. Тәрбиешінің бүкіл күші сыныптан тыс ұйыммен түйіндемеді.
Заман талабына сай ғылымның даму барысында, техника, мәдениет сыныптан тыс жұмыстың мазмұны да түрдегенеді. Оған талап та мол қойылады. Соған байланысты сынып жетекші жан-жақты болуға тиіс (спорт, экология, айналанытану, театр басшысы).
Заман талабына сай демократияланған уақыт мектептегі оқушылардың мінез-құлқын өзгертеді.
Шетел мектептерінде педагогикалық команда атты жұмыс түрі кеңінен тарады. Мұғалімдер коллективті, сыныпта жұмыс істеушілер, бірігіп тәрбиенің негізін еңбекпен ұштастырады.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 2677 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс мазмұны: Біртұтас педагогикалық процестегі базалық мәдениеттің тұлғада қалыптасуы. | | | Дәріс тақырыбы: Класс жетекші жұмысындағы диагностика. |