Читайте также:
|
|
1. Бастауыш мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсат, міндеттері.
2. Бастауыш мектеп оқушыларының еңбекке араласуының ерекшеліктері.
3. Еңбек тәрбиесі бойынша жұмыс формалары.
Жеке тұлға әр түрлі іс-әрекет арқылы дамып қалыптасады. Іс-әрекет - адамның айнала қоршаған ортаға қарым-қатынасын белсенді түрде білдіретін ең маңызды форма.
Іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, оның өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеті – бұл нағыз өмір мектебі. Ұжымдық іс-әрекет арқылы окушылардың қоғамдық өмірге қажетті білім, іскерлік дағдысы қалыптасады.
Ұжымдық шаралар неғұрлым көп ұйымдастырылса, ұжымның беріктігі соншалыкты болады. Әр-бір іс шара бір-біріне, қоршаған ортаға, достарына қамқор болуға үйретеді. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетте оқушылар алдарына қойған мақсаттарды орындауда бірігіп ізденеді, жоспарлайды ұйымдастырады. Шығармашылық іс тек көз алдау үшін жасалынбайды, онда балалардың күш-жігері жаңа мүмкіндіктері, ұшқыр ойлары көрініс береді.
Әрбір шығармашылық іс өзінің сипатына қарай бір-бірінен ажыратылады.
Еңбекке баулитын шығармашылық іс. Оның негізгі мақсаты айнала қоршаған орта туралы балалар білімін молайту, қуанышты өмір негізі еңбек екендігіне балалардың сенімін, көзқарасын қалыптастыру, еңбекті өз еркімен, шығармашылықпен істеуге үйрету.
Танымдық қабілеті мен білімді дамытатын шығармашылық іс. Танымдық шығармашылық іс өмірде әлі сыры ашылмаған, анықталмаған беймәлім нәрселерді, жұмбақтарды ұжымдық түрде береді. Танымдық шығармашылық іс оқушылардың білімге ұмтылуын, табандылығын, байқағыштығын шығармашылық ойлауын, рухани байлығын дамытады.
Көркем өнерге баулитын шығармашылық іс. Бұл шығармашылық іс мақсаты түрде балалардың эстетикалық талғамын дамытып, өнерге деген рухани мәдениетін көтеріп, жан дүниесін байытады.
Спорттық шығармашылық іс. Спорттық шығармашылық шаралардың басты тәрбиелік мәні балаларды спорттық сауықтыру шараларына, дене шынықтыру сабақтарына шынайы көзқарастарын дамытып, қоғамның шыныққан мүшесі болуға дайындау. Спорттық шығармашылық іс, шапшаңдық, ептілік шыдамдылық, батылдық, ерлік қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі.
Шығармашылық шараларды ұйымдастырудың мынандай маңызды жақтары бар.
Балалардың өз өмірін өздері басқара білуге сенімін қалыптастыру.
Оқушылардың ойлауын, қиялын дамыту.
Оқушыларды өз беттерімен шешім қабылдауға үйрету
Бала бойындағы қорқыныш, үрей сезімдерін жойып, өзіне деген сенім туғызу.
Оқушыларды әр-түрлі өнер саласына баулу.
Оқушылардың күлкі, юморлық сезімдерін дамыту.
Бала бойындағы рухани күшінің басым жақтарын байқату.
Әрбір істе балаларға өз шығармашылығымен қатынасуына, ізденуне мүмкіндік беруіміз керек. Бала ойы таза шындықтан құралады. Бала тазалығы жай аңқаулық емес, тәжірбиесіздік, бағалы бағалылық. Кейде үлкендер бала жан дүниесіне өзіміздің ой жүйемізді күштеп ендіріп бала психикасына әсер етіп отырамыз. Ал баланың әрбір істегі шығармашылығы үлкен жетістік. Әрбір педагог өз тәжірбиесін бала күш-қуаты шығармашылығы мен біріктіруі қажет.
Ұжымдық шығармашылық істі ұйымдастыру алты кезеңнен тұрады.
1-ші кезең күні бұрынғы ұжыммен жұмыс, бұл алғашқы әңгімелесу түрінде өтеді. Әњгімені балаларды қызықты пайдалы іске жұмылдыру мақсатымен мұғалім жүргізеді. Не қалай істейміз? Кім ұйымдастырады.
2-ші кезең ұжымдық істі жоспарлау. Жоспар шағын топтарда жасалынады, оның шешімі жалпы топқа жарияланады, топта бекітіледі.
3-ші кезең ұжымдық шығармашық істі әзірлеу. Әзірлік орталығын құру үшін уақытша ұйымдастырушы орган іс кеңесі сайланады. Кеңесшілер ата-аналар, педагогтар бола алады. Кеңестің мақсаты жоспарды іске асыру үшін, жоспарды нақтылау әзірлікке бақылау жасау.
4-ші кезең ұжымдық шығармашылық істі өткізу. Бұнда ұжымдық жоспар іске асырылады. Бұл кезең әр-түрлі сюрприздерге, таңғажайып жағдайларға толы болады
5-ші кезең ұжымдық істің қорытындысын шығару. Ұжымның жалпы жиынында өткізілген істің қорытындысын шығару.
6-шы кезең шығармашылық істің әсерін бақылау.
Оқушылармен ұжымдық шығармашылық шаралар, сайыстар өткізуге болады, мысалы: “Фабрика” рольдік ойын, Қ.ысқы қарлы операция, Қарлы ертегі, “Десант”, “Рейд” жорық операциялар. Танымдық аукцион, ауызша журнал телекөпір, күлкі эстафетасы сайыстары. Бұл шаралар ұжымдық түрде оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсер етеді.
3. Оқушылардың практикалық іс-әрекетін ұйымдастыру формалары және әдістері.
Мектеп тәжірбиесі оқушылар іс-әрекетінің әртүрлі әдістер көмегімен іске асырылатындығын көрсетіп отыр.
Олар мектепте, мектептен тыс жерлерде ұйымдастырылып өткізіледі.
Мысалы: Балалардың демалыс лагерлері, спорттық, әскери-патриоттық, техникалық клубтар, туристік өлкетану жұмыстары т.б.
Балалар демалыс лагері.
Адам еңбек және қоғамдық іс-әрекет кезінде көптеген рухани және дене күштерін шығындайды. Ал бос уақыты кезінде осылардың орнын толтыру қажет. Оқушылардың осындай іс-әрекеті оқу болып табылады. Оқу процесі кезінде баланың дене және психикалық күштері шығындалады. Жазғы демалыс балалардың дене, психикалық күштерін шыңдайтын, рухани күшін байытатын, қуанышы мол қызықты сәт. Жазғы балалар демалысын дұрыс ұйымдастыру өте маңызды мәселе.
Жазғы балалар демалыс лагерінде, балалардың бос уақытын дұрыс өткізуге көмектесетін ең бірінші адам тәлімгер – тәрбиеші. Тәлімгер балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауға, лагерь өміріндегі шараларды әзірлеуге, лагердегі тәртіп пен тазалықты сақтауға, балалардың мәдени, мінез-құлқын қадағалауға балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға міндетті. Жазғы балалардың демалыс лагерінде тиімді жұмыс жүргізудің негізі тәлімгердің дұрыс жоспарлаған жұмыс жоспары. Лагерьге жұмысқа барғанға дейін таяудағы және түпкілікті міндеттері белгілейтін жұмыс жоспарының үлгісін құру керек.
Жоспар - тәлімгердің тәрбие жұмысын жүргізу кезінде басшылыққа алатын құжат. Онда лагерь маусымының мақсаты мен міндеттері анықталады, балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, лагерь мүмкіндіктері зерттеледі, балалардың қызығушылықтары аңықталып жоспар нақты болуы керек.
Үйірмелер және қоғамдық ұйымдар
Оқушыларды әртүрлі іс-әрекетке тартатын, қоғамдық пайдалы еңбекке баулитын ең маңызды формалардың бірі –үйірмелер. Үйірме сабақтары, оқушылардың жалпы және арнайы білімдерін кеңейтуге көмектеседі. Олар балалардың жеке қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін қанағаттандырады. Көбінесе сабақтар әңгіме, баяндама, тәжірбиелер, лабораториялық, практикалық жұмыстар, әртүрлі модель үлгілерін жасау түрінде жүргізіледі. Мектептегі сабақтарды қайталаудың қажеті жоқ. Үйірмелік жұмыста, практикалық іс-әрекеттер маңызды орын алады, үйірме сабақтары кәсіби бағдар береді, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге көмектеседі. Пәндік және көркемөнер үйірмелері оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына қарай ұйымдастырылады.
Оқушының шығармашылық іс-әрекетін, жеке басының қасиетін, саяси көзқарастарын қалыптастыруда қоғамдық ұйымдар негізгі орын алады.
Жастардың білім, білік, дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін, шығармашылық қабілеттерін дамытатын, қоғамдық ұйымдардың бірі - “Болашақ” балалар ерікті ұйымы. Бұл ұйым ережесін Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім Академиясының этнопедагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі лабораториясы қызметкерлері даярлаған.
“Болашақ” атты ерікті оқушылар ұйымының жарғысы
“Болашақ”атты ерікті оқушылар ұйымы мектеп оқушыларын жастайынан қоғамдық істерге бейім, өнер мен спортты, білімді, өнегелі, өсиетті, бизнесті сүйетін, жан-жақты жетілген, іскер азамат тәрбиелеуді көздейтін ерікті ұйым.
Бұл ұйымның мүшелері ізгілік, қайырымдылық, шыншылдық, адалдық, әділдік, іскерлік, қажырлық сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді өз бойларына сіңіруде аянбай еңбек етеді.
Ұйымның басты міндеті – оқушыларды егеменді Қазақстан мемлекетінің мүддесін қорғай алатын, адал да әділетті, іскер де белсенді қайраткер етіп шығару. Сөйтіп оқушы жастардың шығармашылық іс-әрекеттерін жеке бастыњ қабілеті мен қасиеттерін жетілдіруге саяси көзқарастарын қалыптастырып, өмірге белсенді түрде араласуға, Отанның қауіпсіздігін қорғай білуге, салауатты өмір сүруге дайын, рухани байлығы молайған азамат даярлау. Ұйым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі басқаруға, жеке тұлға ретінде дамуына ерекше көңіл бөліп, бірнеше бағытта тәрбие жұмысын жүргізеді. Сол мақсатта жергілікті мүмкіндіктерді пайдалана отырып, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қауымының қолдауына сүйеніп, демократиялық негізде белсене қоғамдық істер атқаратын болады. Сөйтіп бүгінгі оқушы жастардан келешек бизнесмендердің, өндіріс басшыларының, халық депутаттарының әскери және саяси қоғам қайраткерлерінің шығуына мүмкіндік туғызады.
“Болашақ” оқушылар мүшелерінің міндеттер мен құқығы
“Болашақ” оқушылар ұйымына ерікті түрде мүше болам деп тілек білдіруші ұйымның жарғысын мойындайтын және оны мүлтіксіз орындайтын,егемен еліміздің дамуына өз үлесін қосуға даяр,тәртіпті және сабақты толық үлгеретін 6 жаспен 17 аралығындағы 1-11 сынып оқушылары өз еркімен мүше бола алады.
Ұйымға мүшелікке қабылдау жыл ішінде 2 рет өтеді. 1-ші Қазақстан Республикасының құрылған күні - 25 қазан, 2-ші жыл басы - наурыз.
Ұйым мүшелерінің міндеттері:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін (туын, ән ұранын, ел таңбасын) құрматтеу және оны қорғауды міндетім деп санауы;
Ұлттық тарих пен өнерді, сондай-ақ әлемдік өркениеттік мәндениетті, ғылым білімді жан-жақтыы оқып меңгеруге және оны күнделікті өмірде қолдана білуге дағдылануы, компьютерлік техниканы меңгеруі;
Мемлекеттік қазақ тілі мен ұлтаралық қатынас тілін (орыс тілін) оқып үйреніп меңгеруі;
Нарықтық қатынас талабына байланысты бір шет тілін оқып үйренуі;
Спортпен күнделікті шұғылданып, темекі, анаша тарту, дөрекілік мінез көрсету сияқты жат қылықтардан аулақ болу, салауатты өмір сүру үшін күресе білуі;
Отанның, туған жердің байлығы мен табиғатын сақтауға, тарихи ескерткіштерді қорғауға және оны байытуға белсенді ат салысып үлес қосуы;
жеке басы мәдениеттілігін, әдептілік пен кішіпейілдікті сақтауы, жолдас-жорасын, ата-ананы, ұстаздарын, үлкендерді құрметтеуі, қоғамды ізгілендіру үрдісіне өз үлесін қосуы;
оқуда, қоғамдық істе, еңбекті үлгілі көрсетуі, қоғам мүлкін сақтауы, тәртіпті, өнегелі болуы:
болашақ мамандықты игеруге, бизнеспен айналысуға, күнделікті тұрмыста үнемшілдік заңдылығын сақтауға бейімделу;
жергілікті жердің өнер қайраткерлерімен (әнші, күйші, сазгер, ақын, журналист, жазушы, ұста, зергер, өнер шеберлері т.б.) соғыс және еңбек ардагерлермен, спорт шеберлермен кездесіп, туған елдің, өнер мен еңбектің өткені, бүгінгі және болашақ жайында әңгімелесіп, тарихын жинауы және оны жақсы білуі;
өз халқын және туысқан халықтарды құрметтеу, олардың тарихын, өнерін, салт-дәстүрін үйренуі;
қарттар, кемтар, ауру адамдарды қамқорлыққа алып, өз көмегін көрсету, сондай-ақ өзінен жасы кіші іні, қарындас, сіңілеріне қамқорлық жасауы.
Ұйым мүшелерінің құқығы:
- “Болашақ” оқушылар ұйымына әр оқушының мүше болу, я болмауы өз еркінде. Егер ұйымның жұмысы оқушының талап-талғамын толық қанағаттандырмаса, онда мүшеліктен кез-келген уақытта бас тартуға ерікті.
Оқушы “Болашақ” оқушылар ұйымының бірінші сатысына мүше болмаған жағдайда екінші сатысына бірден мүше бола алады
Ұйымның басқару ісіне белсене қатынасуға, оның басқару органдарын сайлауға және сайлануға ерікті.
Ұйымның жиындарына қатынасып, өз пікірін білдіруге және ұйым мүшелерінің көпшілігі мақұлдап қабылданған шешімдерді іске асыруға ерікті.
Өзінің тілек-пікірін, ұсыныстарын ұйымның басқару органдарына ауызша немесе жазбаша хабарлауға ерікті.
Ұйым мүшелері өзі сүйген спорттың немесе көркемөнер түрлерінің шығармашылық бағыттарына қатынасып, өз бойындағы таланты мен іскерлік қабілетін көрсете алады;
Оқушы сабақты толық үлгеретін болса және өзі қаласа шығармашылық бағыттың 2-3 түріне қатысуға ерікті.
“Болашақ” оқушылар бастауыш ұйымының ұйымдастыру тәртібі.
“Болашақ” атты ерікті ұйымның құрылымы 3 сатыдан тұрады.
1-саты: 1-4 сынып оқушыларын қамтитын “Балдырған” атты саты. Оған 6-9 жас аралығындағы оқушылар ене алады.
2-саты: 5-9 сынып оқушыларын қамтитын “Ұлан” атты саты. Оған 10-15 жас аралығындағы оқушылар ене алады.
3-саты: 10-11 сынып оқушыларын қамтитын “Мұрагер” атты саты. Оған 16-17 жас аралығындағы оқушылар ене алады.
“Болашақ” оқушылар үйымының арнайы туы және ән ұраны болады. Оқушылар ұйымының туы-көк ту.
«Болашақ” оқушылар ұйымының ән-ұраны: “Менің Қазақстаным”. (Сөзі Ж.Нәжімеденовтікі, әні Ш.Қалдаяқовтікі)
Әр саты мүшелері тағатын төс белгілері бар.
“Болашақ” оқушылар ұйымының “Балдырған”, “Ұлан”, “Мұрагер” атты сатыларын әр сыныптың белсенді, іскер оқушыларынан сайланған 5-7 адамнан тұратын комитет басқарады.
Ал, “Болашақ”оқушылар ұйымын ұйымдастыру жұмыстарын әр сынып оқушыларынан іріктеліп сайланған президиум басқарады. Президиум құрамы 9-15 адам аралығында болады.
Оған оқушылармен қоса мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,тәлімгер сынып жетекшілері және ата-аналар комитетінің өкілдері енуі мүмкін.
“Болашақ”оқушылар ұйымына кіретін мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері мен қабілетін, талап-талғамын ескере отырып, “Асыл мұра”, “Ерлік”, “Ізденіс”, “Достық”, “Ұшқын”,” “Домбыра дастан”, “Бизнес”, “Ерлік”, “Сымбат”,” “Өсиет”, “Ізгілік”, шығармашылық бағыттары құрылады.
Әрбір бағыттарын басқаратын қоғамдық жұмысқа икемділігі бар, ұйымдастыру қабілеті жоғары 5-7 адамнан басқарма құрамы сайланады. Қай бағытты таңдап алуы ұйым мүшесінің еркінде. Сонымен қатар, әр бағыттың мазмұны аймақтың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі. Және де, тәлімгерлердің, ұйымдастырушының және топ жетекшілерінің шығармашылық ізденісіне байланысты іске асырылады.
№9 дәріс тақырыбы: Экономикалық тәрбие бойынша ұжымдық тәрбиелік істерді ұйымдастыру әдістемесі
2. Экономикалық тәрбие бойынша жұмыс формалары.
1. Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды.Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты.Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.Бастауыш мектеп-бұл оқушы тұлғасы мен сапасының сдамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі.Сондықтан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы.
В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша, бала өз күшіне деген сенімін ешқашанда жоғалтпауы, өзінің қолынан еш нәрсе келмейтінін сезінбейтін болуы тәрбиешінің педагогтық көрегендігі болып табылады.Әрбір жұмыс оқушы үщін аз да болса алға қарай ілгерілеу болуы қажет. «Баланың білместігін құрметтей біліңдер», - деген поляк педагогы Януш Корчактың осынау сөздерінің мұғалім үшін маңызы зор.
Аса қарқынды өзгерістерге толы қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайда білім беру жүйесінің алдында мектептік дамуды қайта қарастыру мәселелері тұр.Мектепті дамыту бағдарламалары ең алдымен мазмұнды білім беру технологиясын, оқыту модельдерін өзгертуге, тұлғаның дара ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке алуға бағытталған.
90-жылдардың басынан бастап білім беруге жаңа көзқарастар п.б. оның құрылымы, мақсаттары, мазмұны мен технологияларда жағымды өзгерістер байқалды.Бұл келесі фактілермен дәлелденді.
- Оқытудың әр алуан түрлері мен әдістері көбейеді.
- Педагогикалық инновациялық қызметі белсенділікпен дамуда, оқу орындарында қолданылатын дамытушы технология спектрі айтарлықтай артуда. Мектептік экономикалық білім берудің қазіргі білімдік технологиясы да өзіне тұтастай әдістер жиындығын біріктіреді. Оларға мыналар жатқызуға болады.
- Топтық жұмыс дағдыларын дамытатын әдістер (іскерлік айындары);
- әрекеттерге үйрету (проктілік әдісі)
- нақты ситуацияларды талдау (кейсстади);
- имитациялық ойындар;
- экономикалық субьектілер және басқаларын зерттеу әдісі;
Аталған әдістер мазмұнын қысқаша сипаттасақ:
1. Нақты ситуацияларды талдау. CASE - әдісі (кейс-стади), яғни, нақты жағдайларды зерттеу. Нақты жағдайды зерттеу әдісі өзінің бастауын Бостон қаласындағы Harvard Business School – дан (HBS) алады.Бұл жоғары оқу орнының оқытушылары заң қызметкерлерінің казуистикалық тәжрибесіне сүйеніп, дәстүрлі лекциялардан бас тартты.Олардың орнына оқыту негізіне экономикалық тәжрибеден алынған нақты ситуациялар бойынша пікірталастар алынуда.Сол уақыттан бастап HBS нақты ситуацияларды зерттеу бойынша аса бай материал жинақтады және бұл әдісті оқытудың жеке тұжырымдамасына дейін дамытты.
Нақты жағдайларды зерттеу әдісі әдебиетте Гарвард әдісі аталуы осыдан.
Германияда бұл әдіс, әсіресе, менеджерлерді дайындауда сондай-ақ жоғары оқу орындарының экономикалық факультеттерінде таралған.
Мектептегі сабақтарды тәжрибедегі нақты жағдайларды зерттеуге жақындатуға ұмтылыс жалпы білім беретін мектептерде жекелей алғанда, еңбек, қоғамтану, тарих және география бойынша сабақтарда Гарвард әдісін қолданудың артуынан байқалады.
Әдістің негізгі құрылымы оқушының практикада және құрбы – құрдастарымен қарым-қатынаста алатын тәжрибесіне арқа сүйейді.
Олар қандай да бір нақты жағдайды талқылайды, оны шешудің баламаларын іздестіреді. Шешімнің өзіндік нұсқасын ұсынады.Ол шешімді негіздейді, бұдан соң оны практикада қабылданған шешіммен салыстырады.
Әдіс оқушылардың шешім қабылдауға қабілетін дамытуға жәрдемдеседі.
2. Топтық жұмыс дағдыларын дамыту әдісі (іскерлік ойындар).
Кез-келген іскерлік ойынының негізгі ойынды өткізу уақытындағы нақты жағдайларды имитация жасау процесі болып табылады. Іскерлік ойын екі бөліктен тұрады.
1.Ойын модельдері;
2.Ойындар;
Модель шеңберді анықтап ойын үшін негіз жасайды. Ойынның өзі ойыншыларға модельге сәйкес шеңберде шешім қабылдауға мүмкіншілік береді.
3. Имитациялық ойындар.
Әдіс ретінде имитациялық ойын өзіне ойын элементтерін енгізетін көптеген оқыту стратегияларында қолданылып келеді.
Бұған енетіндер:
- рольдік ойындар
- тартысты ойындар
- шешім қабылдауға арналған ойындар
- іскерлік ойын негізіндегі компьютерлік имитация және басқалары.
Имитациялық ойындар ойындардың жарыс, кооперция, ереже секілді сипатты белгілерін үйлесімді ұштастырады.Экономикаға үйретуде рольдік және орындар аса зор маңызға ие.
Рольдік ойын оқыту әдісі ретінде оқыту процесін ойын әрекеті түрінде және қоғам өмірінен нақты ситуацияларды имитациялау түрінде ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Рольдік ойынға диалектикалық әдістемелік ерекше қызығушылық балалар мен үлкендер рөлдік ойындардың арасында тікелей байланыстың болуымен түсіндіріледі. Осылайша балалар үлкендер өміріндегі болашақ рөлдеріне дайындық жасайды.
Рөлдік ойын оқушыларға нақтылыққа жақын мінез-құлықтың түрлі әлеуметтік формаларын ойын түрінде көріп-білуге жәрдемдеседі. Бұл жағдайда олар дұрыс емес мінез-қылық үшін жазаланудан қауіптенбейді.
3. Проектілік әдіс (әрекетке үйрету)
“Проект” сөзі латынның “prjicere” сөзініен шыққан және қазіргі тілде “жоспарлау”, жобалау, жасап шығару мағынасында қолдауды (“жоспарларды іске асыру” дегенді білдіреді).
“Проект” ұғымы педагогикалық саламен ғана шектелмейді, сондай-ақ экономикада, басқару аен зерттеулерде қолданылады.Сол не өзге шаруашылық сауда немесе кәсіпкерлік шараларды жүзеге асыру проектісі, зерттеу проектісі, білім беру бойынша проект және т.б.
Проектілік әдіс жалпы мақсатқа не оқытушы мен оқушылар проектілік топтық өз оқу және жұмыс қадамдарын бірге жоспарлау жүзеге асыру және талдауына көмектеседі.
Проектілік әдіске қойылатын мақсаттар:
1.Өнімге және әрекетке бағыттылық.
2.Лқушыларға бағыттылық.
3.Білімнің жағдайға және қоғамға бейімделуі.
Проектілік жұмыс үшін проектілердің өту кезеңін жоспарлау аса маңызды болып табылады:
а) мақсатты белгілеу (мақсатты);
ә) жоспарлау (ресурстар);
б) орындау (әрекеттер);
в)бағалау және бақылау (нәтижелер);
4. Оқушылар басынан-ақ проектілер мен мақсаттарды таңдауға қатысу мүмкіндігіне ие болуы қажет, одан соң оларды сол ие өзге әдіс- тәсілмен жүзеге асырады.
Алайда, бұл мұғалімнің қатысуын жоққа шығармайды, алғашқы кезек секілді, проектіні жүзеге асыру сатысында да мұғалім араласып отырады.
5. Экономикалық субьектілерді зерттеу әдісі (кәсіпорындағы зерттеу)
Кәсіпорындардағы зерттеуді кәсіпорынға барып келуден ажыратып алу керек.Кәсіпорынға барғанда оқушылар ол жайлы жалпы түсінік алады.Әдетте ол оқыту тұжырымдамасының кіріктірілген бөлігі болып саналмайды, тек алдын ала дайындықсыз, нәтижелерін шығаруды қажет етпейтін бір реттік шара ретінде ғана өткізіледі.
Кәсіпорындардағы зерттеулердің сипаттамасы:
- ол оқу үрдісінде көрнекі ашып икөрсету және түсіндіруге арналған әдістемелік тәсіл болып табылады;
- зерттеу сабақтарында дайындалады;
- зерттеу сабақта талқыланатын тақырыптарды мысалмен түсіндіруге арналған кәсіпорын қызметтердің белгілі бір аспектілерімен шектеледі.
- оқушылар зерттеу үшін нақты міндеттерді алдын ала алады;
- зерттеу кезінде алынған мәлімет талқыланады және келесі сабақтарда қолданылады;
Осылайша, білім берудің барлық деңгейлеріндегі ұсынылып отырған экономикалық мәдениетті білімдік технологиялар негізінде қалыптастырудың нақты методологиялық мәні бар.
Олар бүгінгі мектеп партасында отырған ұрпаққа мақсатқа сай ықпал ету міндетін қоюы мен экономикалық белсенді, өркениетті нарық жағдайларында жұмыс істеуге қабілетті, оның талаптары мен нормаларын білетін тұлға қалыптастыруға ықпал ететіндігімен маңызды.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 1265 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс тақырыбы: Оқушылардың тәрбиелік ұжымын ұйымдастыру әдістемесі. | | | Дәріс мазмұны: Біртұтас педагогикалық процестегі базалық мәдениеттің тұлғада қалыптасуы. |