Читайте также:
|
|
Өнімді басу кезіндегі автоматизация. Басуға дейінгі, басу процестердің автоматизациясы. CC ғасырда ақпаратты таратушы болып басылым өнімдерімен қатар электронды ақпарат құралдары пайда болды. Бүгінгі күнде электронды ақпарат құралы компьютердің қолдануымен және ғаламтордың пайдалуымен кең өріс алып барады. Сонымен қатар әлемнің барлық нүктелерінен ақпараттарды ғаламтордан басқа да электронды ақпарат құралдары жатады, оларға үйреншікті радио, теледидар, видео- және аудиоақпараттардың жаңа түрлері, лазерлі коспакь-дискілерге жазылуы (CD-ROM, DVD-ROM, USB) сонымен қатар анимация(мультипликация). Мультимедия түсінігі заманауй компьютерлерімен ақпараттарды шығару құралдарымен (монитор, принтер және т.б.) тығыз байланысты. Солардың көмегімен әр түрдегі ақпараттарды(мәтін, бейне, дыбыс, анимация және т.б.) өндіруге болады. Мультимедия дегеніміз әр түрдегі ақпарттарды(мәтін, бейне, дыбыс, графика, анимация, видео-, аудио- және т.б.) жинақтап компьютерде-жобалап көрсету әдісі. Мүльтимедияның полиграфиялық өндірісіне де әкелген жеңілдіктерін атап айтып өткен жөн. Бүгінгі күнде баспаханаларға тапсырушы түпнұсқасын электронды тасымалдаушы құралдарымен тапсырыс береді. Содан полиграфиялық өндіріс процестері басталады. Атап айтсақ, соңғы жылдары сандық техника және баспаханалық жүйелер басуға дейінгі процесте едәуір өзгерістер енгізді. Қазіргі күнде «Компьютер- фотоформа»(Computer-to-Film), «Компьютер- басылым формасы» (Computer-to Plate), «Компьютер – басу машинасы» (Computer-to Press) жүйелері кеңінен қолданады. Осы «сандық ағынды» үзбей басу және басудан кеінгі процесттерде жалғастыру үшін «басуға дейін, басу және басудан кейінгі процестер жөніндегі халықаралық кооперация-CIP3» негізінде басылым өнімін шығару үшін сандық процестерге стандартты жобалаумен 40-тан астам полиграфиялық жабдықтар мен жүйелерді өндірушілер осы салада жақсы жұмыс істеді. Олардың жұмыстарының нәтижесін бүгінгі күнде өндірістегі заманауй жабдықтардан көруге болады.
15-сурет. Түпнұсқаны басып шығарудағы полиграфиялық өндіріс тұрғысында автоматтандыру жолдары
Мысалы басуға дейінгі процесті қарастырсақ: мәтінді теру процесі. Мәтінді теру процесі автордың түпнұсқасын терумен басталады. Бұл кезеңдегі маңыздысы эстетикалық және рәсімдеу жұмыстары.Теру кезіндегі түзетулерді арнайы баспаханалық нұсқаумен байланысты енгізген жөн. Көп ретте мәтінді енгізу автордың өзі жасайды. Негізі мәтінді енгізудің бірнеше тәсілдері бар: клавиатурамен, OCR оптикалық оқу көмегімен немесе көп қолданбайтын дыбыстық енгізу.
Сонымен мәтінді сандық түрде комьютерге енгізгеннен кейін мәтіндік белгілерін мәтінді өңдеу пакетінде «Word» өңдейді. Мәтін жұмысын бітіргеннен кейін жинақтау бағдарламасы бойынша беттерді жинақтайды (мысалға жинақтау бағдарламалары QuarkXpress, InDesign немесе Pagemaker).
Ал бейнелі түпнұсқалар фотография, диапозативтер немес мөлдір емес негіздегі түпнұсқалар, сандық фотография түрлерінде болады. Ережеге сәйкес бұл бейнелер TIFF форматында немесе берілу уақытын үнемдеу мақсатымен сығымдалып JPEG форматында беріледі.
Графика жинақталған беттерді өңдеудің үшінші кезеңі болып есептелінеді. Бұл жерде негізінен векторлық графика бағдарламасы жасалынады, яғни келесі түрдегі бағдарламалар Freehand, Illustrator немес Coreldraw. Бұл бағдарламаларда файылдар векторлық түрде болады, ондағы берілгендерді жинақтауға немесе редакторлауға болмайды, сонымен қатар векторлық графиканы, сызбаларды EPS форматында сақтап жинақтау бағдармасында өңдеуге мүмкіндік бар.
Беттерді жинақтау жұмысы электронды түрде (экранда) жүргізіледі. Жүргізу бағдарламалары мысалға, Imposition, Presswise, Strip it, Preps и Impostrip. Электронды беттерді жинақтау жоғары сәйкестікті қамтамасыз етеді. Сандық әдістің артықшылығы: жинақ бетте қателерді болдырмайды, басылым өнімінің сапасын жоғарылатады, материалдардың шығынын азайтады, алатын ауданның көлемі азайтады, жабдықтардың саны кемітеді, сондай-ақ бұл әдіс жалпы өндірістегі қиын түйіндердің шешуін жеңілдетеді. Ақыр аяғында беттерді жинақтап, өңдеп бітткеннен кйін сапасын, дұрыстығын көру үшін үлкен форматты плотерде қағазға шығарып сынама бетті тексереді, дұрыс болған жағдайда Workflow сандық ағынымен «Компьютер-басылым формасы» жүйесіне жіберіледі.
Заманауй компьютерлерлік технологиясында жоғарғы деңгейде жазылған бағдарлама тілін компилятордың көмегімен бинарлы машина тіліне ауыстыру керек немесе интерпретатор көмегімен.
Растрлы процессор күрделі беттерді спецификалық-құрал форматты беттерде басылым формасына шығару үшін барлық функционалды модулдерден құралады. Мұндағы модульдер PostScript-RIP интерпретаторы. Біріншіден, жинақ беттердің командалық тілін «Display list»-ға ауыстырады Осы жерде жинақталған унифицирленген форматта сақталады. Екіншіден, осы ауыстырылған объектінің тізімі сәкес қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, белгілердің өңделген шеткі сызықтары градиентті құйма (заливка) түрінде көрінеді, ал реңдік бейнелер растрлеу блогінде нүктелерге растрленеді және шығару форматына көшіріледі (битовая карта).
«Компьютер- басылым формасы» құрылғысы формалық пластинаға элементтерге бөлініп көп сәулелі лазержүйесінің көмегімен жазылады, содан автоматты түрде айқындалып, жуылып, шайылып, бекітіліп, кептіріліп дайын басу формасы шығарылады. Дайын болған басу формасын басу цехіне жіберіліп басу машинасына орнатылады.
Егерде машинаға жаңадан таралым басылу жұмысы жүргізбесе баспагер даярлық жұмысын атқару керек. Ол келесі жұмыстардан құралады: жуу процесі (бояу аппараты, басу формасы,офсетті және басу рәзінкелерін), басу формасын ауыстыру, парақ қағазды өткізу және форматын дұрыстау, ылғалдау ерітіндісі мен бояудың берлуі. Осы жасалынатын жұмыстардың бәрі автоматты түрде іске қосылған. Жұмыстардың барлығын баспагер басқару пультімен жөндеп отырады.
Өлшеу және реттеудің, басқару техникасының автоматты компоненттері және өндіріс машиналарының логистикасы және компьютерлік торапты қамтамасыз ететін автоматты басқару жүйелері CP 2000 (Heidelberg), OPERA (KBA), PECOM (MAN Roland).
CP 2000 (Heidelberg) торабы: сапаны басқару және өлшеу (СРС 20), сапаны басқару (СРС 21), сапаны қамтамасыз ету (СРС 22), бейнені басқару (СРС 24), басуға дейінгі процеспен байланысу (СРС30), басу формасын оқу (СРС31), басуға дейінгі интерфейс (СРС32), сәкестікті өлшеу жүйесі (СРС40), автоматты сәйкестендіру (СРС 42), сәйкестендіру белгілерін оқу құрылғысы (СРС41), басқару жүйесі (СРС 50), DataControl бақылаушысы (СРС 51).
OPERA (KBA): базалық пульті (Ergotronik), бояу және ылғалдау аппараттарын дистанциядан реттеп келтіру (Colortronik), бояу беру үшін фото және басу формаларын оқу (Scantronik), түсті оптикалық тығыздықтарды өлшеу (Densitronik), баспахананы торапты қамтамасыз ету жүйесін, логистикасын, басқару әкімшілігін ашу (Logotronik), ЗБҚ (ПЗС) камера көмегімен сапаны басқару (Qualitronik).
PECOM (MAN Roland): жұмысты даярлау орталығы (ТРР станциясымен), EPS басу формалары үшін сканер, басуға дейінгі интерфейс, басқару пульті, RCI жүйесі, CCI жүйесі, Multi CCI 20.
Басылудан кейінгі өңдеу оларда өнімді шығару үшін, әдетте көптеген технологиялық операциялар іске асырылатын процестерді біріктіреді. Процестердің әсерлілігі технологиялық операциялар орындалатын машиналардың (бұдан былай бұл машиналар «жұмыс модулі» деп аталады) өндірістік қуаттылықтарынан ғана емес, сонымен бірге осы жұмыс модульдерінің логистикалық модульдердің көмегімен өзара байланыс түрлерінен де тәуелді. Бұл процестің ішіндегі жұмыс модульдері өндіріске бағдарландырылған, яғни өңделінген жартылай даяр өнімдер келесі жұмыс модуліне беріледі. Жалғастырылған жұмыс модульдерінің бірізділігі «ағынды желі» терминімен белгіленеді. Басудан кейінгі өңдеу жұмыс модульдері мен ағынды желілердің (аралық қоймамен бөлінген бөліктер) бірігулерімен сипатталынады.
Кітапшалау-түптеу өндірісінде мынандай ағынды желілер қолданылады:
- баспа-таңбалардан өңдеу мен түптеуге жарайтын парақтар даярлау үшін кесу желілері;
- бөлек шығарылатын блок дәптерлерін бекіту желілері. Бұл кітапшалау-түптеу желілері үш жақтан кесетін машинамен аяқталады;
- мұқаба қаптамасымен шығарылатын кітаптар үшін түптеу желілері, түптеу желілері қатты қаптамадағы кітап шығарумен аяқталады;
- кітаптар мен кітапшаларды жинақтаудан жөнелтілетін орамдауға дейін аяқтайтын өңдеу желілері.
Кітапшалау түптеу процесіндегі автоматизация. Полиграфияда кітапшаларды өндіру үшін әр түрлі ағынды желілер колданылады. Шартты түрде ағын желілерін мынандай белгілеріне қарап жіктеуге болады:
1. Орындалатын жұмыстардың механикаландыруы мен автоматтандырылу дәрежесіне қарай:
а) механикаландырылған желілер;
б) автоматтандырылған желілер.
2. Құрылыстары бойынша:
а) жеке машиналардан тұратын желілер;
б) агрегаттар кезінде құрылған желілер.
3. Орындайтын операциялар кешеніне қарай:
а) кітапшалау-түптеу операцияларының кейбір бөлігін орындайтын желілер;
б) түптеу желілері, мұнда кітап блогын өңдеуден бастап бүкіл (мұқаба қаптамаларын даярлаудан басқа) процесс орындалатын желілер;
в) кітапшалау-түптеу желілері, бумада блоктарды жинактаудан бастап кітап шығару жөніндегі барлық операциялар (мұқаба қаптамасын даярлаудан басқа) кешені орындалады;
г) кітап басудан бастап, оны шығарғанға дейінгі барлық операцияларды (мұқаба қаптамасын даярлаудан басқа) орындайтын кітапшалау-түптеу желілері;
4. Технологиялық белгілері мен блоктарды бекіту және оларды одан әрі өңдеу тәсіліне қарай:
а) дәптерлер бойынша жіппен тігілген блоктарды пайдаланушы желілер;
б) блоктарды бекітудің желімдік немесе құрама тәсілін қолданатын
желілер.
Ағынды желілер өңделуші блоктардың өлшемдері мен қалыңдықтарына, өнімділігі мен басқа да көрсеткіштеріне қарай ажыратылады. Бірақ әзірше ағынды желілер құрамына мұқаба қаптамасына жасайтын және оларды өңдейтін құрал-жабдық енгізілмей келеді. Бұл операциялар бөлек, дербес ағынды желіге біріктіруге болатын жабдықта орындалуда.
Әрбір ағынды желі кітаптардың құрылыстары, олардың өлшемдері мен көлемдері бойынша белгілі технологиялық мүмкіншіліктерімен сипатталады. Желі, дегенмен, құрылысы, өлшемі мен көлемі жағынан бір типті басылымдарды шығарғанда ең көп техникалық-экологиялық нәтиже береді. Себебі басқа басылымға көшкенде желі құрамына енетін барлық жабдықтарды қайта баптауды қажет етеді, ал бұл бүкіл желіні тоқтатуға алып келеді. Мұқаба қаптамалы кітаптар технологиялық орындау жағынан күрделі және сол себепті қымбат өнім болып табылады.
Көптеген операциялар жеке немесе ағынды желілерде модульдер ретінде жұмыс істей алатын машиналарда орындалады. Баспаханаларда ағынды желілер құрудың мысалы ретінде екі нұсқаны таңдап алуға болады. Жоғарғы көркемдіктегі (құрылысы күрделілігінің ең жоғарғы дәрежесі) блоктарыкың түбінің құрылысы күрделі кітаптарды шығарудың өндірістік жүйесі мынандай сұлба бойынша дайындалады:
- блоктарды жай және күрделі дәптерлерден жинақтау және түптеу материалынсыз жіппен дәптерлер бойынша тігу;
- блок түбін престеу және желімдеу, блокты кептіру және үш жағынан кесу;
- түпті жұмырлау және бүгілімдерін жазу;
- блоктың түбіне түптеу материалын жапсыру;
- қағаз жолағымен каптал жапсыру;
- мұқаба қаптамаларын даярлау және безендіру;
- блокты мұқаба қаптамасына бекіту;
- кітапты сығымдау және штрихтау.
Блок түптерінің құрылысы күрделі, дәптерлері бойынша жіппен тігілген кітаптарды даярлау үшін автоматтық ағынды желілер, әдетте, блок түптерін престеу мен желімдеуден бастап, кітаптарды штрихтау мен сөрелеуге, ал кейбір жағдайларда орындауға дейінгі операциялардың толық кешенін орындайды. Сөйтіп, бұл желілерді қолданғанда блоктарды жинақтау мен оларды дәптерлер бойынша жіппен тігу операциялық жабдықта орындалады.
Блоктар түптерінің құрылысы қарапайым, яғни блок түбі жазық әдептелінген, дәптерлер бойынша жіппен тігілген кітаптарды әдетте мынандай сұлба бойынша шығарады: қарапайым және күрделі дәптерлерден кітап блоктарын жинақтау, түптеу материалынсыз дәптерлер бойынша жіппен тігу, түпті желімдеу және клапандарын өңірбетке қайырып, түптеу материалымен жіктеу, блоктарды кептіру (немесе суыту) және оларды үш жағынан кесу, қатты отставты, мұқаба қаптамаларын даярлау және безендіру, блоктарды мұқаба қаптамаларына қондыру, кітаптарды престеу және штрихтау.
Кітаптарды автомат желілерде тігусіз бекіту мен шығару блоктарды жинақтаудан басталады. Мұндайда кейбір желілер үшін өңірбеттер шеткі дәптерлерге алдын-ала жапсырылмайды, блокты жинақтау кезінде дәптерлердің түптік бүгілмелерінің қиындысының көлеміне тең шегініспен орналастырылады. Сөйтіп, өңірбеттер блокпен оның парақтарының желім пленка және жиектеуші материалымен бекітілгені сияқты ешқандай шегініссіз бекітіледі. Өңірбеттің осылайша бекітілуі «өңірбет-блоктың шеткі парағы» байланысының беріктігін арттырады. Одан басқа өңірбеттердің блоқка оның түбін жиектеу кезінде жапсырылатын технологиялық нұсқада пайдаланылады. Мұндай жағдайда арнайы жабдықта алдын-ала «өңірбет торламалары» дегенді даярлайды, яғни жиектеу материалына екі бүгілген өңірбет желімдейді. Кейбір желілерде өңірбеттер шеткі дәптерлерге шегіндіріліп, терможелімнің жіңішке сызығымен желімделінеді.
Автоматтық желімдеу типтері. Блоктары желімдеу тәсілімен бекітілген мұқаба қаптамалы кітаптарды шығару үшін көптеген шетел фирмалары (мысалы «Колбус» және «Валенберг», ГДР, «Мюллер-Мартини, Швейцария: «Харрис, АҚШ, ЛБВ, бұрынғы ГДР т.б.) негізінен блоктар олардан жазық жиектелінген түппен шығатын желілер модельдерін шығарады. Бұл модульдер іріктегіш және тігусіз бекіту (жиектеп) машиналарынан тұрады немесе үш жақтан кесетін автоматтық машинаны біріктіреді: блоктарды өңдеу, қондыру, кітаптарды престеу мен штрихтау блоктары дәптерлер бойынша жіппен тігілген кітаптарды шығаруда қолданылатын модульдерде орындалады. Автоматтык желілер басылымның, материалдардың т.б. ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға сәйкес келетін басылымның, материалдардың т.т. ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға сәйкес келетін жеке тапсырыстар бойынша қалыптастырылады. Олар екі нұсқада да шығарыла алады:
- блоктарды жинақтаудан бастап дайын кітаптарды қаттамаға жинауға дейін бүкіл процестің технологиялық операцияларын (мұқаба қаптамаларын даярлау және безендіруден басқаларын) үзіліссіз орындаумен;
- технологиялық процесті екі сатыда іс жүзінде үзіліспен (әдетте 3 тен 24 сағатқа дейінгі) екі желіде орындаумен. Бірінші саты кітап блоктарын даярлау, екіншісі - блоктарды өңдеу, қаптамаға қондыру, престеу және штрихтау.
Процесті бөлу түпте оны механикалық өңдеу кезінде қажетті беріктік
пен иілімділікті қажет ететін желім пленкасының түзілуіне мүмкіндік береді. Бірақ мұндайда өндіріс процесінің ұзақтығы, оның еңбек сыйымдылығы артады (блокты қабылдау, оларды төсемеге жайғастыру және желінің екінші бөлігін қосу жөніндегі қосымша қол еңбегінің есебінен) және даяр блоктарды жинау үшін көп қосымша орын қажет болады.
Желілер сонымен бірге өнімділіктері, технологиялық мүмкіндіктері желінің құрамына енетін жабдықтардың құрылыс ерекшеліктері және басқа да көрсеткіштері бойынша ажыратылады. Ірі полиграфиялық кәсіпорындарда кейінгі жылдары әдетте басу-өңдеу желілері деп аталынатын автоматтық басу – кітапшалау желілері орнатылуда, оларда мұқаба қаптамаларын шығарудағы басудан бастап дайын басылымдардың орамдауға дейінгі ең еңбекті көп қажет ететін процестер автоматтандырылған. Мұқаба қаптамаларын даярлау мен безендіру операциялық жабдықта іске асырылады. Мұндай желілерде әр түрлі өлшем мен көлемдердегі, бірақ блоктары желіммен бекітілген кітаптар шығаруға болады. Басу-кітапшалау-түптеу желілері әдетте үш бөліктен тұрады:
1. Бірциклдік рулондық басу машинасы (тұрақты немесе ауыспалы қалып тасымаладғышпен) тыстамалы кітаптарды (блоктары жинақтаумен бекітілген) шығару үшін басу-кітапшалау желілерінде қолданылады.
2. Блоктарды жиектеп және өңірбеттерді тігусіз бекітетін кітапшалау желісі, диспресиялық желім үшін желімдеу аппаратымен, кептіру құрылғысымен және блоктарды үш жақтан кесу машинасымен жабдықталған.
3. Блоктарды қаптамаларға қондыратын, кітаптарды престеу және штрихтау мен жинақтау үшін түптеу құралы.
Түбінің құрылысы күрделі кітаптарды шығару үшін қосымша тиісті жабдық жасақталуға тиіс, яғни осындай желілер үшін арнайы шығарылатын бір циклдік басу машиналардан басқа мұндай желілердің құрамдарына кітапшалау-түптеу желілерінде пайдаланылатын жабдық та ене алады.
Мұндай желілерді қолдану ең еңбекті көп кажет ететін басу және кіташпалу-түптеу процестерін автоматтандырып, кітап өнімдерін шығаруды түбірімен өзгертеді. Оның үстіне, жартылай өнімдерді тасымалдау мен сақтау жойылады, қағаздың техникалық қалдық шығындары азаяды, кітап таралымын шығарудың өндірістік циклі қысқарады, сонымен бірге еңбек шығындары, жұмыс істеушілер саны мен қажетті өндіріс аймағы азаяды.
Желілердің негізгі кемшіліктері: блоктарды тек тігінсіз бекіту тәсілінің қолданылуы кітаптардың беріктігі мен пайдалану ұзақтығын азайтады (дәптерлер бойынша жіппен тігу немесе аралас тәсілмен салыстырғанда); кітап блоктарының ең аз беттілігін шектеу, жабдықтардың қымбат тұратындығы. Қарастырылған желілерді кейбір шетелдік фирмалар шығарады, бірақ олар жазық офсеттік басылым тәсілін пайдаланатын желілерді жасау жөніндегі жұмыстардың жүргізіліп жатқандығына қарамастаи, біздің елімізде әзірге қолданылмай келеді.
Негізгі әдебиет (нег. [6-20], 12 нег. [16-22)
Қосымша әдебиет (1 қос. [3-25], 2 қос. [3-25])
Бақылау сұрақтары
1. Басуға дейінгі процестегі қолданатын бағдарламаларды атаңыз.
2. Мультимедия дегеніміз не?
3. Басу процесіндегі автоматты жүйелердің түрлерін атаңыз.
4. Кітапшалау-түптеу процесінде қандай ағынды желілер қолданылады?
5. Ағынды желілердің жіктелуі.
6. Автоматты желілердің типтері.
2.3 Зертханалық жұмыстардың жоспары
Зертханалық жұмыс №1
Тапсырма: Кітаптың сыртқы және ішкі құрылымдарын меңгеру
Кітап элементтерінің сыртқы және ішкі құрылымы бойынша таныстырып және кітап бойынша анықтап айтып беру. 8 сағат
Зретханалық жұмыс №2
Полиграфияда қолданылатын өлшем бірліктерін меңгеру. 8 сағат
Тапсырма: Баспаханалық өлшем бірліктер жүйесін пайдаланып басылымды есептеу. 8 сағат
Зертханалық жұмыс №3
Тапсырма: Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды графикалық бағдарламалармен өңдеуді меңгеру
Графикалық бағдарламалармен танысып және оқытушы берген тапсырманы орындау. 9 сағат
Зертханалық жұмыс №4
Тапсырма: Басылым макетін жасау және беттерін монтаждауды процесін меңгеру
Берілген тапсырма бойынша терілім беттерді жинақтау әдісімен және электронды монтаждау әдістерімен танысу. 8 сағат
Зертханалық жұмыс №5
Тапсырма: С ынама басылым табағының басу процесіндегі сапа көрсеткіштерін анықтау
Баспа-таңбалардың түрлі көрсеткіштерін бақылау үшін сынама таңбаның элементтерімен танысу. 9сағат.
Зертханалық жұмыс №6
Тапсырма: Блоктарды бекітудегі әр түрлі әдістерімен танысу
Освоить методы скрепления блоков проволкой, шитье нитками, клеевым бесшвейным скреплением и изготовить один из видов
Сыммен, жіппен тігу, тігусіз желіммен бекіту әдістерін меңгеру және белгілі бір түрін даярлау. 9 сағат
Зертханалық жұмыс №7
Тапсырма: Кітап блоктарын өңдеу әдістерімен танысу
Кітап блогінің өңдеуіне байланысты толық мағлұмат беру. 9 сағат
2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ)
№ | Тапсырма | Жүргізу түрі | Әдістемелік ұсыныстар | Пайдаланатын әдебиет |
Кітап және олардың элементтері | Блиц-сұрақ | Кітап басылымдарын сипаттайтын салыстырмалы көрсеткішті келтіру | 2 нег [54-60] | |
Баслым өнімдерінің топтары | Дискуссия | Қолданатын басылым өнімдерінің түрлерінің артықшылықтарымен кемшіліктерін сипаттау | 2нег. [58-84] | |
Полиграфиядағы өлшеу бірлігінің негіздері | Дискуссия | Полиграфиядағы негізгі өлшем бірліктерін сипаттау | 2нег. [58-84] | |
Компьютерлік - баспахананлық жүйелер | Дискуссия | Полиграфиядағы компьютерлік баспаханалық жүйені меңгеру | 2нег. [58-84] | |
Сканерлер түрлері | Блиц-сұрақ | Полиграфиядағы қолданатын сканерлердің түрлері сипаттау | 2 нег. [87-93] | |
Офсетті машиналардың классификациясы | Дискуссия | Офсетті басу машинасының негізгі бағытын анықтау | 2 осн. [95-100] | |
Офсетті басылым таңбаларының ерекшеліктерін сипаттау | Блиц-сұрақ | Офсетті басылым таңбаларын ойыңқы және шығыңқы басылым таңбаларымен салыстыру | 2 осн. [101-105] | |
Әр түрлі өнімдерді басу ерекшеліктері | Дискуссия | Басылым өнімдерін сипаттау үшін салыстырмалы сипаттау жасау | 2 осн. [106-112] | |
Басу процесін реттеп және бақылау | Дискуссия | Басу процесінің негізін келтіру | 1 нег. [167-225] | |
Басу машинасындағы даярлаық операциялар | Блиц-сұрақ | Басу машинаны даярлау операцияларына жалпы сипаттама беру | 2 нег. [122-131] | |
Басу процесінің анықтамасы және негізгі терминдер | Дөңгеле үстел | Басу процесіндегі негізі анықтамаларымен терминдерін сипаттау | 5 қос. [114-167] | |
Арнаулы басылым түрлері | Блиц-сұрақ | Арнаулы басылым әдістеріне қысқаша мазмұндама беру | 2 осн [146-148] | |
Кітапшалау-түптеу процесі туралы жалпы түсінік | Дискуссия | Басудан кейінгі өндірістегі заманауй технологияларды меңгеру | 6 қос [12-24, №1, 2005г.] | |
Блокты бекіту әдістері | Блиц-сұрақ | Блокты бекіту әдістеріне сипаттама беру | 2 осн [155-157] | |
Кітап блоктарын өңдеу | Блиц-сұрақ | Операциялы және ағынды желіде кітап блогін өңдеуде ерекшеліктерді келтіру | 6 қос [12-24, №3, 2003г.] |
2.5 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (СӨЖ)
№ | Тапсырма | Әдістемелік нұсқау | Пайдаланатын әдебиет |
Баслымның пайдалану көрсеткіштері | Жазбаша есеп | 2 нег [5-49] | |
Басылымның технологиялық көрсеткіштері | Технологиялық сұлбаны құрастыру | 2 нег. [58-84] | |
Басуға дейінгі процестер және олапрдың ерекшеліктері | Жазбаша есеп | 2 нег. [58-84] | |
Формалық процестер және жабдықтар | Технологиялық сұлбаны құрастыру | 2 нег. [58-84] | |
Банкнот өнімдеріне қолданатын басу әдістері | Жазбаша есеп | 2 нег. [87-93] | |
Басу формалардың классификациясы | Жазбаша есеп | 2 нег. [95-100] | |
Басу процесінде пайдаланатын автоматизациялық жүйелер. | Реферат | 2 нег. [101-105] | |
Басу машинасндағы бояу аппараттарды жұмысқа даярлау жұмысы | Реферат | 2 осн. [106-112] | |
ТЖБ өнімдерінің классификациясы және олардың ерекшеліктері | Реферат | 1 қос. [167-225] | |
Кітапшалау-түптеу процестері | Технологиялық сұлбаны құрастыру | 2 нег. [122-131] | |
Кітапшалауды даярлау технологиялық сұлбасы | Семестрлік жұмыс | 5 қос. [114-167] | |
Қатты түптеу қапты кітптардың технологиялық сұлбасы | Семестрлік жұмыс | 2 нег. [146-148] | |
Баслымды әдісі және блоктарды жинақтау | Реферат | 6 қос[12-24, №1, 2005г.] | |
Табақты өңдеу процстері | Реферат | 2 нег. [155-157] | |
Түптеу материалдары | Жазбаша есеп | 6 қос [12-24, №3, 2003г.] |
2.6 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
Рефераттардың тақырыптары
1. Басуға дейінгі процестің технологиясы
2. Мәтінді және бейнелі ақпараттарды өңдеу
3. Компьютер-басу формасы технологиясы
4. Компьютер – басу машинасы технологиясы
5. Офсетті басу машинасын даярлау операциялары
6. Ойыңқы басу машинасын басуға даярлау
7. Шығыңқы басу машинасын басуға даярлау
8. Флексографиялық басылымның технологиялық мүмкіндіктері
9. Тампонды басылының технологиялық мүмкіндіктеі
10. Кітапшалау-түптеу процесі туралы жалпы түсінік
11. Дәптерлерге қосымша элементтердің біріктірілуі
12. Блоктрдың түрлеріне сипаттама беріңіз
13. Тігусіз желіммен бекіту. Технологиялық мүмкіндіктер
14. Блоктарды түптеу қаптарға бекіту
15. Зиглох және Колбус ағынды желілер
Ұсынылатын әдебиет: Нег. 1-12, қос. 2-5
Курс бойынша жазбаша жұмыстарды рәсімдеу СТ РГП 38944979-09-2009 (www.ntu.kz)
2.7 Өзін-өзі тексеруге арналған тестілік тапсырма
$$$ 1
Компьтерлі-бағдарлы әдістермен әр түрлі формалар жиынтықтарымен ақпараттарды(мәтін, бейне, график, анимация, видео-, аудио- және т.б.) бейнелеу әдісі –бұл:
А) Криптография;
В) Мультимедиа;
С) «су белгілері» сандық жүйелері;
Д) барлық жауаптар дұрыс;
Е) дұрыс жауап жоқ.
$$$ 2
Кiтапшалау (брошюра) дегенiмiз не?
A) жұмсақ мұқабаға кигизiлген көлемi 5 тен 48 бетке дейiңгi мерзiмсiз басылым;
B) аз көлемдi мерзiмсiз басылым;
C) түптеу қабына бекiтiлген әртөрлi көлемдегi мерзiмсiз басылым;
D) берiлген жыл бойынша тұрақты көлемi, форматы және шығу мерзiмi бар мерзiмдi басылым;
E) жедел ақпаратты мерзiмсiз басылым.
$$$ 3
Журнал дегенiмiз не?
A) бiртектi мәтiннен немесе бейнесi бар мәтiннен тұратын түптеу қабына бекiтiлген әр түрлi көлемдегi мерзiмсiз басылым;
B) аз көлемдi мерзiмдi басылым;
C) жұмсақ мұқабаға кигiзiлген көлемi 5 тен 48 бетке дейiңгi мерзiмсiз басылым,
D) берiлген жыл бойынша тұрақты көлемi, форматы және шығу мерзiмi бар мерзiмдi басылым;
E) жедел ақпаратты жалпылай мерзiмдi басылым.
$$$ 4
Газет дегенiмiз не?
A) берiлген жыл бойынша тұрақты көлемi, форматы және шығу мерзiмi бар мерзiмдi басылым;
B) жедел ақпаратты мақалалардан және бейнелерден тұратын жалпылай мерзiмдi басылым.
C) түптеу қабына бекiтiлген мәтiннен немесе бейнесi бар мәтiннен тұратын көпбеттiк басылым;
D) өзара бекiтiлген беттерден тұратын мерзiмсiз басылым
$$$ 5
Авторлық табақ дегенiмiз не?
A) әдеби шығарма (қолжазбалық немесе басылған) көлемiнiң өлшем бiрлiгi;
B) барлық басылымның және баспа құрастырған материалды қосқандағы көлемнiң өлшем бiрлiгi;
C) баспа өнiмi көлемiнiң өлшем бiрлiгi және ол әртөрлi стандартты форматтағы қағаз табағының бiр жағынан басылған бетi;
D) қағаз табағының бөлшегiн көрсететiн сантиметрде немесе миллиметрде белгiленген басылымның ұзындығы мен енiнiң өлшемi;
E) 60х90 см форматтағы қағаз табағының бiр жағы басылған бетi немесе екi жағынан басылған сол табақтың жартысы.
$$$ 6
Баспа өнiмiнiң көлемiн өлшем бiрлiгi болатын шартты баспа табақ дегенiмiз не?
A) 60х90 см форматтағы бiр жағынан басылған бет;
B) екi жағынан басылған қағаз табағы;
C) 40000 баспа белгiсi;
D) өлендiк мәтiннiң 700 жолы;
E) 3000 см2 тұратын бейне алаңы.
$$$ 7
Типографтық пункт неге тең (мм)?
A) 18;
B) 16;
C) 1,34;
D) 0,376;
E) 0,126
$$$ 8
Берiлген форматтардың қайсысы кiшi форматты топқа жатады?
A) 60х90 1/16;
B) 60х90 1/64;
C) 70х108 1/32;
D) 84х108 1/32;
E) 70х90 1/32;
$$$ 9
Басылымның форматы дегенiмiз не?
A) әдеби шығарма (қолжазбалық немесе басылған) көлемiнiң өлшем бiрлiгi;
B) барлық басылымның және баспа құрастырған материалды қосқандағы көлемнiң өлшем бiрлiгi;
C) баспа өнiмi көлемiнiң өлшем бiрлiгi және ол әртөрлi стандартты форматтағы қағаз табағының бiр жағынан басылған бетi;
D) қағаз табағының бөлшегiн көрсететiн сантиметрде немесе миллиметрде белгiленген басылымның ұзындығы мен енiнiң өлшемi;
E) басылым полосасының форматы және ол типографтық өлшем жүйесiнде полосаның енi мен ұзындығының көбейтiндiсiмен белгiленедi (квадратта), мысалы 70 1/2х10 кв.
$$$ 10
Түпнұсқа дегенiмiз не?
A) түрлi-түстi бейнелер;
B) ақ-қара бейнелер;
C) мәтiндiк материал;
D) басу кезiнде алынатын бейнесi бар қағаз парағы;
E) баспа өнiмi түрiнде полиграфиялық техника көмегiмен өндiрiлетiн мәтiндiк және бейнелiк материал.
$$$ 11
Штрихтiк тұпнұсқа дегенiмiз не?
A) әр түрлi жарықтықтағы у÷астоктардағы бейнелерден тұратын түпнұсқа;
B) мөлдiр негiздегi түпнұсқа;
C) әр түрлi жарықтықтағы у÷астоктардағы бiрдей қаныққан бейнелерден тұратын түпнұсқа;
D) бiр бояулы түпнұсқа;
E) түрлi-түстi тұпнұсқа.
$$$ 12
Реңдiк тұпнұсқа дегенiмiз не?
A) әр түрлi жарықтықтағы у÷астоктардағы бейнелерден тұратын түпнұсқа;
B) мөлдiр негiздегi түпнұсқа;
C) әртүрлi жарықтықтағы уастоктардағы бiрдей қаныққан бейнелерден тұратын тұпнұсқа;
D) бiр бояулы түпнұсқа;
E) түрлi-түстi түпнұсқа.
$$$ 13
Басу формасы дегенiмiз не?
A) басылым және ашық элементтерi орналасқан пластина,
B) басу өрдiсiнде баспа бояуы жағылатын бейненi қабылдайтын жазықтық бөлiгi;
C) баспа бояуын қабылдамайтын жазықтық бөлiгi;
D) басу кезiнде пайда болатын бейнесi бар парақ;
E) полиграфиялық техниканы пайдаланып өндiру үшін қолданылатын мәтiндiк және бейнелiк материал.
$$$ 14
Парақтардың дұрыс жинақталуын қамтамасыз ететiн басылымдағы дәптердiң номерi не деп аталады?
A) колонцифра,
B) сигнатура;
C) норма;
D) колонтитул;
E) апостоф.
$$$ 15
Кітап басылымы қандай көрсеткіштерге байланысты топтарға бөлінеді?
А) формалық және басылым материалдарының физика-химиялық қасиеттер;
В) басылым әдістері және басылым формаларының түрлері;
С)басылым формаларының механикалық және физика-химиялықе ерекшеліктері және басу процесінің өзі;
D) ақпараттылық, бояудың берілу әдісі, басу принципі, басылым бейнесін алу әдісі;
Е) барлық жауптар дұрыс.
$$$ 16
Басуға дейінгі процестегі үш кезеңді ата.
А) қағаз беру жүйесі, бояу аппараты, басу аппараты, басылған табақтарды шығару жүйесі;
В) ылғалдау аппараты, беріліс цилиндрлері, жағылуды болдырмайтын және басылым бояуының бекінуін тездететін құрылғы, лактау секциясы;
С) көшірме құрылғысы, бояу және ылғалдау аппараттары;
D) барлық жауаптар дұрыс
Е) барлық жауаптар дұрыс емес
$$$ 17
Таралым дегеніміз не?
А) басылымның жалпы шығарылған саны;
В) кітаптың, кітапшалаудың, газетпен журналдың әрбір жеке саны;
С) басылған және бүктелген баспа табақ қағаз;
D) басу машинасында өткен қағаздың есебі;
Е) баспаның шығарған өнімінің жалпы саны
$$$ 18
Дана дегеніміз не?
А) басылымның жалпы шығарылған саны;
В) кітаптың, кітапшалаудың, газетпен журналдың әрбір жеке саны;
С) басылған және бүктелген баспа табақ қағаз;
D) басу машинасында өткен қағаздың есебі;
Е) баспаның шығарған өнімінің жалпы саны.
$$$ 19
Дәптер дегеніміз қандай болады?
А) басылымның жалпы шығарылған саны;
В) кітаптың, кітапшалаудың, газетпен журналдың әрбір жеке саны;
С) басылған және бүктелген баспа табақ қағаз;
D) басу машинасында өткен қағаздың есебі;
Е) баспаның шығарған өнімінің жалпы саны
$$$ 20
Парақ қағазының өтуі дегеніміз не?
А) басылымның жалпы шығарылған саны;
В) кітаптың, кітапшалаудың, газетпен журналдың әрбір жеке саны;
С) басылған және бүктелген баспа табақ қағаз;
D) басу машинасында өткен қағаздың есебі;
Е) баспаның шығарған өнімінің жалпы саны.
$$$ 21
Жазық офсетті басу машинасының құрылысын атаңыз;
А) басу аппараты, бояу аппараты, электр қозғалтқыш, таралым санау есепшісі;
В) бояу аппараты, ылғалдау аппараты, қағаз өткізу жүйесі, бүктеу агрегаты;
С) басу аппараты, бояу аппараты, ылғалдау аппараты, қағаз өткізу жүйесі, электр қозғалтғыш;
D) бояу беру жәшігі, тасымалдау білігі, жаймалау біліктері, жағу біліктері;
Е) ылғалдау аппараты, таңбаның кептіру құрылғысы, басу аппараты.
$$$ 22
Computer-to Plate дегеніміз не?
А) компьютермен басу формасын даярлау;
В) компьютерден басу машинасы ақпараттарды шығару;
С) компьютерден кейін фотоформаға ақпараттарды шығару;
D) компьютерде мәтін теру;
Е) графикалық бағдарламамен бейнелерді өңдеу.
$$$ 23
Computer-to Press дегеніміз не?
А) компьютермен басу формасын даярлау;
В) компьютерден басу машинасы ақпараттарды шығару;
С) компьютерден кейін фотоформаға ақпараттарды шығару;
D) компьютерде мәтін теру;
Е) графикалық бағдарламамен бейнелерді өңдеу;
$$$ 24
Computer-to Film дегеніміз не?
А) компьютермен басу формасын даярлау;
В) компьютерден басу машинасы ақпараттарды шығару;
С) компьютерден кейін фотоформаға ақпараттарды шығару;
D) компьютерде мәтін теру;
Е) графикалық бағдарламамен бейнелерді өңдеу.
$$$ 25
Ылғалдау ерітіндісі қай басу әдісінде пайдаланады?
А) тампонды басылым;
В) флексографиялық басылым;
С) жазық офсетті басылым;
D) барлық жауаптар дұрыс;
Е) ойыңқы басылым;
$$$ 26
Кітапшалау-түптеу цехінде қандай процестер орындалады?
А) мәтіндермен бейнелерді басу формасына шығарады;
В) мәтіндерді компьютерде теру жұмысы;
С) дәптерлерді кітап немесе кітапшалау блоктарына жинақтап кітап, кітапшалау немесе журнал түріне ие болу операциялары;
D) қағаз парақтарға басу формасынан таңбаларды басу;
Е) барлық жауаптар дұрыс емес.
$$$ 27
Дәптерлерді блокқа бекітудің тәсілдерін қалай атайды?
А) желіммен бекіту, терможіппен бекіту, сыммен бекіту, жіппен тігу;
В) темірмен бекіту, жібек жіппен тізу, терможіппен тігу, желіммен бекіту;
С) тоқып тігу, торлы тігу, челнокті тігу;
D) капронмен тігу, сыммен тігу, жібек жіппен тігу, торлы тігу;
Е) бар жауаптар дұрыс емес
$$$ 28
№1 туптеу түрі қанадй болады?
А) кантты тұтас мұқабалық қағазбен қапталған мұқаба түрі;
В) тұтас мұқабалық қағазбен қапталған жұмсақ мұқаба;
С) тұтас түптеу материалымен капталған түптеу қабы;
D) құрамалы жиектері шығып тұратын түптеу қабы;
Е) пленкамен сығымдалған тұтас мұбалық қағазбен көмкеріліп қапталған.
$$$ 29
Түстің аддитивті синтезі дегеніміз не?
А) объект арқылы сәуленің өтуі;
В) кеңістіктегі сәуленің араласуы;
С) таңбадан сәуленің шашырауы;
D) боялған оптикалық ортаның (бояу) араласуынан алынған түс;
Е) барлық жауаптар дұрыс.
$$$ 30
Түстің субтрактивті синтезі дегеніміз не?
А) объект арқылы сәуленің өтуі;
В) кеңістіктегі сәуленің араласуы;
С) таңбадан сәуленің шашырауы;
D) боялған оптикалық ортаның (бояу) араласуынан алынған түс;
Е) барлық жауаптар дұрыс.
Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 476 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс тақырыбы №14. Түптеу процестері | | | Курс бойынша емтихан сұрақтары |