Читайте также: |
|
Р БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚ С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
Кафедра “Технологиялық машиналар және жабдықтар”
ЕСЕП
Оқу практикасынан
Орындаған: І курс студенті, гр. АТТ-102
Кулахмедова Б.Д.
Жетекші: Тулегенова А. С.
Астана 2015
Мазмұны
І.Кіріспе
Техника қауіпсіздігі мәселелері
ІІ.Негізгі бөлім
1. Тісті берілістер
2. Тісті берілістер теориясының негіздері
3. Эвольвентті іліністің қасиеттері.
4. Тісті берілістің дәлдігі
5. Тістердің істен шығуы және жұмыс істеу қабілеттілігі
ІІІ.Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Материалтанудың даму жолын болашақта, ғылыми тұрғыдан толық дәрежеде болжау өте қиын мәселе, себебі ғылым мен техника күннен – күнге қарқынды дамуда, материалдарға қойылатын жаңа талаптар жоғарлауда және күшеюде. Атақты ғалым – металлург А.А. Байковтың айтуы бойынша: «Барлық маңызды және ірі физика – техникалық және инженерлік зерттеулердің оптималды мүмкіндіктерін материал анықтайды».Физика, химия, металлургия, металлтану және технология салаларының алдыңғы қатарлы жетістіктері, ерекше қасиеттері бар жаңа заман талаптарына сай жаңа заман материалдарын жасаумен қатар ғылымның, техниканың және өндірістің қарқынды дамуына мүмкіндік береді.
Материалтану ғылымының металтану ғылымынан айырмашылығы, металдар мен қорытпалар ғана емес, металл емес заттар (пластмассалар, керамикалар, композиттер, ұнтақтар және т.с.с.) материалдардың кең зерттеледі.
Қазіргі замандағы материалтану – материалдардың электронды құрылымының, құрамының, құрылысының және химиялық, физикалық, технологиялық, қызметтік қасиеттерінің байланысын және олардың өзгеруін пайдалану кезінде әр түрлі термо – динамикалық және кинетикалық жағдайларда температуралық, механикалық, механика – термиялық және химия – термиялық тәуелділіктің өзгеру заңдылығына байланысты тағайындайтын ғылым.
Теориялық материалтанудың мақсаты – материалдар қасиеттерінің өзгеруін зерттеу, олардың құрамына, құрылымына, құрылысына, күй – жайына тәуелділікті анықтау, сонымен қатар олардың қасиеттеріне әсер ететін барлық факторларды зерттеу заңдылықтарын тағайындау. Ғылым ретінде материалтанудың негізгі мақсаты, материалдардың элементтік құрамы есептелетіннегізгі теория жасалады, ол үшін материалдардың пайдалану жағдайларында талап етілетін қасиеттерді алу, ол төтенше жағдайларда да тұрақты болуы керек.
Техникалық материалтанудың негізгі мәні – оптималды жоғары үнемді материалдарды және технологияларды жасаудан тұрады, олар металлургиялық және машина жасау өнімдерінің талап етілетін сапасы мен қасиеттерін қамтамасыз етеді. Техникалық материалтанудың мақсатына машина жасау өндірісінің бұйымдары мен шалафабрикаттарының қызметтік және пайдалану қасиеттерін жақсартумен байланысқан мәселелер, дәлдікті жоғарлату, механизмдер мен аспаптардың сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін жоғарлату, олардың массасын төмендету, қымбат металдарды арзан металдар немесе қасиеттері жағынан тура келетін синтетикалық материалдармен алмастыру сияқты маңызды техникалық мәселелерді шешу болып табылады. Ал біз осы есепте қауіпсіздік техникасымен, материалдарды қолымен өңдеуге қолданылатын жабдықтарды материалдарды қамтып білдік.
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 331 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ГЛОССАРИЙ | | | Жалпы техникалық қауіпсіздігі мәселелері |