Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе.

Читайте также:
  1. Тақырып. Кіріспе. Коллоидты химияның негізгі түсініктері мен анықтамалары. Коллоидты жүйелер

Құқық негіздері – бұл мемлекет пен құқықтың, саяси және құқықтық сананың, саяси және құқықтық қатынастардың заңдылықтары мен құбылыстары жөнінддегі білімінің бір саласы. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні.

4.2. Пәннің мақсаты:

«Құқық негіздері» пәнін оқытудың мақсаты студенттерге заң аумағындағы негізгі теориялық ережелерді үйрету, заңмен жұмыс істеуге дағдыландыру, іс жүзінде туындаған жағдайлар барысында жөн тауып алған білімдерін іске асыруды үйрету.

Барлық мамандықтағы дәрігерлердің жұмысы құқық негіздерінің білімін талап етеді. Әрбір маман құқық мәселелеріне дайын болуы қажет. Жұмыс барысында құжаттарды заң жүзінде өзі рәсімдеу әрекеттері жиі кездесіп тұрады.

 

4.3.Оқыту мақсаттары:

- студенттердің құқықтық мәдениеттерін дамыту;

- құқыққа, заңға және құқықтық мемлекеттің әлеуметтік құндылығына қатысты мәдени-құндылықты қалыптастыру;

- құқықтық жағдайларда теориялық талдау жасай білу қабілеттілігіне бейімдеу;

- қағидалардың анықтамаларын білу және зерделеу;

- категориялармен түсініктерді меңгерту;

- әр құқық саласының нормаларын қолданып, талқылау дағдыларын қалыптастыру;

- студенттерге құқықтық мәдениеттің құрылымы бойынша бағдар беру;

- ҚР Конституциясында қарастырылған құқықтары мен міндеттерін үйретіп, аса көңіл аударту;

- ҚР азаматтары мен болашақ мамандардың құқықтық тәрбиесімен құқықтық санасының ролі мен маңызын оқу барысында анықтау;

Студент білуі қажет:

- кәсіби мамандық жүйесіндегі тәртіптің орны мен рөлін;

- мамандық бойынша негізгі кәсіби бағдарламаны меңгеру барысында осы пәннен алған білімінің маңыздылығы туралы.

 

4.4. Оқытудың соңғы қортындылары:

Студенттер Құқық негіздері пәні курсын аяқтау нәтижесінде мыналарды білулері қажет:

- адамның қорғалуына бағытталған заңдарды

- қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін

- қызметкерлердің құқықтар мен міндеттер және мамандық құқық бұзушылық үшін олардың жауапкершілігі туралы заңдардың ережелерін.

- Қаржылық қызметтің түрлі құқық салаларымен байланыстары

- жалпы құқық жүйесіндегі салалардың реттеу пәнін.

- ҚР Конституция бойынша азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерді.

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынаны жасауға тиіс:

- заң жауапкершіліктің түрлеріне сипаттамасын жасау.

- ҚР Конституциясының және денсаулық сақтау туралы заңдардың ережелерін қолдану.

- түрлі құқық салалардың қолдану ортаны айыра білу.

 

4.5. Пәннің пререквизиті:

Мемлекет пен құқықтың негіздері - құқықтық мемлекеттің тарихы, оның тәсілдері, мақсаттары.

Бұл пәнді тиімді меңгеру үшін тарих, философия, саясаттану және т.б. курстардың білімі қажет.

Осы пән мемлекет және құқық негіздерін қарастырады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік билікпен басқару органдары, сот жүйесінің құрылымын, бюджеттік жүйенің құрылымын, сондай-ақ азаматтық, отбасылық, еңбек, сақтандыру және жер құқығының құқықтық институттарының маңыздылығын қарастырады.

Пәннің постреквизиті:

Философия.

4.6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Құқық негіздерінің пәніне мүліктік және процессуалдық құқығының негізгі салалары, түрлі құқықтық қатынастардың мазмұны, құқықтық тәртіптің және заңдылықтың тәсілдері жатады. Бұл пән мемлекет пен адамның құқықтық байланыстарын, заң жауапкершіліктің түрлерін, олардың қолдану тәртібін қарастырады. Конституция бойынша құқықтары мен міндеттердің оқытуына, оның құқықтық қоғамдағы роліне ерекше көзқарас беріледі.

 

4.7. Тақырыптық жоспар. (оқытушының басшылығымен баяндамалар,тәжірибелік, семинарлық, зертханалық, өзіндік жұмыстар).


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 209 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Байланыс ақпараты: Ш.Уәлиханов көшесі, _____| Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының тақырыптары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)