Читайте также:
|
|
Ық негіздері пәні бойынша
СИЛЛАБУС
Мамандық: 5В050800 – Есеп және аудит
В050900 - Қаржы
В070300 – Ақпараттық жүйелер
В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.
В050600 – Экономика
В050700 – Менеджмент
- Кеден ісі
Курс – 1, 2
Семестр – 1
Дәрістер – 15 сағат
Тәжірибелік сабақтар – 15 сағат
ОСӨЖ
СӨЖ
Емтихан -1 семестр
Барлығы – 30 (1,2 кредит)
Астана, 2014 ж.
1. Оқытушы туралы мәлімет:
1. Какимжанова Нұргүл Төкенқызы - заң ғылымдарының магистрі аға оқытушы, 2013 жылы Тұран Астана Университеті Заң факультетінің педагогикалық бағыттағы магистратурасын тәмамдаған. Польша, Варшава қаласында Ұлттық Қорғаныс Академиясында докторантура PhD бағытында білімін жалғастыруда. Жалпы еңбек өтілі: 14 жыл, тіл білімі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
Байланыс ақпараты: Ш.Уәлиханов көшесі, _____
Екінші корпус, 4 қабат
Сайт www.fin-academy.kz
3. Пәннің саясаты:
1. Пән бойынша барлық сабақтарға міндетті түрде қатысу қажет. Сабаққа қатысу, сондай-ақ белсенділік таныту қойылатын бағаға әсерін тигізеді. Кенеттен тыс жағдайлар, мысалы: ауырып қалу, отбасылық жағдайлар барысында сабақтан қалуға болады, бірақ міндетті түрде деканаттан босату рұқсат қағазы немесе дәрігердің анықтамасы қажет.
2. Қалдырылған сабақ нақты бір уақытта өтелінеді. Себепті жағдайлармен келмей қалған сабақтардың өтеліміне қорытынды ұпай қойылады, ал себепсіз жағдайлармен келмей қалған сабақтарға да өтелім жасалынады, бірақ оған ұпай қойылмайды.
3. Студент үй тапсырмасын оқытушыға «кейін» не болмаса «ертеңге» қалдырмай сабақтың басында тапсырады. Үй тапсырмасы орындалмаған жағдайда сабақтың қорытынды бағасынан 10 ұпай төмендетіледі.
3.1. Бекітілген мерзімінен кеш тапсырылған тапсырма жұмысына төмен ұпай қойылады және де курс бойынша жиналған жалпы ұпайға әсерін тигізеді.
4. Сабақ барысында тәртіп сақтау керек, яғни сөйлесуге болмайды және ұялы телефонды өшіріп қою қажет.
5. Оқу барысына белсенді қатысу.
6. Үй тапсырмасын бұлжытпай орындау.
7. Сабаққа келгенде міндетті түрде силлабустың, тәжірибелік сабақтың қағазға басылып шығарылған нұсқасын әкелу қажет (электрондық нұсқаларын да әкелуге болады).
8. Студент шыдамды және оқытушысымен курстастарына мейірімді де ашық болуы қажет.
Курстың бақылау әдістері: ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, Бұл бақылау жұмыстары жеке және топтық жұмыс түрінде тәжірибелік сабақтарда, коллоквиумдарда, жағдайлық есептерді шешу және қорытынды емтихандарда жүзеге асырылады. Курстағы оқыту барысы: -15 сағат дәріс, 15 сағат тәжірибелік сабақ, барлығы 30 сағат
Студенттерге оқу жылы барысында құқық негіздері пәні бойынша мынадай талаптар қойылады:
- Дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға уақытында келу;
- Құқық негіздері пәнінің силлабусын қолдану;
- Студенттер дәрістер мен тәжірибелік сабақтардан қалған күндерін өз уақытында өтеу қажет.
- Егер, студент тәжірибелік сабаққа келмеген күндерін өтемеген жағдайда коллоквиумға (аралық бақылауға) кірмейді.
- СӨЖ тапсырмаларын уақытында тапсыру (СӨЖ қабылдау қорытынды рейтингті санауға бір апта қалғанда тоқтатылады).
- Тәжірибелік сабақтарда міндетті түрде ҚР Конституциясын қолдану қажет;
- Дәрістердің конспектілерін дұрыс жазу;
- Аудиторияда тазалық ережелерін сақтау;
- Оқу әдістемелік жабдықтауларын (тесттерді, әдістемелік нұсқауларды) ұқыпты қолдану;
- Студенттер өз рейтингтерін есептеуді білу.
- Студент ай сайын өз рейтингін есептеу қажет.
- Студенттерге ескерту. Барлық есептелген рейтингтер офис
регистратордың базасында болады, есептелінген рейтинг өзгертілмейді.
- Егерде студент 50 % ға дейін төменгі пайызда ұпай алған уақытта, ол студент емтиханға жіберілмейді.
Аталған шарттарды орындамаған студенттерге берілетін айып шаралары мынадай:
1. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға себепсіз жағдайлармен келмегені үшін -10 ұпай төмендетіледі.
2. Тәжірибелік сабаққа және аралық бақылауға кешігіп келген жағдайда 10 ұпай төмендетіледі. 3. Сабақ барысында өзін дұрыс ұстай алмайтын студентке 10 ұпай төмендетіледі. 4. Студенттер берілген тесттерді және әдістемелік нұсқауларды ұқыпты қолданбағаны үшін, олар бүлінген заттарды орнына келтіру қажет. Мысалы: ксерокөшірмеден түсіру немесе компьтермен басып шығарып әкелу.
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Критерии оценки алгоритма диагностики | | | Кіріспе. |