|
№ | пайыздық құрылым | бағалау критериі |
1. | 90-100 % А 4,0 А-3,97 | Егер студент тақырыпқа сай материал дайындаса, тапсырманы дайындауда шығармашылық ынтасымен байқалса, тапсырма-ларды шешуде өзіндік шешу жолын көрсете білсе (мысалға презентация, іскерлік ойын) қойылады. Егер жұмыс презентацияның негізгі талаптарына сай келсе және титул беті сауатты толтырылса, кім орындағандығы,кім тексеретіндігі, жұмыс жоспары, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген жағдайда қойылады. |
2. | 85-89% B+3,33 | Егер студент тапсырманы дайындауда белсенділік көрсеткен,қосымша материалдарды пайдалана білген,белгілі бір жұмысты аудитория алдында қорғауда ерекше қабілетімен көріне білген,бірақ материалдарды мазмұндауда,титул бетін толтыруда маңызды емес қате жіберсе қойылады. |
3. | 80-84% В 3,0 | Егет студент жұптасып жұмыс жасау,шағын топтармен жұмыс жасау сияқты әр түрлі тапсырмаларды орындаса,керекті қосымша материал пайдаланса,оқытушылық лекцияларға жүгінсе, жіберген қателерін өзі түзеткен жағдайда, бөлек тақырыптық жұмыстарда жоспар мен пайдаланған әдебиеттер тізімі болмаса қойылады. |
4. | 75-79% В-2,67 | Егер студент әр түрлі формадағы тапсырмаларды (мысалға:шағын топтар,жағдайлық есептер,т.б.)орындаса, қажетті жіне қосымша материалдарды пайдалануда қабілеттілігін көрсете алса,бірақ тақырыпты қарастырмаса жіне көптеген қателіктер жіберген жағдайда қойылады.Тақырыптық жұмыстарды толтыруда кіріспе,жоспар,пайдаланылған әдебиеттер тізімі жоқ болған жағдайда. |
5. | 70-74% С+2,33 | Егер студент толық емес материал дайындап,презентация,іскерлік ойын сияқты жұмыстарды дайындауда қателер жіберсе,сонымен қоса аудитория алдында қорғауда өз қабілеттілігін көрсете алмаса жіне жеткіліксіз оқу әдебиеттерін пайдаланған жағдайда қойылады.Жұмысты толтыруда жоспар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі нақты болмаса |
6. | 65-69% С 2,0 | Егер студент жұптасып жұмыс жасау,шағын топтар сияқты әр түрлі тапсырмаларды дайындауда толық емес және қате жіберілген материалды ұсынса,жеткіліксіз әдебиеттерді қолданып,оқытушы нұсқауларын пайдаланбаса,сондай-ақ жеке тақырыптық жұмыстарды ұқыпсыз толтырса,өз уақытында тапсырмаған жағдайда қойылады. |
7. | 60-64% С- | Егер студент шағын топтар,жағдайлық есептер сияқты тапсырмаларды орындауға пассивті түрде қараса,материалдарды мазмұндауда қате жіберсе,сондай-ақ тапсырмаларды толық емес күйінде,уақытында тапсырмаса және ұқыпсыз толтырмаған жағдайда қойылады. |
8. | 50-59% Д+1,33 Д 1,0 | Егер студент оқытушының қолдауымен әр түрлі формадағы тапсырмаларды талаптарға сай емес дайындаса,жеткіліксіз материал пайдаланған жағдайда қойылады. |
9. | 50-ден төмен | Егер студент материалды тақырыпқа сай дайындамаса,мазмұндауда қателер жіберсе жіне жұмыстың титул бетін,қорытынды,сондай-ақ жоспар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі негізгі талаптарға сай болмаса қойылады. |
СӨЖ
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 239 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Негізгі | | | Символьные и строковые величины |