Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тісті берілістер

Читайте также:
  1. Стемелеу коэффициенті және тістің профилі бойымен күштің өзгеруі.
  2. Тісті берілістер теориясының негіздері
  3. Тісті берілістің дәлдігі.

Тісті беріліс -екі қозғалмалы тісті буындары қозғалмайтын буынымен айналмалы немесе ілгерлемелі жұп құратын, үш буынды механизмді айтамыз (тісті беріліс деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады). Берілістің тісті буыны дөңгелек, сектор немесе рейка болуы мүмкін. Тісті берілістер аыналмалы қозғалыстарды немесе айналмалы қозғалысты ілгерлемелі қозғалысқа түрлендіру үшін қолданылады.

Осы жерде және мұнан да кейін, тісті берілістерге қатысты, терминдер, анықтамалар, белгідеулер 16530-83 МЕСТ «Тісті берілістер», 16531-83 МЕСТ «Цилиндірлі тісті берілістер» және 19325-73 МЕСТ «Конусты тісті берілістер» стандарттарына сәйкес келеді.

Тісті іліністер жоғарғы кинематикалық жұптарды құрайды, өйткені теория бойынша тістер сызықтың бойымен немесе нүктелермен жанасады. Жұптағы тісті дөңгелектердің кішісін шестерня деп, ал үлкенін – дөңгелек деп атайды. Диаметрі шексіз үлкен тісті доңғалақтың секторын тісті рейка деп атайды.

Тісті берілістерді көптеген белгілеріне қатысты сұрыптауға болады: білік өстерінің орналасуына (параллель, қиылысатын, айқасатын және өстері сәйкес келетін); жұмыс істеу жағдайларына (жабық – майлы ваннада жұмыс істейтін және ашық – құрғақ жұмыс істейтін немесе оқтын-оқтын майланып тұратын); сатысына (бір сатылы, көп сатылы), дөңгелектердің өз-ара орналасуларына (ішкі және сыртқы іліністі); біліктердің айналу жіліктерінің өзгеруіне (төмендететін, жоғарлататын); тіс кесілетін беттерінің пішіндеріне (целиндрлі, конусты); доңғалақтардың шеңберлік жылдамдықтарына (баяу жүргіш – жылдамдығы 3 м/с дейінгі, орташа жылдамдықты – жылдамдығы 15 м/с дейінгі, жылдамжүргіш – жылдамдығы 15 м/с жоғары); доңғалақ бетіне тістердің орналасуларына (түзу тістілер, қиғаш тістілер, қисық сызықты шеврон тістілер); тістердің профильдерінің формасына (эвольвентті, шеңбер доғасымен шектелген, циклоидты) байланысты жіктеледі.

Сонымен қатар иілгіш тісті доңғалақты берілістер де бар, оларды толқынды деп атайды.

Тісті берілістердің негізгі түрлері (1 - сурет): өстері параллель: а – цилиндрлі түзу тісті, b – цилиндрлі қиғаш тісті, c – шевронды, d – ішкі ілініспен; өстері қиылысқан: e – конусты түзу тісті; f – конусты тангенсалды тісті, g – конусты қиғаш тісті; өстері айқасқан: h –гипоидті, k – винтті, l – тісті-рейкалы түзу тісті.

Өстері бұрышпен орналасқан тісті берілістер ортогоналды деп аталады.

Тісті берілістердің артықшылықтары: тісті берілістер көмегімен өте үлкен қуат беруге болады (ондаған мың кВт) және басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шағын келеді, басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі, тісті берілістер өте шыдамды келеді, пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін 0,97…0,98), жылдамдығы үлкен (150 м/с-ке дейін) және беріліс санының диапозоны кеңірек (бірнеше жүздеген).

Тісті берілістердің кемшіліктеріне мыналар жатады: жоғары дәлдікті берілісті дайындаудың күрделігі; дойындау мен жинаудың дәлдіктерінің жеткіліксіздігінен жұмыс барысында шудың көбейуі, жетектегі біліктің айналу жиілігін сатысыз реттеудің мүмкін еместігі және қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігінің нашарлығы.

Тісті берілістер механикалық берілістердің ең көптараған түрлерінің бірі және ол машина жасаудың барлық салаларында, дербес жағдайда металл кесуші білдектерде, автомобильдерде, тракторлерде, ауылшаруашылық машиналарда және т.б.; аспаптар жасауда, сағаттық өндірісте және б. Тісті берілістердің мұндай кең таралуы жобалау және тісті дөңгелектерді дайындау технологиясы бағыттарында үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және бұл мәселеде жан-жақты стандарттауды талап етеді. Қазіргі уақытта терминдер, анықтамалар, белгілеулер, тісті доңғалақтың элементтері мен іліністері, берілістің негізгі параметрлері, геометриясын есептеу, цилиндрлі эвольвентті берілістерді беріктікке есептеу, тістерді кесуге арналған құралдар және басқа да көпшіліктері стандартталған.

Кез-келген тісті берілістің негізгі кинематикалық сипаттамасы – беріліс саны. Стандарт бойынша ол дөңгелек тістерінің санының шестерня тістерінің санына қатынасымен анықталады және деп белгіленеді, сонымен

(1)

Берілістік қатынас басқада механикалық берілістердегі сияқты анықталады:

(2)

Тісті берілістердегі энергияның жоғалуы берілістің түріне, оны жасау дәлдігіне, майлауына байланысты және іліністердегі, білік тіректеріндегі үйкелістерге және (жабық берілістердегі) майды шашырату мен араластыруға кететін энергиялардан құралады. Жоғалатын механикалық энергия жылу энергиясына ауысып, кейбір жағдайларда тісті берілістерге жылулық есептеу жүргізу жүргізуге мәжбүрлік етеді.

Іліністердегі энергияның жоғалуы коэффициентімен, бір жұп подшипниктегі – коэффициентімен, ал майды шашырату мен араластыруға кететін – коэффициентімен сипатталады. Жабық бір сатылы берілістің жалпы ПӘК

(3)

өрнегімен есептеледі.

Меже бойынша (жабық берілістер), (ашық берілістер), (домалау подшипниктерінде),

Берілген беріліс қатынасын қамтамасыз ететін доңғалақтардың өзара әсер ететін тістерінің беттерін жанасу беттері деп аталады. Тісті доңғалақтардан құралған кинематикалық жұптағы қозғалыстың берілу процессін тісті ілініс деп атайды.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1584 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Жалпы техникалық қауіпсіздігі мәселелері | Эвольвентті іліністің қасиеттері. | Стемелеу коэффициенті және тістің профилі бойымен күштің өзгеруі. | Тісті берілістің дәлдігі. | Тістердің істен шығуы және олардың жұмыс істеу қабілеттілігі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы| Тісті берілістер теориясының негіздері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)