Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы техникалық қауіпсіздігі мәселелері

Читайте также:
  1. I –ТАРАУ. АҚША – ЖАЛПЫҒА БIРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР РЕТIНДЕ
  2. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. 1 страница
  3. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. 2 страница
  4. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. 3 страница
  5. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. 4 страница
  6. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. 5 страница
  7. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. 6 страница

Қауіпсіздік техникасы — еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі. Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен кұралдарының жүйесі.

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың — стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.

 

Қауіпсіздік еңбекті ұйымдастырудың негізгі принципі. Техника қауіпсіздігінің шаралары жұмыскердің жұмыс орнында қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Төменде келтірілген шараларды орындау нәтижесінде сәтсіз оқиғалар саны азаюда:

1. Жұмыскерді жарақаттанудан сақтау үшін машина құрылымы мен станоктардың механизмдері үздіксіз жетілдірілуде.

2. Қорғағыш қондырғылар мен жұмыс шаралары жетілдірілуде.

3. Жұмысқа жаңадан орналасып жатқан жұмыскерді техника қауіпсіздігімен таныстыруды дұрыс ұйымдастырылуда.

4. Жұмысшыларды техника қауіпсіздігімен жүйелі түрде таныстырып, алған білімдерін тексеріп тұру нақтылануда.

5. Жұмыс орнында ішкі тәртіп ережелері мен техника қауіпсіздігінің тәсілнамасы плакат түрінде көрнекі етіп берілу керек.

6. Ішкі тәртіп ережелері мен техника қауіпсіздігінің орындалуы техникалық әкімшілік қызметкерлері тарапынан күнделікті қадағалау мен тексеру жалғасуда.

7. Жұмыс объектісінің жұмыс істеуі ол бүкіл өмірлік циклі кезінде қауіпсіздікке қойылатын мынадай маңызды талаптардың орындалуы қамтамасыз етілетіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс:

· механикалық беріктігі және орнықтылығы;

· өрт қауіпсіздігі;

· денсаулыққа (адамдар мен жануарлардың) және қоршаған ортаға қауіпсіздігі;

· пайдалану (қолдану) процесіндегі қауіпсіздік;

· шудан қорғау;

· қуатты үнемдеу және жылуды сақтау.

Технологиялық кабинетінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы:

 

· Жұмыс істер алдында мұқият жұмыс орнын тексер.

·Жұмыс орнында адамға кедергі келтіретін артық зат болмауы керек.

· Станок полотносы мықты бекітілген және тісі өткір болуы қажет.

· Дайындаманы кесетін бөлігін іскенжеге бекіт.

· Дірілдемес үшін жұмыс басында өзіңе 2-3 рет тартудан баста. Сосын бір қалыпты түзу қозғалыс жасауға тырыс, болмаса полотно ұшы сынып, көзді зақымдауы мүмкін.

· Металдардың қасиеттеріне байланысты минутына 30-дан 60-ретке дейін қозғалыс қажет.

· Темір қалдықтарын үрлеп немесе қолмен сипауға тыйым салынады. Ол көзіңді немесе қолыңды жарақаттайды. Оны щеткамен немесе сыпырғымен тазала.

· Жұмысты арнайы киіммен істе.

Металл өңдеу мен машина жасау саласында көптеген жабдықтар мен кесу аспаптары қолданылатындықтан, қауіпсіздік техника мәселелеріне зор көңіл бөлінеді.

Техника қауіпсіздігі мәселелеріне мыналар жатады:

· Бекітілген дайындаманың немесе тетіктің босап кетуі;

· Кескіш аспаптардың дұрыс бекітілмеуінен олардың босап кетуі;

· Кескіш аспап жүздерінің өткірлігінен адамның қолына немесе басқа дене мүшелеріне зақым келуі;

· Тым ауыр дайындамаларды немесе тетіктерді қол күшімен көтеру нәтижесінде зақым келуі;

· Металл өңдегенде сылынған жоңқаның ыстық болуынан күйіп қалу;

· Жаңқадан қолдың немесе басқа дене мүшелерінің жарақаттануы;

· Сақтану көзілдірігін кимегендіктен,адам көзінің зақымдануы;

· Жабдықты дұрыс пайдаланбаудан туатын материалдық шығындар;

· Күюден және жарақаттанудан сақтайтын арнайы киім кимеудің салдары;

· Қауіпсіздік техникасымен танысудың жолға қойылмауы.

 

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 2578 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тісті берілістер | Тісті берілістер теориясының негіздері | Эвольвентті іліністің қасиеттері. | Стемелеу коэффициенті және тістің профилі бойымен күштің өзгеруі. | Тісті берілістің дәлдігі. | Тістердің істен шығуы және олардың жұмыс істеу қабілеттілігі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кіріспе| Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)