Читайте также:
|
|
Тісті берілістер көбінесе тістің бұзылуынан істен шығады. Ал тістің бұзылуы бірнеше түрге бөлінеді.
Тістің сынуы (9 - сурет). Тістердің сынуының екі түрі болады: шамадан тыс артық күш түскенде сыну және шаршаудан сыну.
Айналыс кезінде тісті дөңгелектерді жұмысқа қосқанда сыну қаупі болмауы үшін оларды иілуге есептейді.
Тістердің беттерінің бұзылуы (10 - сурет).
Шаршаудан пайда болған беттік үгілу (10, а - сурет). Тістер әлсіреген кезде олардың сыртқы қабаты үгіледі. Бұл жағдайда ең алдымен тістің бетінде өте кішкентай жарықша пайда болады, одан кейін ол жерге май кіріп, оның үлкеюіне себепші болады.
Тістің үгілуі белгілі бір жағдайда тоқталуы мүмкін. Бұл жағдай көбінесе дөңгелектер жұмсақ материалдан жасалғанда байқалады (немесе қаттылығы НВ<350), себебі жұмсақ материалдан жасалған дөңгелектің тістері жұмыс істеу кезінде белгілі бір уақыт өткеннен кейін бір-бірімен жақсы жанасатын болады.
Егер дөңгелек қатты материалдан жасалған болса (НВ>350), тістің сынып түскен бөлшектері оның одан әрі бұзылуына әкеліп соғады, бұл кезде үгілу одан әрі жалғаса беруі мүмкін.
Абразивтік тозу (10, b - сурет). Тістердің абразивтік тозуы деп, ілініске қатты кішкене бөлшектер (абразивтер) түсіп, тістердің қажалып тозуын айтады. Бұл ластанған жерде жұмыс істейтін ашық және жабық тісті берілістердің істен шығуына себепші болады. Көбінесе кен-тау, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында пайдаланылатын механизмдерде кездеседі.
9 - сурет 10 – сурет
Жанасу кернеуі әр түрлі болатындықтан профилінің тозуы да әр қилы келеді.
Бірақ жұмыс кезінде қисықтық радиусының өзгеруі тозуды бір қалыпқа келтіреді. Тозған тістер үшкірленіп, динамикалық күштерді және пайдасыз дыбыстарды көбейтеді. Бұл тісті әлсіретіп, оның сынуына әкеліп соғады.
Тістесу (10, c -сурет). Тістерге көп күш түскенде және өте жоғары жылдамдықпен айналғанда, дөңгелектердің материалдары бірдей болғанда және олар шынықтырылмағанда тістесу жиі кездеседі. Бірақ жоғары температурада әр түрлі материалдан жасалған және шынықтырылған дөңгелектердің де тістесуі мүмкін.
Тістесуді есептеу үшін дөңгелектердің түйіскен жеріндегі температураны анықтап, дөңгелектер материалына байланысты олардың тістесу температурасымен салыстыру қажет. Дөңгелектер тістеспеуі үшін тістердің модулін үлкейтіп, сонымен қатар оларды шынықтырып әзірлеу, дәлдік дәрежесін жоғарылатып, арнаулы май қолдану керек.
Есептеу күші. Тістердің жанасу сызығы бойымен таралған меншікті күштің ең үлкен мәні есептеу күші болып табылады:
, (12)
мұндағы іліністегі қалыпты күш; жүк немес күш коэффициенті; күш шоғырлану коэффициенті; динамикалық күш коэффициенті; тістердің жанасу сызығының қосынды ұзындығы.
Күш шоғырлану коэффициенті. Бұл коэффициент күштің тіс ұзындығы бойынша бір қалыпты түспеуін есепке алады. Сондай-ақ бұл коэффициент шамасына біліктер мен тіреулердің серпімділік деформациясы және әзірлеу, жинау кезіндегі қателіктер әсер етеді. Төмендегі суреттерде біліктер деформацияланғанда тісті дөңгелектердің өзара орналасуы көрсетілген (11 - сурет).
Бірінші 11, а - суретте дөңгелек білік ортасында; екінші 11, b - суретте біліктің ортасынан гөрі тіреуге жақын, ал үшінші 11, c -суретте біліктің бір жақ шетінде орналасқан күйі көрсетілген. Бұл суреттерде біліктердің күштер әсерінен иілуі бейнеленген. Біз 11, а -суреттен дөңгелек біліктің ортасында орналасып, білік иілген кезде тістің қайшыласпайтынын көреміз. Бұл күш тістің бойына бір қалыпты таралуын қамтамасыз етеді. Ал екінші b және үшінші c -суреттерде қайшыласу бұрышы пайда болады. Ол тістің дұрыс ілінісуін (жанасуын) бұзады.
Егер тістер өте қатты болса, олар тек ұштарымен ғана ілініскен болар еді (11, d - сурет). Бірақ тістердің деформациясы олардың қайшыласуын азайтады. Көптеген жағдайларда тістер 11, e -суреттегідей болады. Бірақ бұл жағдайда күш тістердің жеке аралықтарының деформацияларына сәйкес бөлінеді (11, f - сурет). Жоғарыда көрсетілген жағдайларға қарағанда, күш шоғырлану коэффициенті былай болады:
,
мұндағы - орташа меншікті күш.
11 - сурет
Күштің шоғырлануы тістің ұшындағы иілу кернеуін көбейтеді. Сондықтан тістің ұшының сынуы мүмкін. Бұл іс жүзінде тістің шетін кесіп «кеспек» тәрізді етіп жасауды қажет етеді. Шоғырлану коэффициентін есептегенде, ол тісті дөңгелектердің айналу жылдамдығына байланысты шартты түрде екіге бөлінеді:
а) қаттылығы төмен (НВ 350) және аз жылдамдықты ;
б) қаттылығы жоғары (НВ>350) және жоғары жылдамдықты . Бірінші жағдайда дөңгелек тістері біріне-бірі жақсы қалыптасады. Сондықтан тіске түсетін күш оның бойына біркелкі таралады. Егер күш тұрақты болса, онда =1 деп алуға болады.Ал күш айнымалы болса, ол әдебиеттердегі графиктен алынады.
Динамикалық күш коэффициенті. Тісті берілістегі қателіктер лездік беріліс санының тұрақсыз болуына себепші болады. Сондықтан бұрыштық жылдамдықтар бір қалыпты болмайды, болған жағдайда , . Бұл жағдайда қосымша динамикалық момент пайда болады , мұндағы - айналған бөлшектердің инерциялық моменті. Негізгі динамикалық күштер тістердің ілінісе бастаған немесе аяқталған кезінде пайда болады (12 - сурет).
12 - сурет
Дөңгелектер біріне-бірі соғылыспай жұмыс істеуі үшін алдымен олардың жұмыс кезіндегі қадамы өзара тең болуы керек. Соғылыстың екі түрі кездеседі:
- шеттік соғылыс;
- орталық соғылыс.
Бірінші жағдайда жетекші дөңгелектің шеті ілініске ерте енеді. Екінші жағдайда жетекші дөңгелек іліністен кеш шығады. коэффициентінің мәні әдебиеттердегі кестелерде келтірілген.
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 366 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тісті берілістің дәлдігі. | | | Москва 2014 г. |