Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы

Читайте также:
  1. Бiрiншi бағыт: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
  2. Биполярлы транзистордың жұмыс істеу режимдері. Транзисторлардың жіктемесі. Транзистордың негізгі параметрлері.
  3. Дипломдық бітіру жұмысының өзектілігі.
  4. Жұмыс оқу бағдарламасы.
  5. Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету
  6. Жұмыс орындарын аттестациядан өткізу

Токарь станоктарында жұмыс істегенде сәтсіз оқиғаларды жою үшін техникалық қауіпсіздіктің келесідей ережелерін орындау керек:

· Станоктардың жанында сақтандырғыш және қорғағыш құрылғыларды қолдану; құрылғылардың жұмыс істеп тұруын әрдайым қадағалап тұру және орнынан жылжытпау;

· Жұмыс кезінде жоңқадан қорғағыш қондырғыларды қолдану;

· Жұмыс кезінде қауіпсіз тәсілдерді кеңірек пайдалану.

Цехтардағы жарықтың да маңызы зор. Өйткені жарық жерде жұмысшы қауіпті бірден байқап қажетті шараларды қолдана алады.

Ауа таза болмаған жерде кәсіптік ауру пайда болады. Сондықтан жұмыс бөлмесінің ауасын терезені ашып, не желдеткішті қоданып тазартады.

Жұмыстың қауіпсіз болуына жұмыс орнының таза және тәртіппен жиылып тұруының әсері бар.

Токарь станогының қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Әрбір токарь техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау алып, келесідей талаптарды орындау керек.

Жұмысқа дейін:

· Жұмыс киімін киіп, түймелерін салу. Киімнің жалбырап тұрмауын қадағалау;

· Станоктың, құралдың, қондырғының жарамдылығын және де қораманы, сақтандырғыты, жермен тұйықтау құрылғысые тексеру;

· Бос жүріс кезінде станоктың басқару механизмдерінің жарамдылығын, элетржабдықтарын, майланатын және салқындатылатын жүйелерді тексеру және қосқытар мен ауыстырып-қосқыштардың иінтіректерін орнықтыру;

· Егер станоктың құралдары, қондырғы мен электржабдықтары жарамсыз болса, цех шеберіне хабарлау, жарамсыздықты жоймай жұмысқа кіріспеу,өздігінше станоктың түзілімін және тетіктерін жөндеу, не өзгеелеу рұқсат етілмейді;

· Өңделген дайындамалар мен тетіктерді салатын жәшікті ыңғайлы етіп орналастыру, аяқ астындағы ағаш тордың майланып қалмауын қадағалау.

Жұмыс кезінде:

· Ауыр тетіктерді және салмағы 20 кг-нан асатын қондырғыларды орнату мен алу тек көтергіш кран құрылғысының көмегімен орындалады, ауыр тетіктерді де орнату көтергі кран көмегімен жүзеге асады;

· Цехта жұмыс істегенде қолғап кию керек, егер саусақтарыңыз жараланған болса, резеңкеден жасалған саусақшаларды киген жөн;

· Станоктан қысқыш пен айналмалы үстелді бұрап алудың және оған орнатудың алдында оны майдан тазарту үшін сүртеді;

· Станокқа қысқы мен айналмалы үстелді орнатқанда астына қысқы пішіндес етіп астар салынады; ауыр қысқы мен айналмалы үстелді көтергіш құрылғының және ұстағыш қондырғы көмегімен орнатады;

· Қысқы мен айналмалы үстелді айналдырыққа орнатқанда және бұрап түсіргенде кілттің көмегімен қысқыны қолымен өзіне қарай тартып орналастырады;

· Кілт ашасы мен кілт жағының,не чайканың арасында астар қолданбайды; дайындаманы бекіткенде, не босатқанда кілтті қысқыда қалдыруға болмайды;

· Құрал – сайман мен өңделетін тетікті сенімді және қатты бекітіп орнатады;

· Дайындаманы бекіткен кезде жұдырықшалар қысқы немесе айналмалы үстелден шығып тұрмауы керек; егер жұдырықшалар шығып тұрса, қысқына ауыстырады, не арнайы қоршауорнатады;

· Қауіпсіз жетектеме қысқыладры жіне қорғағыш қанлқаналарды қолдану;

· Бұрандакескішпен бұранданы кескенде айнал-тұтқаны қолмен емес, құралкүймешіктің көмегімен ұстау;

· Сынған құрал-сайманның әсерінен жарақаттанбау үшін:

· Діріл пайда болған жағдайда станокты тоқтатып, оны тоқтатудың амалдарын жасау; кескіш пен дайындаманың бекітілуін тексеру, шебердің келісімімен кесу режимін өзгерту;

· Тұтқыр металдарды өңдегенде ағызбалы таспа жоңқаларын беретін жапсырмалары жоңқаопарғыш, не оралмалы жоңқалыкескіштер қолданылады;

· Жоңқалары ұсақ болып бөлінетін морт материалдарды өңдегенде және болат жоңқаларын ұсақтау кезінде көзілдірікпен қатар, жоңқаны ұсақтайтын арнайы қондырғылар қолданылады;

· Дайындаманы айналу кезінде арнайы құрылғысыз өлшемеу, тіпті станокты өшіргеннен кейін өлшеген жөн;

· Қысқа білік тектес тетіктерді үшжұдырықшалы қысқыш қысады, ал ұзындығы диаметрінен 10 еседен артық солқылдақ біліктерді өңдегенде артқы топай центрімен ұстатумен қатар люнет қолданылады;

· Салқындатқыш сұйықтың,не майдың жұмыс орнына төгілмеуін қадағалау,май ысырып болған жағдайда тез арада оны сүртіп,орнын құрғату не құм себу керек;

· Жұмыс кезінде станокқа шынтақтап сүйкенбеу;

· Көзді жарақаттандырып алмау үшін, сақтандырғыш көзілдірік кию керек;

 

Жұмыс соңында:

· Жоңқаны қолмен, не құралмен емес,арнайы ілгек жіне қылшақпен тазалау;

· Станок пен электрқозғалтқышты сөндіру;

· Станоктан жоңқаны тазалап,құрал-сайман мен қондырғыны белгіленген орынға қою,дайын тетік пен дайындамаларды жиыстырып жұмыс орнын тапсыру.

Бұлардан басқа токарь маманы өзіне қажет кескіштер мен түрлі кескіш аспаптарды цехтың қайрау бөлімінде қажеттілігіне қарай қайрап тұрады. Бұл жердегі қауіпсіздік шаралары негізгі жұмыс орнымен тікелей байланысты болмағандықтан мынадай қосымша сақтық шараларын орындағаны жөн:

1. Егер қайрау құрғақ жасалатын болса, кескіш аспап қайрау станогының бет жағындағы су ыдысына жиі малынып тұруы керек;

2. Қайрау станогында қорғаушы шыны қалқаны болмаса,станокшы өз көзілдірігін кию арқылы сақтану қажет;

3. Аспапты қайрау кезінде айналмалы қайрақтас тұсына тұрмай,шамалы оңға немесе шамалы солға қарай бүйрлеп тұрған жөн. Өйткені қайрақтас шытынап немесе жарылып бөлшектенетін болса,қайрақшы үлкен жарақат алуы мүмкін.

4. Қайралатын кескіш сүйенетін астарлық пен қайрақтас аралығындағы саңлау мүмкіндігінше тар болуы керек;

5. Қайрақтас мүмкіндігі болғанша бүтін және жарамды болуы мұқият тексеріп тұруы керек;

6. Қайрақтастың ұруы (биение) рұқсат етілмейді;

7. Қайрақтасты жауып тұратын қаптама әр кезде өз орнында тұруы қажет.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1415 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тісті берілістер теориясының негіздері | Эвольвентті іліністің қасиеттері. | Стемелеу коэффициенті және тістің профилі бойымен күштің өзгеруі. | Тісті берілістің дәлдігі. | Тістердің істен шығуы және олардың жұмыс істеу қабілеттілігі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жалпы техникалық қауіпсіздігі мәселелері| Тісті берілістер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)