Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұмыс оқу бағдарламасы.

Читайте также:
  1. Бiрiншi бағыт: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
  2. Биполярлы транзистордың жұмыс істеу режимдері. Транзисторлардың жіктемесі. Транзистордың негізгі параметрлері.
  3. Дипломдық бітіру жұмысының өзектілігі.
  4. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы
  5. Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету
  6. Жұмыс орындарын аттестациядан өткізу

 

Модульдің сипаттамасы

Пәнді игеру барысындағы білімдер жүргізіліп жатқан сот реформаларын және соттарда алқа заседательдерімен қатысу тәжірибесін талдауға негіз береді. Және де бұл арнайы курс азаматтық және қылмыстық іс жүргізу, мемлекеттік аппараттағы реформаларға арналған арнайы курстарды игеруге септігін тигізіп, алғышарты бола алады.

Алқабилер сотының модельдерін тізбекті түрде қарастыру: алқабилер сотының континенталдық және класикалық үлгілерінің ерекшеліктері және тарихи алғышарттары; Қазақстандағы алқабилер сотының қазіргі кезеңдегі ахуалы және т.б.

Саяси - әлеуметтік ортаның өзгеруі, мемлекетіміздің демократия жолындағы қол жеткізген жетістіктері мен бүгінгі заман талабы алқа билер сотының жұмыс істеуін яғни, сот төрелігін алқа билердің қатысумен іс жүргізу арқылы дамытуды қажет етеді. Алқа билер соты – бүгінгі соттың ең озық қағидаттары мен дәстүрлері ескерілген қазақстандық нұсқа деген ойды құқықтанушылар айтқан болатын. Яғни, бұл халық өкілдерінің бұқара тарапынан сот билігін жүзеге асыруға және әділ шешім шығаруға қатысуы деген сөз.

Алқа билердің қатысумен сот ісін жүргізудің мақсаты – қоғамдағы азаматтардың құқықтарын қорғау ісіне қатысу, шешім шығаруда ұтымды да, тиімді жолдарын қарастыру және пайдалану, сот төрелігінде әділ үкім шығаруға ат салысу, азаматтардың мүдделерін заң талаптарын бұзуы әрекеттерінен қорғау болып табылады. Халық өкілдері атынан қатысатын алқа билер институты адамдардың құқығы мен бостандығы және заңды мүдделерін заңсыз әрекеттерден қорғайды. Сонымен қатар қоғамдағы құқық қорғау қатынастарын реттеу, осы институтты тиімді пайдалану жолдарын қарастыру, сот билігінде әділ шешім шығаруға ат салысу мәселелерін көздейді.

Алқа билер институтының маңыздылығы, ең алдымен, оның өлім жазасы және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген қылмыстық істерге қатысуында. Ал олардың қатысуын сотталушы мен қорғаушы талап ете алады. Бұл жағдай қалыпты құбылыс болуы тиіс. Өйткені, алқа билер институтын құрудағы қажеттіліктің бірі осы өлім жазасы және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген қылмыстық істерді қарау болып табылады. Кеңес өкіметі кезінде халық заседательдері қызметін жүзеге асырғанымен оның айтарлықтай сапасы да үлгі аларлықтай нәтижесі де болмады. Жалпы қазақ жұрты үшін халық өкілдерінің сот билігін жүзеге асыруға қатысу жат құбылыс емес. Өйткені қазақ елінің салт – дәстүрі, ғұрыптық ережелер жолымен құқықтық жүйені енгізген билер сотының жалғасын табу осы мәселенің бастауы болып табылады. Алқа билер институтының мәні қарапайым халыққа билік айтқыза отырып, оны билікке жақындатады. Сондай – ақ кәсіби емес судьялар болып табылатын адамдардың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы оның сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Алқа билер дербес тұрақты қолданылып жүрген сот мекемесі емес, өзінің өмірлік тәжірибесі және ішкі адал сезімі негізінде айыпталушының кінәлі немесе кінәсіздігі туралы мәселені айқындайтын, оны шешу үшін сотқа уақытша шақырылатын, 1 кәсіби судья, 10 алқа биден тұратын алқалық құраммен қатысатын соттың ерекше нысандағы институты. Республикамызда болашақта алқа билердің қылмыстық әрекеттердің басқа да санаттары кіретін сот үрдістеріне қатысуы мәселесінің қарастырылуы да мүмкін. Олардың қатысумен жүргізілетін сот үрдісі қорғаушылар қылмыстық сот ісін жүргізуде бәсекелестікке ынталандырады, судьялардың, прокурорлардың кәсіптік дағдыларын арттыруға қол жеткізеді. Алқа билердің қатысумен болған іс жүргізу кезінде сотталушыны кінәлі емес деп таныған жағдайда айыпталушы сот залынан тікелей босатылуы тиіс. Айыпталушы алқа билердің қатысумен сот ісін жүргізу құқығына ие болған соң шешім тек заң нормасы мен жинақталған сот тәжірибелері негізінде ғана шығарылмайды, сондай – ақ нақты қылмыс туралы және барлық жағдайлар бойынша тәуелсіз өзі талқылайтын адамдар тарапынан айыпталушының кінәлілік мәселесін қарайтын қоғам пікірімен де шешіледі. Осылайша, айыпталушының кінәлі немесе кінәсіздігі жөніндегі қылмыстық тергеудің негізділігі туралы мәселені шешуді халық өкілдері жүзеге асырады. Қазіргі кездегі Қазақстандағы сот жүйесіне енгізілген алқа билер соты айтарлықтай жақсы дамытылған жоқ, деп есептесек те болады. Бұл сот жүйесіне шет елдегідей жүйеге жету үшін, біздерге көптеген еңбек ету қажеті анық.

 


Дата добавления: 2015-07-18; просмотров: 337 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәрістердің тақырыптық жоспары және сағат саны | СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін әдістемелік нұсқау | Егер де бақылау нысаны баяндама түрінде берілсе онда төмендегі әдістемелік нұсқауға жүгініңіз. | Инструктор | Инструктор | Инструктор | Инструктор | Инструктор | Инструктор | Инструктор |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
VII. Глоссарий| Аралық бақылау сұрақтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)