Читайте также: |
|
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
кафедрасы
сараман
Есебі
студент
курсы
факультеті
мамандығы
Жетекшісі:
(ғылыми атағы, қызметі, ТАӘ)
Орал – 2015
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
« Химия» кафедрасы
Оқу практика бойынша
Күнделік
студент
курсы
факультеті
мамандығы
II. ПРАКТИКАДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
№ | айы | күні | Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны | қолы |
III. СТУДЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
(теориялық дайындығының деңгейін, орындалұан жұмыстың сапасын, еңбек тәртібін, кемшіліктер орын алса көрсету керек)
IV. КАФЕДРА МЕН СТУДЕНТТІҢ САРАМАН ӨТУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ
(Жетістіктері мен кемшіліктерін көрсете отырып қысқаша пікір беріледі)
Жоспар
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
2.1 Лабораторияда жұмыс істеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелер. Алғашқы көмек. Жарақаттың түрлері
2.2 Химиялық реактивтер және оларды пайдалану ережесі
2.3 Лабораториялық кабинеттің құрылымы. Ыдыстардың, құрал-
жабдықтардың, жиһаздардың орналасу ережесі
2.4 Таразы. Өлшеуіш құралдар және олармен жұмыс істеу
2.5 Ертінді, ертіндінің түрлері, классификациясы
2.6 Қыздырғыш құралдар. Термометр
3 Қорытынды
4 Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Біз 15.06.2015 – 20.06.2015жж аралығында химия зертханасында оқу сараманы өтті. Сараман мақсаты: әрбір адам химиядан зертханалық жұмыстар жүргізген кезде өзінің денсаулығына зақым келтірмеу мақсатында және басқада келеңсіз жағдайларға тап болмас үшін қауіпсіздік ережелерін білу, әр түрлі реактивтердің қасиетін, оларды пайдалану және сақтау ережелерін білу, лабораториялық кабинеттің құрылымын түсіндіріп, ыдыстардың, құрал – жабдықтардың орналасу ережесімен таныстырып, оларды өз қажетіне тиімді қолдана білуге үйрету, таразының көмегімен берілген заттардың дәл массасын анықтауды үйрену, ерітінділер туралы ұғымды, ерітінділердің концентрациясы, ерітінділердің анықтамасын, жіктелуін қарастыра отырып толығырақ түсіну, химиялық зертханада қолданылатын әр түрлі қыздырғыш құралдардың атқаратын қызметімен танысу.
Химиялық реактивтер, химиялық реагенттер - лабораторияларда анализ жасауда, ғылыми - зерттеу жұмыстарында түрлі қосылыстардың химиялық өзгерісін, қасиеттерін, алыну әдістерін анықтау, т.б. мақсаттар үшін қолданылатын химиялық препараттар. Химиялық реактивтер көбіне жеке заттар болғанымен кейбір заттардың қоспасы да (мысалы, петролейн эфирі) реактивтерге жатады. Тазалығына қарай Химиялық реактивтер ерекше тазартылған, химиялық таза, анализ үшін таза, аса тазартылған, техникалық өнім деп бөлінеді. Реактивтердің тазалығы мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы керек. Химиялық реактивтердің аты жазылған қағазда атауы, формуласы, қоспасының мөлшері көрсетіледі.
Кабинетте химия пәніне қажетті оқыту құралдары, оқушылардың жұмыс орындары, мұғалімнің жұмыс орны, мұғалім мен оқушыларға ортақ жұмыс құралдары, сынып тақтасы, оқыту құралдарын сақтайтын орын – шкафтар, стеллаж, сөрелер, жәшіктер, шыны ыдыстар, құралдар, штативтер, реактивтер т.б. құралдарды жинап, таситын жайпақ табақтар; техникалық құралдар, бөлмені қараңғылауға, техникалық құралдарды меңгеруге керекті электр жүйесі мен қуат жүйелері, оқушылардың өздері әзірлеген жұмыстарын іліп қоятын шиттер, мұғалімге керекті ғылыми-әдістемелік құралдар, анықтамалықтар болады.
Химиялық зертханаларда болатын таразылар техникалық, дәріханалаық және аналитикалық болып бөлінеді. Көпшілік жағдайда зертханада техникалық және аналитикалық таразылар қолданылады. Техникалық таразыда зат 0,01 грамға дейін дәлдікте өлшенеді. Таразы реакцияға дейінгі және реакция нәтижесінде түзілетін заттарды өлшеу үшін пайдаланылады. Техникалық таразы препаратор бөліміне таразы құжатында көрсетілген ереже бойынша орналастырылады. Таразы тастарының (гирьлері) арнайы қорапқа белгілі ретпен орналастырылады. Таразы тастарының салмақ дәлдіктері бұзылмау үшін оларды тек қысқышпен ұстайды. Ірі тастардың 500 мг-нан 1 г-ға дейінгілері қораптың шұқырында, ал қалғандары қораптың астаушасында сақталады да, үстіне полиэтилен немесе шыны пластинка жауып қояды. Аналаитикалық таразы – талдау (аналаиз) өнімдерін өлшегенде қолданылады. Өлшеу дәлдігі 0,0002 г. Аналитикалық таразының тастары техникалық таразының тастарынан өзгешелеу болады. Аналаитикалық таразы аса дәлдікті қажет ететін сыныптан тыс жұмыстарда көбірек пайдаланылады.
Ерітінділер - кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер.Ерітінділер газтәрізді, сұйық және қатыт болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің конценрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар.
Химиялық зертханаларда жүргізілетін маңызды операциялардың бірі – қыздыру. Зертханалық сараманда электрлік, газды және сұйықты қыздыру құралдары қолданылады. Электрлі қыздыру құрылғылары газ жүйесі тартылмаған зертханаларда маңызды қолданысқа ие. Сонымен бірге қыздыру қажет болғанда, бірақ газды жанарғыны қолдануға болмайтын жағдайда электрлі құрылғылар қолданылады. Мыс: тез ұшатын және тез буланатын органикалық еріткіштерді айдаған кезде қолданылады.
Термометр - дененің температурасын өлшеуге арналған құрал дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді ойлап тапқан адам ретінде Галилео Галилейді атайды. Оның өз қолымен жазған еңбектерінде термометрдің нақты сипаттамасы жоқ, бірақ оның шәкірттері Нелли мен Вивиани Галилейдің 1597 жылы термоброскопқа ұқсас бір нәрсе жасап шығарғанын байқаған.
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 369 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кесте - Қозғалтқыштың есептік параметрлерінің шамалары | | | Лабораторияда жұмыс істеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелер. Алғашқы көмек. Жарақаттың түрлері |