Читайте также: |
|
Химия зертханасындағы сәтсіздік жағдайлардың қандай түрі болмасын алғашқы көмекті керек етеді. Ондай жағдайда өте сабырлық пен ұқыптылық қажет. Мұндай кезде химия кабинетінің зертханашысы мен оқытушысы алғашқы көмек көрсетуі керек. Зертханадағы дәрі қорабында қажетті заттардың бәрі болуы тиіс.
Көмектің түрлері:
Есінен танғанда студентті таза ауаға шығарып немесе есік терезені ашып, бөлмені желдету керек. Кеуде түймелерін ағытып, мойнын босату керек. Аяғын сәл жоғары көтеріп, бетіне салқын су шашады. Содан кейін мүсәтір спиртін иіскеткен жөн.
Жарақаттанғанда ол жерді 3% - тік сутегі пероксидімен жуып, йодтың тұнбасымен зарарсыздандырып, таза дәкемен таңып қояды.
Мұрнынан қан кеткенде аурудың жаға түймелерін ағытып, мұрынға суық шүберек басады да, аяғын жылы ұстап, жылытқыш қояды.
Термиялық күю кезінде жарақаттанған жерге 2-3% - тік калий перманганатының ерітіндісіне малынған дәкені басады. Одан соң 2% - тік ас содасының ерітіндісімен зарарсыздандырады немесе стрептоцид сеуіп, таңып қояды.
Қышқылға күйген жағдайда қышқыл тиген жерді суық судың ағынына жуып 3% - тік ас содасының ерітіндісімен зарарсыздандырады. Содан кейін магний оксиді мен глицериннен жаңа дайындалған суспензиямен майлайды немесе күкірт қышқылының магний тұзы ерітіндісімен жуып, зарарсыздандырылған дәкемен таңып қояды.
Сілтіге күйген жағдайда сілті тиген жерді суық сумен жуып 1-2% - тік сірке суымен немесе лимон қышқылының ерітіндісімен бейтараптайды.
Фосфорға күйген жағдайда жанған фосфорды сөндіріп, күйген жерді 1-2 % - тік күкірт қышқылының мыс тұзы немесе калий перманганатының ерітіндісімен сүртеді. Сөйтіп 2% - тік ас содасының ерітіндісіне батырылған таза дәкемен таңып қояды.
Фенолға күйген жағдайда жарақаттанған жерді концентрациялы натрий тиосульфатының ерітіндісімен жуады.
Бромға күйген жағдайда теріні тез арада спиртпен немесе сұйылтылған сілті ерітіндісімен жуады. Содан кейін күйген жерді арнайы маймен майлайды. Бром буымен демалғанда спиртпен терең демалу керек. Сосын сүт ішіп, таза ауаға шығу керек.
Өте күшті әсер ететін органикалық заттар мен күйген жағдайда теріні еріткішпен жуып, медпунктқа жеткізу керек.
Жергілікті жердегі өртпен жанған киімді сөндіру.
1. Өрт шыққан жағдайда лабораториядағы барлық газбен электро приборларды тез арада айыру керек. Барлық жанғыш заттарды оттан алысқа жинап, өрт сөндіргішпен, құммен, өртке қарсы одеялоны пайдалану тиіс. Жалынға су шашуға болмайды, себебі көп жағдайда өрттің өршуіне әкеледі.
2. Егер кімде-кімнің киімі жанатын болса, ол адамды жерге құлатып, киіз жабынмен тез жабу керек. Қашуға болмайды, өрт күшейе түседі. Өзіңнің жанған киіміңді су құю арқылы немесе жерге домалау арқылы сөндіруге болады.
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 444 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Лабораторияда жұмыс істеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелер. Алғашқы көмек. Жарақаттың түрлері | | | Мақсаты: Әр түрлі реактивтердің қасиетін, оларды пайдалану және сақтау ережелерін білу. |