Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лабораторияда жұмыс істеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелер. Алғашқы көмек. Жарақаттың түрлері

Читайте также:
  1. Бiрiншi бағыт: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
  2. Бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
  3. Биполярлы транзистордың жұмыс істеу режимдері. Транзисторлардың жіктемесі. Транзистордың негізгі параметрлері.
  4. Гепатобилиарлы жүйе аурулары кезіндегі витамин жеткіліксіз жағдайлардың негізгі себебі
  5. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.
  6. Дипломдық бітіру жұмысының өзектілігі.
  7. Жұмыс оқу бағдарламасы.

Ж

Мақсаты: Әрбір адам химиядан зертханалық жұмыстар жүргізген кезде өзінің денсаулығына зақым келтірмеу мақсатында және басқада келеңсіз жағдайларға тап болмас үшін қауіпсіздік ережелерін білу керек.

Қауіпсіздік ережелерін сақтағанда ғана сәтсіз оқиғалардан сақтануға болады. Әдетте қауіпсіздік ережелерін сақтау тәжірибе жүргізетін жұмыстың түріне байланысты болады. Бірақ лабораторияда жұмыс жасайтын адамдардың әрқайсысы үшін ол қандай тәжірибе орындамасын міндетті түрде сақталатын жалпы ережелер қолданылады:

1. Лабораторияда жалғыз адам жұмыс жасауға үзілді-кесілді тиым салынады, себебі сәтсіз оқиға бола қалған жағдайда зақымданған адамға көмек көрсететін ешкім болмай қалады.

2. Лабораторияда жұмыс істегенде тазалықты, тыныштықты, тәртіптілікті, қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң түрде сақтау керек, себебі асығыстық, ұқыпсыздық ауыр зардаптар әкелетін келеңсіз оқиғаларға соқтырады.

3. Әрбір жұмыс жасаушы алғашқы көмек көрсету үшін өртке қарсы құралдар мен аптечканың лабораторияда қай жерде тұрғанын білулері керек.

4. Лабораторияда темекі шегуге, тамақ ішуге, су ішуге қатаң тиым салынады.

5. Жұмысқа оқушылар жасалатын тәжірибенің орындалу техникасын меңгермейінше кірісуге болмайды.

6. Тәжірибені тек таза ыдыстарда жүргізу керек. Жұмыс кезінде тазалықты, ұқыптылықты сақтау керек, заттардың бет пен қол терісіне түспеуін қадағалау керек, себебі көптеген заттар (галогендер, фенол, нитроқосылыстар) теріні, шырышты қабықты тітіркендіреді. Тәжірибеден кейін ыдыстарды бірден жуу керек.

7. Лабораториядағы заттардың бірде-біреуінің дәмін татуға болмайды. Заттың иісін анықтағанда ыдысты мұрынға жақын апаруға болмайды. Иісті білу үшін ыдыстың аузынан мұрынға қарай алақанмен желпу керек.

8. Реактивтер сақталған барлық банкілерде, шыны ыдыстарды заттардың аттары көрсетілген этикеткалар болу керек.

9. Ерітіндісі бар шыны ыдыстарды бір қолмен мойнынан, екінші қолымен түбінен ұстау керек.

10. Органикалық заттармен ерітінділерін пипеткамен ауызға соруға қатаң түрде тиым салынады.

11. Сұйық және қатты заттарды пробирка мен колбада қыздырғанда аузын өзіңе және көршіңе қаратуға, үстінен қарауға болмайды.

12. Жұмыс аяқталғаннан кейін газды, суды, электр энергиясын айыру керек.

13. Раковинаға қышқылдар мен негіздердің қойытылған ерітінділерін, органикалық еріткіштерді, өте күшті иісті және тез тұтанғыш заттарды құюға болмайды. Барлық қалдықтарды арнаулы ыдыстарға құю керек.

14. Әрбір лабораторияда қорғаныштық маскалар, көзілдіріктер, противогаздар, респираторлар болу керек.

15. Әрбір ғимаратта өрт сөндіруге қарсы құралдар: құм салынған жәшік, қалағы мен, өртке қарсы одеяло (асбесттік немесе киізден жасалған), зарятталған өрт сөндіргіштер болу керек.

16. Лабораторияда қол жететін жерде көмек көрсетуге қажетті медикаменттер: танин ерітіндісі, калий перманганаты, бор қышқылы, йод, мақта, бинт, пластырь, күйікке қарсы май болу керек.

 

Қышқылдар және негіздермен жұмыс істеу ережесі:

1. Қышқылдар және негіздермен жасалатын барлық жұмыста қорғаныштық көзілдірік пен маска кию керек. Қышқылдар мен негіздердің терімен көзге түсуі өте ауыр жағдайға ұшыратады.

2. Қышқылдар мен негіздерді түтік пен пипеткада ауызға тартуға болмайды.

3. Қышқылдарды су қосып сұйылтқанда мына ереже естеріңде болсын: суды шайқай отырып, оған қашқылды жайлап сыздықтатып құю керек, қышқылға су құюға болмайды. Бұл жағдайда көзге көзілдірік кию керек.

4. Натрий мен калий гидроксидтерінің ерітінділерін көзге көзілдірік кию арқылы, суға сілтілердің аздаған мөлшерін қосу арқылы алу керек. Сілтілердің бөлшектерін қолмен емес, қысқышпен алу керек.

5. Күкірт қышқылы вакуум-эксикаторда су сорғыш құрал ретінде пайдалануға тиым салынады, себебі эксикатор жарылған кезде төгілген қышқыл жұмыс істеушінің терісіне тиіп, күйдіруі мүмкін.

6. Ерігіш қышқылдар мен жұмыс істеген кезде, тәжірибені арнаулы ыдыстарда, сорып алатын шкафпен өте сақтық жағдайда жүргізілуі керек. Міндетті түрде резиналы қолғап, қорғаныштық көзілдірік немесе маска кию керек.

Броммен жұмыс істеу ережесі:

1. Бромды қалың қабырғалы аузы жабылған шыны ыдыстарда ұстау керек. Бром салынған шыны ыдыстар желдеткіш шкафтағы құм салынған металл жәшіктерде тұру керек.

2. Бром шырышты қабыққа өте күшті әсер етеді, ол теріге тисе тез жазылмайтын күйікке әкеледі. Броммен жүргізілетін барлық жұмыс жартылай ашылған екі жақты қақпағы бар желдеткіш шкафта тек резиналы қолғаппен қорғаныштық көзілдірікпен жүргізіледі.

3. Бромы бар шыны ыдысты құм салынған ыдыспен тасымалдау керек.

4. Бром құятын құйғыштың краны фосфор қышқылымен майланып, резиналы сақинамен бекітілуі керек. Жұмыс алдында құйғыш кранына ауа кірмеуін тексеру керек. Тамшылық құйғышқы бірден 10 мл – ден астам бром құюға болмайды.

 

Натрий металымен жұмыс жасау ережесі:

1. Натрий және калий металдары мен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін өте күшті сақтау керек. Олардың сумен және галогенді қосылыстар мен жанасуына жол бермеу керек.

Натриймен жүргізілетін барлық жұмыстар қорғаныштық көзілдірікпен, су жүретін ашық краннан, су соратын насостардан және басқа да су көздерінен алыста өтуі керек.

2. Металдық натрийді қалың қабырғалы шыны немесе темір ыдыстарда құрғатылған керосиннің, жоғары қайнағыш инертті көмірсутектің немесе трансформатор майының қабаты астында сақтауға болады. Натрий салынған банкілер қабықты тығынмен жабылып металл ыдыста немесе құм салынған жәшікке орналастырылуы керек.

3. Жұмыс үшін металдық натрийді банкіден тек қысқышпен алу керек. Алынған натрийдан құрғақ ақ қағаздың бетіне салып қажетті мөлшерін пышақпен кесіп алып, керосиннен тазартып реакцияға кірістіреді, Қалғанын стакандағы керосиннің, құрғақ эфирдің астына орналастырады.

4. Сілтілік металдардың кесілген бөлшектері мен қалдықтарын тәжірибеден кейін керосині бар банкіге жинап, қағазға, ыдысқа техникалық этил спиртін құяды.

5. Натрий қалдықтарын раковина мен қалдықтар жәшігіне лақтыруға болмайды.

6. Натрий бөлшектерін бос колбалар мен шыны ыдыстарда қалдыруға болмайды. Бетін ақ түс жапқан натрийді кальций хлориді мен шатастырып алуға болады. (қауіпті!)

 

Улағыш заттар мен жұмыс жасау ережесі:

1. Цианидтер мен, диметилсульфатпен, төменгі қышқылдардың хлор ангидридтерімен азот (IV) оксидтерімен, фосгенмен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Бұл заттар мен жүргізілетін тәжірибелер жақсы жұмыс жасайтын сорып алатын шкафтарда қолғаппен жасалуы керек.

2. Фенолмен, галогенді нитро қосылыстармен, қанықпаған карбонильді қосылыстармен, қанықпаған қышқылдармен жұмыс жасағанда қолғаппен, көзілдірікпен жасау керек, себебі бұл заттар теріні күйдіріп, шырышты қабықты тітіркендіреді.

 

Тез тұтанатын заттар мен жұмыс жасау ережесі:

1. Тез тұтанғыш заттар мен жүргізілетін тәжірибе оттан және электроплиткаларынан алыста жүргізілуі тиіс. Тез тұтанғыш сұйықтарды (эфир, ацетон, күкіртті көмірсутек, бензол, спирт) қыздыруды алдын-ала қыздырылған су моншасында, колбада, қыздырғыш құралдардан алыста су мұздатқышы мен қамтылған жағдайда жүргізілуі тиіс.

2. Тез тұтанғыш заттары бар приборларды айыру жақын жердегі газ жанарғысы айырылғаннан кейін ғана жүргізіледі.

3. Тез тұтанғыш заттарды канализацияға, қалдық салатын жәшікке құюға болмайды, себебі шырпы тисе өрт шығады.

4. Айыруды құрғағанша жүргізуге болмайды, себебі көптеген заттар (диметил эфирі, диоксан) ауамен жанасқанда қопарылыс береді.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 2292 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мақсаты: Әр түрлі реактивтердің қасиетін, оларды пайдалану және сақтау ережелерін білу. | Реактивтерді қолдану ережелері | Зертханашының дайындық бөлмесінің жабдықтары | Лшеуіш құралдар және олармен жұмыс істеу | Электрлі қыздыру құрылғылары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кіріспе| Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)