Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

Читайте также:
  1. Аорта өзегінің стенозы
  2. Бап. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу
  3. Бап. Мәслихаттардың құзыретi
  4. Бап. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру өкілеттігі
  5. Бап. Мәслихаттың актiлерi
  6. Бап. Мәслихаттың хатшысы

1. Депутат:
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
3) Алынып тасталды.
4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;
5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
6) тиiстi әкiмдік отырыстарының жұмысына қатысуға;
7) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
8) фракциялар мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
2. Депутат:
1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы, жылына кемінде бір рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе тұруға міндетті.
3. Мәслихаттың әрбір депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік беріледі.
Мәслихат депутаты, қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша тиісті мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы.
Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кідіріссіз қабылдауға және оларға жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда қажетті жәрдем беруге міндетті.
4. Мәслихат депутатына осы баптың 2-тармағында көзделген өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны, сондай-ақ мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық әдеп қағидаларын бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:
1) мінеу;
2) көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауға мәжбүр ету.
5. Жазалар тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында олардың қолданылуы туралы ақпарат жариялана отырып, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен мәслихат сессиясында қолданылады.
Жазалардың нақ сол бір теріс қылық үшін қайтадан қолданылуы мүмкін емес.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Мәслихаттардың құзыретi | Бап. Мәслихаттың актiлерi | Бап. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру өкілеттігі | Бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыру | Бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің құзыретi | Бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктер. Құрылуы және құрамы | Бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті | Бап. Әкiмдіктің, әкiмнiң актілерi | Бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Мәслихаттың хатшысы| Бап. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)