|
Зертханашының дайындық бөлмесі химия кабинетінің бірден-бір бөлімі болып табылады. Мұнда зертханалық жабдықтардың біраз бөлігі, реактивтер, техникалық құралдар, көрнекі құралдар сақталады. Сонымен қатар мұнда мұғалім сабаққа әзірленеді, ал зертханашы сабаққа қажетті жабдықтарды, реактивтерді даярлау жұмысын жүргізеді. Зертханашының дайындық бөлмесінде сабаққа қажетті қосалқы жабдықтар да болады: қыздыру, кептіру, сүзу, жуу аспаптары тұратын арнайы орындар және мұғалімнің сабаққа дайындалатын жазу үстелі. Суды тазартатын, әр түрлі жабдықтарды жөндейтін үстел, көрнекіліктерді сақтайтын шкаф, әдістемелік қосымша әдебиеттерді, дидактикалық материалдарды сақтайтын кітапханалық бұрыш болуы керек. Препараторлық үстелдің асты мен үстіңгі бөліктерінде реактивтер, кішкентай шыны сауыттар, басқа да құрал-жабдықтарды сақтайтын орындар болады. Препаратор үстелінің үстіңгі бөлігі бірнеше бөліктерден тұрады. Үстелдің ең жоғары бөлігінде көрнекі көрсету тәжірибелерінде көбірек пайдаланылатын реактивтер ретімен қойылады. Сирек қолданылатын реактивтер кіші ыдыстарда сақталады. Сөренің сол жағына мырыш, темір, мыс тұздарының ерітіндісі құйылған кішкентай шыны сауыттар, ал оң жағында сапалық реакцияларға қажетті реактивтер мен индикаторлар ерітіндісі, төменгі ортаңғы бөлігінде қышқылдар, оның төменгі сол жақ бөлігінде натрий, калий тұздары, ал оң жағына аммоний, кальций, магний, алюфиний, орта шеніне сілтілердің ерітінділері қойылады. Сөредегі ыдыстар түсіп кетпес үшін қалқандық жалпақ тақтай қағылады. Ерітінді құйылған кішкентай шыны сауыттардың затбелгісіне заттың формуласын, концентрациясы жазылады. Затбелгілердің сыртына лак жалатылады. Сөрелердің кемеріне қағылған қалқандарда реактивтердің орны көрсетіледі.
Препаратор үстелінде әр түрлі тәжірибелер сыналып, қажетті реактивтердің әр түрлі концентрациясы дайындалады, құралдар құрастырылады, көрнекіліктер әзірленеді, т.б.
Препаратор үстелінің астына төрт жәшік қойылады. Онда мына төмендегідей құралдар мен жабдықтар сақталады. 1- жәшікте құралдары құрастыруға қажетті заттар: атауыз, дәнекерлеуші электр құралы, тескіш(дрель), егеулер – үш қырлы, жалпақ, домалақ (әрқайсысы біреуден), қағаз, қатырмақағаз кесетін қайшы, қандауыр, пышақ (2 данадан), ине, жуалдыз, тығын тескіш бұрғылардың жиынтығы, балға, төс, әр түрлі бұрағыштар, шығыршықты (роликті) шыны кескіш. 2- жәшікте – темір қасықтар, шыны түтіктер, пробирка ұстағыштар, тигель ұстағыш, қалақша, қасық, зат жағатын қасық, бұрғылар, пробирка, колба ыдыстарын жуатын жуғыш-ерштер, резеңке түтіктер, резеңке қолғап, т.б. 3- жәшікте - құралдарды құрастыратын әр түрлі бөлшектер, ортасы тесілген тығындар, иілген шыны түтіктер, т.б. 4- жәшікте - әр түрлі өлшеуіш аспаптары (тамызғыш, мензурка, цилиндр т.б.) мен су тазалайтын аспаптарға арнаулы орын бөлінеді.. Қазір мектептің химия зертханасында АДУ-2 су тазартатын аспап кең түрде пайдаланылып жүр.
Зертханашының дайындық бөлмесінде шағын кітапхана мен нормативті құжаттарды сақтайтын шкаф болады. Кітапханада әдістемелік әдебиеттер, анықтамалықтар, оқулықтар, әр түрлі картотекалар т.б. қиындылар болады. Олар алфавиттік жүйе бойынша қойылады. Бұл бөлімді даярлауға мектептің кітапханшысы көмектеседі. Ал зертханашы осылардың сақталуына жауапты. Осы бөлімде реактивтер мен құралдарды пайдаланудың, оларды есептен шығарудың құжаттары да сақталады. Еңбекті қорғаудың жағдайына арналған журнал, түрлі қауіпсіздік ережелері оқу бөлімдерінің нұсқаулары т.б. болады.
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 552 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Реактивтерді қолдану ережелері | | | Лшеуіш құралдар және олармен жұмыс істеу |