Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. Кіріспе
  3. КІРІСПЕ
  4. КІРІСПЕ
  5. КІРІСПЕ
  6. Кіріспе.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті

Экология, өсімдік шаруашылығы және егіншілік кафедрасы

 

5В080100 – «Агрономия» мамандығының 3-курс студенттерінің өндірістік сараманын ұйымдастыру және өткізу туралы

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

Орал 2012


УДК 632

Құрастырушы: Габдулов М.А., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Сын пікір берген: Насиев Б.Н., доктор сельскохозяйственных наук

5В080100 – «Агрономия» мамандығының 3-курс студенттерінің өндірістік сараманын ұйымдастыру және өткізу туралы

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

 

Әдістемелік нұсқауға студенттердің өндірістік сараманының мақсаты мен міндеттері кіреді. Нұсқауда сараманды ұйымдастыру және өткізу мәселелері және сараман кезінде студенттердің меңгерулері тиіс мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар нұсқауда сараман кезінде күнделік жүргізу тәртібі және сараман қорытындысы бойынша есеп дайындау бойынша қойылатын талаптар мен есепті жазу тәртібі келтірілген.

Бұл әдістемелік нұсқау 5В080100 – «Агрономия» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналып, 3.08.359-2006 мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дайындалды

 

_____________ ж. кафедра отырысында қарастырылды

№ 9 хаттама

 

Ветеринария және агробиотехнология факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында ________ ж. қарастырылды

№ ____ хаттама

 

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында ________ж. бекітілді

№ ____ хаттама

 

 

© «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті» РМҚМ


КІРІСПЕ

Жоғарғы оқу орындарында өндірістік сараман жоғары сапалы мамандарды дайындаудың ең маңызды бөлігі. Өндірістік сараман алдыңғы қатарлы техникалармен жабдықталған, технологиясы жоғары сараман базасы болып саналатын өндіріс орындарында, шаруашылықтарда өткізіледі. Білім алушылар үшін бұл аталған сараман түрі териялық білімін өндіріс жағдайында тереңдетіп, практикалық машықтанып, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді үйренуге бағытталады. Білім алушылар өндірістік сараман барысында кәсіби тәжірибе жинақтап, ұйымдастыру жұмыстарын меңгеруі тиіс.

050801 – «Агрономия» мамандығының студенттері үшін өндірістік сараман профессор-оқытушылар мен шаруашылықтың жетекші мамандарының жетекшілігімен 3-курста ұйымдастырылады.

Өндірістік сараманның мақсаты студенттердің ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру және өңдеу бойынша теориялық оқу барысында алған білімдерін бекіту және тереңдету, ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің бүгінгі күнгі технологиясын меңгеру барысында кәсіби білімін шыңдау, болашақ мамандардың бойында кәсіби қызметін ұйымдастыру және талдай білуді қалыптастыру

Өнідірістік сараманның міндеті:

Ø өндіріс жағдайында оқу барысында алған теория жүзіндегі білімдерін тереңдету және бекіту;

Ø кәсіби-практикалық және өндірістік білімдерімен машықтығын меңгеру;

Ø кәсіби дайындығын кеңейту және тереңдету, кәсіби тұлға болып қалыптасууына жағдай жасау;

Ø өндірістік жоспарлауды және талдауды үйрену;

Ø мамандығы бойынша негізгі жұмыстарды атқаруды және кәсіби түйінді мәселелерді шешу әдістері мен технологиясын меңгеру;

Ø өндіріс орындарындағы инновациялық, оның ішінде маркетингтік және менеджерлік қызметтермен танысу;

Ø студенттердің бойында өз мамандықтарына деген тұрақты қызығушылықты қалыптастырып, агроном ретіндегі қызметіне қажетті кәсіби пәндерді терең меңгеруіне ықпал жасау.

Студенттердің өндірістік сараманы диплом алды сараманымен ұштастырылады. Бұл аталған сараманға бітіруші кафедраның оқытушысы немесе диплом жұмысының жетекшісі жетекшілік етеді.

Диплом алды сараманның мақсаты жетекшісінен алған тапсырма бойынша тәжірибе қойып, тиісті бақылаулар өткізіп, диплом жұмысына немесе жобасына қажетті мәліметтерді жинақтау.

Диплом алды сараманның міндеттері:

ü егістік тәжірибесін қою әдістемесін меңгеру;

ü өсімдіктің өсіп-жетілуін бақылауды және талдауды үйрену;

ü диплом жұмысының (жобасының) тақырыбына сай мәліметтерді жинақтап, өңдеу;

ü ғылыми-зерттеу жұмысының ерекшеліктерін меңгеру.

Студент сараманына щқу-әдістемелік жетекшілік ету университеттен тағайындалған жетекшіге жүктеледі. Өндіріс жағдайында өндірістік сараманға жетекшілік ету шаруашылық басшылығымен тағайындалған сараман жетекшісіне немесе тиісті маманға жүктеледі.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 453 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Егіншілік | Сараман нәтижелері және құжаттар | ЕСЕПТІ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ | ОСЫМШАЛАР |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Общие требования к отчету по практике| Сараманның мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)