Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сараман нәтижелері және құжаттар

Читайте также:
  1. Аз. Кеуде және құрсақ қуысының жарақаттары, қаз.
  2. Аз. Хирургиялық гастроэнтерология және колопроктология, қаз
  3. Аз. Хирургиялық ифекция және амбулаторлы хирургия, каз.
  4. Андай рецепторлардан сенсорлық ақпарат Швальбе, Манаков, Дейтерс және Бехтерев ядроларына келіп түседі?
  5. Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары
  6. Бiрiншi бағыт: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
  7. Бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктер. Құрылуы және құрамы

 

Сараман біткеннен соң студенттің сараман туралы кафедраға тапсыратын құжаттарының тізіміне – шаруашылықтан алынған анықтама (сараманға кетерінде алған жолдаманың түбіртегі), сараманның шаруашылықтағы жетекшісінің берген мінездемесі, күнделік және сараман есебі.

Студентке мінездемені шаруашылықтағы сараман жетекшісі береді. Еркін түрде жазылған мінездемеде мынадай мәліметтер болуы қажет:

– студенттің сараман өткен шаруашылығының толық аты;

– мінездеме қай уақыт аралығына берілгені;

– студенттің сараман барысында тікелей қатысқаны жұмыстарының тізімі;

– студенттің тапсырылған жұмысқа жауапкершілігі, жұмысты атқару сапасы және студенттің берілген тапсырмаларды өзбетінше орындауға қабілеті және дайындық деңгейі;

– сараман өту кезіндегі студенттің тәртібі, қызметке ынтасы және сараман барысында студент тарапынан байқалған кәсіпкерлік қасиеттері;

– стіденттің қызмет ұжымымен, шаруашылық басшылығымен қоян-қолтық жұмыс істей білуі;

– студент тарапынан байқалған жағымсыз мінездері, қасиеттері, сараман барысында байқалған кәсіби және адами кемшіліктері;

– студенттің сараманды меңгеру деңгейін бағалауға ұсыныс;

– мінездеменің дайындалған уақыты.

Мінездеме шаруашылықтың арнайы бланкісіне немесе бұрыштама мөрі соғылған жай қағазға жазылады. Мінездемеге шаруашылық басшысы немесе сараман жетекшісі (шаруашылықтан) қол қойып, шаруашылықтың мөрі соғылады..

Күнделік студенттің сараман өту барысын сипаттайтын негізгі құжат болып табылады (1-қосымша). Сараман есебінің негізгі бөлімдері (студенттің жеке өзінің өндіріске қатысуы) күнделіктегі жазбаларға сүйеніп жазылады. Күнделікте студент күн сайын атқарған жұмыстарын және оның нәтижелерін жазып отыруы қажет.

Шаруашылықтан тағайындалған сараман жетекшісі күнделікті аптасына бір рет, ал университеттегі жетекшісі сараман барысын тексеру барысында студенттің күнделігін тексеріп, оған сараманның барысы жайында пікірін жазып, қолтаңбасын қалдыруы қажет.

Күнделік ұқыпты түрде қолдан жазылады. Күнделікте мынадай мәліметтер болуы қажет:

· ауа-райының бақылауы (жауын-шашын, жел, орташа температура) және ауа-райы жағдайының ауыл шаруашылық жұмыстарды атқаруға әсерін сипаттау;

· жұмыстарды талдау және сипаттау (жұмыс түрі, ауыл шаруашылық үрдістерінің қысқаша сипттамасы, агрегат құрамы және оны біріктіру тәртібі, жұмыс атқару нормалары, негізгі агротехникалық жұмыстарды – себу, тыңайту, ору, химиялық препараттарды қолдану т.б. – атқару мерзімдері, себу мөлшері, жанар-жағар май шығыны және т.б.), атқарылған жұмыс сапасы, жұмыс нәтижелері, кемшіліктері, және олардың туындау себептерін талдау. Қайсыбір жұмыстарды атқару барысындағы проблемалар;

· негізгі дақылдардың өсіп-өнуін бақылау.

Сараман есебі. Сараман нәтижесін бағалайтын негізгі құжат – есеп. Бұл есепті студент төмендегідей құрылым бойынша дайындалады:

1. Кіріспе

2. Шаруашылық туралы мәлімет (орналасқан орны, құрылымы) (2-қосымша);

3. Шаруашылықтың қысқаша сипаттамасы: табиғи жағдайлары (топырағы, климаты, топырақ жамылғысы т.б.) (3-қосымша);

4. Шаруашылықтың өндірістік жағдайын талдау:

· жер құрылымы (4-қосымша);

· егіс құрылымы (5-қосымша);

· жалпы өнім өндіруі (6-қосымша);

· өнімді сату (7-қосымша);

· шаруашылықтың механикаландыру деңгейі (8-қосымша);

· өнімнің өзіндік құны (9-қосымша);

4. егіншілік жағдайын талдау:

· өсірілетін дақылдар туралы мәліметтер (5-қосымша);

· шаруашылықтағы ауспалы егістікті сипаттап жазу;

· ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру агротехникасын сипаттап жазу;

· негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі, оның құрылымы және сапасы (10-қосымша);

· дәнді жинағаннан соң алғашқы өңдеу.

4. Өндіріс жағдайында жасалған тәжірибелердің қысқаша нәтижелері.

5. Қорытынды және ұсыныстар.

Сондай-ақ есепке суреттер, графиктер, фотосуреттер, студент жұмыс істеген шаруашылықтағы қолданыстағы құжат үлгілері схемалары және т.б. көрнекі құралдар кіреді.

Осылайша дайындалған есеп кафедраға күнделікпен және шаруашылықтан алған студент мінездемесі тапсырылады. Осыдан соң есепті жетекшісі тексеріп шығып, қорғауға жіберуге болады, немесе болмайды деп өз пікірін жазып, кафедра меңгерушісің шешімімен құрылған комиссияға тапсырады.

 

САРАМАН ЕСЕБІН ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР,


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 565 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Сараманның мазмұны | ОСЫМШАЛАР |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Егіншілік| ЕСЕПТІ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)