Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есепті тапсыру жӘне ҚорҒау тӘртібі

Читайте также:
  1. Кесте - Қозғалтқыштың есептік параметрлерінің шамалары
  2. Кесте - Қозғалтқыштың есептік параметрлерінің шамалары
  3. Кесте - Автомобильдің отындық сипаттамасын құруға арналған есептік мәліметтер
  4. ПАРАФИН ЖӘНЕ ОЗОКЕРИТПЕНЕМДЕУ
  5. Р қаржы құқығы» пәні бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
  6. Р қаржы құқығы» пәні бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

Есепті жазу оқу жұмыстарына арналған өндіріс стандарттарының талаптарына сай жасалады.

ГОСТ 2.301-68 стандарты бойынша есеп мәтіні А 4 (210x297 мм) форматты ақ қағаздың бір жағына қолмен немесе машинамен теріп жазылады. Қажет болған жағдайда үлкен кестелерді, суреттерді қосымшаға үлкен қағазға жазуға болады. Беттердің мәтін бөлігі рамкамен көмкерілмейді. Мәтін қағаз бетінің жиегінен мынадай ара қашықтықта толтырылуы тиіс (ең кем дегенде): сол жағынан – 30 мм, оң жағынан – 10 мм, үстіңгі және астыңғы жиектерінен – 20 мм. мәтін жолдарының арасы 1,5 интервал, кестелерде ғана жол интервалын азайтуға болады. Азат жол бүкіл мәтін бойына – 1,25 мм.

Қажет болған жағдайда мәтінге ұқыпты түзетулер енгіізуге болады. Бір беттегі түзету бестен аспауы тиіс.

Есеп қолмен жазылатын болса мұқият және ұқыпты бір түсті сиямен (қар немесе көк) толтырылады. Мәтін жолдарының арасы 10 мм кем емес. Азат жол бүкіл мәтін бойына 15-17 мм.

Есептің барлық беттері титул бетінен бастап қосымшамен қоса тұтас нөмірленеді. Бет нөмірі мәтіннің тменгі жағына беттің ортасына салынады. Титул беті бірінші бет болып саналады, бірақ оған нөмір қойылмайды.

Есеп бөлімдерінің араб цифрлерімен белгіленген реттік нөмірі болуы қажет. Бөлім нөмірінен соң және бөлім атауынан соң нүкте қойылмайды. Бөлім атаулары қарапайым әріппен азат жолдан бастап толтырылады. Есептің негізгі құрылымдық элементтері (мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, түйін, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар) жаңа беттен басталғаны жөн.

Тараушалар әр тараудың ішінде нөмірленеді. Тарауша нөмірі тарау нөмірімен біріктіріліп жазылып, бір-бірінен нүктемен бөлінеді. Тарауша атауы да үлкен әріппен басталып қарапайым әріппен жазылады. Нөмірдің және тарауша атауының соңында нүкте қойылмайды. Атау сөздерін бөліп келесі жолға тасымалдауға болмайды. Егер атау екі сөйлемнен тұрса нүктемен бөлінеді. Мәтін тарау және тарауша атауларынан қабылданған бір интервал кейін шегеріліп жазылады.

Есеп мәтіні қысқа, нақты және түсінікті болуы қажет. Мәтіндегі қысқартулар ГОСТ 7.1-93 стандартына сай болуы тиіс. Өлшем бірліктері бүкіл мәтін бойына бір және ГОСТ 8.417-81 стандартына сәйкес болуы қажет.

Мәтіндегі барлық формулалар араб цифрімен нөмірленеді. Формула нөмірі қарапайым жақшаға алынып беттің оң жағынан салынады.

Мәтіндегі кестелер ГОСТ 2.105-95 стандартына сәйкес толтырылады. «Кесте» сөзі кестенің үстіңгі сол жақ бұрышынан үлкен әріппен басталып жазылады. Мәтінде бірнеше кесте болса олар нөмірленеді. Кесте нөмірі сөзінің алдынан араб цифрімен салынады. Нөмірден соң сызықша (дефис) қойылады. «Кесте» сөзінен соң нүкте қойып, үлкен әріптен басталып кесте атауы жазылады. Кестеге «рет №» бағаны кіргізілмейді, көрсеткіштері нөмірлері қатарына жазылады. Кестеге «Өлшем бірлігі» бағаны кіргізілмейді, олар тиісті жолға оң жағынан жазылады.

Мәтін ішінде кестелерді оларға жасалған сілтемеден соң орналастырған жөн. Мысалы: «Шаруашылық топырақтарының басым бөлігі дефляцияға ұшыраған (1-Кесте)». Кесте бір бетке сыймаған жағдайда келесі бетке кесте атауы жазылмайды, тек кесте басы көшіріліп жазылады. Оның үстіңгі жағына «1-Кестенің жалғасы» деп жазылады. Егер кестеге сілтемеден соң өзі сыймайтын болса кестені келесі бетке жазуға болады. Сыймаған беттегі бос жер мәтін жалғасымен толтырылады. Кестеден соң кестеге түсіндірме, қорытынды немесе негіздеме беріледі.

Мәтін иллюстрациялары (графиктер, суреттер, сызбалар және басқалары) сурет деп аталады да бүкіл жұмыс бойына нөмірленеді (бірден көп болса). «Сурет» сөзі астынан сол жақ бұрышынан жазылады. Егер сурет саны бірден көп болса олар нөмірленеді. Нөмір «сурет сөзінің алдынан салынып, екеуінің арасына сызықша қойылады. Сурет атауы үлкен әріптен басталып жазылады. Қажет болған жағдайда сурет астына түсіндерме мәтін жазылады. Мәтінде суретке сілтеме жасаған да былай жазылады, мысалы: «4-суретте көрсетілгендей....».

Дайын есепті папкаға тігіп, бетіне титул беті жапсырылады. Есептің бірінші беті титул бетінің қайталамасы болып табылады, одан соң белгіленген тәртіп бойынша жұмыс мазмұны жазылады. Есептің көлемі 25-30 бет.

Дайын болған есеп күнделігімен және шаруашылықтан алынған мінездемесімен кафедраға тапсырылады. Кейін оны жетекші қарап шығып есепке пікір жазады да кафедра меңгерушісінің ұйғарымымен құрылған комиссияға қорғауға тапсырылады. Студенттің сараман есебін қорғау кезінде жетекші міндетті түрде қатысуы шарт! Комиссия отырысында есепті бағалағанда оның орындалу сапасы ескерілуі тиіс.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 160 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Сараманның мазмұны | Егіншілік |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сараман нәтижелері және құжаттар| ОСЫМШАЛАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)