|
2.1 Шарушылықтың егіс құрылымын талдау. Ауыл шаруашылық дақылдарының соңғы үш жылдағы жалпы өнімі және өнімділігі. Ауыл шаруашылық егістікте дақылдарының алғы дақыл бойынша орналастырылуы. Ауыспалы егістіктің жай-күйін және қолданыстағы агротехниканы талдау. Шаруашылықта қолданылатын агротехникалық шаралар. Жаңа дақылдарды енгізу және меңгеру (еегер болса).
2.2 Көктемгі егіске дайындалу және себу. Көктемгі себу жоспарын жасақтауға қатысу. Көктемгі ылғал жабу мақстаындағы тырмалау жұмыстарын ұйымдастыру. Шаруашылықта себілетін ауыл шаруашылық дақылдарының сорттары, олардың сипаттамасымен танысу. Себуге дайындалған дақыл тұқымдарының құжаттарымен танысу, тұқымдардың сорттық және себу сапасы.
Тұқымдық материалдарды дайындау. Шаруашылықта тұқымдарды дәрілеуді ұйымдастыру. Шаруашылық тұқымдарды өз күшімен дәрілейтін болса дәрілеу тәсілі, дәрілеу машинасы және оның негізгі техникалық сипаттамасы. Шаруашылықта тұқым дәрілеу үшін қолданылған фунгицидтер, оның қысқаша сипаттамасы, дақыл түрлері бойынша қолдану мөлшері.
Қыстап шыққан күздіктер егістігінің күйін бағалау, күту шаралары.
Дақыл түріне, алғы дақылдарға және ауа райына байланысты егістік жұмыстарының басталу мерзімін белгілеу. Себу. Тұқым сапасына және жағдайына байланысты себу мөлшерін белгілеу. Тұқымды, тыңайтқыштарды, жанар-жағар майды және басқа қажетті материалдарды егістік басына тасымалдауды ұйымдастыру. Тракторлар мен сепкіштерді толтыру жұмыстарын ұйымдастыру. Себер алдында және сепкен кезде егістікті тыңайту.
Жұмыс сапасын бақылау. Агротехника талаптарын, тұқымдар мен жанар-жағар майдың үнемді дұрыс жұмсалуын бақылау.
2.3 Ауыл шаруашылық дақылдарын күту. Арам шөптердің жеке топтарын ажырата отырып егістіктің арам шөптермен ластануын есепке алу. Арам шөптерді картаға түсіру. Арам шөптермен күрес шараларын жасақтау. Арам шөптермен және егістіктің басқа да зиянды ағзаларымен күресуде химиялық препараттарды қолдану. Пестицид түрлері және оларды қолдануда пайдаланылған механикалық құралдармен танысу. Егістіктің зиянкестермен залалдану және аурулармен залалдану дәрежесін есепке алу. Егістіктің зиянды ағзаларымен күресуде қолданылған алдын-алу және жою шараларын талдау.
2.4 Өнімді ору және жинау. Ауыл шаруашылық дақылдары өнімін ору және жинау жұмыстарына дайындықты және оның өтуін талдау. Өнімді ору және жинау машиналарын. Астық қоймаларының дайындығын жаңа өнімді қабылдауға дайындығын тексеру, қоймаларды дайындау жұмыстарының ұйымдастырылуы (шаруашылықта қойма болған жағдайда). Егіннің пісу дәрежесін бақылау. Дақылдың биологиялық өнімділігін талдау және анықтау үшін бау алу. Шаруашылықтағы егін ору және жинау техникаларымен танысу, олардың техникалық сипаттамаларымен танысу. Шаруашылықта қолданылатын егін жинау тәсілдері. Егін орудың басталу кезеңі. Егінді оруды бастауды анықтау тәсілі. Бір ауысымда, күнде орып, жиналған егін ауданы (орташа есеппен бір комбайнға шаққанда). Шаруашылықта егінді орып жинау жұмыстарының ұйымдастырылуы. Астықты тасымалдау: комбайн астынан қоймаға, элеваторға.
Тұқым сапасын талдау – арам шөппен ластану дәрежесін және ылғалдылығын анықтаудың шаруашылықта ұйымдастырылуы. Нақты көрсеткіштері. Шаруашылықта дәнді алғашқы өңдеу жұмыстарын талдау (кептіру, сұрыптау, тазарту). Дәнді алғашқы өңдеуде қолданылған мехника құралдары.
3. Басқа салаларда жұмыстардың ұйымдастырылуы (көкөніс, жеміс-жидек, мал шаруашылықтары).
Шаруашылықта аталған салалар болған жағдайда сараман өтуші студент олармен жіті танысуы қажет.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 290 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сараманның мазмұны | | | Сараман нәтижелері және құжаттар |