Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сараманның мазмұны

Читайте также:
  1. II.Мазмұны
  2. Есеп мазмұны және оны қорғау
  3. пәні бойынша студенттің өзіндік жұмысының мазмұны

Өндірістік сараман студенттердің өндірістік инициативасын дамытуға, өндірістік және ғылыми проблемаларды шешуде творчестволық көзқарастың қалыптасуына, шаруашылық мәселелерін талдай біліп, түсіндуге ықпал етеді. Сараман барысында студенттер мүмкіндігінше агрономның, егістік бригадасының бригадирінің, есепшінің дублеры болып істеу ұсынылады. Сараман өтуі барысында студенттер агротехникалық шаралармен байланысты өндірістік үрдістерді ұйымдастыруға және атқаруға тікелей қатысулары қажет.

Сараман өту барысында студент мынадай сұрақтарды талдап үйренуі және меңгеруі қажет:

1. Шаруашылықтың табиғи климаттық және шаруашылық экономикалық жағдайлары:

1.1 Шаруашылықтың меншік формасы. Шаруашылықтың негізгі құрылу құжаттарын талдау.

1.2 Шаруашылық құрылымы және оны басқару.

1.3 Шаруашылықтың орналасуы (облыс, аудан, елді мекен), ең жақын темір жол стансасына, аудан орталығына, астық қабылдау мекемесіне дейінгі ара қашықтық.

1.4 Шаруашылықтың климат жағдайы. Шаруашылық орналасқан табиғи экономикалық аймақты сипаттап жазу. Жауын-шашын, температура және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жөніндегі метеорологиялық мәліметтерді алдыңғы жылдың тамыз айынан ағымдағы жылдың вегетациясының соңына дейін талдау. Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін талдау барысында өсімдік шаруашылығы саласын қарастырғанда ауа райы жағдайына байланысты шаруашылықта қандай агрошаралар өткізілгенін және сараманшының пікірі бойынша қалыптасқан ауа-райы жағдайында дақылдардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін басқа қандай шаралар өткізілуі қажет екенін атап өту.

1.5 Шаруашылық топырақтарының қысқаша сипаттамасы (мекеменің) және олардың агроөндірістік сипаттамасы.

1.6 Жер қоры және жер құрылымы. Жыртылған жер үлесі. Табиғи жайылымдар мен шабындықтар, олардың өнімділігі. Су көзі, шаруашылықтың сумен қамсыздандырылуы.

1.7 Шаруашылықтың (мекеменің) негізгі құралдары және оларды бағалау:

а) ауыл шаруашылық машиналарамен құралдары;

б) өндірістік ғимараттар;

в) өндірістік және жұмыс малдары (бар болған жағдайда).

1.8 Жалпы және тауарлы өнім құрылымы, соңғы үш жыл мәліметі бойынша салмақтай және қаражаттай көлемі.

1.9 Егістік құрылымы дақыл топтары бойынша негізгілерін соңғы үш жыл мәліметі бойынша.

1.10 Еңбекті ұйымдастыру. Тұрақты немесе негізгі егістік жұмыс мерзімінде уақытша негізде құрылған жеке құрылымдардың (бригада, звено) болуы.

1.11 Әрбір дақыл бойынша белгілі бір бірлікке (немесе 100 га-ға) есептелген шығындарды жоспарлау (технологиялық карталар жасау).

1.12 Шаруашылықта еңбек ұйымдастыру және ақысын төлеу формалары. Шаруашылықта (мекемеде) қалыптасқан еңбек ақы төлеу жүйесі. Жұмысшыларды ынталандыру тәсілдері.

1.13 Ауыл шаруашылық жұмыстарды механикаландыру. Өсімдік шаруашылығы саласындағы негізгі жұмыстардың механикаландыру деңгейі. Егіншіліктегі негізгі жұмыстарды атқару барысындағы (мысалы, негізгі өңдеу кезінде, ылғал жабуда, культивациялауда, себуде, өсімдіктерді күтіп баптауда және басқаларында) ауысым (жұмыс күні) нормасы.

1.14 Егіс бригадаларында еңбекті бастапқы есепке алуды ұйымдастыру. Сала және жұмыс түрлеріне бойынша. Негізгі өндіріс құралдарын бекіту туралы құжаттармен танысу. Ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу. Шаруашылық қоймаларына, бригадаларға материалдардың, ауыл шаруашылық өнімдерінің келуі мен шығуын есепке алу құжаттарымен танысу. Бригадаларда істелген жұмысты есепке алу құжаттарымен танысу. Трактор бригадаларындағы бастапқы есепке алу құжаттарымен танысу (мұнай өнімдерін есепке алу, өндірістік тапсырмалар және олардың орындалуы, жөндеу нормативтері, ағымдағы техникалық бағым графигі).

1.15 Өндірілген өнім бірлігінің өзіндік құны. Соңғы үш жылдағы дақыл түрлері бойынша. Өзіндік құн құрылымын талдау және оны төмендету мүмкіндігі. Дақыл түрлері және топтары және өндіріс салалары бойынша шаруашылықтың рентабелділігі (егер мүмкін болса негізгі өсімдік және мал шаруаруашылық салаларын салыстыру).

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 147 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сараман нәтижелері және құжаттар | ЕСЕПТІ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ | ОСЫМШАЛАР |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КІРІСПЕ| Егіншілік

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)