Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. Автотрофтар – қорек ретінде бейорганикалық заттарды пайдаланатын организмдер

Читайте также:
  1. VII. Глоссарий
  2. VII. Глоссарий
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. ГЛОССАРИЙ
  7. Глоссарий

 

АВТОТРОФТАР – қорек ретінде бейорганикалық заттарды пайдаланатын организмдер (жасыл өсімдіктер).

АГРОЦЕНОЗ – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін адам қолымен жасалған жасанды экожүйе (шалғындық, бау-бақша және т.б.).

АДАПТАЦИЯ – тірі организмдердің қоршаған ортаның жағдайларына бейімделуі.

АЛЛЕЛОПАТИЯ – зат алмасу өнімдері арқылы өсімдіктердің бір-біріне химиялық әсер етуі.

АНАБИОЗ – қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары кезінде (температураның өзгеруі, ылғал тапшылығы) организмдердің уақытша өмір сүруін тоқтатуы.

АРЕАЛ – тірі организмдер немесе қауымдастық топтарының таралған жер бетінің бөлігі.

АЭРОЗОЛЬ – газ тәрізді ортада кездесетін заттардың қатты немесе сұйық бөлшектері.

БЕНТОС – көл, теңіздердің түбінде тіршілік ететін организмдер (бактериялар, балдырлар).

БИОСФЕРА – бүкіл тірі организмдер тіршілік ететін және планетаның осы организмдермен зат алмасуда болатын Жер қабаты, яғни атмосфераның төменгі, бүкіл гидросфера және литосфераның жоғарғы қабаты.

БИОЦЕНОЗ – белгілі бір жерде тіршілік ететін өсімдіктер (фитоценоз), жануарлар (зооценоз) және микроорганизмдер (микробоценоз) топтарының жиынтығы.

ГАЛОФИТТЕР – тұзды топырақтарда (шөл, шөлейт, теңіз жағасы) өсетін өсімдіктер.

ГЕТЕРЕТРОФТАР – қорек ретінде органикалық заттарды пайдаланатын организмдер (саңырауқұлақтар, жануарлар).

ГИДРОБИОНТТАР – үнемі суда тіршілік ететін және тіршілік циклының бір бөлігі суда жүретін (кейбір насекомдардың личинкалары) организмдер.

ГОМОЙОТЕРМИЯ – қоршаған ортаның температурасына тәуелсіз, дене температурасын үнемі бір қалыпта ұстайтын организмдер (құстар, сүт қоректілер).

Д.АДЛЕН ЕРЕЖЕСІ – жылы қанды жануарлардың бір түрге не жақын түрлерге жататын особьтарының кейбір дене бөліктерінің (аяқтары, құйрық, құлақтары) мөлшерінің солтүстіктен оңтүстікке қарай ауысқан сайын ұлғаюы.

ДОМИНАНТ ТҮРЛЕР – қауымдастықтағы ең көп мөлшерде кездесетін түрлер.

ДЕТРИТ – организмдердің ыдырау және бөліну өнімдері, өлі органикалық заттар.

ЗООЦЕНОЗ – белгілі бір биоценоздағы жануарлардың қауымдастығы.

ЗООФАГТАР – жануарлармен қфоректенетін организмдер (каннибализм).

ЗООХОРИЯ – өсімдіктердің жемістерінің, тұқымдарының, спораларының жануарлар арқылы таралуы.

ИНТРОДУКЦИЯ - өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне жататын особьтарын тіршілік ету ареалынан басқа жаңа табиғи климаттық жағдайларға ауыстыру.

К. БЕРГМАН ЕРЕЖЕСІ – географиялық өзгергіштікке ұшыраған жылы қанды жануарларда особьтардың дене мөлшері ареалдың суық аудандарында мекендейтін популяцияларға қарағанда үлкен болады.

КОММЕНСАЛИЗМ – белгілі ортада тіршілік ететін бір түрлердің екінші түрлерге зиян келтірмей қалдықтарымен қоректенуі.

КОНСУМЕНТТЕР – гетеророфты организмдер (негізінен жануарлар), басқа организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі-фитофагтар) мен жануарлардың (жануар қоректі – зоофагтар) органикалық заттарымен қонректенетіндер

ТРОФИКАЛЫҚ ТІЗБЕКТЕР – биоценоздың әртүрлі трофикалық деңгейлердегі мүшелерінің алдынғыларының соңындағыларымен қоректенуі арқылы заттар мен энергиянын тасымалдануы.

ЛАНДШАФТ – негізгі компоненттері (рельеф, климат, су, топырақ, өсімдіктер және жануарлар әлемі) күрделі қарым-қатынаста болып, біркелкі жүйе құратын табиғи географиялық комплекс.

МАКРОЭКОЛОГИЯ – классикалық экологияның ең негізгі тұжырымдары, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың проблемалары туралы ілім, адам экологиясымен біріктірілген ғылыми пән.

МЕЛИОРАЦИЯ – ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерді жақсарту.

МЕТАБОЛИЗМ – организмдегі, биологиялық системадағы зат пен энергияның алмасуы.

МИНИМУМ ЗАҢЫ (Ю. ЛИБИХ ЗАҢЫ) – өнімділік потенциал (организмдердің, популяциялардың, түрдің өнімділігі, тіршілік қабілеті) басқа барлық жағдайлар қолайлы болса да, ортадағы ең аз мөлшердегі фактормен шектеледі (толеранттылық заңын қараңыз).

МИМИКРИЯ – өсімдіктер мен жануарлардың сырт көріністерінің тірі және өлі табиғатқа ұқсас бейімделуі.

МОДИФИКАЦИЯ – қоршаған орта әсерінен (температура, ылғал және т.б.) организм белгілерінің тұқым қуаламай (фенотипті) өзгеруі.

МОНИТОРИНГ (ЭКОЛОГИЯЛЫҚ) – қоршаған орта жағдайларының сапасын және биологиялық объектілердің жағдайын бақылау.

МУТАЦИЯ – организмнің тұқым қуалау белгілерінің (генотипінің) табиғи немесе жасанды жолмен (химиялық заттар, радиация) өзгеруі.

НЕЙТРАЛИЗМ – бір территорияда тіршілік ететін түрлердің бір-біріне зиянын да, пайдасын да тигізбей бірге тіршілік етуі.

НООСФЕРА – ойлаушы қабат, ақыл-ой сферасы, В.И. Вернадскийдің сөзімен айтқанда, адамның ақыл-ой әрекет нәтижесінде биосфераның сапалық жағынан жаңа, жоғарғы сатыдағы даму кезеңі.

ОЗОН ҚАБАТЫ – тірі организмдер үшін аса қауіпті қысқа толқынды Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының (О3) жоғары концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.

ПАРНИКТІК ЭФФЕКТ – күннің жылу сәулелерін сіңіретін парниктік газдардың мөлшерінің көбеюі нәтижесінде атмосфера температурасының жоғарылауы.

ПЕСТИЦИДТЕР - ауыл шаруашылық дақылдарын арам шөптердің (гербицидтер) насекомдардың (инсектицидтер), саңырауқұлақтардың (фунгицидтер), т.б. зиянды әсерінен қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар.

ПИРАМИДА (ЭКОЛОГИЯЛЫҚ) – биоценоздардың қоректік деңгейлері – продуценттер, консументтер және редуценттердің арасындағы сапалық қатынастардың, олардың саны (сандық пирамида), биомассасы (биомасса пирамидасы) немесе энергиясы (энергия пирамидасы) бойынша графикалық бейнеленуі.

ПОЙКИЛОТЕРМИЯ – қоршаған ортаның температурасына байланысты дене температурасы да өзгеріп тұратын организмдер (микроорганизмдер, өсімдіктер, омыртқасыздар).

ПОЛЛЮТАНТТАР – ортаның техногенді ластаушылары – ауада - аэропланктондар, суда - гидрополлютанттар, топырақта - терраполлютанттар.

ПОПУЛЯЦИЯ – салыстырмалы бірдей экологиялық жағдайлардағы кеңістікті мекендеп, генофонды ортақ, бір-бірімен еркін будандасып өнімді ұрпақ беретін особьтардың жиынтығы.

ПРОДУЦЕНТТЕР – органикалық заттардан алғашқы өнім түзетін автотрофты организмдер (негізінен, жасыл өсімдіктер).

РЕДУЦЕНТТЕР – өлі органикалық заттармен қоректеніп, бейорганикалық заттарға айналдыратын организмдер.

РЕКУЛЬТИВАЦИЯ – бұзылған табиғи ландшафтарды, бұзылған жерлердің өнімділігін қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар комплексі.

САПРОФАГТАР - өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар (детрифагтар).

СИМБИОЗ (МУТУАЛИЗМ) – әр түрге жататын организмдердің бір-біріне тек пайда әкеліп, бірге селбесіп тіршілік етуі.

СИНЭКОЛОГИЯ – көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.

СУКЦЕССИЯ – белгілі тіршілік ортасындағы организмдердің түр құрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйсі.

ТАКСОН бір-бірімен туыс, бірақ жеке түр, туыс, тұқымдас т.б. таксономиялық категорияларға ие бола алатын организмдер топтары.

ТЕРАТОГЕНДЕР – организмдерге әсер ету арқылы олардың ұрпақтарында аномалиялар туғызатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі.

ТЕХНОСФЕРА – адамзаттың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін техникалық құралдардың көмегімен өзгертілген биосфераның бір бөлігі.

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ЗАҢЫ (В. ШЕЛФОРД ЗАҢЫ) – белгілі жағдайларда пессимальді мәнде болатын орта факторлары басқа оптимальді жағдайларға қарамастан түрдің сол жағдайларда тіршілік ету мүмкіндіктерін шектейді.

РЕДУЦЕНТТЕР – органикалық заттарды жай бейорганикалық заттар – су, көмірқышқыл газы, күкіртсутек және тұздарға дейін ыдырататын гетеротрофты организмдер (бактериялар мен саңырауқұлақта.

УРБАНИЗАЦИЯ – қалалардың өсуі мен дамуы, ауылдың қалаға айналуы, ауыл тұрғындарының қалаларға көшуі, қоғам өмірінде қалалардың ролінің артуы.

ФАУНА – тарихи қалыптасқан, белгілі бір территорияда немесе акваторияда тіршілік ететін жануарлар жиынтығы.

ФЕНОТИП – организмдердің сыртқы белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.

ФИТОПЛАНКТОН – суда тіршілік ететін майда өсімдік организмдері мен микробалдырлардың жиынтығы.

ФИТОФАГТАР - өсімдіктермен қоректенетін жануарлар.

ФИТОЦЕНОЗ – көп түрлі өсімдіктер қауымдастығы.

ФЛОРА – тарихи қалыптасқан, белгілі бір территорияда немесе акваторияда өсетін өсімдіктер жиынтығы.

ФОТОПЕРИОДИЗМ – күн ұзақтығының маусымдық өзгеруінің организмге әсері.

ХЕМОСИНТЕЗ – кейбір бейорганикалық заттардың тотығуы кезінде бөлінетін энергияны пайдалану арқылы хемоавтотрофты бактериялардың органикалық зат синтездеу процесі.

ЦЕНОПОПУЛЯЦИЯ – фитоценоздағы бір түрге жататын особьтар жиынтығы.

ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ ҚАЙТЫМСЫЗДЫҚ ЗАҢЫ (Л. ДОЛЛО) – эволюция қайтымсыз, организм (популяция, түрі) өзінің ата-тегі өткізген бұрынғы күйіне қайтып келе алмайды.

ЭДАФИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР – жер бетінің (топырақ, рельеф) ондағы тіршілік ететін организмдерге экологиялық әсер етуі.

ЭКОЖҮЙЕ (ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ) – бір-бірімен тығыз байланысты, әртүрлі орта жағдайларында бірге тіршілік ететін бірнеше түрге жататын организмдердің жиынытығы.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫҚТАРДЫҢ ТОЛЫҚТЫРЫЛУ ЕРЕЖЕСІ – бос экологиялық ойық әрқашан табиғи толықтырылған болады.

ЭПИФИТТЕР – ағашты өсімдіктердің бұтағында, діңінде өсетін, қоректік заттарды қоршаған ортадан алатын өсімдіктер.

ЭРОЗИЯ (ТОПЫРАҚ ЭРОЗИЯСЫ) – топырақтың құнарлы қабатының жаңбыр, қар суларымен жайылып, желмен үгітіліп, бұзылуы.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 690 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жылы Б.Коммонер қалыптастырған экологияның негізгі заңы | Тақырып №2: Өмір сүрудің популяциялық деңгейі. Өмір сүрудің экожүйелік деңгейі. | Экожүйе компонеттері және олардың сипаттамалары. | Тақырып №9: Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер ету. Өсімдіктердің ластануын бағалау. | Тақырып №12:Табиғат және қоғамның стратегиялық өзара қатынасы. Тұрақты дамуға өту концепциясы. | ГЛОССАРИЙ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГЛОССАРИЙ| Кіріспе

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)