Читайте также:
|
|
193. Өсімдіктер дүниесі - сарқылатын, бірақ қалпына келтірілетін табиғи ресурс.
194. Орман – ағаштар, бұталар, не басқа өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес. Ол- экологиялық жағынан бір-бірімен байланысты, сол сияқты жануарлар дүниесі мен өздерін қоршаған ортамен де тығыз байланысты ағаш тектес және шөптесін өсімдіктердің күрделі қауымдастығы.
195. Физико- механикалық әдіс - зиянкестермен мен аурулармен күресудің әдісі, физикалық факторларды пайдалануға, немесе зиянкес насекомдарды олардың әртүрлі даму стадияларында тікелеі механикалық жолмен жинап алып, жойып жіберуге негізделген.
196. Химиялық күресу әдісі - зиянкестерді пестицидтерді қолдану арқылы жою.
197. Фумиганттар – (насекомдардың, бүргелердің организміне тыныс алу органдары арқылы бу, не газ тәрізді күйде түсетін пестицидтер.
198. Биологиялық әдіс – зиянкестерді олардың табиғи жаулары арқылы жоюға негізделген. Бұл мақсат үшін жыртқыш, паразит насекомдар, насеком қоректі құстар, қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылар, аңдар мен ауру туғызушы микроорганизмдер – вирустар, саңырауқұлақтар, бактериялар, сол сияқты жыртқыш бүргелер мен нематодтар қолданылады.
199. Микробиологиялық күрес әдісі – орман зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістің бір түрі болып табылады. Зиянкестерге қарсы күресте түрлі микробиологиялық препараттар эндобактерин, дендробацилин, инсектин, вирин, т.б. қолданылады.
200. Интеграциялық әдіс – өсімдіктердің зиянкестері мен ауру туызушыларына қарсы күресте екі, не одан да көп әдістер бірге қолданылады.
Тақырып №10: Қазақстанның экологиялық мәселелері. Қоршаған ортаның сапасын интегралды бағалау ретіндегі халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
201. Каспий теңіздің антропогендік ластануының бірнеше жолдары (көздері) бар. Еділ, Жайық т.б. өзендер арқылы келіп құйылатын улы заттар.
202. Қоршаған ортаның мониторингі – қоршаған ортаны, табиғи ортаны, табиғи ресурстарды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, олардың жай-күйі мен олардағы антропогендік факторлар әсерінен жіретін процестерді анықтауға мүмкіндік беретін белгілі бір программа бойынша анықтау.
203. Мониторингтің блок-схемасы – қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерінің мониторинг жүйесінің құрылымын аныұтайтыннегізгі блок.
204. Глобалды мониторинг – жеке ауданды ғана емес, бүкіл жер шарын қамтиды.
205. Ұлттық мониторинг – бір мемлекет шеңберіндегі мониторинг жүйесін айтады.
206. Геофизикалық мониторинг – түрлі ластанулар, атмосфераның ортаның метерологиялық және гидрологиялық сипаттамалары туралы мәліметтерді анықтау жатады.
207. Биологиялық мониторинг – биосфераның құрамына кіретін биотикалық элементтерді және олардың антропогендік әсерлерге реакциясын анықтау болып табылады.
208. Универсалды мониторинг – генетикалық мониторинг, экологиялық мониторинг – биологиялық мониторинг, геофизикалық мониторингтердің мәселелерін бірге өзара тығыз байланыста қарастырады.
209.
210. Арал теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны туралы суық хабарлар, барған сайын қатерлі де, қорқынышты сипат алып барады.
211. Балқаш- жартылай тұщы көл. Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады.
212. "Байқоныр " ғарыш айлығынан ұшырылған "Протон" зымырантасығышы 1999 жылы екі рет құлап, Қарқаралы, Жаңаарқа аудандарының жері мен ауасын гептил отыны мен улады.
213. Қоршаған ортаға және адам денсаулығына келтiрiлетiн нұқсан (зиян) - қоршаған ортаны ластау немесе тiрi организмдер мен адамның ауыруын, жұтауын немесе қырылуын, табиғи ресурстардың сарқылуын туғызған немесе туғызатындай етiп табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден тыс алып қою;
214. Қазақстанда экологиялық апат аймақтары- Республикамыздың аумағында кездесетін мол табиғат ресурстары тиімді және тиімсіз жолдармен игеріліп келеді. Оның үстіне еліміздегі полигондар орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға болады.
215.
Тақырып №11: Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері. Экологиялық құқық негіздері. Қоршаған ортаны инженерлік қорғау.
216. Қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климаттты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы.
217. Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи тесурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.
218. Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері.
219. Табиғи ресурстар – қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылы, т.б қызмет процесінде пайдаланатын құрамдас бөліктер.
220. Табиғат пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы.
221. Қоршаған ортаның сапасы – қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы.
222. Қоршаған ортаның мониторингі – адамды қоршаған табиғи ортаның жан-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту.
223. Қоршаған ортаның сапасын нормалау – адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу.
224. Қоршаған ортаның ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материялдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері.
225.Ластану -деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады.
226. Экологиялық қауіпсіздік – жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі.
227. Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкестiгiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасауы ықтимал терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға қол жеткiзiлетiндiгiнiң анықтамасы.
228. Мемлекеттік экологиялық сараптама — Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің сараптама қызметінің түрі.
229. Қоғамдық экологиялық сараптама — кез келген мемлекеттік қызмет түріне экологиялық баға беру үшін халықтың жекелеген топтарының, қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен құрылатын сараптама комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын түрі. Ол сол объектілерге жүргізілетін мемлекеттік экологиялық сараптамаға қарамастан жүзеге асырылуы мүмкін.
230. Трансшекаралық объект - iске асырылуы адамдар денсаулығына және екi және одан да көп облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және (немесе) шектес мемлекет аумағындағы қоршаған ортаға - керi әсер ететiн немесе керi әсер етуi ықтимал сараптама объектiсi.
231. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі (ЕГСМОС и ПР) - Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау, ұдайы өсiмін және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiн, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстардың нақты жай-күйiнiң деректерiн қадағалауды енгiзетiн көпмақсатты ақпараттық жүйе.
232. Аз қалдықты технология - өнiмдер бiрлiгiн шығару кезiнде осы өнiмдердi алудың қолданылып жүрген тәсiлдерiмен салыстырғанда қалдықтардың аз саны пайда болатын өнiмдердi шығару процесi;
Аудиттелетiн субъект - экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық ұйыммен экологиялық аудит жүргiзуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
233. Коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар - адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар;
234. Қалдықтарды орналастыру объектiсi - полигондар, күл-қоқыс сақтау орындары, қалдық сақтау орындары, кен жыныстарының үйiндiлерi мен қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған басқа да арнайы жабдықталған орындар;
235. Қалдықтардың қауiптiлiк сыныбы - адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсер ету дәрежесi бойынша анықталатын қалдықтардың зияндылық көрсеткiшi;
Қалдықтардың паспорты - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасын куәландыратын құжат;
236. Қалдықтардың түрi - ортақ белгiлерi бар қалдықтардың жиынтығы;
Қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмiлуiне байланысты қызметтiң барлық түрлерi;
Қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi - қалдықтардың қоршаған ортаға әсер етуiн ескере отырып, олардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмiлуiне байланысты сандық және сапалық шектеулер;
237. Қауiптi қалдықтар - зиянды заттарды қамтитын және қауiптi қасиеттерi бар (уыттылық, жарылыс қаупi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi бар) не адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн жеке тұрғанда немесе басқа заттармен өзара әрекетке түскен кезде қауiп төндiруi мүмкiн қалдықтар;
Қолайлы қоршаған орта - объектiлерiнiң жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеудi, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететiн орта;
238. Қоршаған ортаға ықпал етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерi - экологиялық жүйелердiң тұрақтылығын бұзуға әкеп соқпайтын, қоршаған ортаға барынша жасалуы мүмкiн антропогендiк ауыртпалық;
239. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi;
240. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңнамасын, қоршаған орта сапасының нормативтерiн және экологиялық талаптарды сақтауын бақылау жөнiндегi қызметi;
241. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iс жүзiне асыратын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары;
242. Қоршаған ортаны ластауға лимиттер - ластағыш заттардың, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының жалпы түсу көлемiнiң, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелiстiң, магниттi өрiстер мен өзге де зиянды физикалық ықпалдар әсерi деңгейлерiнiң қолайлы қоршаған орта сақталатын шектерi;
243. Ластағыш заттардың қордалануы мен ықпал ету деңгейiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi - атмосфералық ауада, су объектiлерiнде, топырақта ластағыш заттардың жол берiлетiн құрамының және қоршаған ортаға физикалық факторлар ықпалының адам денсаулығын сақтау және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне зиянды әсерiне жол бермеу мақсатында белгiленетiн шамасы;
244. Ластағыш заттардың шығарылуы мен тасталуына жол берiлетiн шектi нормативтерi - атмосфераға, су объектiлерiне, топыраққа шығарылатындар мен тасталатындардағы ластағыш заттардың, қоршаған ортаға жасалатын физикалық ықпалдық ол жасалған жағдайда жол берiлетiн ауыртпалықтың экологиялық нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн көлемi;
245. Өндiрiс қалдықтары - өнiмдердi шығару, өзге де технологиялық жұмыстарды орындау кезiнде пайда болған және, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң қалдықтарын қоса алғанда, тиiстi өндiрiсте қолдануға қажеттi бастапқы тұтыну қасиеттерiн толық немесе iшiнара жоғалтқан шикiзаттардың, материалдардың, химиялық қосылыстардың қалдықтары;
246. Өндiрiстiк экологиялық бақылау - табиғат пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мониторинг, есеп, есептiлiк және өзге де iшкi әкiмшiлiк шараларды қамтитын нормативтiк-құқықтық талаптарды сақталуын бақылау үшiн қабылдайтын шаралар жүйесi;
247. Стратегиялық объект - iске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы бар инфрақұрылым, республикалық маңызы бар аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс, энергетика саласындағы қызметпен тiкелей байланысты сараптама объектici;
248. Табиғат пайдаланушы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган берген табиғат пайдалануға рұқсаттың негiзiнде қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығаруға және тастауға, өндiрiспен тұтыну қалдықтарын орналастыруға құқығы бар субъект;
249. Тұтыну қалдықтары - табиғи және моральдық тозу нәтижесiнде өзiнiң тұтынушылық қасиетiн толық немесе iшiнара жойған бұйымдар, материалдар мен заттар;
250. Шығарылудың, тасталудың үлес нормативi - өнiмнiң, қуаттың, көлiк немесе өзге де жүрiп-тұру құралдарының бiрлiгiне шаққанда атмосфераға, су объектiлерiне зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың, астаудың ең көп массасының нормативi, ол шығарылудың, тасталудың, технологиялық процестер мен жабдықтардың қозғалмалы, тұрақты көздерi үшiн белгiленедi;
251. Экологиялық аудит - аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалауға және олардың қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiгi деңгейiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге бағытталған тәуелсiз тексеру;
252. Экологиялық аудитке тапсырыс берушiлер - мүдделi жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сақтандыру ұйымдары, инвесторлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар;
253. Э кологиялық жүйе - организмдердiң және олар мекендейтiн жансыз ортаның өзара байланысты бiртұтас функционалдық жиынтығы;
254. Экологиялық қауiп - антропогендiк және табиғи ықпалдар әсерiнiң, соның iшiнде дүлей зiлзалаларды қоса алғанда, зiлзалалар мен апаттар себептерiнен қоршаған ортаның жай-күйi бұзылуының, өзгеруiнiң болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын және осыған байланысты жеке адам мен қоғамның өмiрлiк маңызы бар мүдделерiне қауiп төндiретiн жағдай;
255. Экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи ықпал ету нәтижесiнде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйi;
256. Экологиялық қауiптi объект - iске асырылуы ауқымы әрi ұзақтығы бойынша қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн немесе әсер етуi ықтимал және халықтың өмiрi мен денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн сараптама объектiсi;
257. Экологиялық нормалау - адамның өмiр сүруi мен биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау үшiн қолайлы ортаны айқындайтын және қамтамасыз ететiн ережелердiң (нормалардың) және олардағы қоршаған ортаның жай-күйi мен оған ықпал ету дәрежесiн бағалаудың сан және сапа көрсеткiштерiнiң (нормативтерiнiң) жүйесi;
258. Э кологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық актiлерiнде қамтылған қоршаған ортаға терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметте орындауға мiндеттi шектеулер және ондай қызметке тыйым салу.
259. Экологиялық қатынастар — дегеніміз бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
260. Экологиялық құқықтың объектілері — дегеніміз айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1156 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Экожүйе компонеттері және олардың сипаттамалары. | | | Тақырып №12:Табиғат және қоғамның стратегиялық өзара қатынасы. Тұрақты дамуға өту концепциясы. |