Читайте также:
|
|
262. Тұрақты даму – қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру барыснда келешектегі ұрпақтардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың мүмкіндіктеріне нұқсан келтірмейтін даму
263. Әлеуметтік көрсеткіш – кедейшілікпен күрес; демографиялық динамика мен тұрақтылық; білім беру, қоғамдақ тәрбие мен ақпараттандыруды жақсарту; адамдардың денсаулығын жақсарту мен қорғау; ауылды елді мекенді дамыту.
264. Экономикалық көрсеткіштер - тұрақты дамуды жеделдету үшін халықаралық бірлестіктер құру және онымен байланысты жергілікті жерлердегі саясат; тұтыну сипаттамаларын өзгерту; қаржы ресурстары және олардың механизмдері; экологиялық тиімді технологияларды қолдану; ынтымақтастық және негізгі күштерді біріктіру.
265. Экологиялық көрсеткіштер -су ресурстарының сапасын сақтау және олармен қамтамасыз ету; мұхиттар, теңіздер мен жағалаулық территорияларды қорғау, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен жоспарлаудың кешенді әдістері; экожүйелерді тиімді басқару, шөлейттену мен құрғақшылықпен күрес; тұрақты ауыл шаруашылығын жүргізу мен ауылдық аймақтарды дамытуға ат салысу; ормандарды сақтап қалу үшін күрес; биологиялық көп түрлілікті сақтау; экологиялық қауіпсіз биотехнологияны пайдалану; атмосфераны қорғау, қатты қалдықтар мен ағызынды суларды экологиялық қауіпсіз басқару; қауіпті қалдықтарды экологиялық қауіпсіз басқару, радиоактивті қалдықтарды экологиялық қауіпсіз басқару.
266. Институционалдық көрсеткіштер -тұрақты даму үшін басқару мен жоспарлауда экология мен даму мәселелерін ескеру; дамушы елдерде потенциал құру үшін халықаралық ынтымақтастық пен ұлттық механизмдер; халықаралық институционалдық тәртіп; халықаралық құқықтық механизмдер, шешім қабылдауға қажетті мәліметтер, тұрғындардың негізгі топтарының ролін күшейту.
267. ҚР 2007-2024 жж тұрақты дамуға өту жөніндегі Концепция – біздің елімізде 2006ж 14 қарашада ҚР президентінің Жарлығымен қабылданған саяси құжат.
268. Дайындық кезең (2007-2009жж)- тұрақты даму принциптерін қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына енгізу үшін жағдайларды дайындау. Экономиканы диверсификациялау, технологиялық жоғарғы мүмкіндіктерге қол жеткізу.
269. Бірінші кезең (2010-2012жж)- ҚР әлемнің бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына қосылуын қамтамасыз ету.
270. Екінші кезең (2013-2018жж)- тұрғындардың өмір сүру сапасының деңгейі жөнінен, елді әлемдегі алдыңғы қатардағы дамыған елдер қатарынан орын алуына қол жеткізу.
271. Үшінші кезең (2019-2024 жж)- тұрақты даму концепциясының халықаралық көрсеткіштеріне қол жеткізу.
272. Тұрақты дамуға өту – ауқымы жағынан аса ірі көлемдегі экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуді талап ететін, ұзақ мерзімді процесс.
273. Рио - де – Жанейрода (1992 ж.) өткен глобальды экологиялық Форумда тұрақты дамудың негізгі принциптері қабылданды.
274. Тұрақты даму – бұл қоршаған ортаға глобальды антропогендік әсер, биосфераның табиғи биологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес және ол мүмкіндіктер шегінен аспайтын жағдайларда даму болып табылады. Данильян және К.С. Лосевтің (2000 ж.) ұсынған анықтама.
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 366 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып №9: Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер ету. Өсімдіктердің ластануын бағалау. | | | ГЛОССАРИЙ |