Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экожүйе компонеттері және олардың сипаттамалары.

Читайте также:
  1. Аз. Кеуде және құрсақ қуысының жарақаттары, қаз.
  2. Аз. Хирургиялық гастроэнтерология және колопроктология, қаз
  3. Аз. Хирургиялық ифекция және амбулаторлы хирургия, каз.
  4. Андай рецепторлардан сенсорлық ақпарат Швальбе, Манаков, Дейтерс және Бехтерев ядроларына келіп түседі?
  5. Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары
  6. Бiрiншi бағыт: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
  7. Бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктер. Құрылуы және құрамы

26. Экологиялық жүйе -құрамына белгілі территориядағы барлық организмдер кіретін және оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде энергия ағыны белгілі трофикалық құрылымды,түрлердің көп түрлігі мен жүйе ішіндегі заттар айналымын түзетін,үздіксіз өзгеріп отыратын кез келген құрылым болып саналады.

27. Экожүйе- құрамына тірі организмдер мен абиотикалық ортаны біріктірген және олардың әрқайсысы бір-біріне әсер етіп,Жер бетіндегі тіршілікті сол күйінде сақтап тұруға қажетті тірі табиғаттың негізгі фукционалдық бірлігі болып табылады.

28. Құқықтық экожүйелерге: тундра,тайга,жапырақты орман,дала,шөл,саванна экожүйелері жатса.

29. Су экожүйелеріне: тұщы су экожүйелерінен –өзен,көл,бұлақ,су қоймалары,ал теңіз экожүйелеріне –теңіз,мұхит экожүйелерін жатқызады.

30. Табиғи заттар -химиялық реакциялар мен физикалық процесстер нәтижесінде пайда болған және табиғаттағы зат айналымына қатысатын кез келген химиялық қосылыс,не элемент.

31. Тірі заттар- систематикалық жағдайына тәуелсіз,Жер бетін мекендейтін тірі организмдердің жиынтығы.

32. Өлі заттар –тірі зат қатысынсыз түзілетін заттар,олардың мысалы үгітілген тау жыныстары бола алады.

33. Биокосты заттар- тірі организмдер мен табиғи биологиялық емес процестер арқылы түзілетін заттар.

34. Органикалық заттар- көміртек элементінің басқа химиялық элементтермен күрделі қосылыстары.

35. Биологиялық активті заттар- тіршілік процестерін,организмнің өсуі мен түзуін баяулататын,немесе тездететін кез келген заттар.

36. Антропогенді заттар- адамның іс-әрекеті нәтижесінде түзілген химиялық қосылыстар.

37. Зиянды заттар деп- жалпы алғанда,адам организміне, денсаулығына, өсу, даму процестеріне зиян келтіретін химиялық қосылыстар мен заттарды айтады.

38. Биота - кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы, теңіз биотасы, биосфера биотасы, т.с.с).

39. Гомеостаз- деп экожүйенің өзін-өзі сақтау және реттей алу қасиеті аталады. Гомеостаздың негізгі популяция тығыздығының қоректік ресурстарға тәуелділігі мысалы арқылы көрсетуге болатын кері байланыс принципі болып табылады.

40. Экологиялық сукцессия -деп Автогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы, басқаша айтатын болсақ, жер бетінің белгілі бір бөлігіндегі экожүйелердің ауысуы.

41. Антропогендік сукцессия- адамның шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесінде экожүйеге тікелей,не жанама әсерінен бір биотоптағы биоценоздардың біртіндеп ауысуы.

42. Пирогенді сукцессия -өрттер нәтижесінде биоценоздардың ауысуы.

43. Катострофалық сукцессия –экожүйедегі табиғи немесе антропогендік факторлар.

44. Биогеохимиялық цикл - минералды қосылыстар құрамындағы химиялық элементтердің өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы табиғаттағы айналымы.

45. Биогеоценоз - тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз) абиотикалық жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия мен информация алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе.

 

Тақырып №3: Биосфера туралы ілім. Адамның биосфералық үрдістерде алатын орны. Адамды қоршаған ортасы және өзіне тән ерекшеліктері.

 

46. Биосфера – біздің тіршілік ететін ортамыз, бізді қоршағат табиғат. Адам баласы, ең алдымен, өзінің тыныс алуы, тіршілік ету іс-әрекеті арқылы осы табиғатпен тығыз байланысты. «В.И.Вернадский»

47. «Биосфера» 1875 ж. Вена университетінің профессоры геолог Эдуард Зюсс енгізді.

48. «Биология»- деген терминді алғаш ұсынған француз оқымыстысы Ж.Б.Ламарк.

49. «Францияның гидрогеологиясы туралы» - Ж.Б.Ламарк 1803 ж.

50. Организмдердің жалпы морфологиясы -неміс ғалымы Э.Геккель.

51. «Биосфера» еңбегі -1926 ж. жарыққа шықты -В.И.Вернадский.

52. Ноосфера – ақыл-ой сферасы. Бұл терминді 1927 ж. Француз математигі және философы Ле-Руа ұсынды.

53. Озоносфера – биосфераның жоғарғы қабатын 20 км-ден 30 км-ге дейінгі аралықты алып жатыр, ол биосферадағы бүкіл тірі организмдерге зиянды әсер ететін ультракүлгін сәулелерді ұстап қалады, озон тірі организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілетін оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.

54. Биокосты зат – биосферадағы денелердің құрылымдық түзілімі тек қана қатты, сұйық және газ ғана емес, сонымен бірге ерекше биологиялық күйде, тіршіліктің барлық минералдық және тірі биологиялық құрылымда болатын ерекше түзілім.

55. Атмосфера – космос кеңістігімен шектесіп жатқан планетаның ең жеңіл қабаты.

56. Гидрофсера – Жердің су қабаты.

57. Литосфера – Жердің қатты қабықшасы, Жердің түрлі тереңдіктегі түзілген шөгінді, метаморфоздық тау жыныстары түріндегі түрлі минералдық ассоциацияларынан тұратын ерекше қабық.

58. Топырақ – климаттық және биогенді заттар әсерінен түзілетін континеттердің борпылдақ қабаты.

59. Продуценттер – көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі.

60. Консументтер – оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады.

61. Редуценттер – жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын насекомдар, қарапайымдар, саңырауқұлақтар мен бактериялар өңдеп, ыдыратуы.

62. Зат айналымы – табиғаттағы циклді түрде қайталанып тұратын заттардың өзгерістері мен айналым процестерін айтады.

63. Биотикалық айналым – тірі организмдерге биогенді элементтердің топырақтан, судан және ауадан түсуін, бұл элементтердің тірі организмдерде жаңа күрделі қосылыстарға айналуын, одан соң олардың тіршілік процесінің нәтижесінде қайтадан топырақ, ауа, суға түсуін айтамыз.

64. Биоценоэкология - тірі организмдердің қауымдастықтары мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін экология саласы.

65. Биотикалық алмасудың үлкен шеңбері – биосфераның үздіксіз жаңарып отыратын экологиялық жүйелеріне бірнеше қайтара қатысып отыратын кеңістік пен уақыт шегіндегі заттар, энергия мен информациялардың заңды, циклді түрде қайта таралуының тоқтаусыз планетарлық процесс.

66. Кіші биотикалық шеңбер – үлкеншеңбер негізінде түзіліп, заттардың топырақ, өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер арасындағы айналымымен сипатталады.

67. Оттегі – қалыпты жағдайда түсі, исі, дәмі жоқ газ.

68. Бос оттектің айналымы – оттектің өсімдіктерде фотосинтез нәтижесінде түзіліп, оның организмдердің тыныс алуына, тотығу реакцияларына, оның ішінде оттектің жану, т.с.с. химиялық реакцияларға жұмсалуы.

69. Көміртек айналымы – көмірқышқыл газдың түзілуі(бөлінуі) және оның байланысуы(суда еруі).

70. Азот – қалыпты жағдайда түссіз, иіссіз газ.

71. Азотфиксация – атмосферадағы молекулалық азотты сіңіріп, оны өсімдіктерге сңімді азоттың қосылыстарына айналдыруы.

72. Биогенді элементтер – тірі заттың сапалық құрамы бірнеше элементтерден тұрады, олар – суттек, оттек, азот, фосфор, көміртек және күкірт – барлық тірі заттар құрамының негегізгі элементтері.

73. Көмірсулар – көміртек, сутек пен оттектен тұратын органикалық қосылыстар.

74. Нуклеин қышқылы – клетка ядросының құрамына кіреді, олар екі түрлі- дезоксирибонуклеин (ДНК) және рибонуклеин қышқылы (РНК) болып бөлінеді.

75. Авторофты – организмдер сыртқы ортаның органикалық емес минералды заттармен қоректенуі.

76. Гетеротрофты – организмдер автрофты организмдердің қалдықтарымен немесе олардағы дайын органикалық заттармен қоректенуі.

77. Миксотрофты – автотрофты да, гетеротрофты да жолмен қоректенетін организмдер.

78. Паратрофты – тірі организмдердің тірі белоктарымен қоректенетін организмдер.

79. Сапротрофты – өлі организмдердің белоктарымен қоректенеді.

80. Аэробты – бос оттегі қатысында өмір сүретін организмдер.

81. Анаэробты – оттексіз жағдайда өмір сүретін организмдер.

82. Прокариоттар – клетка ядросы болмайтын, ДНК клеткада бос орналасқан.

83. Эукариоттар – бір клеткалы және көп клеткалы организмдерде ядросы барлар.

84. Саңырауқұлақтар – 100 мыңдай түрлері бар, хлорофилсіз, төменгі сатыдағы организмдер.

85. Сапрофиттер – өсімдіктердің шіріген қалдықтарымен қоректенеді.

86. Симбионттар – өсімдіктердің қарашіктің қоректік заттарын сіңіруін жеңілдетеді, өздерінің ферменттері арқылы көміртектік алмасуды жақсартып, бос азотты өсімдіктерге қажетті сіңімді формаларын ауыстырады.

87. Биоиндикация - тірі организмдер мен олардың қауым-дастықтарына тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау.

 

 

Тақырып №4: Табиғи ресурстар адамның өмір сүру сақталу үшін лиммиттеуші фактор ретінде оларды пайдалану мен таусылуымен байланыты мәселелер

88. Қалпына келтірілмейтін ресурстар – бұл ресурстарды үздіксіз пайдалану олардың таусылуына әкеледі.

89. Салыстырмалы қалпына келтірілетіни ресурстар – топырақ, құрлықтың өсімдік өнімін бере алатын борпылдақ қабаты және орман ресурстары.

90. Қалпына келтірілетін ресурстар – өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және кейбір минералды ресурстар, мысалы, теңіздер мен көлдер түбіне шөгетін тұздар.

91. Сарқылатын ресурстар – космостық, климаттық және су ресурстары жатады.

92. Космостық ресурстар күн радияциясы, теңіз ағысы энергиясы.

93. Климаттық ресурстарға атмосфералық, ауа, жел энергиясы, атмосфералық жауын-шашын жатады.

94. Су ресурстары Жер бетіндегі барлық су қорлары.

95. Индустриялы далалар – топырақтың бұзылуына әсер ететін факторларға сол сияқты табиғи қазба байлықтарды: көмір, темір рудалары, түсті металлдар мен құрылыс материалдарын жер астылық және ашық әдіспен алу нәтижесінде бүл жерлерде құнарлы топырақты жерлердің орнында өсімдіктерінен айырылуы, құнарсыз жерлер.

96. Минералды ресурстар металлдар мен металл емес кендері, мұнай, газ, көмір, жер асты сулары жатады.

97. Энергетикалық ресурстар:

a. қалпына келтірілмейтін ресурстар: тас көмір, мұнай, газ, торф, жеңіл элементтер деп аталатын сутек, гелий, литий, ядролық отын.

b. қалпына келтірілетін: фотосинтез процесінің, күн сәулесінің, толқындар мен ағыс энергиялары, атмосфералық қалдықтар энергиясы және т.б. жатады.

98. Қалдықсыз өнім өндірістің мәні – жұмсалатын ресурстарды толық пайдалану арқылы биосфераның ластануына жол бермеу.

99. Өндірістік қалдықтар – шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдердің қалдықтары, химиялық түрлі қосылыстар.

100. Тұтыну қалдықтар – бастапқы тұтыну қасиеттерінен айырылған материалдар мен өнімдердің қалдықтары.

101. Рециклинг – қатты тұрмыстық қалдықтарды екінші реттік өңдеу.

102. Қалдықсыз технология – БҰҰ Европа экономикалық комиссиясының Деклорациясына (1979) сәйкес адамзат қоғамының қажеттіліктерін қамтамасыз етуде табиғи ресурстарды барынша тиімді пайдалану мен қошаған ортаны қорғау үшін білім мен ғылымның жетістіктерін, түрлі әдістер мен құралдарды практикада қолдану.

103. Рециркуляция – қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету, шикізат пен энергияны үнемді пайдалану үшін материалдық ресурстарды қайта пайдалану.

104. Су пайдаланудың жабық циклы – өнеркәсіптердегі өндірістік процестерде суды тазарта отырып, бірнеше қайтара пайдалану, табиғи суларға ластанған, қалдық суларды жібермеу.

105. Биотехнологияны пайдалану – адамға пайдалы өнімдер, процестер мен құбылыстарды микроорганизмдер көмегімен алып, оларды заттар, энергия мен информацияның табиғи айналымына енгізу, сол сияқты биологиялық объектілер, микроорганизмдер, олардың қауымдастықтары, метаболиттері мен препараттарына негізделген технологиялық процестерді жасау.

106. Физико-механикалық әдісі – физикалық факторларды (жарық, температура, ультрдыбыс) пайдалануға, немесе зиянкес насекомдарды олардың әртүрлідаму стадияларына тікелей механикалық жолмен жинап алып, жойып жіберу.

107. Химиялық күресу әдісі – зиянкестерді пестицидтерді қолдану арқылы жою.

108. Фумиганттар – насекосдардың, бүргелердің организміне тыныс алу органдары арқылы бу, не газ тәрізді күйде түсетін пестицидтер.

109. Биологиялық әдіс – зиянкестерді жыртқыш, паразит насекомдар, насеком қоректі құстар, қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылар, аңдар мен ауру туғызушы микроорганизмдер – вирустар, саңырауқұлақтар, сол сияқты бүргелер мен нематодтар арқылы жою.

110. Микробиологиялық күрес – зиянкестерге қарсы күресте түрлі микробиологиялық препараттар эктобактерин, дендробацилин, инсектин т.б. қолдану.

111. Интеграциялық (комплестік) әдісте өсімдіктердің зиянкестері мен ауру туғызушаларын қарсы күресте екі, не одан да көп әдістерді қолдану.

Тақырып №5:Әлеуметтик және қолданбалы экологияның негізгі ережелері мен мазмұны. Медициналық экология қолданбалы экологияның саласы ретінде.

112. Әлеуметтік экология — табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді.

113. Әлеуметтік экологияның негізгі міндеті – адамзат қоғамының және оның жекелеген аймақтық топтарының табиғатпен әсерлесу заңдылықтарын зерттеу негізінде жаңа табиғи-мәдениеттендірілген ортаны жобалау;

114. Қолданбалы экология - экология ғылымы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастырады.

115. Теориялық экология — тірі ағзалардың әр түрлі құрылымдық деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді. 

116. Іргелі экология — биосферадағы тірі азғалар мен сыртқы орта жағдайларының адамның іс-әрекеттері арқылы бүлінуін, оларды болдырмау және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану жолдарын зерттейді.

117. Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік нысандардың тірі ағзаларға және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.

118. Геоэкология — жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі азғалармен қарым-қатынасын зерттейді.

119. Ауыл шаруашылығы экологиясы — ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді.

120. Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, озон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп қатерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.

121. Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті — биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара қарым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту.

122. Медициналық экология - адам экологиясының бір бөлімі және қоғамдық денсаулық байланыстары мен тәуелділіктеріне және оның қоршаған табиғат, әлеуметтік және технологиялық орта факторларынан бұзылуына талдау жасайтын бүгінгі профилактикалық медицина I бағыты.

123. Адам экологиясы - бұл адамның (ағза ретінде) мекен ету ортасымен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым болып табылдады.Адам экологиясы дарақтардың, ағзаның аутэкологиясы (грек. аутос - өзім) ретінде ағзалардың мекендеу орталарымен өзара қарым-қатынасын зерттейді.

 

Тақырып №6: Атмосфераның экологиялық мәселелері. Атмосфера ластануының халықтың денсаулығына және өмір сүру жағдайына әсері. Атмосфералық ауа ластануын интегралды бағалау.

125. Жер атмосферасы (грекше: «atmos» - «бу» және «sphaira –«шар») – Жерді қоршап тұрған газды қабықша.

126. Тропосфера – Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты.

127. Стратосфера – Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км-ге созылатын атмосфера қабаты.

128. Мезосфера – Стратосферадан 50 км биіктікте орналасқан атмосфера қабаты.

129. Термосфера – атмосфераның 80–85 км-ден 500 – 600 км-ге дейінгі молекулалық, атомдық иондардың және еркін электрондардың мол қабаты.

130. Экзосфера (грек. ехо – сыртқы және sphaіra – шар) – Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта, Жер атмосферасының шеткі, ең жоғары қабаты.

131. Ионосфера – газ молекулаларының ионизациясы жоғары болатын, 80 км-ден 800-1000 км биіктік аралығында жатқан атмосфераның қабаты.

132. Атмосфералық ауа – түрлі газдардың қоспасы.Құрамында 78,08 % азот,

133. 20,9 % оттегі, 0,93 % аргон, 0,03 % көмірқышқыл газы бар.

134. Озоносфера, озон қабаты (гр. ozon – аңқығыш және sphaіra – шар) – озонның жоғары концентрациясымен ерекшеленетін стратосфералық (биіктігі 10 – 50 км) қабат.

135. Озон ойықтары - атмосфераның озон қабатының бұзылуы.

136. Фреондар – озон қабатының бұзылуына әсер ететін галогенді қосылыстар.

137. Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады.

138. Шаң – атмосферада үнемі белгілі мөлшерде болатын, табиғи процестер нәтижесінде түзіледі.

139. Минералдық шаң – тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуі, теңіз беттерінен судың булануы минералдық шаңның түзілуіне себеп болады.

140. Органикалық шаң – ауада аэропланктондар түрінде және өсімдіктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шіру өнімдері түрінде болады.

141. Космостық шаң – жанғыш метеориттер қалдықтарынан түзіледі.

142. Жасанды ластану – Атмосфераны ластаушылардың ең негізгілері транспорт түрлері, жанармайлардың жану өнімдері болып табылады.

143. Радиациялық әсер – радиоактивті заттардан бөлінетін радиоактивті сәулелердің әсері.

144. Шу – қоршаған ортаның урбанизация, технологиялық процестердің автоматтандырылуына байланысты әлеуметтік-гигеналық маңызға ие болған кең таралған қолайсыз физикалық фактор.

145. Смог – зиянды улы заттардың жоғарғы концентрациясының атмосферада қалың тұмандар болып жинақталуы.

146. Парниктік эффект – Күннің жылу сәулелерін сіңіретін газдар мөлшерінің көбеюі нәтижесінде атмосфера температурасының жоғарылауы.

147. Қышқыл жаңбырлар – атмосфералық қалдықтардың реакция ортасының жауын, қар, тұманның құрамындағы техногенді қалдықтар әсерінен қышқылдығының қалыпты мөлшерден артуы.

Тақырып №7: Гидросфераның экологиялық мәселелері. Судың ластануның халық денсаулығына әсері. Судың ластануын интегралды бағалау.

149. Гидросфера – тірі организмдер мекендейтін Жердің сулы қабықшасы, барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер,теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен бұлақтар.

150. Зоопланктон - теңіздің, су айдындарының әртүрлі тереңдігінде мекендейтін және суда қалқып тіршілік ететін, су ағынына төтеп бере алмайтын тірі организмдер тобы.

151. Фитопланктон - микроскопиялық жасыл өсімдіктер, негізінен, балдырлар, сондай-ақ, су қабатында еркін жүзіп жүретін кейбір жоғары өсімдіктер.

152. Бентос - (гр. benthos – тереңдік) — су қоймаларының түбіндегі организмдер жиынтығы.

153. Фитобентос (гр. phyton - өсімдік, bentos — тередік) — өзендер мен су қоймалардың түбінде өсетін түтік өсімдіктер, өсімдіктекті организмдер жиынтығы.

154. Зообентос - (грекше: zoon - жануар және benthos- тереңдік) — теңіздердің және тұщы сулы материктік суқоймалардың түбінде мекендейтін жануарлар жиынтығы; бентостың құрамдас бөлігі.

155. Климатотоп – қоршаған ортадағы климаттық жағдайлар.

156. Криосфера – Жер шарының атмосфера, гидросфера және литосфера тоғысатын белдеміндегі мұзды қабаты.

157. Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы.

158. Ауыз су — органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су.

159. Тұщы су — минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су.

160. Су табиғатта 3 түрлі агрегаттық күйде: қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі.

161. Эвтрофикация – суда,табиғи не антропогендік факторлар әсерінен биогенді элементтердің жинақталуы нәтижесінде су объектілерінің биологиялық өнімділігінің артуы.

162. Ағызынды суларды ластаушы заттардан тазарту процесстері.

163. Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазартуы.

164. Физико-химиялық әдіс – ластаушы заттардың физикалық күйін өгертуге негізделген.Бұл әдіске коагуляция, флокуляция, флотация, ион алмасу, адсорбция, экстракция, кері осмос, ультрафильтрация, кристалдау, дистильдеу, электролиз және электродиализ жатады.

165. Коагуляция – ағызынды суларға коагулянттар (аммоний, темір, мыс тұздары, т.б.) қосылады, нәтижесінде ластаушы заттар тұнбаға түседі де, судан бөлініп алынады.

166. Сорбция – кейбір қосылыстар мен заттардың өздеріне басқа заттарды сіңіру қасиетіне негізделген.

167. Флотация – ағызынды суларға ауа жіберу арқылы суды ластаушы заттарды ауа көпіршіктерінің «ұстап алып», су бетіне көбік тәрізді қабат түзуіне негізделген.

168. Химиялық әдіснейтралдау және тотықтыру жолымен жүзеге асырылады.

169. Нейтралдау - кезінде ағызынды сулардағы қышқылдар мен сілтілерді нейтралдау үшін арнайы реагенттер(ізбестас, кальцийленген сода, аммиак) қолданылады.

170. Тотықтыру -кезінде хлор және оның қосылыстары пайдаланылады.

171. Биологиялық әдісі – суға микроорганизмдерді өсіру арқылы суды тазарту.

172. Суды ластаушылардан бөлу 3 кезеңмен жүзеге асырылады.

173. Бірінші реттік тазарту - ағызынды сулар ірі қатты қалдықтардан тұндыру арқылы тазартылады.

174. Екінші реттік тазарту - еріген органикалық заттарды бөлу.

175. Үшінші реттік тазарту - ағызынды судың құрамындағы азот пен фосфор қосылыстарын бөлу.

176. Тамшылы биофильтрлер -арқылы тазарту әдісінде судағы тек қана жүзінді органикалық қосылыстар емес,еріген қосылыстар да бөлінеді.

 

Тақырып №8: Литосферадағы антропогендік әсер ету. Топырақтың химиялық және биологиялық ластануы және халық денсаулығы. Топырақтың ластануые интегралды бағалау.

177. Литосфера - (грекше «lithos» -«тас» + «sphair» -«шар»)- жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы.

178. Топырақ – сыртқы орта жағдайлары: жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты.

179. Топырақтың құнарлығы - оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

180. Топырақтың деградациялануының - (латын тілінен аударғанда -«төмендеу», «артқа кету») негізгі факторлары: эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтер шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.

181. Эрозия - (латынның «erodere» -«бұзу») деген сөзінен шыққан, топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы.

182. Қалыпты эрозия - орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында жүреді. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады.

183. Жылдам эрозия - табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған территорияларда байқалып, бұл эрозия тез жүреді.

184. Жазықтық эрозия - тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар суларымен шайылуы.

185. Сызықтық эроия - тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.

186. Жел эрозиясы, не дефляция – топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желмен ұшуы.

187. Өндірістік эрозия – пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен өндіруде, тұрғын үй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай құбырларын салу кезінде байқалады.

188. Абразия - өзендер, басқа да су көздерінің жағалауларының құлауы, жыртылатын және мал жайылатын жерлердің ауданы кемиді.

189. Механикалық эрозия – ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланған жағдайларды қалыптасады.Топырақтың структурасы бұзылады, физикалық қасиеттері нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті- биологиялық белсенділігі әлсірейді.

190. Топырақтың тұздануы - натрий, кальций, магний тұздарынң топырақта өсімдіктердің өсуі мен дамуына зиянды әсер ететін концентрацияда жинақталуын айтады.

191. Бұзылған жерлер - адамның шаруашылық іс- әрекеттерінің нәтижесінде өсімдіктері жойылған, гидрологиялық режимі мен рельефі өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер.

192. Рекультивация – бұзылған жерлерді қайта қалрына келтіру процесі.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1221 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жылы Б.Коммонер қалыптастырған экологияның негізгі заңы | Тақырып №12:Табиғат және қоғамның стратегиялық өзара қатынасы. Тұрақты дамуға өту концепциясы. | ГЛОССАРИЙ | ГЛОССАРИЙ | ГЛОССАРИЙ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып №2: Өмір сүрудің популяциялық деңгейі. Өмір сүрудің экожүйелік деңгейі.| Тақырып №9: Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер ету. Өсімдіктердің ластануын бағалау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.034 сек.)