Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жылы Б.Коммонер қалыптастырған экологияның негізгі заңы

Читайте также:
  1. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  2. Биполярлы транзистордың жұмыс істеу режимдері. Транзисторлардың жіктемесі. Транзистордың негізгі параметрлері.
  3. Гепатобилиарлы жүйе аурулары кезіндегі витамин жеткіліксіз жағдайлардың негізгі себебі
  4. Негізгі
  5. Ресей металлургиясының 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары.
  6. СОҢҒЫ КӘСІБИ ЖҰМЫСТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ГЛОССАРИИ

Курс: 1

Семестр: 1

Пәні: «Экология және тұрақты даму»

Мамандығы: «Тіс емдеу»

Алматы, 2014

Курс мәжілісінде талқыланып бекітілді

Хаттама №______ ______________ 2014ж.

 

Жалпы гигиена және экология

курсының меңгерушісі, и.о. проф. Рыскулова А.Р.

 

Тақырып №1: Экологияға кіріспе. Жалпы экология пәні,міндеттері және құрылысы. Тіршілік ету ортасы және экологиялық факторлар.

1.Экология – бұл тірі организмдер мен олардың өмір сүру ортасының өзара қатынастары туралы ғылым.

2.Аутэкологиялық әдіс – бір түрге жататын организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттеу болса,синэкологиялық әдіс-көптеген түрлердің тіршілік ету жағдайларымен қарым-қатынасын зерттейді.

3.Биогеоценоз (экожүйе) – биорганикалық ортамен өзара әрекеттесетін,соған материалдық-энергетикалық тұрғыда тәуелді болатын тірі мақұлықтардың күрделі табиғи кешені,ол өзінің мәні,заттардың айналымы бойынша дамып қалыптасатын,құрамдық бөліктері ұзақ уақыт бойы және терең бейімделудің нәтижесінде қалыптасқан,динамикалық жағынан теңестірілген жүйе.

4.Биогеоценология зерттейтін – биогеоценотикалық жамылғыны жер шарының биогеоценоздаары құрайды.

5.Гидробиоценоздардың биосфераны қалыптасып,одан әрі дамуындағы мағынасы зор.Жер бетінің бөліктері дәнді дақылдар өсетін агрофитоценоздар деп аталады.

6.“Организм мен ортаның бірлігі” заңы – адамға да қатысты.Медициналық экологияның жалпы экологиядан айырмашылығы “организ мен ортаның бірлігі” заңының әрекетін адам өзінің саналы еңбек қызметімен шектей алады.

жылы Б.Коммонер қалыптастырған экологияның негізгі заңы

1.Барлығы барлығымен байланысты

2.Барлығы қайда болсада бару керек

3.Табиғат жақсырақ біледі

4.Еш нәрсе тегін берілмейді

8.Онтогенез -Кез келген тірі организм өзінің тіршілігі барысында белгілі даму кезеңін басынан өткізеді,бұл даму процессі организмнің жеке дамуы Филогенез - Организмдердің бұл даму кезеңінде бірнеше ұрпақтары бойына түрлі тұқым қуалайтын өзгерістер жүріп,құрылысы мен функциялары түрліше өзгерген жаңа түрлердің пайда болуына әкеп соғады да,бұл кезде организмдердің құрылымы күрделіне түседі.

9.Организмдер бірлестіктері -биорганикалық ортамен тығыз материал – энергетикалық қатынастар арқылы байланысқан.

10.Автотрофтар -күн энергиясын пайдаланып биорганикалық қосылыстардан органикалық заттар синтездейтін организмдерді айтамыз.

11.Химотрофтар - ал химиялық реакцияларда шығарылатын энергияны қолданатын организмдер

12.Гетеротрофтар -дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдерді айтамыз.

13.Валенттілік (экологиялык) - толеранттылық шектері немесе түр, не популяциялардың әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ету қабілетінің сипаттамасы.

14.Газдар (парниктік) - атмосфераға түсіп, парниктік эффект туғызатын, көмірқышқыл газы, метан, көмірсутектер, т.б. газ тәрізді заттардың қоспасымен атмосфераның ластануы.

15.Демэкология - популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.

16.Консументтер - гетеротрофты организмдер (негізінен, жануарлар) басқа организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі фитофагтар) мен жануарлардың (жануар қоректі зоофагтар) органикалық заттарымен қоректенетіндер.

17.Оптимум аймағы- Организіснің қажеттілігіне сәйкес келетін және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ететін фактордың сан мөлшері.

18.Пессимум аймағы -Организіснің қажеттілігіне сәйкес келетін және оның дамуы үшін қолайсыз жағдайлармен әсер ететін фактордың сан мөлшері.

19.Эврибионттар – экологиялық фактордың оптимум және пессимум аймақтары мөлшерінің диапозоны кең мөлшерінде тіршілік ете алатын түрлер.

20.Стенобионттар -экологиялық фактордың оптимум және пессимум аймақтары мөлшерінің аз ғана диапозондағы мөлшеріне бейімделген түрлер.

21.Эвритермиялық түрлер – ортадағы температураға байланысты жоғарғы экологиялық валентті түрлер.

22.Стенотермиялық түрлер- ортадағы температураға байланысты төменгі экологиялық валентті түрлер.

23.Эвригалды түрлер- ортаның тұздылық деңгейіне қатысты тұзды ортада тіршілік етуге бейімделген түрлер.

24.Стеногалды түрлер- тұз мөлшері аз ортада тіршілік ететіндер.

25.Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.)

26.Агробиоценоз - ауылшаруашылығында өсірілетін өсімдіктер қауымдастығы.

27.Адаптация - тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімделі процесі, түр бойынша (генотиптік) бейімделушілік бірнеше үрпақ бойынша жүріп, түр түзілу процесімен байланысты болатын және жеке (фенотиптік) адаптация акклимация организмдердің жеке даму процесін қамтып, оның генотипіне әсер ететін бейімделушілік болып екіге бөлінеді.

28.Акклимация - жеке (физиологиялық) бейімделушілік.

29.Аменсализм - белгілі бір ортадағы организмдердің бір түрінің екінші түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі.

30.Антропогендік факторлар - адамның тіршілік әрекетінің әсері.

31.Виталды (энергетикалық) фактор- организимдердің тіршілік әрекеттеріне тікелей әсер етіп, олардың энергетикалық күйлерін өзгертеді.

32.Сигналды фактор- энергетикалық сипаттамалардың өзгерістері жөнінде информацияларды алып жүруші, сигналдық роль атқарушы.

33.Бірінші реттік периодты факторлар- температура, жарық, судың тасуы мен қайтуы.

34.Екінші реттік периодты факторлар- ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын, күн мен түн, жыл мезгілі, су деңгейінің ауытқулары, ағыстың жылдамдығы, еріген тұздар, лайлылық, судың горизонталды және вертикалды циркуляциясы, т.б.

35.Периодты емес факторлар- шквалды жел, өрттер, атмосфераның иондануы.

36.Эдафикалық факторлар- судың механикалық құрамы, тұздылығы, т.б.

37.Қоректік (трофикалык) тізбектер - биоценоздың әртүрлі трофикалық деңгейлердегі мүшелерінің алдыңғыларының соңғыларымен қоректенуі арқылы заттар мен энергияның тасымалдануы.

38.Тепмпература – организмдегі зат алмасу процестерінің интенсивтілігіне әсер ететін аса маңызды экологиялық фактор.

39.Пойкилотермия- дене температурасы ауыспалы жануарлар.

40.Гомойотермия- дене температурасы тұрақты жануарлар.

41.Толеранттылық аймақ- температуралар шкаласында белгілі бір түр үщін тіршілік аймағы шектелген нүкте.

42.Гелиофильді өсімдіктер- жарық сүйгіш өсімдіктер.

43.Гелиофобты өсімдіктер- көлеңке сүйгіш өсімдіктер.

44.Скиофильді өсімдіктер- көлеңкеге төзімді өсімдіктер.

45.Гидробионттар (гидрофиттер) - суда тіршілік ететін организмдер.

46.Гелиобионттар (гелиофиттер) -сумен құрлық шекарасында тіршілік ететін организмдер.

47.Гигрофилдер – жоғары ылғал ортада тіршілік ететін организмдер.

48.Мезофилдер – жоғары салыстырмалы ауаны қажет ететін организмдер.

49.Кәдімгі гигрофилдер – топырақтың жоғары ылғалдылығын қажет ететін организмдер.

50.Ксерофилдер – құрғақшылыққа төзімді организмдер.

51.Ксероморфоздар – жапырақтардың майдалануы, өркендердің қатайып ағаштануы, тікендер мен инелер пайда болуы, жапырақ алақандарының қатты тіліміденуі.

52.Суккуленттілік – су жинақтайтын ткандердің жақсы жетілуі.

51.Анемофил – өсімдіктер тозаңдану үшін желді жақсы пайдалануға бейімделуі.

52.Анемохор – өсімдіктер жемістері мен тұқымдары желкен сияқты бейімделуі.

53.Байланысқан су – гигроскопиялық және пленкалы топырақ бөлшектерінің бетіне сіңірілуі.

54.Капиллярлық су – майда қуыстарды толтырып, әртүрлі бағыттарда қозғалады.

55.Гравитациялық су – қуыстарды толтырады да, төмен қарай жаймен қозғалады.

56.Бу тәрізді су – топырақтағы ауаның құрамында болатын су.

57.Гомотипті реакциялар – бір түрге жататын особьтар арасындағы қарым-қатынастар.

58.Топ эффектісі – топтағы индивидтердің особьтардың мінезқылығына, физиологиясына, дамуы мен көбеюіне сезім органдары арқылы әсер етуі.

59.Массалар эффектісі – топ эффектісіне қарағанда қоршаған ортадағы популяция тығыздығы мен особьтар санының артуына байланысты жүретін өзгерістер нәтижесіндебайқалады.

60.Гетеротиті реакциялар – әртүрлі түрге жататын особьтар арасындағы қарым-қатынастар.

61.Конкуренуия – екі популяцияның бір-бірімен бәсекелестік қырым-қатынас түрі.

62.Нейтрализм – екі популяцияның бір-біріне зиянсыз қарым-қатынас түрі.

63.Мутализм – екі популяцияның бір –біріне пайдалы қарым-қатынас түрі.

64.Симбиоз – екі популяция бір-бірінсіз тіршілік ете алмауы.

65.Антибиоз - организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым - қатынастың түрі.

66.Анабиоз - қолайсыз жағдайлар әсерінен немесе организмнің жеке даму процесінде ерекше кезеңнің қалыптасуына байланысты олардың тіршілік әрекеттерінің уақытша тоқтауы.

67.Коменсализм - белгілі ортада тіршілік ететін бір түрге жататын организмдер екінші түрге жататын организмдерді пайдалана отырып, бірге тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастар типі.

1. АМЕНСАЛИЗМ – бірге тіршілік ететін түрлердің бірінің зиян да, пайда да алмай, ал екінші түрдің зиян шегуі.

2. ПАРАЗИТИЗМ – бір түрдің екінші бір түрді тіршілік ортасы етіп өмір сүруі және сол организм арқылы қоректенуі.

3. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚУЫС – түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі.

4. КОНСОРЦИЯ – бір түрге жататын особьтың денесінде тіршілік ететін әртүрлі организмдер.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 2740 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Экожүйе компонеттері және олардың сипаттамалары. | Тақырып №9: Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер ету. Өсімдіктердің ластануын бағалау. | Тақырып №12:Табиғат және қоғамның стратегиялық өзара қатынасы. Тұрақты дамуға өту концепциясы. | ГЛОССАРИЙ | ГЛОССАРИЙ | ГЛОССАРИЙ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Индекс неравномерности распределения рыночных долей Джини| Тақырып №2: Өмір сүрудің популяциялық деңгейі. Өмір сүрудің экожүйелік деңгейі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)