Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

СоҢҒы кӘсіби жҰмыста Ұйымдастырылатын Өндірістік ҚауіпсіздіктіҢ негізгі ережелері

Читайте также:
  1. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  2. Биполярлы транзистордың жұмыс істеу режимдері. Транзисторлардың жіктемесі. Транзистордың негізгі параметрлері.
  3. Гепатобилиарлы жүйе аурулары кезіндегі витамин жеткіліксіз жағдайлардың негізгі себебі
  4. ЕМШАРА МЕЙІРБИКЕСІНІҢ КӨМЕКШІСІ» КӘСІБИ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫҢДЫСЫ БОЙЫНША ІСКЕРЛІК ПЕН ДАҒДЫНЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ
  5. Жылы Б.Коммонер қалыптастырған экологияның негізгі заңы
  6. Мақсаты: Әр түрлі реактивтердің қасиетін, оларды пайдалану және сақтау ережелерін білу.
  7. Негізгі

Ұйымдастырылатын және жоспарланатын қауіпсіздік іс-шараларының мазмұны мен сипаты соңғы кәсіби жұмысқа (СКЖ) берілетін тапсырма тақырыбына байланысты болады.

Осылайша өндірістерді жобалау кезінде аймақ территориясы мен бас жоспарға, ғимарат құрылысы мен құрылыс элементтеріне, цехтарды жобалауға, өндірістік үрдістерді орналастыру, көлік ағындарын ұйымдастыру, өртке қарсы су құбыры жүйесі мен оның қуатына, территорияның көркейтілуіне, тұрмыстық үймереттерге және т.б. қатысты техника қауіпсіздігі мен өрттің алдын-алу шаралары едәуір маңыздылыққа ие болады. Бұл мәселелердің әрқайсысы еңбек қорғау бойынша СКЖ-та жеке тақырып бола алады.

Цехтарды жобалау кезінде қауіпсіздік шарттарын өндірістің технологиялық үрдісінің сиапты мен ерекшеліктеріне сәйкес (шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, өндірістік қалдықтарды сақтау мен тасымалдауды қоса алып), жабдықтардың жинақталуына, жұмыс орнының ұйымдастырылуына, эвакуациалау жолдарының, тұрмыстық ғимараттардың орналасуына байланысты қарастырған жөн.

Қандай да бір технологиялық үрдістің сұлбасын ұйымдастыра отырып, механикалық, химиялық, электрлік және басқа да жарақат түрлері мен кәсіптік зияндылық түрлерін, оның ішінде пайдалану кезіндегі апаттық шарттар мен қоршаған ортаға кері әсерлерін қоса алып зерттеу аса маңызды. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып негізделген қорғаныс шараларын ұйымдастыру қажет.

Қолданыстағы өндіріс орынын немесе цехты қайта құру мақсатын қолға алған тапсырмаларды орындауда, ең басты еңбекті қорғау тұрғысынан нақты шарттардың дәл және толық сипаттамасын берген жөн секілді. Бұл жағдайда СКЖ алдында болған өндірістік тәжірибе барысында жүргізген өзіндік бақылау мен статистикалық мәліметтер бойынша кәсіби науқастану мен жарақаттану анализін беру ұсынылады. Жүргізілетін зерттеуден жарақаттану себептерінің сипатын анықтауға болады және қорытынды ұсыныс ретінде олардың салдарын жою бойынша құрастырмалы-техникалық, сондай-ақ ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар ұсынуға болады.

Құрастырушылық сипаттағы тапсырмаларды орындауда (машина, аппарат, қондырғыны жобалауда) пайдалану шарттарына сәйкес қажетті қауіпсіздік құралдарының құрастырушылық ұсыныстарын ескеру қажет (қоршаулар, қауіпсіздіктің блокталуы, герметикалылық, ескертуші дабыл және т.б.).

Егер соңғы кәсіптік тапсырманың тақырыбы зерттеушілік (эксперименталдық) жұмыс болса, онда мақсаттық бағыт пен зерттеу әдістері, орындау техникасы, зерттеу аппаратурасы мен құралдар оны жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей тұрғыдан қарастырылуы қажет. Бітіруші түлекпен ұсынылатын қорытындылар мен ұсыныстар еңбек шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына негізделеді.

Демек жоба тақырыбына қарамастан жоба мәтіні мен сызбаларында қауіпсіз және салауатты еңбек шарттарын ұйымдастыруға бағытталған келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет:

машиналар, аппараттар және жабдықтарды пайдалану кезінде ауыр, қауіпті, еңбек сыйымды және монотонды жұмыстар мен операциялардың механизациясының міндеттілігі;

механикалық, термиялық және электрлік қауіптілікті ескере отырып, жабдықтардың қауіпті элементтерінің блоктауыштарының және құрастырымдық қоршауларының бар болуы;

бақылаушы-өлшеуші, реттеуші, сақтандырушы және дабыл беруші автоматтар мен құралдардың орналасуы және құрылысы, жұмыс атқару тиімділігі;

жоғары қауіптілікті үрдістер үшін арнайы қауіпсіздік талаптары (қысыммен жұмыс істейтін аппараттар, көтергіштер, жоғары электр қауіптілігі және т.б.);

қолайлы метеорологиялық орта мен қолайлы жұмыс орынын ұйымдастыру (желдету, жылыту, жарықтандыру, өтпелдердің, қондырғылардың орналасуы; техникалық эстетика элементтері);

Өртке қарсы іс-шаралар ұйымдастыруда өрттердің пайда болуының алдын-алу шаралары тек халық шаруашылығының материалдық құндылықтарын ғана емес, сонымен қатар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін және олардың денсаулығы мен өмірін де сақтайтынын есте сақтау қажет.

Өрттер көбінесе жазатайым жағдайлармен қоса жүретіндіктен, ал кейде жазатайым жағдайларға әкеліп соғатын себептер жанудың өршуін дамытатындықтан, СКЖ орындау барысында қауіпсіздік техникасы мен өрттің алдын-алу шараларын бірге қоса алып қарастырған жөн.

«ТҚжҚОҚ» кафедрасының кеңесшілері мен шығарушы кафедралар жетекшілерінің келісімімен дипломдық жобада келесі сұрақтар қамтылуы мүмкін:

1. Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жақсарту, санитарлы қорғаныс аймағы

2. Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру

3. Көтеру-көліктік құрылғылар

4. Электр қауіпсіздігі

5. Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі

6. Шу және дірілмен күресу іс-шаралары

7. Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары

8. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде нысандарды қорғау бойынша іс-шаралар

9. Жұмыс орындарында микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету

10. Жұмыс орындарының аттестациясы

11. Техникалық регламент талаптарын еңгізу және оларды сақтау мониторингі

12. Нормативті жарықтандыруды қамтамасыз ету

13. Өрт-жарылыс қауіпсіздігі

14. Жобаланатын нысанның қоршаған ортаға кері әсері мәселелері

Аталған сұрақтар дипломдық жобаның сәйкес бөлімінде қамтылуы мүмкін және жеке бөлім ретінде бөліп қарастыруды қажет етпейді. Мысалы, белгілі бір технологиялық үрдісті ұйымдастыру кезінде, оның қауіпсіздігі жайлы мәселелер жеке параграфқа шығарылып немесе мәнмәтіні ретінде сол бөлімнің өзінде қарастырылуы мүмкін.

Одан басқа студент дипломдық жоба кеңесшісі мен жетекшісінің кеңесімен жоғарыда аталып кеткен сұрақтарды қамтымай-ақ көлемі 5 тен кем емес өндірістік қауіпсіздік бойынша қажетті инженерлік есептеу жұмыстарын орындауына да болады, сәйкесінше олар дипломдық жобаның жеке бөлімі ретінде рәмізделуі қажет.

Аталған сұрақтарға қатысты қолданылған әдебиеттер тізімі, нормативтік құжаттар тізімі және техникалық регламенттер әдістемелік нұсқаулардың соңында келтірілген.

Еңбекті қорғау, төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаныс және қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлік есептеу жұмыстарын орындауға қажетті материалдар ТҚжҚоҚ кафедрасында электронды нұсқауда беріледі.

Бөлімді дер кезінде және сапалы түрде орындауы үшін студент дипломдық жоба жетекшісінен тапсырма алған соң кеңесшіге келуге міндетті.

Тапсырманы орындау барысында нормативтік ережелерді және т.б. ресми құжаттарды көшіріп алумен шектеліп қою рұқсат етілмейді. Өндірістік қауіпсіздік, ТЖ кезіндегі қауіпсіздік және еңбек пен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қамтитын сұрақтардың қосынды есебі 3-5 бетті құрауы қажет.

Орындалған жұмыстың мазмұны мен сапасы студенттің өзіндік тәжірибелік қызметке дайындығын, алынған теориялық білімі және тәжірибелік икемі мен ептілігін шығармашылық түрде пайдалану қабілетін көрсетуі қажет.

Тапсырманы орындау барысында студент диплом алдындағы тәжірибеден жинаған материалдарын зерттеп, қажетті есептеу жұмыстарын жүргізеді және қауіпсіз, салауатты еңбек шарттарын, ТЖ кезінде нысандардың тұрақтылығын, жобаланатын нысанның қоршаған ортаға кері әсерінің төмендеуін қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастырады.

 

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 738 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | Шу және дірілмен күресу іс-шаралары | Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары | Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде нысандарды қорғау бойынша іс-шаралар | ТЖ зардаптарын жою | Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету | Жұмыс орындарын аттестациядан өткізу | Рт жарылыс қауіпсіздігі | Оршаған ортаға жобаланатын өндірістің жағымсыз әсері мәселелері | СЫНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КІРІСПЕ| Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)