Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде нысандарды қорғау бойынша іс-шаралар

Читайте также:
  1. Аз. Кеуде және құрсақ қуысының жарақаттары, қаз.
  2. Аз. Хирургиялық гастроэнтерология және колопроктология, қаз
  3. Аз. Хирургиялық ифекция және амбулаторлы хирургия, каз.
  4. Андай рецепторлардан сенсорлық ақпарат Швальбе, Манаков, Дейтерс және Бехтерев ядроларына келіп түседі?
  5. Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары
  6. Бiрiншi бағыт: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
  7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Бұл бөлімде екіншілей зақымдалу факторларының пайда болуы тұрғысынан өндіріс айналымындағы заттардың қауіптілігін бағалау қажет, шикізат қорларын, аралық өнім мен дайын өнімдерді, оларды сақтау қауіпсіздігі мен сыртқа шығару мүмкіндіктерін қарастыру керек.

Одан әрі нысанның орналасу аймағын сипаттау қажет (жергілікті рельеф, орман массивтерінің болуы – өрттің пайда болу көзі ретінде; өзен, көл маңайында орналасқан өнеркәсіптер үшін – су басу мүмкіндігі; автокөліктік және темір жолдарының, су көліктерінің болуы және т.б.). Өнеркәсіп алаңы құрылысының сипатын (құрылымын, тығыздығы мен құрылыс типін, өрттердің пайда болу және өршу мүмкіндіктерін, ғимараттар арасындағы өтпелдер мен қорғаныс паналарына кіре берістерде үйінділердің пайда болуы), жабдықтардың орналасу сипатын (ғимараттарда, ашық кеңістіктерде, үлдіріктерде), ғимартаттар мен үймереттердің техникалық сипаттамаларын (қабаттылығы, өлшемдері, қабырғалық толтырымы, жарық саңылаулары, төбе жабындысы, аралық жабындылары, ғимартаттың отқа төзімділігі, ғимаратқа қосарласып және оған жақын орналасқан қорғаныстық паналардың болуы) көрсету керек.

Ең үлкен ауысымдағы тұрақты жұмыс орындары мен қызметкерлердің болуы мүмкін орындарын көрсете отырып жұмыскерлер санын келтіру керек, энергетикалық және байланыс желілерінің сипатын (жер үстілік, жер астылық, эстакада бойында орналасқан, ор, топырақ қабатында, ғимарат қабырғаларының ішінде орнатылған), ішкі энергиямен қамамасыз ету көздерінің болуы, қажеттілік туындаған кезде (мысалы АҚ дабылы бойынша) жеке аймақтардың немесе барлық жүйенің электр желісінен қашықтықтан ажыратылу мүмкіндігінің болуын көрсету қажет.

Өндірістің газбен қамтамасыз ету жүйесінен автоматты түрде ажыратылу мүмкіндігін (егер мұндай мәліметтер бар болса), өндірісті ҚӘУЗ мен оттегімен, жарылыс қауіпті және жанғыш заттармен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі жайлы ақпараттарды зерттеу қажет.

Өндірісті басқару жүйесінің санімділігіне, қызметкерлерді жұмылдыру аймағымен байланыс, хабарлау жүйесіне, жұмыс күшін толықтыру және басқарушы қызметкерлерді өзара алмастыру мүмкіндігіне баға беру қажет.

Қызметкерлер жоғалымын төмендету мақсатында өндіріс жұмысшыларын ТЖ қауіпі жайлы дер кезінде хабардар ету үшін жобада радиожелісі арқылы азаматтық қорғаныс (АҚ) дабылдарының, дыбыстық (сиреналар) және жарықтық (табло) дабылдарының таралуын қарастыру қажет.

Бөлімде дауыстап сойлегіштердің, сиреналар, таблолардың орналасу орындарын (өндірістік ғимараттардың, этажеркалардың және өндіріс аймақтарының белгілену өстерінің координаттарын, әкімшілік тұрмыстық ғимараттардың атауларын) көрсету қажет, сонымен қатар кәсіпорынның ТЖ және АҚ штабының дабылдарын цехтың ТЖ және АҚ құрылымдарының басшыларына тарату мақсатында қолданылатын ақпарат тарату микрофондары, сиреналарды қосу құрылғылары мен жарықтық таблолары орнатылған бөлмелерді атап көрсету қажет.

Жобада АҚ дабылдары бойынша өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес жұмысты тоқтату, қызметкерлердің қорғаныс үймереттерінде жасырыну мүмкіндігін қарастыру қажет. Өндірістік технологиялық үрдіс немесе қауіпсіздік талаптарына сәйкес орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, арнайы кезекші қызметкерлерге қорғаныстық паналар ұйымдастырылуы қажет.

«Әуелі дабылды тоқтату» белгісі бойынша қауіпсіздік туындаған жағдайда қорғаныстық үймереттер мен паналар маңайындағы өрт, радиациялық және химиялық жағдайларды бақылап, қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа шығару мүмкіндігін қарастыру қажет.

 

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 401 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | КІРІСПЕ | СОҢҒЫ КӘСІБИ ЖҰМЫСТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ | Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы | Шу және дірілмен күресу іс-шаралары | Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету | Жұмыс орындарын аттестациядан өткізу | Рт жарылыс қауіпсіздігі | Оршаған ортаға жобаланатын өндірістің жағымсыз әсері мәселелері | СЫНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары| ТЖ зардаптарын жою

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)