Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТЖ зардаптарын жою

 

ТЖ зардаптарын жою кәсіпорынның, өндірістің, ұйымның, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарамастан, жергілікті өзіндік басқару ұйымының, субъектілердің атқарушы билігі ұйымының жеке құралдарымен төтенше жағдай бойынша сәйкес комиссиясының жетекшілігімен төтенше жағдай болған аймақта жүзеге асырылуы тиіс.

ТЖ зардаптарын жою ҚР Қарулы күштерінің, Азаматтық қорғаныс күштерімен, арнайы және Азаматтық Қорғаныстың әскериленбеген құрылымдарымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдай зардаптары құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар аяқталғаннан соң жойылған болып есептелінеді.

Кесте 7

ТЖ зардаптарын жою

 

Апаттық-құтқару жұмыстары Өзге шұғыл жұмыстар
1. Құрылымдар қозғалысының және атқарылуы тиіс жұмыс аймақтарын барлау. 1. Үйінділер мен залалды аймақтарда бағаналық жолдар мен өтпел құрылғыларын ұйымдастыру.
2. Құрылымдардың қозғалысы жолдарындағы және жұмыс аймақтарындағы өрттерді сөндіру 2. Коммуналдық -энергетикалық және технологиялық желілерде апаттарды оқшаулау.
3.Зардап шегушілерді іздестіру және оларды үйінділер астынан, бұзылған, жанып жатқан, газданған, түтін басқан және су астында қалған ғимараттардан шығару. 3. Жұмыстарды орындауға бағыттайтын жолдар бойындағы опырылу мүмкіндігі бар ғимарат құрылыстарын бекіту немесе құлату.  
4. Зардап шегушілерге алғашқы дәрігерге дейіңгі көмек көрсету және оларды емдеу ұйымдарына көшіру.  
5.Адамдарды санитарлық өңдеу, олардың киімдерін, аймақты, үймереттерді, техника, су және азық–түлікті залалсыздандыру.

 

ТЖ зардаптарын жоюды ұйымдастыруға келесілер кіреді:

- залалданған ошақты барлау, қажетті ақпараттар жинау;

- болған жағдайды әр түрлі дәрежедегі басшылармен бағалануы (өрттік, радиациялық, химиялық, апаттық және барлығын қоса алғандағы);

- кәсіпорын басшыларының апаттық – құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша шешім қабылдауы;

Апаттық құтқару жұмыстары жүріп жатқан АҚ және нысан жетекшілері шешім қабылданғаннан кейін, белгіленген уақытта қандай іс-шараларды, қандай кезекпен атқару керектігін, сонымен қатар оларды жүзеге асыру үшін қандай құралдар мен күштер қажет екендігін анықтаулары қажет.

Апаттық құтқару жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүзеге асырылуы үшін АҚ күштері мен топтары құрылады. Күш топтарынның құрамына нысандық және аймақтық құрылымдар және АҚ әскери бөлімдері кіреді. АҚ күштік топтары көбінесе келесілерден жүктеледі: құрама отряд, құтқару отряды, қызмет құрылымдары.

АҚ күштері мен құралдары төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:

- залалданған ошаққа тез арада жету;

-қысқа мерзімде апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу және өрістету;

- олардың жүргізілуінің үздіксіздігі;

-жұмыс барысының өсуіне орай күш жүгерді ұлғайту;

-жұмыс барысында күш пен құралдарды игере білу, құрылымды өзара алмастыра алу мүмкіндігі, адамдарды іздеу мен үйінді, бұзылған қорғаныс үймереттерінің астынан шығаруға арналған жоғары өнімділікті техника мен аппаратурамен жұмыс атқара білу;

-басқарудағы ыңғайлылық.

Апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуде халық шаруашылығындағы құрылыс және жол машиналары мен механизмдерінің, шаруашылық коммуналдық техниканың барлық түрлері қолданыла алады.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 259 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | КІРІСПЕ | СОҢҒЫ КӘСІБИ ЖҰМЫСТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ | Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы | Шу және дірілмен күресу іс-шаралары | Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары | Жұмыс орындарын аттестациядан өткізу | Рт жарылыс қауіпсіздігі | Оршаған ортаға жобаланатын өндірістің жағымсыз әсері мәселелері | СЫНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде нысандарды қорғау бойынша іс-шаралар| Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)