Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз

Читайте также:
  1. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  2. Биполярлы транзистордың жұмыс істеу режимдері. Транзисторлардың жіктемесі. Транзистордың негізгі параметрлері.
  3. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 1 страница
  4. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 2 страница
  5. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 3 страница
  6. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 4 страница
  7. Білім беру қызметтеріндегі стандарттарды атаңыз және оларды басқару жүйесіне сипаттама беріңіз

Стандарттаудың қысқаша даму тарихы. Қоғамның дамуына сәйкес адамдардың атқаратын жұмыс түрлері де өзгеріп отырады. Бұл ертеде әр түрлі заттардың, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардың және жұмысты атқарудың жаңа тәсілдерінің пайда болуынан көрініс тауып отырған. Сонымен бірге, адамдар өз жұмыс нәтижелерінің ішінен қолдануға лайықты жақтарын таңдап алып отырған. Көне дәуірдегі өлшем бірліктерінің, стандартты мөлшерлі құрылыс бөліктерінің, су құбырларыныңқолданылуы стандарттаудың мысалдары болып табылады. Қайта өркендеу дәуірінде елдер арасында экономикалық байланыстардың дамуына сәйкес стандарттау әдістері кең қолданыла бастады. Мысалы, Венецияда көптеген кемелер жасау қажеттілігіне сәйкес оларды алдын ала дайындалып қойылған бөліктерден жинастыру қолданылды. Бұдан кейінгі уақытта да стандарттау жұмыстары жақсы дамып отырған. Мысалы, 1845 жылы Англияда бекіту оймаларының жүйесі, Германияда теміржол табандарының арақашықтығы стандартталды. Халықаралық стандарттау жұмыстары 1875 жылдан бастау алады. Осы жылы халықаралық метрикалық конвенцияны құрайтын 19 елдің өкілі Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросын құрды. КСРО құрамына кірген елдерде стандарттаудың дамуы өлшемдер мен салмақтардың методикалық жүйесін құрудан басталған. 1925 жылы стандарттау саласында алғашқы орталық орган - Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жанынан стандарттау бойынша Комитет құрылды. Осы жылдан бастап КСРО-да стандарттау саласында көптеген игі істер атқарылды. 1992 жылы бұрынғы КСРО аумағында тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына байланысты осы елдердің арасында стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы байланысты орнатудың жаңа түрлері қарастырылды. 1992 жылы 13 наурызда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) енген елдер «Келісілген саясатты жүргізу туралы» келісімге қол қойды. Келісімге қол қойылуы, одан кейін мемлекеттік стандарттардың әзірленуі Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдары қабылданды. Заңдар стандарттау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеп шығару негізінде тұтынушылардың мүддесін мемлекет тарапынан қорғауға бағытталған шараларды айқындап берді.

3. Нормативті құжаттар және олардың негізгі әлеуметтік стандарттарды құрудағы маңыздылығын сипаттаңыз. Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады:

1) халыкаралык стандарттар;

2) өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалык ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;

4) ұйымдар стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;

6) шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары жатады.

Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ТМД мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттермен (МТК) әзірленеді және міндетті және/ немесе ұсынылатын талаптарды тағайындауы мүмкін.

Мемлекетаралық стандарттарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес (МГС), ал құрылыс саласында арнайы стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми- техникалық Комиссия қабылдайды.

Мемлекетаралық стандарттар қабылдаудан өткеннен кейін стандарттар жөніндегі Бюрода тіркеледі. Бюро Минск (Беларусь Республикасы) қаласында орналасқан.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын мемлекеттік басқару органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі комитеттер әзірлейді. Стандарттарды әзірлеуге өнімнің технологиясын әзірлеуші, шығарушы және тұтынушылардың өкілдері, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар, тұтынушылар қоғамдарының өкілдері, Комитеттің мамандары шақырылуы мүмкін.

Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшін жою тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Мемлекеттік стандарттар:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін, негізге алынатын стандарттар;

2) өнімнің, көрсетілетін қызметтің біртекті топтарына, қажет жағдайда нақты өнімге, көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, көрсетілетін қызметке арналған стандарттар;

3) процестерге арналған стандарттар;

4) өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттар болып бөлінеді.

Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкілетті органның кәсіпорындары әзірлейді.

Мемлекеттік стандарттар өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған жеріне қарамастан, ерікті негізде тең дәрежеде қолданылады.

Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттік жіктеуіштері- экономика салаларында қолданылатын және есепке алынуға тиіс техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуге және код қоюға жатады.

Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерінің тізілімін уәкілетті орган жүргізеді.

Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және оларға код қою жүйесін құру мен оның қызметіне бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді уәкілетті орган белгілейді.

Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар.

Ұйымдар стандарттарын мемлекеттік техникалық реттеудің мақсаттарына жету үшін ұйымдар өздері дербес әзірлейді және бекітеді.

Ұйымдар стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін оларды бекітетін ұйымдар дербес белгілейді.

Ұйымдар стандарттары қолдану үшін ерікті сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.

Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар жүргізуге қатысты, қолданылу үшін ерікті ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін қамтиды.

Ұсынымдардың жасалуына, ресімделуіне, мазмүнына, баяндалуына, оларды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолдану тәртібіне қойылатын талаптарды оларды бекітетін ұйым белгілейді.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 714 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз. | Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз | Леуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз. | Леуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз | Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз. | Леуметтік мониторинг:мәні, прнциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз | Мониторинг сипаттамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз. | Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде | Леуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз| Р Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)