Читайте также:
|
|
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек пен қантамыр ауруларының ең қатерлілері миокард инфаркт пен инсульт. Миокард инфаркты дегеніміз – коронарлы қан айналымының жетіспеушілігінің әсерінен жүрек бұлшық етінде бір немесе бірнеше ишемиялық некроз ошақтарының пайда болуымен сипатталады. Ал, Инсульт (лат. insultus - соққы, қыспа талу, инсульт) - ми тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз) [6]. Әлемде ең көп өлім әсіресе табысы орта және төмен елдерде жастар өлімі осы аурулардан болатындығы, 2008 жылы 17,3 миллион адам, тіпті 2030 жылы шамамен 23,3 миллион халықтың өлімі осы аурудан болатыны Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық мәліметтерінде көрсетілген [7].
Жүрек-қан тамыр жүйесінің күтілетін өмір ұзақтығына әсері маңызды орын алады. Күтілетін өмір ұзақтығы – бұл жеке адамның емес, жалпы халықтың өмір ұзақтығын сипаттайтын орташа статистикалық көрсеткіш болғандықтан елде демографиялық әрі экономикалық шешім қабылдауда негізгі көрсеткіш болып талбылады. Күтілетін өмір ұзақтығын анықтау үшін өмір сүру кестесі қолданылады. Яғни, ғылыми әдіспен жасалған өлім-жітімнің және өмір сүру ұзақтығының кешенді бағалауы – өлім-жітім немесе өмір ұзақтығының кестесі болып табылады. Мұндай сандық модельдерді жасауда өлімнің негізгі себептерін, оған әсер ететін географиялық, жастық, жыныстық және әлеуметтік факторлардың әсерін қоса есептеу негізгі шарты болып саналады да өлім себептері бойынша өлім-жітім кестесі жасалады. Өлім себептері бойынша өлім-жітім кестесі - жасы бойынша өлім-жітім қарқынына жекелеген өлім себептерінің әсерін, белгілі бір жасқа дейін өмір сүруді, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы және басқа да өлім-жітім сипаттамасын көрсететін өзара байланысты шаманың ретке келтірілген қатарлары. Осындай демографиялық мәліметтермен анық жасалған кестелер арқылы адамдардың күтілетін өмір ұзақтығын анықтауға болады [8].
Бұл ретте, статистика жөніндегі ҚР агенттігінің демографиялық жинағында келтірген «өмір ұзақтығы» кестесі арқылы адамның орташа өмір ұзақтығына әсер ететін факторларды инсульт, миокард инфаркт және инсульт-миокард инфаркт аурулары белгісімен толықтырамыз. Сондай-ақ елімізде адам өлімінің негізгі себебі – қанайналым жүйесінің ауруларынан орын алатынын статистикалық мәліметтерде көрсетілген [9]. Дегенмен, 1992-2012 жылдардағы халықтың күтілетін өмір ұзақтығы (КӨҰ) 67,4-ден 69,6-ға артты. Ал, 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін КӨҰ 67,4-тен 63,5-ке дейін төмендеді. Бұдан кейін оның арту үдерісі байқалды. Сәйкесінше, 2012 жылы ол алдын ала бағалау бойынша 69,6 жасты құрады. Оның ішінде ерлерде – 64,8 жас, әйелдерде – 74,3 жас [10]. Демек, демографиялық негізгі мәселе – адам өлімін азайтудың тиімді жолының бірі жүрек-қан тамыры ауруымен ауырып қайтыс болатындар санын азайту керек.
Қоғамдық денсаулық сақтау – сектораралық жақындау және барлық көпшілікті жұмылдыру негізінде, медициналық қызмет тұтынушыларының қажеттілігіне сай денсаулық сақтаудың қызметін жан-жақты ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алуда санитарлық шараларды, сонымен қатар адамдардың айналасын (тұрмыс және демалыс, өндіріс және қоршаған орта) жақсартып күшейту арқылы адамдардың денсаулығын нығайту кең диапазонды әрекет жүйесі.
медицина жеке азаматты емдеуге арналған, қоғамдық денсаулық сақтау (сонымен бірге белгілі әлеуметтік медицина сияқты пән) толығымен қоғамдағы барлық денсаулықты қорғау мәселелерімен айналысады. Халықаралық ұйым қоғамдық денсаулық сақтаудың маңыздылығын мойындайды.
1978 жылы Алма – Атада (Қазақстан) болып өткен БДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы) шақырылған конференциясында қоғамдық денсаулық сақтаудың сұрақтары қарастырылды. Оттавский Хартии (ДСҰ 1986) келісімі бойынша, денсаулықты нығайту және аурудың алдын алуда, қолайлы физикалық, мәдениетті және әлеуметтік - экономикалық өмір сүру мен еңбек жағдайының негізгі мақсаты бекітілген.
Бұл концепция негізінде, бұл жеке тұлға мен қоғамның толық жоғары дәрежедегі әлеуметтік, экологиялық және экономикалық факторлары және медициналық көмек көрсетулері анықталады. Денсаулықты нығайту және жақсарту тек қана денсаулық сақтау жүйесінің қызметі ғана емес.
Қазіргі кезеңдегі медициналық қызметті қаржыландыру мәселелері экономикасы дамыған елдерде өзекті мәселе болып табылады. Қоғамдық денсаулық сақтауға қажетті құралдар әрқашан шектеулі болады. Сондықтан оның негізгі мақсаты көңілге қонарлықтай және тиімді бөліну болып табылады.
Соңғы жылдары қоғамдық денсаулыққа әсер ететін, екі мінездемелі құбылыс анықталды; тұрғындардың қартаюы және қазіргі заманғы медициналық құралдардың құнының өсуі. Қоғамдық денсаулық сақтаудың бағдарламасын тиімді жұмыс жасау үшін, тұрғындардың денсаулығын жақсартуда мәселелерді іздестіру керек. Тұрғындардың денсаулығын қолдау үшін 70 жылға дейін жұмыс жасау керек.
Денсаулық сақтау технологиясының дамуы сонымен бірге шығынның өсуінің маңызды қозғалмалы күші болып табылады.
Жаңа технологиялардың енгізілуі арнайы құралдар мен мамандандырылған мамандарды қажет етеді, сонымен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелерінде және арнайландырылыған ірі мекемелерге шығын әкеледі.
Тұрғындар денсаулығын нығайту және аурулардың алдын алу шаралары жүйесі үлкен көлемдегі технологиялық құралдармен бағаланады, сонымен бірге қоғамдық денсаулық сақтауда үш негізді қамтиды:
- денсаулық сақтау саласында маңызды бағыттардағы қоғамдық денсаулықты бақылау және бағалау мәселелерін анықтау
- әкімшілік ұйымдарды тұрғындардың қоғамдық денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру, жергілікті және ұлттық деңгейде тұрғындар денсаулық мәселелерін шешу
- барлық әлеуметтік топтағы тұрғындарды жоғары сапалы медициналық көмекпен және қажеттілікпен қамтамасыз ету.
Физикалық, психикалық, және әлеуметтік денсаулықтын өмір сапасы теориясының мәні неде. Коғам сапасы және онын критерилері:өмір сапасы көрсеркіштер жуйесі,білім сапасы, халык сапасы, өмірлік күш сапасы және т.б ерекшеліктерін атаныз.
Адамның еңбек пен түрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттсрінің бірі. Бұл туралы біздің;ата заңымызда (конституциямызда) кең көлемде жазылған. Денсау-лык дегеніміз — ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларыт бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі.
Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды, Олар:
1. Физикалық денсаулық — ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
2. Соматикалық денсаулық — Ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.
3. Психикалық денсаулық — ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау. «Адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеумсттік қажеттіліктен туындайды.
Ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі, функциялық үрдістердің келсімді турде отуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дөрежелі жағдайда болуы.
4. Рухани денсаулық — ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынистардың сипаттамасын көрсетеді. Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады. Олар:
1. Соматикалық және физикалық денсаулықтың критерийі мен бәрін «өзім жасай аламын» деп көрсететін критерий;
2. Психикалық денсаулықтың, критериі — маған қажет заттардын. Бәрін «өзім тауып аламын «;
3. Рухани денсаулықтың негізгі критерийі — мен «өзім жасауым керек».
Денсаулыкты корсететін негізгі белгілер:
1) Адам ағзаларында арнаулы (иммунды) және арнаулы емес түрде пайда больш қалыптасқан денсаулық және оны бұзатын факторларға денсаулықтың қарсы тұра алатындығы;
2) Ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіші;
3) Ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалды жағдайын сипаттайтын белгілер.
4) Әр түрлі дефектілерге байланысты дамымай қалған немесе бір ауруларға сәйкес денсаулықтың болмауы және денсаулық деңгейі;
5) Моральді еріктің деңгейі және рухани-мотивациялық белгі.
Адамдардың денсаулығы негс байланысты болады деген сауалға келетіы болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10%; — денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр..
Адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға қатысты мәселелерді зерделеуге көптеген экономистердің жұмыстары арналды. Бұл саладағы зерттеулермен Кейнс, Котлер, Брю, Маслоу, Фишер және т.б. сияқты теоретиктер айналысты. Көрсетілген экономистер өмір сүру деңгейінің әртүрлі ұлттық үлгілерін, оларды бағалау көрсеткіштерін, реттеу тетіктерін әзірледі.
Соңғы онжылдықтарда ғалымдар «өмір сапасы» деген терминге беретін мағына және оған салынатын мазмұн елеулі өзгерістерге ұшырады.
Қазіргі уақытта өмір сапасы анықтамасының көптеген тұжырымдамалық тәсілдері бар. Оған сәйкес өмір сапасы осы немесе өзге де қоғамның әлеуметтік бағдарларына, уақыт кезеңіне, құбылыстың мәнінің анықтамасына және т.б. байланысты әртүрлі мазмұнмен толығуы мүмкін тұрақты дамушы санат ретінде қарастырылуға тиіс көзқарас бір мәнді болып табылады. «Өмір сапасы» санатының мәні анықтамасының әртүрлі тәсілдер талдау бірыңғай бір рет және мәңгілік белгіленген оның тұжырымын әзірлеудің мүмкін еместігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл халықтың өмір сапасын және оның әртүрлі жақтарын қарастыруға арналған көптеген жұмыстардың болуымен расталады, оларда қазіргі уақытқа дейін қандай әлеуметтік-экономикалық процестердің және құбылыстардың бұл терминмен белгіленетіндігін түсінудің бірыңғайлығы жоқ. Бір жағынан мәні бойынша адам және қоғамның тіршілік қызметінің барлық процестерін қамтитын осы санатты шекті кеңейтілген түсіндіру кездеседі. Екінші жағынан өмір сапасының көрсеткіштері кейде ешқандай ғылыми дәлелдемесіз адамдардың өмірін қамтамасыз ету процестерінің тек қана тар бөлігін қамтиды.
Қазіргі заманғы экономикалық сөздік«өмір сапасы» деген терминді «өмір сүру деңгейі» деген ұғымның жалпылануын білдіретін және «тек қана материалдық ізгіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейін емес, сондай-ақ, қажеттіліктерді қанағаттандыру, денсаулық, өмірдің ұзақтығы, адамды қоршаған орта жағдайлары, жан рахатын қамтитын» әлеуметтік-экономикалық санат ретіндеі анықтайды[4].
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өмір сапасын «жеке тұлғаның олар өмір сүретін мәдениет контекстінде және құндылықтар жүйесінде және олардың мақсаттарымен, күтулерімен, стандарттарымен және күтімдерімен байланысты өмірдегі орнын сезінуі» ретінде анықтайды. Адамның жеке денсаулығына, психологиялық жағдайына, жеке нанымдарына, әлеуметтік қатынастарына және олардың қоршаған ортаның тән ерекшеліктері бар өзара байланыстарына байланысты тұжырымдаманың бұл кең ауқымы.[33]
Ұйым мынадай негізгі салаларды қамтитын өмір сапасын бағалау үшін халықаралық кросс-мәдени салыстыру құралын әзірледі:
тән саулығы;
психологиялық денсаулық;
тәуелсіздік деңгейі;
әлеуметтік қатынастар;
қоршаған орта;
руханият / дін/ жеке нанымдар.
Өмір сапасы экономика ғылымының санаты ретінде өзінің шығу тегі және мазмұны жағынан адамның өмір сипаты, өмір стилі, өмір сүру деңгейі сияқты жақын ұғымдармен өзара байланысты екенін атап өту қажет.
Өмір сипаты объективтік шарттардың және адамдар қызметінің субъективтік жағының, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық белсенділігі көрінісінің қосындысы. Өмір сипатын «жүргізеді», тәжірибе жүзінде енгізеді, ол жеке адамның күнделікті тұрмысының жалпы формуласы болып. Басқаша айтқанда өмір сипаты–бұл адамдардың әдеттегі, тәжірибеленетін нормалары, мінез-құлықтары, олардың еңбек және тұрмыс саласындағы, өндірістегі және материалдық және рухани құндылықтарды тұтынудағы күнделікті қызметінің әдісі.
Осылайша, өмір сапасы адамдардың алуан түрлі материалдық, рухани, зияткерлік, мәдени, эстетикалық және басқа да қажеттіліктерінің тұтас кешенін қанағаттандыру дәрежесін көрсетеді.
46. Медициналық қызмет корсететін мекемелердің іс әрекетін бағалау критерийлеріне талдау.Медициналык кызметтин тиімділігін жоғарылату факторлары және осы саладагы стандарттар жүйесін жүргізу және бакылау калай іске асады..
Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі Факторлары:
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мембағдарлама) іске асыру кезеңінде халық денсаулығын сипаттайтын медициналық-демографиялық жағдай мен көрсеткіштерде мынадай оң серпін байқалды:
1) халықтың туу деңгейінің 1000 адамға шаққанда 22,54-ден (2010 жыл) 22,69-ге (2012 жыл) дейін артуы;
2) өлім көрсеткішінің тұрақтануы 1000 адамға шаққанда 8,51 (2012 жыл) (2010 жыл – 8,94);
3) халықтың табиғи өсу коэффициентінің 1 000 адамға шаққанда 14,18-ге (2012 жыл) дейін артуы (2010 жыл - 13,60).
Республикада халықтың саны 2010 жылмен салыстырғанда 470 мың адамға артты және 2013 жылдың басында 16 909,7 мың адамды құрады.
Қазақстанда 2010 жылмен (68,41 жас) салыстырғанда 2012 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты және 69,61 жасты құрады, бұл республиканың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында (бұдан әрі - ТМД) позициясын жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары (2010 жылы – 79,8 жас) және Еуропа одағы елдерімен (World Factbook бағалауы бойынша 2013 – 79,9 жас) салыстырғанда Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай төмен.
Әйелдер мен балалар денсаулығы жақсарып келеді. Соңғы үш жылда (2010 жылдан бастап) ана өлімі 1,7 есе азайды, нәрестенің шетінеушілігі 1,2 есе төмендеді.
Қазіргі заманда жарақаттану Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да көптеген елдерінде маңызды әлеуметтік-медициналық проблемалардың бірі болып отыр. Қазақстанда халықтың сырқаттанушылық, уақытша еңбекке жарамсыздық және өлім құрылымында, сондай-ақ мүгедектікке алғаш шығу бойынша үшінші орынды алады. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде тәуекелдер жүйесін бағалау енгізілді, нормативтік құқықтық базаны кезең-кезеңмен үйлестіру жүзеге асырылуда. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың барлық деңгейлерінде зертханалық зерттеулердің сапасына сыртқы бағалау жүргізіледі. Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес 2012 жылы сапаны сыртқы бағалау жүйесіне тағам өнімдерінің, балалар тауарының, радиология және т.б. қауіпсіздігінің сапасын бағалау бөлігінде толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында көлікте және аумақтар деңгейінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің органдары мен ұйымдары қайта ұйымдастырылды.
30. Медициналық қызметтер сапасын сараптау кезеңдері:
1) белгілі бір жұмыс кезеңіндегі денсаулық сақтау субъектісі қызметінің көрсеткіштерін өткен жұмыс кезеңінің көрсеткішімен, сондай-ақ халық денсаулығы жағдайының республикалық және облыстық көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау мақсатында денсаулық сақтау субъектісінің есепке алу және есептілік құжаттарын талдау;
2) өткізілген емдеу-диагностикалық іс-шаралардың егжей-тегжейлі ретроспективалық және (немесе) ағымдағы талдауын зерделеу арқылы олардың денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігі мәніне клиникалық аудит жүргізу;
3) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылығы деңгейін айқындау пациенттерге және/немесе олардың туыстарына сауалнама жүргізу арқылы және денсаулық сақтау субъекісінің қызметіне азаматтардың негізделген өтініштерінің саны бойынша жүргізіледі;
4) медициналық қызметтер сапасы сараптамасының нәтижелерін талдау және қорыту;
5) медициналық қызметтер сапасы сараптамасының нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға және алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау.
31. Медициналық қызметтер сапасының сараптамасы:
1) медициналық қызметтердің сапасына сараптама жүргізу сәтінде медициналық көмек алған пациенттердің медициналық құжаттары зерделенетін, қажет болған жағдайда пациент тексеріліп-қаралатын, ағымдағы талдау;
2) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама жүргізу сәтінде медициналық көмек алған пациенттердің медициналық құжаттары зерделенетін ретроспективалық талдау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
32. Медициналық құжаттарға талдау жүргізу кезінде мыналар бағаланады:
1) анамнез жинау сапасы;
2) диагностикалық зерттеулер жүргізудің толықтығы мен негізділігі;
3) емдеуге жатқызу кезеңінде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін есепке ала отырып, бастапқы 3 күн ішінде қойылған клиникалық диагноздың дұрыстығы, уақтылылығы мен негізділігі;
4) емдеуде болу, осы нысанда медициналық көмек (амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын) алу негізділігі;
5) мамандар консультацияларының уақтылылығы мен сапасы;
6) емдік, оның ішінде диспансерлік, профилактикалық және оңалту іс-шараларының көлемі, сапасы мен өткізу негізділігі;
7) медициналық араласулардан кейін асқынулардың дамуы;
8) қол жеткізілген нәтиже;
9) көрсетілген медициналық көмекке қанағаттанушылық;
10) медициналық құжаттарды жүргізудің сапасы.
Амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде қосымша диспансерлік, профилактикалық және оңалту іс-шаралары бағаланады.
33. Анамнезді жинау сапасы төрт өлшем бойынша бағаланады:
.
34. Диагностикалық зерттеулердің сәйкестігін бағалау кезінде мынадай бес өлшем ескеріледі: 35. Клиникалық диагноз қоюдың дұрыстығы мен нақтылығын бағалау төрт өлшем бойынша жүргізіледі:
бағалау жүргізіледі.
36. Мамандар консультациясының уақтылығы және сапасын бағалау мынадай төрт өлшем бойынша жүзеге асырылады:
жүргізіледі.
37. Тағайындалған емдік іс-шараларды бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүргізіледі:
38. Стационар деңгейіндегі медициналық көмектің сапасына сараптама жүргізу
39. Медициналық көмектің сапасын бағалауға туындаған асқынулар және операцияны орындаудың нашар техникалық сапасымен түсіндірілетін асқынулар,
40. Медициналық құжаттаманы жүргізудің сапасы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасы нысанына сәйкес жазбалардың болуы,
41. Диспансерлік іс-шаралар олардың науқас жағдайына әсерін,
42. Профилактикалық (скринингтер, вакцинациялау, бір жасқа толмаған балаларды диспансерлеу, жүкті әйелдерді бақылау, отбасын жоспарлау жөніндегі іс-шаралар) және оңалту іс-шаралары оларды жүргізу айғақтарының болуын, жүргізудің уақтылығын, ауруларды бастапқы анықтау деңгейін, медициналық тексеру нәтижелері бойынша қабылданған шараларды, сауықтыру іс-шаралары кешенін орындауды, сауықтыру нәтижелерін есепке ала отырып, бағаланады.
43. балалардың профилактикалық іс-шараларын бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүргізіледі:
44. Жүкті әйелдердің профилактикалық іс-шараларын бағалау мынадай.
45. Қол жеткізілген нәтижені бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүргізіледі:
46. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптаманы аяқтағаннан кейін медициналық көмек көрсетуден бас тартылған кезде:
47.Әлеуметтік кызмет көрсету сапасын аныктаушы факторлар кандай. Әлеуметтік кызмет көрсету спа менеджменті дегеніміз не.Әлеуметтік кызмет корсетудегі негізгі көрсеткіштер кандай.Негізделген және корытындыланган жауап берініз.
1) денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
2) тұрғын жай беру, оның ішінде бір балаға, ТҚА бұзылған балаға кемінде төрт шаршы метр және он сегіз жастан асқан адамға, мүгедекке, қартқа кемінде бес шаршы метр жатын бөлмелерін беру;
3) оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларына, діни рәсімдерді жасауға, емдік еңбек қызметін ұйымдастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне үйретуге арналған жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
4) денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істеуге болатын мүгедектерге және он сегіз жастан асқан адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
5) бөгде адамның көмегіне сүйенбей тұрмыстық мұқтаждықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бейімделген орынжайлар мен айлабұйымдар ұсыну;
6) дағдарыс палаталарын, паллиативтік көмек палаталарын (бөлімшелерін) жасау үшін интенсивтік күтім және терапия жүргізуге арналған жабдықтармен жабдықталған орынжайлар ұсыну;
7) отбасында тұратын және уақытша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларға жергілікті атқарушы орган бекіткен тәртіппен ақылы келісімшарт негізінде стационар жағдайында уақытша (алты айға дейін) болу үшін орынжайлар ұсыну;
8) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1354 қаулысымен бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, тамақ ұсыну;
10) осы стандартқа 6-қосымшада көзделген көлемнен кем емес жұмсақ мүкәммал беру;
11) тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету (кір жуу, кептіру, үтіктеу, іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);
12) қалалық телефон байланысы қызметін ұсыну;
13) емдеуге, оңалтуға, оқуға, мәдени және тынығу іс-шараларына қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну;
14) хат жазуға және оқуға көмек көрсету;
15) әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын немесе мүмкін болмайтын жағдайларда қызмет алушыларға шаштараз қызметін көрсету;
16) жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған туыстары (заңды өкілдері) болмаған немесе олар жерлеумен айналысқысы келмеген кезде) жатады.
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 258 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 1 страница | | | Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 3 страница |