Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік мониторинг:мәні, прнциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз

Читайте также:
  1. A) нақты-әлеуметтік әдістер
  2. Ағымдағы жағдайды талдау
  3. Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
  4. Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде
  5. Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
  6. Леуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
  7. Леуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз

Қоғамда кездесетін құбылыстар мен процестер туралы үздіксіз, шұғыл мәліметтер алатын әлеуметтік мониторинг жүйесі бұл секілді мәселелерді шешудің нәтижелі жолы болып табылады. Социологиялық мониторинг-келіп түскен мәліметтерді жазып алуға, сақтауға және алғашқы талдау жасап шығуға мүмкіндік беретін біртұтас жүйе. Ол берік методологиялық базаны және оны іске асыру үшін қажетті техникалық жабдықтарды қажет етеді. Социологиялық мониторинг жүйесін екі салаға: әлеуметтік мониторинг және статистикалық мониторинг деп бөліп қарастыру қажет.

Әлеуметтік мониторинг қоғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалап отырудың біртұтас жүйесі болып табылады. Оның басты міндеті-жаңа, қажетті және жүйеленген мәліметтерді бірден емес, белгілі бір уақыттарда жүйелі түрде алып тұру болып табылады.

Әдетте аса зәру проблемалар бойынша әр айда, тоқсанда экспресс сауалнамалар өткізіліп тұрады.

Статистикалық мониторинг- сандық сипаттамалар, нақтырақ айтқанда қоғам өмірінің түрлі жақтары туралы статистикалық көрсеткіштер мен коэфициенттер алу жүйесі. Оның басты мақсаты саяси, экономикалық, әлеуметтік т.б құбылыстарды тиімді талдауға қажетті әлеуметтік және экономикалық статистика көрсеткіштерін жинап беру болып табылады.

Әлеуметтік және статистикалық мониторингтер түрліше мағлұматтар береді: әлеуметтік мониторинг түрлі мәселелерге қатысты адамдардың субъективтік пікірлерін білдірсе, статистикалық мониторинг объективті сандық көрсеткіштердің көмегімен түрлі құбылыстарды сипаттайды. Бірақ та әлеуметтік және статистикалық деректер сипатының түрліше болуына қарамастан әлеуметтік және статистикалық монитоорингтер жүйесін ұйымдастыру принцптері бір-біріне сай келеді, бұл екеуі біріге келе әлеуметтік мониторингтік біртұтас жүйесін құрайды.

Сонымен әлеуметтік мониторинг дегеніміз-қоғам өмірінің аса зәру проблемалары жайлы әлеуметтік және статистикалық, мәліметтер алу, өңдеу және сақтаудың тармақталған жүйесі. Әлеуметтік мониторингтің негізгі сипаты:

1) елдегі аса елеулі құбылыстарды қамтып отыруы;

2) әлеуметтік және статистикалық көрсеткіштердің белгілі бір тұрақты түрлерінің болуы;

3) пайдаланудың қажетсінуіне қарай өзгеріп отыратын, сөйтіп мониторингтің икемділігін қамтамасыз ететін уақытша көрсеткіштердің болуы;

4) мәліметтерді байланыс каналдары арқылы орталық есептеу орталығына беру, оларды өңдеу және сақтау жүйесінің болуы;

5) мониторингті біртұтас ұйымдық орталықтан жүргізу;

6) бар мәліметтерді пайдалануды ұйымдастыру;

Әлеуметтік мониторинг жүйесі қызметінің аса маңызды міндеті әлеуметтік және статистикалық мәліметтерді кешенді түрде өңдеуді ұйымдастыру болып табылады. Мұндай мәліметтерді алу адамдардың іс-әрекетінің заңдылықтарын объективтә негіздеуге мүмкіндік береді, адам мүдделері, құндылық бағыттары, сарындары,мақсаттары дәл сипатталғандықтан да әлеуметтік және статистикалық мәліметтерді өзара салыстыру қиындығы едәуір азаяды.

Әлеуметтік мониторингті жүргізгенде мәліметтер жинаудың мынадай принцптері сақталуы қажет:

1) әлеуметтік және статистикалық бақылаудың бір территорияда немесе әкімшілік аймақта жүргізілуі;

2) әлеуметтік жә статистикалық мәліметтер жинау мерзімінің жоспарлығы;

3) мәліметтер алудың бірыңғай формаларының болуы;

4) әлеуметтік және статистикалық мәліметтерді салыстыру өлшемдерінің жасалуы;

5) бірыңғай әлеуметтік ақпарат банкінің болуы, оның сақталуы және толықтырылып отыруы.

Елдің басқару жүйесін, әлеуметтік ғылымды қоғам туралы сапалы мәліметтермен қамтамасыз етіп отырумен бірге, әлеуметтік мониторинг кез-келген адамды, оны қызықтыратын барлық мәселелер ьойынша материалдармен жабдықтай алатын болуы керек. Мониторинг жүйесінде пайдаланушыны бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету маңызды. Оған мынадай міндеттер жатады:

1) түсінуге оңай мәліметтер ұсыну;

2) пайдаланушының мақсатына орай мәліметтерді тез тауып, сұрыптау.

3) Сұрыпталған мәліметтерді өңдеу әдістерімен өңдеудің нақтылы нәтижелерін рәсімдеу формаларын таңдауға мүмкіндіктер беру.

Тұтынушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді жаңаша ұйымдастыру-социологиялық зерттеудің сапасы мен тиімділігін арттырудың аса маңызды бағыты және қазіргі заманғы әлеуметтік мониторингтің негізгі міндеттерінің бірі.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 241 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз | Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз | Р Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз | Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз. | Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз | Леуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз. | Леуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз | Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде | Леуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.| Мониторинг сипаттамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)