Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз

Читайте также:
  1. A) нақты-әлеуметтік әдістер
  2. Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
  3. Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде
  4. Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
  5. Леуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
  6. Леуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
  7. Леуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз

«Индикатор» терминін «шара» терминінен, былайша айтқанда орындау дәрежесін анықтау үшін пайдаланатын мәліметтерден және «стандарт» терминінен, былайша айтқанда, белгілі бір сан түріндегі орындау дәрежесінен ажырата білу керек.

Бұл құбылыстар мен процестердің немесе бағдарламалардың спецификалық, эмпиристік жолмен өлшенетін, олардың стандарттарға сәйкестігі туралы нәтиже шығаруға мүмкіндік беретін сипаттамаларына жататын оперативтік құбылмалар.

Индикаторлар белгілі бір саладағы тенденцияларды анықтайды және түзетуді қажет ететін және/немесе мақсаттар мен іс-шараларды салыстыруға және соларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін салалар жөнінде белгі береді. Сонымен қатар, оларды сапаның теоретикалық аспектілерін басқаша түсіндіру үшін де пайдаланады, аталмыш процесс «операционализацияланған»,- деп аталады.

2005 жылдан бастап бірыңғай базалық әлеуметтік индикатор – адам денсаулығын сақтау және оның тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті ең төменгі тұтынушы кәрзеңкесі құнының негізінде анықталатын ең төмен күнкөріс деңгейі болып табылады. Зейнетақы мөлшерін анықтау, әлеуметтік көмек беру ең төмен күнкөріс деңгейі негізінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор. Құқықтық нормалар заң пішімінде кейде мемлекеттік немесе әкімшілік нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты занды нормаларды санкцияларды қолдану жайын анықтаушыдиспозицияларды мазмұңдайды.Ал моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі. Ал Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арка сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды.

12. Кедейлік индикаторы және адресті әлеуметтік көмек түрлерін атап, сипаттама беріңіз

Кедейшілік – бұл төмен немесе өте төмен табыс деңгейі, осы қоғамға сай адам өзінің бірінші ретті физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы. Ғылыми әдебиеттерде сонымен қатар кедейшіліктің түрлері туралы түрлі талқылауларды кездестіруге болады. Е.Н.Холостованың кедейшілікке берген анықтамасын қарастырайық:

Холостованың кедейшілік туралы түсіндірмесі кең көлемде көрсетілген. әр бір берілген кедейшілік түрлеріне тоқталып өтейік.

Абсолюттік кедейшілік — индивидтің өзінің табысымен тамаққа, баспанаға, киімге, жылуға деген негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін, болмаса тек қана биологиялық өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық сұраныстарын ғана қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екенін сипаттайды. Абсолюттік кедейшілік сандық көрсеткіші кедейлік табалдырығы болып есептеледі.

Салыстырмалы кедейшілік — басқа адамдарға қарағанда қаншалықты кедей адам екенін көрстеді. Бұл жерде екі түрлі мағына беріледі: біріншіден, салыстырмалы кедейшілік, ол қоғамдағы сол топтағы адамның басқа кедей саналмайтын топтағы адамдардың жетістіктерімен салыстырғанда қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Екіншіден, салыстырмалы кедейшілік адамның қоғамдағы өмір сүру стандарттарынан қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Салыстырмалы кедейшілік – бұл адамның өзінің материалдық және әлеуметтік жағдайын және мүмкіндіктерін субъективтік бағалауы. Сонымен бірге Холостова абсолютті және салыстырмалы кедейшіліктің шекаралары сай келмейтінін көрсетеді. Қоғамда абсолютті кедейшілік жойылуы мүмкін бірақ салыстармалы кедейшілік міндетті түрде сақталынып қалады. Кедейшіліктің бұл түрі адамның табиғи сұраныстарымен ғана емес, сонымен қатар қоғамның болашақта күтетін нормаларымен және күтулерімен байланыстырады. Салыстармалы кедейшілік – нақты қоғамдағы не елдегі қабылданған өмір сүру стандартын не қалпты өмір сүру деңгейін сақтап тұрудың мүмкін болмауы.

Жоқшылық — бұл жерде шектен тыс кедейшілік көрсетіледі. Бұндай кедейлер тобына қайыр сұраушылар, күнкөріс минимумынан төмен табасы бар адамдар кіреді. Әлеуметтік мағынада бұл кедейшлілік түріне өзінің тек физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктердің орындалмауы жағдайындағы өмір сүру деңгейін есептейді. Адамрдар тамаққа деген қажеттліктерін салыстырмалы түрде деңгейін есептейді. Адамдар тамаққа деген қажеттіліктерін салыстырмалы түрде толық қанағаттандырады. Дегенмен, олардың тамақ рационын толық дәрігерлік нормаларға сай келеді деп айта алмаймыз. Олар өз деңгейінде болса да, демалуға да, киінуге де, емделуге де көңіл бөле алады. Бірақ бұл қажеттіліктердің барлығы өте төмен деңгейде өтеледі.

Депривация — бұл әлеуметтік түсінік, қоғамдағы күнделікті адамдық құқығынан айырылған, сонымен қатар толық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын халықтық тобына қолданылады. Әдетте олар мүмкіндігі жоқ балалар, мүгедектер, жұмыссыздар, зейнеткерлер және кедейлердің басқа категориялары. Депривация ол қарапайым өмір сүруге жағдайдың жоқтығы немесе жеткіліксіздігі.

Шетқалушылық – кедейліктің бір түрі ретінде қарастырылады. Кедейліктің бұл түрі адамның денсаулығына, көпбалалығына, маскүнемдігіне және тағы басқа себептеріне байланысты материалдық және мәдени байлықтарға қолы жетпеуден пайда болады. Әлеуметтік шетқалушылық түсінігі қарапайым адам құқықтарына байланысты шектеулерге тап болып отырған және толық өмір салтын жүргізе алмайтын тұрғындардың тобына қолданылады. Мысалы, балалар, зейнеткерлер, мүгедектер және тағы басқа категориядағы адамдар кіреді.

Қуып жететін кедейшілік – бұл құбылыс адамдардың престижді материалдық және басқа да құндылықтарды тұтынуымен сипатталады. Бүгінгі қоғамда бәрімізге белгілі үлкен кісілерге қарағанда жастарымыз жақсы киінуге, басқалардан артта қалмауға тырысады. Қымбат киім, тағы басқадай заттар өздерінің жоғары қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Кейбір ауқатты ата-аналар басқа қалталары көтермейтн отбасылардың балалары бағытталған өмір сүру стандарттарын қалыптастырады.

Бірден бір осы кедейшіліктің адамға әсері ол (мысалы, депривация оның түрлері) кедейлер жоғарғы мәдени құндылықтарды дұрыс нақты қабылдай алмайды; оларда қоршаған ортадағы шынайылықты дұрыс қабылдау сапасы жеткіліксіз қалыптасқан. Осыған орай, кедей топтар шынайы нақтылықты кері бағалауға, пессимизмге және түңілуге бейім. Шет қалу мен депривация кедейлердің ерекшелігін көрсетеді. Денсаулыққа көпбалалылыққа, маскүнемдікке, нашақорлыққа байланысты материалдық және мәдени құндылықтарға қол жетпеуі адамдарды шет қалуға алып келеді. Қалыпты өмір сүруге қажетті жағдайлардың жетіспеуі адамның күнделікті құқықтарының шектелуіне және қалыпты өмір салтын сақтай алмауына алып келеді. Нәтижесінде олар отбасында қалыпты қарым-қатынас құра алмайды және олар қоғамдағы ауытқымалы мінез-құлыққа бейімдеу келеді. Сонымен қатар, бұндай адамдардың экономикалық дұрыс қалыптаспағаны олардың балаларының мектептегі сабақ үлгерімінен де көруге болады. Ата-аналар өздері сауатсыз, әрине балаларының сабақтарына көмектесе алмайды және бұндай отбасыларының ішінде білімнің беделі болмайды және жоғарғы құндылық ретінде саналмайды.

Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі өзінің сандық ақпарат беруінде де және әлеуметтік-экономикалық саясатында кедейшілік концепциясының негізгілері түріне көп жүгінді

 

Осы екі кедейшілік концепциясымен келісе отырып, абсолютті кедейшілік ол салыстармалы кедейшілікке қарағанда, ертеректе қалыптасқан тарихи болып келеді. Салысмтырмалы кедейшілік түсінігі соғыстан кейінгі уақытта белең ала бастады. Оған жататындар: сол қоғамның орта деңгейдегі жағдайынан төмен табысы бар отбасылар болды.

Осы жоғарыда көрсетілген кедейліктің классификациясына қоса, тағын экономикалық жағынан дамыған шет елдерде (мысалы, АҚШ, Франция, Ұлыбритания ж.т.б.) кедейліктің психологиялық жағына былай айтқанда «субъективтік» аспектілеріне көп назарын аударады

Психологиялық әдіс тек кедейліктің қанша екенін анықтап қана қоймай сонымен қатар адамның қоғамнан қаншалықты алшақтап кеткенін және оның ішкі позициясын, жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Кедейшіліктің зерттеудің бұл түрі біздің елде әсіресе, қазіргі демократиялыққа өту кезеңінде өте тиімді деп санаймын. Келесі бір шетелдік ғалымдар жоғарыда айтылып кеткен кедейліктің түрлерінен басқадай түрлерін көрсетеді. Олар кедейлікті екіге бөліп көрсетеді: алғашқы және екінші кезектегі кедейшілік. Алғашқы кездегі кедейлік өздерінде бар қор мен күшті максималды керегіне қарай үнемдеп пайдаланатын және тиімді өмір салтын ұйымдастырғанның өзінде кедейліктің шегінде қалып отырған отбасыларында орын алады. Екінші кезектегі кедейлік қорларын тиімсіз пайдалануына байланысты негізгі өмірлік қажеттерін өтей алмайтын отбасыларын сипаттайды.

Күштілердің кедейлігі – төтенше жағдайларда, яғни жұмыс істеуге қабелітті адамдардың өзінің еңбегімен қазіргі өмірге сәйкес өмір сүруге жеткілікті табыс таба алмайтындай болуының нәтижесінде қалыптасатын кедейлік. Күштілердің кедейлігін экономикалық кедейлік ретінде қарастырамыз.

Кедейлердің өмір сүру еңгейіне, табысы мен шығынына және басқа да критерилеріне қарай әр түрлі қабаттар мен топтарға бөлінеді. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген топқа жататын кедейлер, кедейлердің ең төменгі тобы тағы бар. Бұл топқа қайыршылар мен өте мұқтаждық көруші адамдар жатады. Бұл топты андертапқа жатқызуға болады.

Андертап – қоғамдағы азғындаған кедей адамдар. Олардың көпшілігі маскүнемдер, нашақорлар, жезөкшелер сияқты адамдық кейіптен айырылған топтарды құрайтын әлеуметтік топтар иерархиясының ең төменінен орын алған тап. Андертап тұрғындардың кедей бөлігі және оның қоғамда пайда болуы әлеуметтік құрылымның дамуына, тұрғындардың әлеуметтік-адамгершілік жағдайына кері әсер етеді. Қазақстанда андертапқа жатқызуға болатын бомждар тобы бар.

Бомждар – олар баспанасы жоқ, өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей табыс көзі мүлде жоқ және қылмысқа жақын адам. Бомж ол кедейліктің ең түбіне жеткен адам болып саналады. Бомж олар тек баспанасыз ғана емес сонымен қатар жай қарапайым элементарлық өмірлік жағдайларсыз қалған топ яғни, медициналық көмекке қолы жетпейді, пропискасы жоқ, жұмысы жоқ тағы басқа себептері бар.

Кедейлік көпмағыналы, қарама-қайшы түсінік. Кедейлікті тамақ, баспана сияқты материалдық ресурстар тұрғысынан ғана түсінуге болады. Сонымен қатар, өмір сапасын да ескеру керек. Оған тұрғындардың денсаулық жағдайы, таза сумен, су құбырымен, жылу беру жүйесімен қамтамасыз етілуі немесе оған қолы жетпеуі кіреді. Кедейліктің таралуы және көлемі туралы ақпаратты балалар өлімі, сауаттылық пайызы, мектептік біліммен балалардың қамтылуы сияқты көрсеткіштер де береді. Кедейлікті сипаттайтын көрсеткіш – адамның қоғамның өміріне белсенді қатысуға қол жеткізуі.

Ғылымда кедейліктің деңгейін анықтауға көмектесетін әр түрлі категориялар мен түсініктер бар. Ең көп қолданылатын категориялардың бірі — өмір сүру деңгейі категориясы. Өмір сүру деңгейі жалпы индикатор ретінде көрінеді. Өмір сүру деңгейі дегеніміз тұрғындардың қажетті материалдық қажеттіліктер мен қызметтермен қамтамасыз етілуі, олардың қол жеткен тұтыну деңгейі және тиімді қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі.

Өмір сүру деңгейін зерттеуге мемлекеттің тұрғындары не жекелеген әлеуметтік топтар, табысы әр түрлі отбасылары қалыптастырылады.

Социологтар тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төрт деңгейін көрсетеді:

жеткіліктілік.

қалыпты деңгей (адамның физикалық және интеллектуалдық күшін қалыпқа келтіруді қамтасыз етуші ғылыми негізделген нормаларға сәйкес тұтыну).

кедейлік (адамның жұмысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында тұтыну).

қайыршылық (биологиялық критерилердің минималдық деңгейіне сәйкес адамның тек қана өмір сүруін қамтамасыз ететін жағдайлар мен қызметтерді тұтыну).

Халықаралық деңгейде өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесін құруға алғашқы талпыныстарды 1960ж БҰҰ-ң жұмыс тобы жасаған. Бүгінгі күнге дейін бұл көрсеткіш нақты жалақы индексімен анықталып отырған. БҰҰ 1978 ж осы өмір сүру көрсеткіштерінің соңғы нсқаларын жасп шығарды. Оларды атап көрсететін болсақ 12 негізгі топты кіргізуге болады:

· туу, өлім және басқа да демографиялық сипаттамалар.

· өмір сүрудің санитарлық-гигиеналық жағдайлары.

· азық-түлік тауарларын тұтыну.

· тұрмыс жағдайы.

· білім және мәдениет.

· еңбек жағдайлары мен еңбекпен қамту мәселелері.

· халық табысы мен шығыны

· өмір құны мен тұтыну бағалары.

· көлік мәселесі.

· демалысты ұйымдастыру

· әлеуметтік қамсыздандыру

· тұлға бостандығы.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1066 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз | Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз | Р Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз | Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз. | Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз | Леуметтік мониторинг:мәні, прнциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз | Мониторинг сипаттамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз. | Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде | Леуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз.| Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)