Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз

Читайте также:
  1. A) мемлекеттік органдар
  2. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 1 страница
  3. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 2 страница
  4. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 3 страница
  5. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 4 страница
  6. Білім беру қызметтеріндегі стандарттарды атаңыз және оларды басқару жүйесіне сипаттама беріңіз
  7. Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз

Конституциялық құқықтың еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін нормаларының қатарына ҚР Конституциясының 24-бабының қауіпсіздік пен гигиенаның талаптарына сай болатын еңбек жағдайларына құқықты белгілейтін нормалары жатады. Ата заңға сәйкес, адамдардың еңбегі мен денсаулығын қорғау конституциялық құрылыстың негіздеріне жатады. Әркімнің өзінің еңбекке деген қабілеттіліктерін еркін басқаруға, қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға құқығы, сондай-ақ әркімнің қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай жағдайлардағы еңбекке және жұмыссыздықтан қорғалуға құқығы адамның аса маңызды құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Сондай-ақ, 29-бапқа сәйкес, азаматтар денсаулықты қорғауға, соның ішінде, еңбек қызметі барысында қорғауға құқылы.

ҚР Конституциясы құқықтың бүкіл жүйесінің қалыптасуы бастау алатын негізгі заң болып табылатындықтан, онда еңбекті қорғауға құқықтың көрсетілуі үлкен маңызға ие. Себебі Конституцияда жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін құрайтын, адам мен азаматтың ең негізгі, аса маңызды құқықтары бекітілген. Басқа жағынан алып қарағанда, негіз қалаушы құжатта еңбекті қорғауға құқықтың көрсетілуі заңды, өйткені қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін олардың еңбек қызметі барысында қорғау әлеуметтік мемлекеттің адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің құрамдас бөлігі және конституциялық-құқықтық деңгейде регламенттелмей қалуы мүмкін емес өте маңызды категория болып табылады.

Қызметкер мен жұмыс берушіге, яғни, еңбек келісім-шартының тараптарына қатысты Конституция нормалары еңбек заңнамасы актілерінде дами түседі. Мысалы, Еңбек кодексінің 4-бабында ҚР еңбек заңнамасының принциптерінің арасында қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету, өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы, қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғаудың мәселелерін мемлекеттік реттеу сияқтылары көрсетіледі. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін реттеуге көрсетілген актінің 5-тарауы арналған.

Еңбек заңнамасының азаматтық заңнамамен тығыз байланысты екені белгілі. Соңғысы тауар-ақша және қатысушыларының теңдігіне негізделген басқа да, мүліктік қатынастарды реттей отырып, еңбекпен және оның нәтижелерімен байланысты қатынастарды да реттейді.

Сондай-ақ еңбекті қорғау институты азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті түрде сақтандыру мәселелерін реттеу тұрғысынан сақтандыру құқығымен байланысты. «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 Заңы жұмыс берушіні қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар ұйыммен сақтандыру келісім-шартын жасасуға міндеттейді. Өз жауапкершілігін сақтандыра отырып, жұмыс беруші денсаулығын қалпына келтіруге қажетті немесе тиісті сомаларға құқықтары бар адамдар үшін қажетті ақша қаражаттарын өтеуді кепілдейді

Қазақстан Халықаралық Еңбек Ұйымына 1993 жылы мүше болды (бұдан әрі – ХЕҰ). 1995 жылдан бастап ХЕҰ Қазақстандағы Өкілдігі жұмыс істейді.

ХЕҰ офисінің негізгі қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметіне, жұмыс берушілер (кәсіпорын иелері) және еңбекшілер (кәсіподақтар) ұйымына еңбек қатынастары, Жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласында практикалық қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.

ХЕҰ халықаралық еңбек нормаларын ратификациялау мен оларды орындауға қажетті саясатты құру және кеңестер, ұсыныстар, басқа да бағытталған, арнайы оқу бағдарламалармен қамтамасыз ету арқылы техникалық көмек көрсетуде жәрдемдеседі.

Қазақстан Өкілдері көрнекті және практикалық тәжірибе алу мақсатымен түрлі елдерде өтетін халықаралық конференциялардың жұмысына, семинарларға, симпозиумдарға шақырылып тұрады.

Туриндегі ХЕҰ халықаралық Оқу Орталығындағы оқу курстар жұмысты одан әрі жетілдіруге пайдалы. Оқу орталығында тұрақты негізде республиканың әлеуметтік серіктестіктің үш жақ өкілдері біліктіліктерін арттырады.

ХЕҰ еңбек туралы заң жобасының, халықты жұмыспен қамту туралы заң жобасының, еңбекті қорғау саласындағы қамсыздандыру туралы заң жобасының, Еңбек Кодексінің және басқа да заңдар жобасының сараптамасын жасап, халықаралық еңбек нормативтеріне негізделіп Қазақстан Республикасының Үкіметіне түсініктер, сипаттамалар берді.

Қазақстан ХЕҰ адам құқықтарының негізгілері жөніндегі барлық Конвенцияларын бекітті.

Бұл қауымдастық еркіндігі және коллективтік келіссөздер (№№ 87 және 98 Конвенциялар), еріксіз еңбек (№№ 29 және 105 Конвенциялар), мүмкіндіктер мен үндеулер теңдігі (№№ 100 және 111 Конвенциялар), балалар еңбегі (№ 138 Конвенциясы) бойынша Конвенциялар.

2010 жылы Женевада Қазақстанның әлеуметтік серіктестіктің үш жақ өкілдері Халықаралық еңбек ұйымымен 2010-2012 жылдарға арналған Лайықты еңбек бағдарламасына қол қойды.

Аталған бағдарлама дүниежүзілік қаржы және экономикалық дағдарысты ескере отырып, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі алдыңғы бағдарламалардың жалғасы болып келеді. Бағдарлама Мыңжылдық даму мақсаттары ережесімен және даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Шеңберлік бағдарламасын (UNDAF) басшылыққа алады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында, 2024 жылға дейін Қазақстанның орнықты дамуға өту Концепциясы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар сияқты үкіметтің орта мерзімді және ұзақ мерзімді стратегияларында белгіленген ұлттық артықшылықтарға негізделген.

Ынтымақтасудың басым бағытының негізінде жұмыс орындары туралы ХЕҰ Ғаламдық пактісінің принциптерін жылжыту жатыр.

Бағдарламада алға қойылған мақсаттарға және үш бағыт бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті басты индикаторлар мен стратегиялар нақты тұжырымдалған:

- халықаралық стандарттарға сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мәселелерді реттеу;

- ер мен әйелдердің тиімді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу;

- үшжақты ынтымақтастықты және әлеуметтік диалогты одан әрі дамыту.

Бағдарламаны іске асыру бойынша ХЕҰ және Қазақстан Республикасының үшжақты әріптестерінің конструктивті ынтымақтастығы нәтижелерге қол жеткізуді және әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы жағымды өзгерістермен қамтамасыз етеді.

26. Минималды жалақы және оның тағайындау процедурасына сипаттама беріңіз Әрбір жұмыс істейтін жанды үнемі мазалайтын жайт – ол еңбегінің лайықты ба­ғаланып, тиесілі ақысының төленуі. Ел азаматтарының еңбегінің құны мен табысы да осы орташа жалақының деңгейімен анықталады. Қазақстандағы жалақының өсімі дағдарыс жылдарына тап келгендік­тен ресми деректерде жіпке тізгендей көрсе­тілетін әдемі цифрларды инфляция жұтып жатқаны анық. Жалпы, соңғы үш жыл ішінде орташа айлық номиналды жала­қы­ның өсімі жылына 7 пайыздан артық көр­сеткішті құрап отыр. Ресми мәліметтерде осы мөлшердегі қарқын­мен халықтың ақшалай табысы да өскені айтылады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша жалақы көлемі 101 мың тең­геден асып, тұрғындардың ақшалай кірісі – 51,7 мың теңгеге жетті. Бұл көрсет­кіштерге орай Қазақстан ТМД мемле­кеттері арасында Ресейден кейінгі екінші орында (670 доллар) тұр. Негізінен, статисти­калық есептер мен ғылыми зерттеулерде күн­көріс миниму­мының көрсеткіші кедей­лік шегі ретінде қаралады. Қазақстанда күнкөріс минимумы 2012 жылдың 1 қаңта­рында 17 439 теңгені құрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің маман­дарының есептеуіне сүйенер болсақ, кедейшілік шегі жоғарыдағы күнкөріс минимумының 40 пайыз көлемін құ­райды. Жұмысшының айлық жалақысының мөлшері жұмысшының біліктілігіне, жұмыстың қиындығы, саны мен сапасына, сонымен қатар еңбек шартына байланысты дифференциялы түрде бекітіледі.

Жұмыс уақытының нормасын нақты кезеңде атқарған және еңбек нормасын (еңбек міндеттемелері) толық орындаған жұмысшының айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген минималды айлық жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Жалақының минималды мөлшерін бекіту: -келесі қаржы жылына сәйкес Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы жыл сайынғы заңында бекітілген айлық жалақының төмен мөлшері күн көріс азығынан төмен болмауы тиіс және оған үстеме төлем, қосымша ақы және әлеуметтік төлемдер, сыйақылар мен басқа да ынталандырушы төлемдер кірмейді және атқарылған уақытқа пропорциалы түрде төленеді.-жалақының минималды стандарты сәйкес жылға арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында бекітілген айлық жалақының ең төменгі өлшемі есебінен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген салалық келісімдермен анықталатын көтеруші салалық коэффициентінен анықталады.-өзінің қызметтік міндеттерін (еңбек нормасын) атқарушы жұмысшының сағаттық жалақысының ең төменгі мөлшері сәйкес күнтізбелік күнге арналған жұмыс уақытының балансына сай орташа айлық жұмыс сағаттарына бөлінген ең төменгі айлық жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.- еңбек, ұжымдық келісім-шарт және (немесе) жұмыс берушінің актісі шарттарында қарастырылған айлық жалақының ең төменгі мөлшері немесе бірінші разрядтағы жұмысшының айлық тарифтік салымының мөлшері сәйкес жылға арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында бекітілген айлық жалақының ең төменгі өлшемі есебінен төмен болмауы тиіс, ал ауыр жұмыстарда, қауіпті (аса қауіпті), қауіпті еңбек жағдайындағы жұмысшыларға еңбек ақының ең төменгі стандартынан төмен болмауы тиіс. Сағаттық еңбек ақы төлемі Еңбек, ұжымдық және (немесе) жұмыс берушінің актісіндегі шарттармен толық жұмыс күні болмаса немесе толық қызмет етпесе істеген жұмысқа ғана, сонымен қатар уақытша немесе бір реттік сипаттағы жұмыстарға сағаттық төлем бекітіледі. Жалақыны индекстеу Жалақыны көтеруге, Қазақстан Республикасының сәйкес жылға арналған нормативтік құқықтық актілерінде анықталған инфляция деңгейінен тыс, келісімдермен, ұжымдық келісім-шарт немесе жұмыс берушінің актісінде бекітілген тәртіпте, жұмыс берушімен жүзеге асырылатын жалақыны индекстеу кіредіЕң төменгі (минималды) жалақы – ұдайы өндірістің қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуге арналған жұмысшының жалақы деңгейі. Жалақының ең төменгі деңгейі кепілді сипатқа ие. Оның көлеміне премиялар, сыйлықтар, қосымша ақы енбейді. Ең төменгі жалақының деңгейін анықтау әдетте өмір сүрудің ең төменгі деңгейін есептеумен анықталады. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі – баға деңгейін ескергендегі тауар мен қызметтерге минималды қажеттіліктерді қанағаттандырудың нормативтері бойынша есептеледі. Ең төменгі жалақы көлемінің тұтынудағы минимумға сәйкес келуі экономиканың тұрақтылығын және өндірістің жоғары деңгейін сипаттайды. Дағдарыс жағдайында минималды жалақы деңгейі экономикалық жағдайға байланысты бекітіледі.

 

27 Қазақстандағы жалақыны қайта қарастыру механизмі қалай жүргізіледі және оның негізгі шарттарына сипаттама беріңіз Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жалақы - ол еңбегі үшін оның күрделiлiгiне, санына, сапасына байланысты төленетiн сыйақы (табысы). Жалақы деңгейі туралы ақпарат осы санаттағы жұмыс күшінің жұмыс және тұрмыс жағдайларын, материалдық ахуалын бағалау үшін маңызды. Орташа жалақы туралы ақпаратқа қажеттілік экономикалық-әлеуметтік дамуды жоспарлауда, қазыналық саясатты және табысты реттеу саясатын әзірлеуде, ең төменгі жалақы деңгейін белгілеу үшін және т.б. қажет. Бұл ақпарат экономикалық қызмет түрлерінің барлық салаларында, сондай-ақ тұтастай экономикада тең дәрежеде мәнді және маңызды. Орташа жалақының көрсеткіші экономиканың ресми секторындағы зерттеулерге негізделеді және бейресми секторда жұмыспен қамтылған адамдардың табысы есепке алынбайды. Қазақстанда ең төменгі күркөріс шегін есептеу әдістемесін қайта қарау керек. «Халықаралық тәжірибеге сәйкес күнкөріс шегі шамамен әр 5 жыл сайын қайта қаралады. Қазақстанда соңғы қаралған уақыттан бері 7 жыл өтті», - деді О. Киколенко сәрсенбі күні палатаның пленарлық отырысында өзінің депутаттық сауалын жолдау барысында. Ол Қазақстанда 1999 жылдың 16 қарашасындағы күнкөріс шегі туралы заңнамада ең төменгі тұтынушылық себет белгіленгенін еске салды, ол 43 азық-түлік өнімі атауынан және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге шығыстардың белгіленген үлестерінен тұрады. ҚР 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңына сәйкес, Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс шегі Т17 439 көлемінде белгіленді. Ең төменгі жалақы мен ең төменгі зейнетақының негізіне дәл осы сома алынады. Тағамтану институтының соңғы мәліметтеріне сәйкес, еліміздегі күнкөріс шегінің азық-түлік бөлігін де, қызметтердіде есептеу әдістемесін жетілдіру керек. Елімізде тарифтер мен коммуналдық қызметтердің қымбаттауы да осыны меңзейді.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 507 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз | Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз | Р Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз | Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз. | Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз | Леуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз. | Леуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз | Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз. | Леуметтік мониторинг:мәні, прнциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз | Мониторинг сипаттамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде| Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)