Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Білім беру қызметтеріндегі стандарттарды атаңыз және оларды басқару жүйесіне сипаттама беріңіз

Читайте также:
  1. Аз. Кеуде және құрсақ қуысының жарақаттары, қаз.
  2. Аз. Хирургиялық гастроэнтерология және колопроктология, қаз
  3. Аз. Хирургиялық ифекция және амбулаторлы хирургия, каз.
  4. Андай рецепторлардан сенсорлық ақпарат Швальбе, Манаков, Дейтерс және Бехтерев ядроларына келіп түседі?
  5. Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары
  6. Бiрiншi бағыт: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
  7. Бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктер. Құрылуы және құрамы

Білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттар келесідей: бюджет деңгейлері тарапынан қаржыландырылатын білім беру мекемелеріндегі ақысыз қызметтер жиынтығы; мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі топтар мен кластардың шекті толтырылу нормалары мен нормативтері; оқушыларды әлеуметтік-экономикалық қолдаудың нормалары мен нормативтері; мемлекеттік білім беру мекемелерінде ақысыз білім алушы студенттер санының нормативі мен стипендия көлемі. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді. Өткен он жыл ішінде білім беруге бөлінетін қаржы он есеге көбейді. Осы жылдар ішінде 750 жаңа мектеп, 5302 мектепке дейінгі мекемелер, 1117 балабақша және 4185 орталық ашылды. «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Жалпы ережелер

1. «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі — Стандарт) орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылары мен тәрбиеленушілерді тамақпен қамтамасыз етуінің шарттары мен тәртібін, сондай-ақ мектептегі тамақтандырудың сапасы мен қауіпсіздігінің негізгі принциптерін белгілейді.

1.1 Стандарт меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған.

2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметі (бұдан әрі — мемқызмет) автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 6-бабының 2-тармағы 19) тармақшасына және 48-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетіледі.

3.1. Стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:

1) «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы;

2) «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысы;

3) «Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-СанЕмН) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 570 бұйрығы;

4) «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-СанЕмН) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 569 бұйрығы;

5) 2000 жылғы 1 сәуірдегі «Азық-түлік өнімдері. Тұтынушыларға арналған ақпарат. Жалпы талаптар» ҚР СТ 1010-99 мемлекеттік стандарты;

6) «Мектеп асханаларында оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 2008 жылғы 13 тамыздағы № 98 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдар;

7) «Білім беру мекемелерінде балаларға тамақтандыруды ұйымдастыру» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 152 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдар;

8) «Мектептік ас блоктарының паспорты» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №155 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдар;


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 289 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Леуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз | Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз. | Леуметтік мониторинг:мәні, прнциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз | Мониторинг сипаттамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз. | Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде | Леуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз | Леуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар | Леуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз | Леуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз| Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)