Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар

Читайте также:
  1. A) нақты-әлеуметтік әдістер
  2. Білім беру қызметтеріндегі стандарттарды атаңыз және оларды басқару жүйесіне сипаттама беріңіз
  3. Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
  4. Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде
  5. Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
  6. Леуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
  7. Леуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз

"Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеті кедейшіліктің өсуіне жол бермеу, халықтың тұрмысы төмен бөлігін қорғау. Осы орайда ведомствоаралық жұмыс тобы "Минималды әлеуметтік стандарттар және кепілдіктер туралы" заң жобасын дайындады", деп хабарлады министр сәрсенбіде сенатта жобаны таныстырған кезде.

Министр атап өткендей, заң жобасына орай минималды әлеуметтік стандарттар еңбек, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй қатынастары сияқты салалар бойынша белгіленіп, қолданылады.

Бұл стандарттардың қаржылық қамсыздандырылуын экономика өсімін ескере отырып, өмір сүру сапасының стандарттарын бірте- бірте арттыру негізінде жүзеге асыру көзделген, деді ол.

"Минималды стандарттарды кем дегенде үш жылда бір рет қарау жоспарлануда".

Отырыста атап өтілгендей, Қазақстанда күнкөріс минимумы мөлшерінің қайта қаралмағандығына жеті жыл болыпты.

мемлекеттік стандарттарға негізделген Серіктестіктің еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саладағы Саясаты шеңберінде бөлімшелерде аталған әлеуметтік-еңбек қатынастары саласын реттейтін нормативтік құқықтық база құрылды. Еңбекті қорғауды басқарудың деңгейі мен құрылымы анықталды. Осы салада ұйымдастырушылық және білім беру сызбалары белгіленіп, жүзеге асырылуда. Әр жұмыс орнында еңбек туралы заңнаманың сақталуына қажет бақылау жүргізіледі. Қаржыландыру жүргізіледі.

Сонымен бірге, әрекет ететін еңбек қорғауды басқару жүйесі бұдан әрі жетілдіруді талап етеді.

Азайту үрдісіне қарамастан, жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер арасындағы кәсіби сырқат саны бұрыңғыша айтарлықтай.

Әсіресе бұл жағдайда қызметкерлердің жарақаттануымен байланысты персоналмен көлікте орын алған оқиғалар ерекше қиын.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесін талдау әкімшілік, құқықтық, ұйымдастырушылық тәсілдермен қатар еңбекті қорғауды басқарудың экономикалық тетігін барынша белсенді қолдану қажеттілін көрсетеді.

Еңбекті қорғау еңбек үрдісі кезіндегі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету жүйесі ретінде әлеуметтік – экономикалық жай-күйден бөлініп қарастырылмайды, себебі ол экономиканың, негізгі қорлардың, қоршаған ортаның қазіргі заманғы жай-күйімен, емдеу-сауықтыру қызметінің деңгейімен, қызметкерлердің жеке және ұжымдық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етумен, білім беру мен оқытудың сапасымен, ғылыми және ақпараттық шамасымен тығыз байланысты.

Осыған орай дамудың заманауи кезеңінде еңбек күзетінің барлық деңгейі саласында, ал ең бастысы өндірістегі жай- күйі мен еңбекті қорғаудың бейнесін беретін басты үдерістерді болжау әдісін құру мен енгізу бағытындағы шешімдердің экономикалық және алдын алу бағыттарын күшейту талап етіледі.

Қазіргі уақытта белсенді жұмыс атқарылып, дамудың ұзақ мерзімді стратегиясы көрініс алған басымды бағыттар арасында персоналдың қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайына, қызметкерлердің даярлық сапасының жақсаруына, олардың жұмыс атқаратын жерлерінде қажетті жағдайлардың жасалуына, материалдық -техникалық қорды нығайтуға, алдын алу шарасын арттырып, ал бөлімшелерде апаттықты және жарақаттануды болдырмауға басты назар аударылуы тиіс.

Еңбек қорғауды басқарудың ұйымдастырылуын жетілдіру, оны бірін қалдырмай барлық қызметкерлермен қолданылуы үшін қол жетімді қылу,бизнесті жүргізудің заманауи ахуалына және Серіктестік дамуының жаңа қажеттіліктеріне бейімдеу, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы ішкі нормалар мен стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру негізінде маңызды.

2. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесінің мақсаттары мен міндеттері және басым бағыттары

2.1 Басты мақсат- қызметкерлердің өмірін қорғауға, денсаулығын сақтауға, әр жұмыс орны мен жалпы Компания бойынша кәсіптік тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін енгізу арқылы олардың еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, Серіктестіктің тұрақты дамуы бөлігінде әлемдік компаниялар деңгейіне жету үшін қажетті ахуал мен алғышарттар жасау.

Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған нақты ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру ұйғарылады:

қызметті басқарудың барлық деңгейіндегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында жұмысты ұйымдастыруды жақсарту;

еңбектің қауіпсіз жағдайы мен барлық санаттағы персоналдың өмірін қорғауды, денсаулығын сақтау қамтамасыз ету;

қызметкерлерді қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

персоналмен жеке жұмыс жасаудың жүйесін құру;

жарақаттануды сақтандырудың деңгейін, оның ішінде Клиенттердің еңбекті қорғау қызметімен әрекеттесуді және еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының бірлескен аттестациялауының деңгейін арттыру;

персоналды жеке қорғаныс заттармен қажет қамтамасыз етуі;

жарақаттану мен кәсіби сырқат бойынша есептілік жүйесін, оларды болдырмау бойынша қосымша шаралар әзірлеумен бірегейлендіру;

қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында отандық және шетелдік озық тәжірибе енгізу;

жаңа басшылық нормативтік- техникалық құжаттар әзірлеу және қолданыстағыларды қайта өңдеу.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 283 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Р Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз | Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз. | Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз | Леуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз. | Леуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз | Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз. | Леуметтік мониторинг:мәні, прнциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз | Мониторинг сипаттамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз. | Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде | Леуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз| Леуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)