Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз

Читайте также:
  1. A) мемлекеттік органдар
  2. A) нақты-әлеуметтік әдістер
  3. Бап. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу
  4. Бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыру
  5. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 1 страница
  6. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 2 страница
  7. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 3 страница

Минималды стандарттарға ең төменгі күнкөріс мөлшері, ең төменгі жалақы мөлшері, зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек пен басқа да төлемдер мен қызметтер жатады.Бұл азаматтар үшін Конституцияда белгіленген құқықтар мен кепілдіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметтер мен төлемдердің минималды көлемі болып табылады.

Минималды әлеуметтік стандарттар ҚР Конституциясының 28 бабына көрсетілген. Яғни, 28-бап:

1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiнде әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi.

2. Ерiктi әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленiп отырады.

Мемлекет басшысының «Қазақстан стратегиясы - 2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» атты халыққа Жолдауында түп негізінде мемлекет өз азаматтарына жаһандық дағдарыс жағдайында минималды әлеуметтік стандарттар ұсынуға кепілдік беруі туралы принципі жатқан әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері көрсетілген.

Минималды әлеуметтік стандарттарды белгілеу арқылы азаматтарға әлеуметтік қызметтердің минималды қажетті деңгейін ұсыну көзделген.

Халықаралық еңбек ұйымына сәйкес «ең төменгі әлеуметтік стандарт» немесе «әлеуметтік қорғаудың ең төменгі деңгейі» терминдері әрбір адам қолдануы тиіс әлеуметтік құқықтар мен қызметтердің және әлеуметтік сала объектілерінің базалық жиынтығын сипаттау үшін пайдаланылады. «Ең төменгі әлеуметтік стандарт» термині, көп жағдайда, адам құқығы бойынша келісім шарттарда бекітілген құқықтардың ең төменгі қажетті деңгейлеріне қол жеткізуге бағытталған «негізгі міндеттер» түсінігіне сәйкес келеді.

2014 ж. Қазақстанда қолданылатын ең төменгі әлеуметтік стандарттарға келесілер жатады: ең төменгі жалақы 18 660 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 18 660 теңге, ең төменгі зейнетақы 19 660 теңге, балаға қарау бойынша жәрдемақы 9 520 теңге.

Әлеуметтік стандарттар түсінігін анықтау мақсатында Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен бірігіп, зерттеу жүргізілген. Зерттеу қорытындысы бойынша әлемдік тәжірибеге сәйкес, әлеуметтік стандарттың 3 түрі бар екені айқындалды. Олар шығынды нормаларды болжайтын қор-стандарттар, шама процесстеріне негізделген процесс-стандарттар және соңғы нәтижелерге негізделген нәтиже-стандарттар болып жіктелді.

Минималды әлеуметтік стандарттарды жүзеге асыру барысында азаматтарға өмірлерінің әр кезеңінде әлеуметтік жағдайына, жынысына қарамастан бірдей жағдай жасалуы тиіс.

Денсаулық сақтау жүйесінде кепілдендірілген тегін медициналық көмектің минималды стандарттары бекітілген. Жалпы дәрігерлік тәжірибе қағидалары бойынша әрекет ететін алғашқы санитарлық-медициналық көмек қызметіне реформа жүргізілді.

Қазіргі таңда Қазақстанда тұрғындардың денсаулығына арналған Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты елдің әлеуметтік-демографиялық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады. Сонымен қатар, 2008–2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы (2007 ж. 21 желтоқсанында ҚР Үкіметінің № 1260 қаулысымен бекітілген) ұлттың денсаулығын жақсартып, Қазақстанның тұрақты дамуы мәселесіне арналған.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 427 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз | Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз | Р Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз | Леуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз | Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз. | Леуметтік мониторинг:мәні, прнциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз | Мониторинг сипаттамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз. | Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде | Леуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз.| Леуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)