Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз

Читайте также:
  1. A) нақты-әлеуметтік әдістер
  2. Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
  3. Есеп мазмұны және оны қорғау
  4. Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде
  5. Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
  6. Леуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
  7. Леуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз

Қазақстандағы Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың басты бағыттары халықаларық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдауға негізделуі тиіс. Нарықтың талаптарға сай келетін және минималді шығындармен тұрғындарды көп қаптап қызмет етуде төленетін тұрақты стимулдарды қалыптастыратын жүйесін құру ұсынылады.Жаңа жүйе аралас болуы керек, оған ынтымақтастық элементтерімен қатар тұрғындарды негізгі қауіптен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін еректі және міндетті сақтандыру жүйесі енеді.

Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің басты міндеттері мен мақсаттары экономикалық өсуге ықпал ететін элементтерден тұруы керек.Қауіпті жағдайлар кезінде барлық азаматтар әділ қорғау қызметін көрсету, тиімді ұйымдастыру және барлық тұрғындарды максималды толық қамтылуы тиіс. Әлеуметтік саланы реттейтің заң әлеуметтік қауіптер негізінде құрылуы міендетті.

Әлеуметтік қорғау жүйесін мыналар жүзеге асыруы қажет:

1) әлеуметтік қорғау құқығы әрбір адамның қолы оңай жететіндей болуы керек. Бірдей әлеуметтік қауіп кезінде жұмыс тәжірибесі мен жалақысына қарамастан. Мемлекет берген төлемақының минималды көлемі барлығына бір деңгейде төленуі тиіс. Сонымен қатар, қосымша қорғау әрбір адамның жүйеге қатысуының мерзімі мен мөлшеріне байланысты болады;

2) әрбір азаматтың мемлекетіне тәуелділігін емес және жауапкершілігін арттырады. Барлық еңбекке қабиетті азаматтар өздерінің болашпғы мен отбасыларының жақсы тұрмысына жауапты болуға ұмтылуы керек;

3) төлемақы оны қажет ететіндерге және оған құқығы бар жандарға берілуы керек. Сонымен қатар, тиімді, әділ, жақсы басқаралатын аз шығынды және қарапайым болуы тиіс;

4) жүйенің негізгі кампоненттері тез реттелуі керек, Белгілі бір мерзімшінде тұрғындарды толық қамту.

Жоғарыда аталғандарды есепке ала отырып әлеуметтік қауіп негізінде әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастыру қарастырылады. Оған қорғаудың мынадай элементтер кіреді:

1) әлеуметтік қауіпке байланысты барлық азаматтарға бюджет есебінен және жұмысшылар есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыру;

2) жинақтаушы зейнетақы жүйесі;

3) белгілі бір азаматтар тобының бюджет есебінен қолдау көрсететің арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік көмек.

Сонымен қатар әлеуметтік қауіп төнген жағдайды ерікті сақтандыруды жүзеге асыратын азаматтар марапатталады. Әлеуметтік қорғау жүйесінің институционалды базасын әлемдік тәжірибе негізінде қарастыруда Қазақстан жағдайын ескере отырып аралас жүйені таңдау керек. Онда мемлекеттік және жеке институттардың мүмкіндіктері тиімді қолданылады. Барлық әлеуметтік төлемді басқару мен бақылау үшін жеке теңестірудің жалпы мемлекеттік жүйесі және әрбір азаматқа жеке теңестіру кодын беретін мәліметтердің ұлттық базасы құрылуы тиіс. Ана мен баланы кең көлемде әлеуметтік қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйенің басымдықтарының бірі. Әлеуметтік қорғау жүйесін жүзеге асыруда әлеуметтік қауіп қатары кеңейді, ондай жағдайда әлеуметтік қорғау қажеттілігі туындайды. Демографиялық процестерді қалдау мақсатында бала туу мен тәрбиелеу әлеуметтік қорғауды қажет ететін жағдай ретінде қарастырылады. Қолдау мақсатында бала туылғанда берілетін төлемақы мен кәмелетке болмаған балаларды тәрбиелейтін отбасыларға қосымша төлемақылар енгізіледі. Мүгедектік мәселесін шешу шаралары қарастырылады. Ол мүгедентердің негізгі құқықтары мен қызметтерін қамтамасыз ететін мемлекеттік стандарттарды енгізуді қажет етеді.

Әлеуметтік қауіптердің жеке бағдарламасын дамытудың, мүгедектердің интеграциясына көмек көрсетудің шаралары қарастырылады. Аталған ұсыныстар 2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерге қатысты бағдарламада көрініс тапқан. Нақты әлеуметтік көмек тек қажеттіліктің шынайы критерийлері негізінде тұрғындардың аз қамтылған тобына арналады. Сонымен қатар, белгілі бір әлеуметтік топ адамдары-соғыс ардагерлері мен мүгедектерде және көп балалы анадарды қосымша қорғауға бағытталған арнайы бағдарламалар жасалады. Әлеуметтік қорғауды жүзеге асырудағы маңыздысы әлеуметтік нормативтер рөлін аттыру, минималды жалақының өмір сүру минимумы деңгейіне жетуі мен кезең-кезеңімен осуі болып табылады. Әлеуметтік төлемдер көлемі нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайға қанес нормативтерге сүйене отырып есептеледі. Әлеуметтік қауіпті азайту мен алдын алу мақсатында мемлекет бірқатар шаралар қолданады. Жұмыстан айырылу қаупінің алдын алу үшін және азаматтардың тұрақты жалақы алатын еңбек жағдайын қалыптастыру мақсатында мемлекет жаңа жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асырады. Тұрғындар өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіптің алдын алу үшін еңбек заңдылықтары мен еңбек қорғау заңының орындалуын қадағалайтын мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Мүгедектік қауіпін азайту мақсатында медициналық көмек көрсету жүйесі және оны қаржыландыру мен жүзеге асыратын механизмдері қарастыралады. Әлеуметтік сақтандыруды енгізу негізінде төлемақы төлеу принциптері жасына байланысты мемлекеттік төлемақы алушыларға, асыраушысынан және еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда өзгермейді. Әлеуметтік қорғау жүйесіне жас азаматтарды ғана емес, сонымен қатар еңбекшілердің кәсіби одағын, Үкіметтің әлеуметтік қызметкерлерін жұмыс берушілер ұйымын қатыстырылуы тиіс. Себебі, әлеуметтік қорғау жүйесі жұмысшылар мен жұмыс берушілер есебінен қаржыланады.


29.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз

Әлеуметтік жаңғыртуды іске асыру логикасы 5 ба­сымдық негізінде құрылғандығы белгілі. 1-ба­сымдық – әлеуметтік заңнаманы жаңарту шеңберінде әлеу­мет­тік-еңбек саласындағы ұлттық заң­намаларға бас­тап­қы аудит жүр­гізіп, жаңғыртуды қажет ететін нор­мативтік-құқықтық актілердің тізбесін айқындау. Оған 130-дан астам нормативтік-құқықтық акті енді. Олардың қатарында Еңбек кодексі, 17 заң, Үкіметтің 62 қаулысы және 53 ведомстволық нормативтік-құқықтық акті бар.

Әрине, бұл жоспарланып отырған жұмысты да­мудың келешек перспективаларының тұтас көрінісін­сіз атқару мүмкін емес. Осы мақсатта мүдделі мем­лекеттік органдардың, кәсіподақтар­дың, азамат­тық қоғам институт­та­ры­ның, халықаралық ұйымдар өкіл­дерінің, отандық және халық­аралық сарапшылардың қаты­суы­мен жұмыс топтары құрылып, олар­дың жұ­мыс қорытындысы әлеуметтік-еңбек заңнамасын же­тіл­діру тұжырымдасы болып та­былады.

2-басымдық – әлеуметтік-ең­бек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру аясында министрлікте мынадай бағыттар: нәти­желі жұмыспен қамтудың қол жетімділігін арттыру, ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі элементтерін және 147 кәсіби стандарттарды бекіту; кәсіпорындар қызметін ерікті түрде декларациялау және кәсіптік қатерлерді басқару жүйе­лерін енгізу; кәсіптік одақтар ту­ра­лы заңға кешенді талдау жүр­гізу тәрізді бағыттарда жұмыс жүргізілуде.

3-басымдық – өмір сүру са­па­сы­ның қазақстандық стандарты бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, отандық және халықаралық сарап­шы­лармен бірлесіп ең төменгі әлеу­меттік стандарттарды: ең тө­мен­гі күнкөріс деңгейі, еңбек­ақы­ның, зейнетақы жә­не әлеуметтік жәрдемақылардың ең төменгі мөл­ше­рін же­тілдіруге бағытталған міндеттерді іске асырумен ай­налысуда.

Дүниежүзілік банкпен ынты­мақ­тастық тәуелсізді­гіміз­дің ал­ғаш­қы жылдарында – 1992 жылы бастау алған, ал Халықаралық ең­бек ұйымымен (ХЕҰ) 1993 жыл­дан бері жалғасуда. Халықаралық институттармен жемісті еңбектің нәтижесі Қазақстанның халық­ара­лық еңбек нормативтері саласын­дағы 20 кон­вен­цияны ратифика­циялауы болып табылады.

Әлеуметтік жаңғырту страте­гиясы әлеуметтік қор­ғаудан жұмыспен қамту және уәждемелі еңбек өнімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау концептіне негізделген әлеуметтік прогреске өту желілік-үде­ме­лік век­торға құрылады. Бұл орайда, халықтық әлеу­меттік әлжуаз топтары, өмірлік қиын жағ­дайға тап болған адамдар әлеуметтік келісім-шарттар жүйесі және әлеуметтік шартты сипаттағы атаулы көмек арқылы уәждемелі еңбекке енгізілетін болады.

Заманауи жалпыадамдық дискурста қарттарға, әйел­дер мен ба­лаларға деген көзқараспен бағала­натын өркениетті қоғам туралы түсінік қалыптасқан. Бұл сипаттамалар дуализмін 3-құрамдас бө­лік: мүм­кіндіктері шектеулі адам­дарға деген қарым-қатынас­пен толықтыру қажет деп ойлаймын.

Қазақстан, демократиялық және экономикалық дамыған мемлекет ретінде мемлекет кепілдік берген төлемдер (жасына, мүге­дектігіне байланысты), сон­дай-ақ жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік қор­ғаудың қосымша нысандарын (міндетті әлеумет­тік сақтандыру және жазатайым оқи­ға­лардан мін­дет­ті сақтандыру) қам­титын жарты деңгейлік әлеу­меттік қамсыздандыру жүйесін қалыптастырды.

2005 жылы елімізде әлеу­меттік қатер туында­ған­да әлеу­мет­тік төлемді қамтамасыз ететін міндетті әлеу­мет­тік сақтандыру жүйесі, сондай-ақ өндірісте зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қор­ғаудың қо­сым­ша деңгейін қам­тамасыз ету мақсатында жаза­тайым оқиғалардан қызметкерді міндетті сақтандыру енгі­зіл­ді. Нәтижесінде, жұмыс істейтін азаматтар еңбек қабілетінен айрылу жағдайы бойынша әлеу­мет­тік қа­тер туындағанда үш деңгейден: республикалық бюд­жеттен берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәр­дем­ақы, міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесінен әлеу­меттік тө­лемдер және сақтандыру ұйымы­нан берілетін сақ­тандырудан тұ­ратын төлемдер алатын болды.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде балалы от­басыларды әлеуметтік қолдау мәселесі ерекше орын­да тұр. Балалы отбасы­лардың мемлекеттік әлеуметтік қол­дауға деген және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ең төменгі әлеуметтік стандарт­тардың сақталуына құқықтары сол саланы реттейтін ұлттық заң­намада нақты көрсетілген.

Жұмыс істейтін әйелдерді әлеу­меттік қорғау мақ­са­тында 2008 жылы міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесі жүкті болу және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, сондай-ақ бала бір жасқа тол­ғанға дейін оның күтіміне байланысты табы­сынан ай­рылу жағдайы қатерін сақтандырумен толық­ты­рыл­ды.

Республикамыздың осы сала­дағы халықаралық стан­­дарттарды сақтау және орындау жолын ұста­на­тын­­дығының заңды әрі ло­гика­лық дәлелі ретінде Қазақ­­станның биылғы жылдың 14 ақпанында ХЕҰ ана­ны қорғау конвенциясын ратификациялауын алу­ға болады.

Қосымша әлеуметтік жаңғыр­тудың негізгі ере­же­леріне сәйкес біздің жұмысымыз өндірістегі бел­сенді жұмыспен айналысуды отбасылық міндеттемелермен үй­лестіруге мүмкіндік беретін көп балалы отбасы­ларды әлеуметтік қолдауды кеңейтуге бағыттал­ған­дығын атап өту қажет.

Жалпы, Қазақстанда басты даму көрсеткіштерінің бірі бала туу көрсеткішінің өсуі болып сана­ла­ды. Егер 2007 жылы 316 822 бала өмір есігін ашқан болса, 2011 жылы 372 208 бала, ал биылғы жыл­дың бірінші тоқ­санында дү­ние­ге келген баланың саны 187 387-ні құ­ра­ды, бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыс­тыр­ғанда 28 274 балаға көп дегенді білдіреді. Бұл көр­сет­кіш Қазақстан халқының мемлекеттің әлеуметтік саясатын толық қол­дайтындығының және келешекке се­нім­ділікпен қарайтындығының айқын дәлелі болып табылады.

Республикамызда мүмкіндік­тері шектеулі адам­дар­­ды әлеумет­тік қорғау жүйесі де қарқынды дамы­тылуда. Мүгедектердің құ­қық­тарын қорғау жұмыс­тары­ның тиімділігін арттыру үшін Қазақ­стан 2008 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Факультативтік хаттамаға қол қоя отырып мүмкіндіктері шек­теулі адамдарға қатысты ха­лық­аралық стандарттарды имплементациялау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алды.

Мемлекеттің алдында әлеу­меттік жәрдем­ақы­лар­ды уақты­лы төлеу мәселесі тұрған болса, қа­зіргі кезде бұл міндет кеңей­тіліп, мүмкіндіктері шектеулі адам­дарды оңалту және оларды қоғамға толық кіріктіруді қамти­ды. Әлеуметтік жаңғырту аясында арнау­лы әлеуметтік қызмет көр­сету жүйесін реформалауды жал­ғас­тырып, мемлекеттік қатысудың қосымша ша­ра­ларының және ла­йық­ты өмір сүру үшін өзге де жағ­­дай жасаудың пәр­мен­ді нысан­дарының негізінде азаматтардың әлеу­мет­тік тұрғыдан осал топ­тарын қол­дау жүйесін кеңейту мәселелері қарастырылуда.

 

30.Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар ұғымдарының байланысын түсіндіріңіз

Әлеуметтік қорғау жүйесінің объектісі мен субектісі өзара атқаратын қызметтері арқылы байланысқан. Егер әлеуметтік қорғау қызметтерін қарастыратын болсақ, онда ол кең немесе тар мағынада қарастырылатынын нақтылап алуымыз керек.

Кең мағынадағы әлеуметтік қорғау атқаратын қызметтері келесідей: экономикалық, еңбектік, технологиялық.

Тар мағынадағы әлеуметтік қорғау келесі қызметтерді орындайды: бағалық, орнын толтыру, жағдай жасау, бейімдеу.

Экономикалық қызмет халықтық өмірлік деңгейін көтеру үшін экономикалық өсудің тұрақты тәсіліне бағытталған, өндіріс көлемінің өсуіне бағытталған және еңбекақының өсуін қарастырады.

Әлеуметтік қызмет әлеуметтік қорғауда адамның өмірлік деңгейін және жағдайын жақсартуға халықтың әлеуметтік осал топтарына өмір сүруіне кепілдемені қамтамасыз етуге ыңғайландырады.«Әлеуметтік қорғау» термині «әлеуметтік қамтамасыз ету» термині «әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы» ретінде әрекет етіп жалғасып отырса да, айтарлықтай шамада әлеуметтік институттың мәнінен сәйкес келеді. Әлеуметтік қорғау, сонымен бірге, бір жан басына шаққанда төмен табысты жанұяларға қатысты өмір сүруге немесе өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтерді (реабилитация қаражаттары, тұрғын үй мен емделу ақылары) төлеуге қаражаттың жоқтығы нәтижесі болып табылатын қоғамдық қажетті өмір сүру минимумын қамтамасыз етпеуші ретінде қарастырылады. Әлеуметтік қорғау зейнетақы мен жәрдемақы түрінде ақшалай нысанда, заттай нысанда, сонымен қатар әлеуметтік қорғаудың объектілері болып табылатын тұлғаларға әртүрлі қызметтер көрсету жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Ол компенсациялық, сондай-ақ ескертуші

профилактикалық сипатта бола алады. Әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік – құқықтық нысандарының бірі болып еңбекке қабілетсіз тұлғаларды тікелей мемлекеттік қамтамасыз ету табылады. Тікелей мемлекеттік қамтамасыз етудің негізгі белгілері болып – мемлекеттік бюджетесебінен шығындарды қаржыландыру, мемлекеттік үкімет органдарымен анықталатын басымдықтарға сәйкес қамтамасыз етілетін тұлғалар категорияларын және олардың қамтылу дәрежелерін бекіту. Сонымен «әлеуметтік қорғау» (әлеуметтік қауіпсіздік) термині өз кезегінде қарттарға, еңбекке қабілетсіз тұлғаларға және жұмыссыздарға көмек беру бағдарламасын дайындауды ынталандыратын АҚШ-тың «Әлеуметтік қауіпсіздік Заңы» деп аталатын заңдық актісінде алғаш рет 1935 жылы қолданылды. Уақыт өте келе бұл дефиницияның шеңбері жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке қабілетсіздік жағдайы туындаған кезде, сонымен қатар еңбекті қорғау және жалақы саласында төменгі еңбекақыға кепілдік беру, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциациясының конвенциялары мен ұсыныстарын дайындауда және қабылдауда айтарлықтай кеңейе түсті. Онда қартаю, қайтыс болу, мүгедектік және жұмыссыздық жағдайларында АҚШ үшін жаңа міндетті сақтандыру институты ретінде құқықтық негіздеме берілді.

Әлеуметтік тиімділік негізгі тәжірибеде қолданылатын өнімге (қызметке, процеске) қойылатын міндетті талаптардың көпшіліктің денсаулығына, тұрмыс деңгейіне және басқа да әлеуметтік маңызы бар жағдайларда оң өзгерістер әкелуінде. Мысалы, өндірісте жарақаттану, ауырып қалу деңгейлерінің төмендеуі, т.б.

Әлеуметтік тиімділікті тікелей есептеп шығару көп жағдайда қиын немесе мүмкін емес. Мысалы, балалар тағамдарына қатысты стандарттар тобын әзірлеу және қолдану көп мөлшерде шығын шығаруға байланысты. Бірақ та стандарттау жұмыстары негізінде қол жеткізіп отырған балалардың денсаулығының жақсаруы - үлкен әлеуметтік жетістік.

Нарықтық механизмде әлеуметтік қорғау қызметін мемлекет жүзеге асырады. Сондықтан ол тұрғындар жағдайының кепілі болып табылады. Әлеуметтік кепілдемелер бере отырып мемлекет өзінің тұрғындары алдындағы басты міндетін орындайды, және басқарушылық қызмет орындайды. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының өзінде көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 28 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасы келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік қамтамасыздандырыллуына кепілдік беріледі».

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылғы «Бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену» стратегиясына сәйкес анықталған бағыттардың бірі – барлық тұрғындарға алдыңғы қатарлы және сапалы әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ететін әлеуметтік бағытталған қоғам құру болып табылады. Сонымен бірге 2011 жылғы 28 қаңтарындағы жолдауында ел президенті жүргізіліп жатқан бағдарламалардың басты мақсаты ел халқының әл ауқатын нығайту екені, осы тұрғыда әлеуметтік модернизация мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетіні атап өтіледі.

1952 жылғы Халықаралық Еңбек Ұйымының әлеуметтік қамтамасыз етудің (ең төменгі) минималды нормалары туралы (102) конвенциясы әлеуметтік қамтамасыз етудегі міндетті әлеуметтік жәрдемдер тізімін анықтайды. Оның құрамына енгендері: медициналық көмек; уақытша жұмыссыздық бойынша жәрдемақы; жұмыссыздық бойынша жәрдемақы; қарттық бойынша зейнетақы; жұмыста алған зияны мен жарақаты бойынша зейнетақы; отбасылық жәрдемақы; мүгедектік бойынша зейнетақы; асыраушысын жоғалту бойынша жәрдемақы.

Жоғарыда көрсетілгеннің біріншісінен басқасы ақшалай формада жүзеге асырылады. Берілген конвенцияны қабылдай отырып мемлекет жәрдемақының ең аз дегенде үш түрін қолдануы қажет, сонымен бірге оған ең төменгі қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Және де берілген конвенция шетел азаматтарының теңдігін қамтамасыз етеді.

Ең төменгі (минималды) әлеуметтік стандарттар – бұл әлеуметтік қорғаудың ең төменгі деңгейін бекітетін Қазақстан Республикасының заңдарымен орнатылған нормалар мен нормативтер жиынтығы.

Мемлекеттік ең төменгі стандарттар жүйесін келесі салалардағы өзара байланысты мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар құрастырады: еңбек ақы орнату; зейнетақылық қамтамасыз ету; білім беру; денсаулық сақтау; мәдениет; әлеуметтік қызмет көрсету; тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсету.

Еңбек ақы саласындағы орнатылатын ең төменгі стандарттар келесідей болады: біріншіден, жалақының ең төменгі деңгейі; екіншіден, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбек ақысын өтеудің ортақ тарифті торы. Ең төменгі (минималды) жалақы – ұдайы өндірістің қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуге арналған жұмысшының жалақы деңгейі. Жалақының ең төменгі деңгейі кепілді сипатқа ие. Оның көлеміне премиялар, сыйлықтар, қосымша ақы енбейді. Ең төменгі жалақының деңгейін анықтау әдетте өмір сүрудің ең төменгі деңгейін есептеумен анықталады. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі – баға деңгейін ескергендегі тауар мен қызметтерге минималды қажеттіліктерді қанағаттандырудың нормативтері бойынша есептеледі. Ең төменгі жалақы көлемінің тұтынудағы минимумға сәйкес келуі экономиканың тұрақтылығын және өндірістің жоғары деңгейін сипаттайды. Дағдарыс жағдайында минималды жалақы деңгейі экономикалық жағдайға байланысты бекітіледі.

Көптеген дамыған елдерде қазіргі кезде ең төменгі жалақы туралы нормативтік актілер әрекет етеді. Заңдық бекітілген минималды жалақы АҚШ-та, Францияда, Испанияда, Португалияда, Нидерландыда бар. Бельгия мен Грецияда минималды жалақы Ұлттық Ұжымдық келісіммен, ал Италия, Германия, Данияда салалық келісіммен анықталады. Ұлыбритания мен Ирландияда минималды жалақы деңгейін жалақы бойынша арнайы кеңестер реттейді. Олар үш жақты негізде (мемлекет, кәсіпкерлер, кәсіподақ) әрекет етеді. Қазақстанда минималды жалақы заңдық негізде бекітіледі. Егер минималды жалақы 2004 жылы 6600 теңгені құраса, 2011 жылы ол 15999 теңге деңгейіне дейін өсті.

Зейнетақылық қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік стандарттар ретінде ең төменгі мемлекеттік зейнетақы мөлшері қарастырылады. 2005 жылы оның деңгейі 6200 теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,9 %-ға өсті. Ал 2006 жылы ең төменгі зейнетақы деңгейі 6700 теңге деңгейінде орнатылды. Келесі кестеден біз 2004-20011 жылдардағы республика бойынша зейнетақының төменгі, орташа және жоғарғы мөлшерінің өзгерісін айқын көре аламыз. Сонғы 8 жылда ең төменгі зейнетақының өсімі 2,8 есені құрады.

 

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1851 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз | Р Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз | Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз. | Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз | Леуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз. | Леуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз | Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз. | Леуметтік мониторинг:мәні, прнциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз | Мониторинг сипаттамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз. | Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз| Леуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)